53
Тұтас алғанда, нейтропротекциялық емнің міндеттері саналады:
троболизис әдісін қолданатын науқастардың «терапиялық ұяшығын»
кеңейту, патохимиялық каскадтың негізгі тізбегін үзу және ишемияның
кешеуілдетілген салдарымен күресу. Нейропротекторларды
ерте қолдану
ТИА-ның үлесін арттырады және ишемиялық түрдегі мидың жіті
қанайналым бұзылыстарының ішіндегі «шағын» инсульттерді көбейтеді,
ми инфарктының көлемін азайтады, миды репефузиялық бүлінуден
сақтайды.
Нейропротекцияның емдік әсерінің басты нысанасы «ишемиялық
жартылай көлеңке» саналады. Нейропротекциялық ем негізі екі бағытқа
бөлінеді – ілкі және екіншілкі
.
Ілкі нейропротекциялық ем – нейротрансмиттерлік жүйелердің қозуы
мен тежелуі арасындағы тепе-теңдікті қалпына
келтіретін және табиғи
тежелу процесстерін белсендіру мақсатымен глутамат-кальцийлік
каскадтың
жылдам
дамитын
реакцияларын
үзуге
бағытталған
нейропротекциялық емнің түрі. Нейропротекциялық емнің бұл түрі
ишемия дамуының алғашқы минуттарынан бастап қолданылады, әсіресе,
алғашқы 12 сағатта тиімді әсерін көрсетеді. Емдеу уақыты 3 күнге
созылады.
Екіншілкі нейропротекциялық ем – мидағы қанайналымның
бұзылыстарынан 48-72 сағат өткеннен кейінгі кезеңде пенумбра аумағына
әсер етіп, кешеуілдетілген мидың өлуін туындататын механизмдерді үзуге
бағытталған нейропротекциялық емнің түрі.
Бұл кезде қабынбалық
цитокиндер мен жасушалық адгезия молекулаларын бөгеу, прооксидантты
ферменттерді
тежеу,
тотығуға
қарсы
қорғанысты
күшейтетін
ферменттерді белсендіру арқылы гипоксияға төзімділкі арттыру,
апоптозды үзу және азот тотығының артығымен түзілуін азайту,
микроглиялардың белсенуін тежеу, трофиканы қамтамасыз ететін
заттектердің (нейротрофиндерді) белсенділігін арттыру шаралары
қолданылады. Екіншілкі нейропротекциялық ем тек қана емдік қасиетімен
ғана емес, инсульттің алдын алу кезінде де маңызды. Ишемияның
кешеуілдетілген салдарын қалпына келтіру
церебралды атеросклероздың
және инсульттен кейінгі кезеңде туындайтын энцефалопатияның дамуын
баяулатады.
Регенерациялық-репарациялық процесстерді жақсарту әдісі.
Бұл әдіс аурудың бірінші күнінен бастап ми тінінде морфологиялық
инфаркт ошағындағы өзгерістер қалыптасқаннан кейін қолданылады. Бұл
емнің түрі инфаркт ошағын қоршап жатқан бүлінбеген тіндердің
созымдылығын жақсартуға, полисинапстық байланыстардың түзілуін
белсендіруге, рецепторлардың беріктігін күшейтуге бағытталған. Осындай
мақсатпен
нейропептидтермен,
ноотропты
заттармен,
бағаналық
жасушалармен емдеу қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: