12
Нәтижесінде зақымданған анатомиялық
ошақтың өлшеміне қарағанда
ОНЖ-нің қызмет атқармайтын бөлімінің көлемі артады. Диашиздің себебі –
нейрондарға физиологиялық тітіркендіргіштердің әдеттегідей әсер
етпеуінен нерв жасушаларының қызметі бұзылады. Сондықтан, бүлінген
ошақтың орнында жергілкі көріну белгілері байқалады. Мысалы,
инсульт
кезінде ми жарты шарының белгілі бір бөлігі бүлінсе, олармен
комиссуралық талшықтар арқылы байланысқан басқа жарты шарлардың
қызметі де бұзылады.
NMDA-рецепторы – ми қыртысы
мен гипокампта орналасқан, N–
метил-D-аспартатты (NMDA) селективті түрде байланыстыратын
глутаматтың ионотропты рецепторы. Қалыпты жағдайда ионотропты
NMDA-рецепторларының өткізгіштігі жасуша
ішіндегі және жасушадан
тыс кеңістіктерде калий, натрий, хлор, кальцийдің мөлшерін реттеп
отырады (2-сурет). Глутамат тек глициннің
қатысуымен ғана NMDA-
рецепторларын белсендіреді. Осы рецепторлардың ишемия кезінде
белсенуі протеазаларды стимуляциялайтын кальцийдің жасушаға көптеп
жиналуын туындатады. Осының
салдары протеазалар мен NO-
синтазалардың белсенуі, қабынбалық цитокиндер титрінің артуы,
тотығулық стресс,
митохондриялық дисфункция, апоптоз, нейрондардың
некрозы.
Сонымен,
NMDA-рецепторларының
айқын
белсенуі
жасушалардың эксайттоксикалық бүлінуін туындатады.
2- сурет.NMDA–рецепторы(http://ru.wikipedia.org)
Жасушалық мембрана 2. МагнийдіңMg
2+
бөгейтін канал 3. Mg
2+
бөгейтін каналдың
сайты. 4.Галлюциногендерді байланыстыратын сайт. 5. Мырышты (Zn
2+
)
байланыстыратын сайт. 6. Агонистер (глутамат) немесе антагонистерді (APV)
байланыстыратын сайт 7. Гликолиздеу сайты 8. Протондарды
байланыстыратын сайт
9. Глицинді байланыстыратын сайт. 10. Полиаминдерді байланыстаратын сайт. 11.
Жасушадан тыс кеңістік 12. Жасуша ішіндегі кеңістік 13. Кешенді суббірлік.
Достарыңызбен бөлісу: