Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Студенттерді ынталандыру (шәкіртақылар, гранттар)



бет4/6
Дата02.07.2016
өлшемі3.25 Mb.
#172137
1   2   3   4   5   6

3.9 Студенттерді ынталандыру (шәкіртақылар, гранттар)


  1. Білім беру грантын беру тәртібі




    1. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.

    2. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі

1.3 Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі

Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.


Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.


Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.

1.4 Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.


Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

Бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

1.5 Бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

1.6 Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл жинау қажет.

1.7 Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:
1)«Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;
3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

1.8 Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

1.9 Комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Білім беру грантын иеленуші өзі жоғары оқу орнына қабылданғанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.

1.10 Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді.


2. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

1.11 Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі, білім беру грантын беру туралы куәлікті беріледі.

Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

1.12 Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1)ақылы негізде оқитын білім алушы ЖОО басшысының атына білім беру грантын тағайындау туралы өтініш жазады;

2) ЖОО өтінішті конкурстық негізде қарап, Ғылыми кеңестің шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін және 15 қаңтарына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім шығару үшін жібереді. Білім алушының өтінішіне қоса, ғылыми кеңес шешімемен қатар сынақ кітапшасынан көшірме немесе транскрипт көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, оқудан шығарылған білім алушылардың білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурсқа ұсынылған құжаттарды мамандықтар, оқу формалары және мерзімдері бойынша, оқуға түскен жылын ескеріп қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

4) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

5) ЖОО басшысы білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде білім алушының білім беру гранты бойынша оқитыны туралы бұйрық шығарады.
3.9.3 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды

тағайындау ережесі

1.16 Осы «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі» (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 Қаулысының 6-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды (бұдан әрі - стипендия) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарының білім алушыларына тағайындау тәртібін айқындайды.

1.17. Стипендия:

1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;

2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;

3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

1.18. Стипендия санын жоғары оқу орындары арасында бөлу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың контингентіне сәйкес жүзеге асырылады.

1.19. Күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны 700-ден кем студенті бар жоғары оқу орындарына стипендия бөлу жүзеге асырылмайды.

1.20. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3 - курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

1.21. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

1.22. Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

1.23. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.

1.24. Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.

1.25. Кезекті академиялық кезеңге стипендияларды тағайындау жөніндегі жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешімі академиялық кезең басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей қабылданып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне магистранттар мен студенттердің тізімімен жіберілуі тиіс.

1.26. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 1.20, 1.21 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

1.27. Стипендияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде ай сайын жүргізіледі.



3.9.4 Университеттің В.Г.Корпачев атындағы шәкіртақы туралы ережесі
1. Жалпы ережелер


    1. Осы ереже «Астана медицина университеті» АҚ 3-курс студенттеріне Валентин Гаврилович Корпачев атындағы атаулы шәкіртақыны (бұдан әрі – Атаулы шәкіртақы) тағайындау тәртібін және мақсатын анықтайды.

    2. Атаулы шәкіртақы «Астана медицина университеті» АҚ студенттерінің іргелі медициналық-биологиялық ғылымдар саласындағы оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатында құрылды.

    3. Атаулы шәкіртақы конкурстық негізде тағайындалады және бір оқу жылына беріледі.

  1. Атаулы шәкіртақының саны, мөлшері және төлену көздері

    1. Жылда ай сайын берілетін 3 (үш) атаулы шәкіртақы тағайындалады.

    2. Атаулы шәкіртақы мөлшері Қоғамның Ғылыми кеңесінде жыл сайын келісіліп, Қоғам Басқармасы шешімімен қабылданады.

    3. Атаулы шәкіртақы мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңге.

    4. Атаулы шәкіртақының мөлшері жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысының мөлшері өзгеруіне байланысты жыл сайын Ғылыми кеңесте және Қоғам Басқармасында қайта қаралуы мүмкін. Жоғары оқу орындарының студенттерінің шәкіртақысы мөлшері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму жоспарына сәйкес білім алатын контингент түрлері бойынша республикалық бюджеттен төленетін шәкіртақы мөлшері жыл сайын белгіленеді.

    5. Атаулы шәкіртақы көрсетілген мөлшерде төленеді, салық төлемдері ұсталмайды. Атаулы шәкіртақы Қоғамның өз қаражаты есебінен төленеді, білім алушылар контингентіне республикалық бюджеттен төленетін негізгі шәкіртақыға қосымша төленеді.

2.6 Атаулы шәкіртақыны тағайындау стипендиатты жоғары оқу орындарының студенттеріне Қазақстан Републикасының қолданыстағы заңнамаларымен қарастырылған ақшалай төлемдер мен жәрдемақыларды алу құқығынан айырмайды.

3. Атаулы шәкіртақыны тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу

тәртібі және критерийлер

3.1 Атаулы шәкіртақы 3-курс (5-6 оқу семестрлері) студенттеріне тағайындалады, үміткерлердің үлгерімінің орташа балы 1 және 2 курста оқу қорытындысы бойынша 4,75 кем болмауы керек. Сондай-ақ Қоғамның және факультеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуы және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы міндетті.

3.2 Атаулы шәкіртақыны тағайындау конкурсында ғылыми-практикалық конференциялардың (университеттің, республикалық, халықаралық) немесе пән Олимпиадаларының жеңімпаздары басымдықтарға ие.

3.3 Атаулы шәкіртақыны тағайындау кезінде отбасының материалдық жағдайы және отбасы құрамы ескеріледі. Тең түскен жағдайда жетім студенттерге, әлеуметтік жағдайы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге басымдық беріледі.

3.4 Атаулы шәкіртақы жазғы сессияның 4 оқу семестрі аяқталғаннан кейін тағайындалады.

3.5 Студенттерді шәкіртақаға үміткер ретінде ұсыну құқығы кафедраларға, деканаттарға, студенттік қоғамдық ұйымдарға, факультет деканатына және қоғамның ғылыми кеңесіне беріледі.




  1. Атаулы шәкіртақыны тағайындау тәртібі және шәкіртақыны төлеу тәртібі

4.1 Атаулы шәкіртақыға үміткерлерді белгілеуүшін конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына медициналық-биологиялық пәндер кафедраларының оқутушы профессорлары, деканат қызметкерлері, студенттер кіреді. Комиссия құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамында төрағаны қоса алғанда 7 мүше болады.

4.2 Шәкіртақы бір жылға тағайындалады (5 және 6 оқу семестрі) және ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап 31 тамызына дейін төленеді.

4.3 Атаулы шәкіртақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады және одан кейін қайта берілмейді:

- қысқы емтихан сессиясының (5 семестр) қорытындысы бойынша студент шәкіртақыдан айрылса;

- стипендиат Қоғамды оқуды аяқтап, одан шыққан жағдайда;

- стипендиат академиялық демалысқа шыққан жағдайда;

- стипендиат «Астана медицина университеті» АҚ білім алушылардың Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда.


3.10 Студенттерді академиялық қолдау
Университетте тәрбие процесінің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін Кураторлар кеңесі құрылған, олар факультет деканаттары арасында тәрбие жұмысын үйлестіреді.

«Астана медицина университеті» АҚ Кураторлар кеңесі - алқалық орган, кеңес оқытушылар мен студенттерді өзара байланыстырып, іс- шаралар кешенін өткізіп тұрады. Кураторлар кеңесі жұмысының басымдығы – студентті тұлға ретінде тани білуі, оның сұранысы мен мүддесін есепке алуы.

Кураторлық 1 – 4 курс топтарының студенттерінен құралған академиялық топтарға бекітіледі.

Кураторлар кеңесімен келісім бойынша куратор терең білімді, эрудициялы, мәдениетті және кәсіптік дайындықты жоғары деңгейде меңгерген маманды қалыптастыру мақсатында тату, ұйымшыл, белсенді топты құру үшін топтың оқу қызметін, қоғамдық және мәдени өмірін ұйымдастырады.



3.11 Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық  – білім алушының белгілі бір академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге немесе оқу жылына (оқу практикасы немесе өндірістік практиканы қоса) басқа жоғары оқу орнына (еліміздегі немесе шетелдегі ЖОО) барып оқуы немесе зерттеу жүргізуі, өз оқу орнында меңгерген білім беру бағдарламалары бойынша кредит түрінде сынақты белгіленген тәртіппен қайта тапсыруы міндетті.

Білім алушыларды іріктеуде GPA және ағылшын тілін білуі (TOEFL немесе IELTS сертификатының болуы міндетті) ескеріледі. Университеттің қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша (шетелге және/немесе Республикаға) оқуға кететін білім алушылар үшін GPA 3,67-ден кем болмауы керек. Өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға кететін білім алушылар үшін GPA 3, 0-ден кем болмауы керек.



3.12 Халықаралық ынтымақтастық туралы
«Астана медицина университеті» АҚ-тың (бұдан әрі – Университет) дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі Университет алдында халықаралық қызметті дамыту бойынша жаңа міндеттерді қояды. Олар елдің халықаралық белсенділігімен, сонымен қатар денсаулық сақтауды дамытумен тығыз байланысты.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім )бас стратегиялық мақсаттары:



  • Университет беделін Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде арттыру. Білім беру және ғылыми қызметті халықаралық талаптарға сәйкес дамыту.

  • Халықаралық байланыстар мен іскери серіктестікті дамыту және нығайту, сонымен қатар Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілерге қатысу.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасында шетел елшіліктермен серіктестіктерді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаралып жатыр. Осылайша Жапония, АҚШ, Италия, Австрия, Чехия, Литва, Польша, Болгария, Ресей, Түркия, Египт, Иран және т.б. университеттерімен байланыстар орнатылды және ынтымақтасу туралы меморандумдар жасасты.

Жасасқан меморандумдар шеңберінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады.



  • Оқудан, жазғы практикалардан және тағылымдамалардан өту үшін студенттер мен оқытушылармен алмасу;

  • Университетте дәрістер оқу үшін шетелден оқытушыларды шақыру;

  • бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;

  • бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды өткізу, жүзеге асырылып жатқан жобалар шеңберінде ғылыми әдебиетпен алмасу;

  • шетелден оқытушыларды шақырып, семинар мен мастер-класстарды ұйымдастыру;

  • конференцияларға қатысу, тезис пен баяндамаларды және т.б. жариялау.

Бөлім халықаралық ұйымдармен байланыстарды орнату бойынша белсенді жұмысты жүргізіп жатыр.

  • American Councils for Foreign Education – Университет студенттері және ОПҚ үшін АҚШ үкіметі қаржыландыратын халықаралық гранттар мен шәкіртақыларды тарту, жыл сайын «Образование без границ» көрмесіне қатысу;

  • TEMPUS – таяу және қиыр шетел елдері университеттерімен бірлескен жобаларды іске асыру;

  • Erasmus Mundus – халықаралық гранттарды тарту, Еуропаның жоғары оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен алмасу;

  • Fulbright – АҚШ мемлекеттік департаменті қаржыландыратын білім гранттарын тарту;

  • «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы;

  • ЮНЕСКО – гранттарды алу үшін конкурстар мен бағдарламаларға қатысу.

  • Thompson Reuters –«Global Institutional Profiles Project» жеке профайлдың болуы;

  • Басқа тіл мектептері мен мәдени орталықтар.



3.13 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.13.1 Жалпы ережелер
1.1 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – өз бетінше оқып-үйренуге бөлінген белгілі бір тақырыптар бойынша жұмыс. СӨЖ тестілеу, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп түрінде тапсырылады.

1.2 Оқыту әдістері – оқулықпен, электрондық базамен, компьтерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, тестілік тапсырмаларды орындау, рефераттарды дайындап, қорғау, анатомиялық залда жұмыс, муляждармен жұмыс, өз бетінше оқуға берілген тақырып бойынша оқытушыдан консультация алу және т.б. әдістер.

1.3 СӨЖ-дің тақырыптары және өткізу формалары пәннің жұмыс бағдарламасының СӨЖ тақырыптық жоспарына сәйкес құрылады. Пән бойынша бірінші сабақта студенттерді СӨЖ тақырыптарының тізбесімен, өткізу формасымен, бағалау критерийлерімен таныстырады.

1.4 СӨЖ, СОӨЖ бағалары журналға тақырыптық жоспарға сай қойылады.

1.5 Орындалуға тиісті СӨЖ көлемі:

- «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандығы бойынша пәннің сағаттық көлемі 90 сағатқа дейін болса, студент СӨЖ-ден 1 тапсырма орындайды; 90 сағаттан көп болса, СӨЖ-ден 2 тапсырма орындайды.

- «Фармация», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша: 1-2 кредит болса – студент СӨЖ-ден 1 тапсырма орындайды; 3 кредит болса – СӨЖ-ден 2 тапсырма орындайды.

1.6 Студентке СӨЖ-ді орындау үшін нақты тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулық беріледі.

1.7 СӨЖ тапсырмалары келесі мәліметтерден тұрады: студенттің тегі, аты, әкесінің аты, СӨЖ тақырыбы, студенттің жұмысты тапсыру мерзімі, бастапқы деректер, әзірлеуге тиісті сұрақтар тізбесі.

1.8 СӨЖ тақырыптарынан сұрақтар білімді кезеңдік бақылау сұрақтарына, сондай-ақ қорытынды бақылау бойынша емтихан билеттеріне енгізіледі.

1.9 СӨЖ тақырыптары кафедра белгілеген мерзімде тапсырылуы керек. СӨЖ кафедра оқытушысына нақты түрде тапсырылған жағдайда және бақылау журналында тіркелген жағдайда ғана кафедраға тапсырылған деп есептеледі. СӨЖ-ді тапсыру мерзімі дәлелді себептер болған кезде ғана кафедра меңгерушісінің шешімімен өзгертіледі.

1.10 СӨЖ-ді кейінге шегеру уақыты күнтізбелік күндермен есептеледі.

1.11 Пәнді оқу аяқталғанда СӨЖ бойынша орташа балл есептеледі.

3.13.2 СӨЖ-дің орындалу формалары

2.1 СӨЖ-ді орындау формалары – реферат, рефератқа рецензия беру, презентация, тестіні/жағдаяттық тапсырманы құру, тестіге/жағдаяттық тапсырмаға рецензия беру, оқу-клиникалық орталықта жұмыс (манипуляцияны үйрену),анатомиялық залда жұмыс (мәйітті препараттау), клиникадағы кезекшілік, сырқатнаманы жазу және т.б.

2.2 Рефератқа қойылатын талаптар: реферат А4 форматты қағаздың бір бетіне дара жоларалық қалдырылып компьютерге басылу керек, шрифт Times New Roman, шрифт өлшемі 14, ақшеттер жоғарыдан, оң жақтан, төменнен 2 см, сол жақтан 3 см.

2.2.1 Реферат мазмұнына қойылатын талаптар:

- сауаттылық, нақтылық, материалды баяндағанда логикалық жүйелілік сақталуы керек;

- аргументке сендіру;


- екіұшты түсінік болмауы үшін тұжырымды нақты және қысқа етіп беру қажет.

2.2.2 Реферат мазмұнының үлгісі: жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері, мәселенің қазіргі жай-күйі, осы сұрақты зерделеу қажеттігі, осы тақырып бойынша зерделенген нақты сұрақтарды атап өту. Қорытындылар мен ұсыныстар.

2.2.3 Мазмұнында – кіріспе, жұмыстың барлық бөлімдерінің аты, нөмірлері, қорытындылар, ұсыныстар, қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі, әр бөлім және тақырыпшаның қай беттен басталатыны белгіленеді.

2.2.4 Кіріспе 1-2 беттік көлемде жазылады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, рефераттың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі баяндалады.

2.2.5 Әдебиетке шолу жасағанда (3-5 бет) реферат тақырыбы бойынша жарияланған әдебиетке жүйелі талдау жасалады, студент авторлар баяндаған мәселелерге сыни тұрғыдан баға беруі тиіс, реферат тақырыбы бойынша мәселелерді зерттеу қажеттігі туралы қорытынды жасауы тиіс. Мәтінде қандай да бір әдебиетке сілтеме берілсе, ол жақша ішіндегі цифрмен белгіленеді, цифр қолданылған әдебиеттер тізіміндегі реттік нөміріне сай келуі керек.

2.2.6 Қорытындылар 2-5 тармақтан тұрады, олар реферат мазмұнынан шығып, барынша нақты берілуі тиіс.

2.2.7 Әдебиет тізімі алфавиттік ретпен (авторлардың тегі бойынша) құрылады, 5-15 әдебиет болуы қажет.

2.2.8 Рефератты бағалау критерийлері:

- жүргізілген зерттеу мақсаты мен міндеттерінің негізделуі;

- жүйелі түрде, сауатты, анық баяндай білуі;

- қолданылған әдебиет көлемі;

- жұмысты ресімдеу сапасы;

- рефератты қорғау (қысқа, нақты, анық, логикалы баяндауы, проблеманы және кәсіптік тілді меңгеру деңгейі).

- қорғау кезінде қойылған сұрақтарға берілген жауаптың толықтығы;

- жұмыстың ерекшелігіне қарай өзге де параметрлер.

2.2.9 Тапсырылған рефератты оқытушы рецензияға береді. Студенттер рецензент болады. Рецензент рефератқа жазбаша түрде рецензия береді.

2.3. Рефератқа рецензия жазуға қойылатын талаптар

2.3.1 Рефератқа берілген рецензияда мыналар көрсетілуі тиіс:

- тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, ұсынылған тақырыптың практикалық маңызы,

- қорытынды мен ұсыныстың болуы;

- проблеманы шешу дәрежесі, жұмыстың аяқталғандығы, оны дұрыс тұжырымдауы;

- автордың ғылыми әдебиетті білуі;

- тақырыпты терең зерттеуі, аргументті дәлелдей алуы;

- қорытындылардың сәйкестігі, олардың маңыздылығы;

- жұмыс ретін логикалы түрде құруы;

- сауатты баяндауы және талапқа сай ресімдеуі;

- ескертулер мен ұсыныстар;

- қорытындыда рецензент жұмысқа баға береді, рефератқа қойылатын тталаптарға сәйкестігі туралы өз пікірін білдіреді.

2.4 СӨЖ-ді орындау формасы – презентация.

2.4.1 Мазмұнында студенттің оқу тақырыбы немесе жобаның бөлімі бойынша өздік жұмысының мақсаттары берілуі тиіс.

2.4.2 Студенттің презентациясын талдап, бағалау критерийлері:

- белгілерді, құбылыстарды және т.б. нақты сипаттау;

- ұсынылған проблеманы талдау;

- және тағы басқалары.

2.4.3 студенттің презентациясы мәтінінің дұрыстығын талдап, бағалау критерийлері:

- орфографиялық және пунктуациялық қателердің болмауы;


- ғылыми терминдерді қолдануы;

- ақпарат дәл, толық, пайдалы, өзекті болуы тиіс.

2.4.4. Студент презентациясының дизайнын талдап, бағалау критерийлері:

- жалпы дизайн презентация логикалық тұрғыдан дұрыс ресімделген, эстетикалық талаптарға сай, дизайн презентация мазмұнына қайшы келмейді;

- диаграммалар мен суреттерпрезентациядағы суреттер тартымды, қызықты, мазмұнға сәйкес, мәтін үстіне шығарылмаған (егер арнайы эффект болмаса);

- мәтін, реңк, фон мәтін оқуға жеңіл, фон графикалық элементтермен үйлесіп тұр;

- тізімдер мен кестелер презентацияда тізімдер мен кестелер дұрыс құрылған және орналастырылған;

- барлық сілтемелер дұрыс қолданылған.

2.5 Презентацияны орындауға қойылатын талаптар

2.5.1 Слайдты ресімдеу:

Стиль:

- ресімдеудің біркелкі стилін сақтаңыздар;

- презентациядан көңілді басқа жаққа аударатын стильді қолданбаңыз

- қосымша ақпарат (басқару кнопкасы) негізгі ақпаратты (мәтін, суреттер) басып кетпеуі керек.



Фон:

- фон ретінде салқын реңкті (көк немесе жасыл) түсті таңдаңыз.



Реңкті қолдану:

- бір слайдта реңк саны үштен аспағаны жөн: біреуі фонның реңкі, екіншісі тақырыптардың, үшінші мәтіннің реңі;

- фон мен мәтінге контраст түстерді таңдаңыз;

- гиперсілтеменің түсіне ерекше көңіл бөліңіз (қолданар алдында және қолданған соң).



Анимациялық эффектілер:

- компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз

Слайдтағы ақпараттар:

- слайдта түрлі анимациялық эффектілерді көп қолданбаған дұрыс, олар слайдтағы ақпарат мазмұнын қабылдауға кедергі келтірмеуі керек.

2.5.2 Ақпаратты ұсыну:

Ақпарат мазмұны:

- қысқа сөйлемдер мен сөздерді қолдан;

- шылау сөздер, үстеу, сын есімдерді мүмкіндігінше аз қолданыңыз;

- тақырыптар аудитория назарын аудара алу керек.



Ақпараттың бетте орналасуы:

- ақпарат көлденең орналасқаны дұрыс;

- ең маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы керек;

- слайдта сурет болса, жазуы оның астында болуы тиіс.



Шрифт:

- тақырыптар үшін шрифт өлшемі - 24;

- ақпарат үшін - 18;

- әріптердің биіктігі мен ені бірдей, көрнекі болуы шарт, сонда алыстан оқу оңай болады;

- бір презентацияда шрифтілердің түрлі типтерін араластырып қолдануға болмайды;

- ақпаратты ерекше бөліп көрсету үшін қою шрифтімен, курсивпен немесе астын сызып жазу керек;

- бас әріптерді де көп қолданбаған дұрыс (оларды көзбен қабылдау қиындау).

Ақпаратты бөліп көрсету тәсілдері:

- ерекше маңызды фактілерді көрсету үшін рамкалар, шекаралар, бояу; түрлі түсті шрифтілер, штрих, стрелкалар; суреттер, диаграммаларды қолданған жөн.



Ақпарат көлемі:
- бір слайдты тым көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ, адам бір қарағанда кем дегенде үш фактіні, қорытындыны, анықтаманы есте сақтай алады;

- негізгі бөліктер бір-бірден жеке слайдта берілсе, қабылдау тиімді болады.



Слайд түрлері:

- түрлендіріп отыру үшін слайдтың түр-түрін қолданған жөн:

- мәтінмен;

- кестемен;

- диаграммамен.

2.6 Мәтінге қойылатын талаптар:

- мәтіннің ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі.

- мәтіннің жалпыға түсінікті болуы керек – сұрақты, жауапты дәл тұжырымдау, жалпы қабылданған терминдер мен атауларды қолдану;

- оңайлық – бір тестілік тапсырмада күрделілігі бір деңгейдегі бір тапсырма болуы керек;

2.6.1 Бір ғана дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы:

- тапсырма бір сұрақтан тұрады, одан кейін таңдауға 5 жауап берілген, ол жауаптар дұрыс жауапқа ұқсас, теңгерімді және шындыққа жақын болуы керек;

- егер сұрақтың салыстырмалы мәні болса, жауап «негізінде», «бастысы» деген сөздермен беріледі.

2.6.2 Тестіде дұрыс жауапты тұспалдап айтуға мүлдем жол берілмейді.

2.6.3 Жиі кездесетін қателер:

- дұрыс жауап сұрақтан басқалардан көлемді;

- сұрақ пен жауапта ортақ элемент бар;

- жауап нұсқаларын жазғанда «жоғарыда аталғанның барлығы» немесе «дұрыс емес», «жоғарыда аталғанның барлығы да дұрыс емес» деген тіркестерді қолдануға болмайды;

2.6.4 тестінің құру 2 кезеңнен тұрады:

- сұрақты құру;

- дұрыс жауапты тұжырымдау.

2.7 СӨЖ бағасын шығаруға қойылатын талаптар

2.7.1 СӨЖ бойынша білім алушының білімі балдық-рейтингілік, әріптік жүйе бағасымен белгіленеді, олардың пропорционалдық арақатынасы бар.

1) «Үздік» деген бағаға жалпы балл санының 90-100%-ы, «жақсы» деген бағаға 75-89%, «қанағаттанарлық» - 50-74% және «қанағаттанарлық емес» - 0-49%.

2) «Үздік» баға – білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергендігін дәлелдеген жағдайда және СӨЖ-де ешқандай қателік жібермей, СӨЖ-ді дұрыс, белгіленген уақытта орындап, есеп тапсырған болса, ерекше ойлау қабілетін көрсетіп, материалды өз бетінше жүйелей алған жағдайда қойылады.

3) «Жақсы» баға – студент материалдың 75%-ын меңгеріп, жауапта өрескел қате жібермесе, СӨЖ-ді уақытында орындап, есепті ескертулерсіз тапсырған, аздап ауытқушылық жіберіп, немесе өзінің басты қатесін өзі түзеткен жағдайда, материалды оқытушы көмегімен жүйелей алған жағдайда қойылады.

4) «Қанағаттанарлық» баға - материалдың 50%-ын меңгеріп, СӨЖ-ді оқытушы көмегімен орындаған, СӨЖ тапсырмасын уақытында орындамаған, СӨЖ-ді тапсырғанда жауапты дәл айта алмай, қате жіберген, материалды жүйелеуге қиналған студентке қойылады.

5) «Қанағаттанарлық емес» баға – СӨЖ тапсырмасын орындамаған, тақырып бойынша қарастырылған негізгі әдебиетті оқымаған студентке қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет