9
функциясын анықтайды. ОНЖ-нің кез келген құрылымы (бір бөлігі,
ядросы, нерв орталығы және басқа құрылымдар) детерминанттың рөлін
атқаруы мүмкін. Патологиялық детерминанта жүйеішілік қатынастың
принципі мен механизмі болып табылатын жүйелік
деңгейде іске
асырылады. Сонымен бірге, телімді (көру нерві) және телімсіз
(вегетативтік нерв жүйесі және психиканың бұзылысын туындататын)
ширатқылармен белсендіріледі. Бұл организмдегі
бастапқы патогенездік
өзгерістерді анықтайтын патологиялық жүйенің ең резистентті бөлігі
болып саналады.
Патологиялық доминанта (латын тілінен ауд. dominans – үстемдігі
жоғары) – ОНЖ сол мезеттегі үстемдігі
жоғары қызметтік құрылымы,
басқа да нерв орталықтарының қызметін бағыттайтын, жүйеаралық қарым-
қатынастың принципі және механизмі болып табылады. Доминантты
қарым-қатынастың бұзылуы көбінесе тежелудің тапшылығына әкеледі.
Патологиялық доминантаның қимылдық (моторикалық), сенсорлық
(ауырсыну сезімі), тағамдық, жыныстық және басқа да түрлері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: