23
нәтижесінде мидағы қанайналымның реттелуі бұзылады. Оның жүйелі
гемодинамиканың жағдайына тәуеділігі күшейеді. Сонымен бірге,
артериялық гипертензия және атеросклероздың нәтижесінде мидағы
қанайналымның реттелуі бұзылады. Ми
ішіндегі ұсақ артериялардың
бүлінуі ми затының ілкі және салдарлық (екіншілкі) өзгерістерін
туындатады. Мидың ақ затынан өтетін нервілік тармақтардың бүлінуі
қыртысты және қыртысасты құрылымдардың функциялары арасындағы
қарым-қатынастарды үзіп, аурудың клиникалық белгілерінің пайда
болуына себепші болады. Гипоксия
ДЭ-ның дамуындағы ең басты
патогенездік факторы болып саналады. Гипоксия – ауыру-кондуктордың
ажырамайтын құрамбөлігі ретінде саналады және ми қанайналымын
реттейтін механизмдердің бұзылуына әкеледі.
3. Ми
қанайналымының
жіті
бұзылуына
(МҚЖБ)
ми
қанайналымының өтпелі бұзылыстары (транзиторлық ишемиялық атака
(ТИА) және гипертониялық ми кризі), ишемиялық
және геморрагиялық
инсульттер жатады. Қанайналым бұзылыстарының 2/3 бөлігі ұйқы
артерияларының бассейнінде, ал 1/3 бөлігі вертебро-базиллярлық
бассейнде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: