21
жоғарылауымен СО
2
әсер етуі тікелей байланысты. Гипокапния кезінде
керісінше, артериялар тарылып, мидағы қанағым азаяды. Бірақ,
көмірқышқыл газының порцияльдық қысымы 25 мм сын.бағ. төмендегенде
мидағы қанағымның азаюы байқалмайды.
Сонымен қатар, мидағы қанағым мидың оттегіні қолдануымен тікелей
байланысты. Бірақ, Р0
2
-ның тамырлар қуысына әсері РС0
2
қарағанда
әлдеқайда төмен. Сондықтан, Р0
2
30 мм. сын. бағ. азайғанда ғана мидағы
қанағымның жалпы мөлшері артады. Ал, дем алатын ауадағы оттегінің
мөлшері 2-3 есеге көбейген кезде мидағы қанағым керісінше азаяды.
Ми қанағымының реттелуі кездінде метаболизмдік компоненттің
жалпы милық қанағымға әсері шамалы ғана болады. Бірақ,
белгілі бір
жағдайда қызметтік белсенділігі әртүрлі деңгейде болатын мидың
бөлімдері арасындағы қанның жергілкі қайта таралуы кезінде маңызды рөл
атқарады. Нерв тініндегі қызметтік белсенділкің деңгейіне қарай оның
қанмен қамтамасыз етілуі шамамен 30-дан 180 мл/100 г/мин
–1
дейін өзгеруі
мүмкін. Жасушааралық ортадағы калий, аденозин және сутегі иондары
концентрациясының жергілкі көбеюі жүктемелі артериялық гиперемиямен
бірге мидағы қанағымды күшейтіп, қантамырлардың жергілкі кеңеюін
туындатады.
Ацетилхолин, гистамин мидағы қантамырларды (орташа
немесе ірі артерияларды), брадикинин (ұсақ артерияларды) кеңейтеді. Ал,
вазопрессин, ангиотензин, F тобындағы простогландиндер мен
катехоламиндер тамырларды тарылтады.
Ми қантамырларының нервілік реттелісі метаболизмдік түріне
қарағанда маңызы шамалы. Сондықтан, симпатикалық нерв жүйесінің
барынша ширауы мидағы қанағымды 5-10%-ға азайтады. Мидағы
қантамырлар
тонусын
реттейтін
адренергиялық,
холинергиялық,
серотонинергиялық және пептидергиялық нерв талшықтары жиналған
негізгі аймаққа диаметрі 25-30 мкм
тең болатын ұсақ артериялық
қантамырлар жатады. Ми қантамырларының қабырғасына нервілік әсерлер
α- және β-адренорецепторлар (норадреналин), М-холинорецепторлар
(ацетилхолин, вазоинтестинальді пептид), D-рецепторлары (серотонин)
арқылы іске асырылады. Нерв жүйесінің, әсіресе оның симпатикалық
бөлімінің рөлі мидағы гемодинамика реттелісінің басқа да контурына
модулдік әсер етумен ғана шектеледі.
Сонымен, басқа ағзаларды қанмен қамтамасыз етудің айырмашылығы
бар ми гемодинамикасының ерекшеліктеріне жатады:
қарқындылығы жоғары қанқамтымы;
ми қанағымының аутореттелісі;
көмірқышқыл газына ми қантамырларының сезімталдығының
жоғары болуы және нервілік әсерлерді қабылдауының нашар болуы;
аумақтық қанағым мен мидың түрлі
құрылымдарының қызметтік
белсенділігі арасында өзара байланыстың болуы;
миды қоректендіретін артериялар мидың төменгі беткейінде шеңбер
түзіп, осы жақтан олар мидың беткейіне қарай бағытталып, ішкі
22
бөлімдеріне тармақтарын жібереді (басқа ағзаларда центрифугалық
қанайналым іске асырылады).
ми
артерияларының
басқа
ағзалардағы
артериялардан
айырмашылығы ішкі эластикалық мембрананың күшті дамуына
қарамастан олардың қабырғасының қалыңдығы біршама аз болады,
қантамыр арнасында көптеген иірімдердің (сифондардың) болуы қан
қысымын біршама
төмендетіп, соққылық қанжүрісті тегістейді;
артериялық (виллизиев) айналым, бассүйекішілік анастомоздар,
мидың ішкі және сыртқы беткейіндегі анастомоздық жүйелер арқылы іске
асырылатын коллатералық қанайналым өте жақсы дамыған;
мидың
перфузиялық
қысымының
бассүйекішілік
қысымға
тәуелділігі;
ми қанайналымының ликворайналыммен тығыз байланыста болуы;
мидың ірі артерияларының тонусы мен диаметрін өзгерте алатын
қасиетінің болуы. Сонымен бірге, ірі ми артерияларының қорғаныстық
механизм ретінде қабырғасы жұқа бассүйекішілік қантамырлардағы
перфузиялық
қысымның
ауытқуына
қарсы
тұратын
мидың
микротамырларындағы қысымды реттеп отыруы.
Достарыңызбен бөлісу: