§ 49. Ажарлау түйiрлерi мен ажарлау ұнтақтарын сусыздандырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мерзімдік және үздіксіз әрекет ететін сусыздандыру сыныптуышының, сусыздандыру аппараттарының көмегімен абразивтік материалдардың ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын сусыздандыру. Сусыздандыру құрылғыларына пульпаларды бір қалыпты беруді реттеу. Сусыздандырылған материалдардың ылғалдығын бақылау. Кептіру немесе теспе құрылғыларға сусыздандырылған материалдың бір қалыпты келуін қамтамасыз ету. Жуу және сусыздандыру агрегаттарында құмды шаю. Сусыздандырылған аппараттарға құмды тиеу. Гидрокөлік аппараттарына қызмет көрсету.
Білуге тиіс: сусыздандырылған аппараттар мен қондырғыларының құрылғысы мен жұмыс принципін; аппараттардың өнімділігі бойынша жіберілетін жүктемелерін және жұмыс режимін; сусыздандырылған материалдардың дымқылдығын белгілеу тәсілдерін.
§ 50. Ажарлау түйiрлерi мен ажарлау ұнтақтарын сусыздандырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аппараттар мен конустардағы барлық түрдегі абразивтік материалдардың ажарлау түйірлерін, ұнтақтары менмикроұнтақтарын химиялық байыту. Пульпа тығыздығын және тиеу үшін қышқылдың мөлшерін белгілеу. Қышқылдарды конустарға тиеу. Қышқылдық байытудың процесін ауамен қыздыруды және белсендіруін бір мезгілде жүргізу. Ажарлау түйірлерін, ұнтақтар мен микроұнтақтарды электромагниттік байыту. Бастапқы және соңғы өнімдерді магниттік материалдардың ын айқындау, магниттік байыту процесін жүргізу.
Білуге тиіс: химиялық және электромагниттік байыту аппараттарының құрылғысын, қызметінің қағидаттарын және баптау тәсілдерін; әртүрлі абразивтік материалдарды байыту процесінің режимін; пульпа тығыздығын және магниттік фракциялардың ын белгілеу тәсілдерін.
§ 51. Туннель кептіргіштерінің Операторы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультында туннель кептіргіштеріндегі абразивтік бұйымдарды кептіру процесін жүргізу. Сыртқы көрінісі бойынша қалыпты бұйымдарды тексеру және механикалық бұзушылықтары бар бұйымдарды іріктеу. Тасымалдағыштар мен конвейерлердің көмегімен тиелген этажеркаларды кептіргіштерге беру. Аспаптар бойынша кептіргіштердің температуралық және гидравликалық режимін қадағалау. Температураларды кептіргіш ұзындығы бойынша реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау.
Білуге тиіс: туннель кептіргіштерінде абразивтік бұйымдарды кептіру технологиясын; механикалық бұзушылықтары бар бұйымдарды іріктеу ережесін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және баптауды; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын; абразивтік бұйымдарды этажерка мен кептіргіштерге орналастыру ережесін.
§ 52. пештер мен трансбордерлік қондырғыларды қайта айдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық операцияларды орындау жүйелілігіне сәйкес пештер мен трансбордерлік қондырғыларды бір өндірістік учаскеден басқа өндірістік учаскеге ауыстыру. Бөлшектеу алдында сумен шаю жолымен электрокорунд құймаларын салқындату. Қондырғының жетек бөлігін тазалау. Электрмен балқытқыш пештерге жүксіз металл қалыптарын орналастыру. Электрмен балқытқыш пештердің ағынөзектеріне бос металл қалыптарды орналастыру және оларды электрокорунд балқымасымен алып шығып, балқыманы суыту үшін эстакадаға қою. Металл қалыптарын дайындау орындарына орналастыру.
Білуге тиіс: өздігінен жүретін пештер мен трансбордерлік қондырғылардың, жүріс бөлігі мен жетектердің құрылғысын; құмалар бар металл қалыптарының құрылғысын, пайдалану және орналастыру ережесін; ; электр қозғалтқыш жетектерін желіге қосу тәртібін; балқыту пештерінің орналасу тәсімін; абразивтік материалдар өндірісінің технологиялық процесін.
§ 53. Абразивтік материалдарды балқытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кедергі пештерінде карбидкремний материалдарын өнліру. Алғашқы және қайтарылған материалдарды пайдаланумен пештерге шихталарды тиеу. Керннің нақты өлшемін және шихта құрауыштарының ірілігін сақтау. Токқа қосылған кедергі пештеріне қызмет көрсету. Шихтаның қажетті газқұбырлығын қамтамасыз ету. Технологиялық процестің қалыпты нормасынан ауытқуын болдырмау.
Білуге тиіс: кедергі пештерінің құрылғысын және дайындау ережесін; шихта материалдарына қойылатын талаптарды; кремний карбидінің блоктарын балқыту және салқындату режимдерін; балқыту процесінің қалыпты нормадан ауытқу белгілерін, алдын алу және оларды жою шараларын.
§ 54. абразивтік материалдарды балқытушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті балқытушының басшылығымен доғалы (стационарлық және көлбеу) электр пештерінде қалыпты, ақ және қоспаланған электрокорундті, монокорундті, бор карбидін балқыту. Алғашқы және қайтарылған материалдардан жасалған шихталарды пештерге тиеу. Колошниктің беті бойынша шихталарды бірдей етіп бөлу. Электродтардағы шихталарды тұндыру. Электродтардан қождарды қолмен немесе пневомашинаның көмегімен шыңдау. Штанга сынамаларын іріктеу және оларды қорытынды үшін жоғары білікті балқытушыға беру. Балқыту процесін аспаптардың көрсеткіштерімен бақылау. Таспаша тесіктерін металл қалыптарына немесе арнайы кристаллизаторларға балқымаларды құюға дайындау, кристаллизаторлардың жұмысын басқару, қоспалау кезінде қоспалау құрауыштарын балқытуға беру. Сумен салқындату жүйесін, пеш ұяшықтарының жағдайын, шығару жолдарын қадағалау. Көлбеу пештерінде жұмыс істеген кезде – қорытпаларды металл қалыптарына құю және электродтарды өсіру. Әртүрлі жүйедегі балқыту пештерінде карбидтер мен нитридтердің қиын балқитын қосындыларын жентектеу. Аспаптардың көрсеткіштерін, пештердің кернеулігін және графитті құрбылардың дұрыстығын бақылау. Шихта материалдарын қайықшаларға тиеу. Қайықшаларды пештерге тиеу және оларды жартылай дайын өніммен, дайын өніммен алып шығу. Дайын өнімді сұрыптау. Пештерді мерзімдік тазалау.
Білуге тиіс: электрмен балқытқыш пештердің құрылғысы мен электр тәсімдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, қызмет қағидаттары мен міндеттерін; балқыту регламенттерін, қалыпты, ақ және қоспаланған электрокорундтарды "блокқа", "құймаға", және "шығаруға", монокорундты және бор карбидін қорытуға арналған материалдар мен шихта рецепттерін; балқыманы металл қалыптарына құю тәртібін; қиын балқитын қосындылар өндіру процесін; пештерді сумен және газбен жабдықтау жүйесін; қиын балқитын қосындылардың дайын өнім сапасына қойылатын талаптарды.
§ 55. абразивтка материалдарды балқытушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. доғалы (стационарлық және көлбеу) электр пештерінде қалыпты, ақ және қоспаланған электрокорундті, монокорундті, бор карбидін балқыту. Пештің колошниктарын өңдеу. Балқытудың электр режимін реттеу және шихталарды түзету. Балқыманы сынаманың сыртқы көрінісі және химиялық талдау нәтижелері бойынша жетілдіру. Балқыту, қоспалау, құю және балқымаларды кристаллизациялау процесін және автоматты режимдегі агрегаттардың жұмыстарын және пеш жүйелерін басқару.
Білуге тиіс: абразивтік материалдарды қорытуға арналған әртүрлі балқыту пештерінің және кристаллизаторлардың конструктивтік ерекшеліктерін; пештердің қосалқы механизмдерінің құрылғысын және реттеу тәсілдерін; пеш колошниктарын өңдеу тәсілдерін; балқытудың электрлік режимін реттеу және шихталарды түзету әдістері; балқыманы жетілдіру тәсілдерін; қоспалау материалдарының міндетін; балқыманы қоспалау тәсілдерін.
§ 56. абразивтік материалды балқытушы
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Боксит, агломерат, глиноземаның негізінде, қоспалау және басқа да қосалқы құрауыштарды (хром оксиді, титан, цирконий және т.б.) қосумен әртүрлі электрокорун материалдарын қорыту. Жоғары қуатты пештерге қызмет көрсету. Шихта құрамын реттеу, балқыту және қайта қалпына келтіру процестерін түзету. Пештердің барлық агрегаттарының және қосалқы жабдықтарының жұмысын бақылау.
Білуге тиіс: пайдаланылатын материалдардың негізгі сипаттамасын; корундты қорытпасы бар қоспалау құрауыштардың әсер ету ерекшеліктерін; электрмен балқыту пештерінің құрылғысын және электр тәсімдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен міндетін; пештерді сумен және газбен жабдықтау тәсімдерін.
§ 57. абРазивтік материалдарды іріктеуші-есептеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұзындығы 100 мм дейін тік және фасон бейінді абразивтік бұйымдарды термиялық (күйдіру аймақтары бойынша)немесе механикалық өңдеу үшін есептеу және іріктеу. Термиялық және механикалық өңдегеннен кейін маршрут қағаздар және партияға жинақтау бойынша бұйымдарды іріктеу. Абразивтік бұйымдарға есептілік құжаттарын рәсімдеу.
Білуге тиіс: абразивтік бұйымдарды күйдіруге орналастыру ережесін; механикалық өңдеу учаскесінде бұйымдарды өңдеу жүйелілігін; ақау түрі мен себептерін; бұйым партияларын таңдау тәртібін.
§ 58. абРазивтік материалдарды іріктеуші-есептеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 100 мм артық тік және фасон бейінді, сондай-ақ А, АА сыныбындағы және типтікөлшемдегі прецизиялы орындаудағы абразивтік бұйымдарды термиялық (күйдіру аймақтары бойынша) және механикалық өңдеуге іріктеу Абразивтік бұйымдарды іріктеу және есептеу, оларды шарттар бойынша іріктеу.
Білуге тиіс: туннель пештерінің күйдір аймақтарының температурасын; пеш атмосферасының құрамын; туннель пештеріндегі абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеудің негізгі режимін.
§ 59. Подинші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пеш ванналарын "блок" балқыту үшін дайындау. Ванналарға қаптарды орнату. Кезекті балқыту үшін пеш ұяшықтарына дайын пештерді орнату, ауыстыру. Бокситті көпшіктер мен антрацитті линзаларды қалау. Электрокорундты эстакадаға бағыттаумен пештерді орнату. Қаптарды түсіру және блоктарды салқындату. "Құюға" және "шығаруға" балқытуға арналған пештерде электрокорунд пен ферроқорытпаларының балқымаларын алу үшін металл қалыптарын дайындау. Металл қалыптарын эстакадаға орналастыру және оларды бөлшектеу. Құймаларды арнайы қондырғыларды шығару. Құймаларды салқын жерлерге орналастыру. Құймаларды салқындату.
Білуге тиіс: пештерді "блок" балқымасы және металл қалыптарын "құю" және "шығару" үшін экипирлеу; бокситті көпшіктер мен антрацитті линзаларды қалау тәсілдерін; электрокорун және ферроқорытпалар құймаларын суыту режимдерін; материал мен ферроқорытпаларды металл қалыптарға тиеу регламентін.
§ 60. абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Туннель пештеріне бұйымдарды тиеу үшін вагонеткаларды дайындау. Отқа төзімді саз ерітінділерін дайындау. Себу орнына себетін материалдарды жинау және орналастыру. Себетін материалдарың магниттік сепарациясын. Себетін материалдарды фракциялар бойынша себу. Бұйымдарды вагонеткаларға учаскесіне абразивтік материалдарды, отқа төзімді тақталар мен тіректерді, саз балшықты және себу материалдарын орналастыру.
Білуге тиіс: магниттік сепаратор қызметінің қағидаттарын; отқа төзімді саз балшықты ерітінділерді дайындау рецепттерін; абразивтік бұйымдар мен отқа төзімді материалдарды орналастыру ережесін.
§ 61. абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Туннел пештердің вагонеткаларына қайрақшылардың барлық түрін, кеспелтектерді, капсуладағы ұсақ бұйымдарды және диаметрі 90 мм-ден 270 мм дейін тік бейінді шеңберлерін және оларды вагонеткалардан түсіру. Рұқсатты қатаң сақтай отырып, бірнеше отқа төзімді қорлардың түрлерінен туннел пештерінің вагонеткаларын монтаждау. Күйдіргеннен кейін абразивтік бұйымдарды себетін материалдардан тазарту. Ақау бұйымдарды анықтау және алу. Ақауларды бұйымдардың және түйірлердің түрлеу бойынша сұрыптау. Күйіп кеткен абразивтік бұйымдарды сипаттамасы бойынша сұрыптау.
Білуге тиіс: абразивтік бұйымдарды вагонеткаларға түрлерін және түсіру тәсілдерін; күйдірілген және күйдірілмеген абразивтік бұйымдардың ақау түрлерін; вагонеткаларды монтаждау тәсілдерін.
§ 62. абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық өлшемдегі фасон шеңберлері мен диаметрі 90 мм дейін және 270 мм-ден 600 мм дейін тік бейінді шеңберлерді вагонеткаларға және түсіру. Берілген күйдіру режимі бойынша абразивтік бұйымдардың түр-түрін іріктеу және күйдіру аймақтары бойынша бөлу.
Білуге тиіс: типтік өлшеміне, түйірлігіне қарай берілген қаттылықта материалдарды туннель пештерінің вагонеткаларына дың негізгі тәсімдерін; туннель пештерінің вагонеткаларына сипаттамасы бойынша ға арналған абразивтік бұйымдардың және отқа төзімді қорлардың түр-түрін; бұйымның сипаттамасына қарай қолданылатын себу материалдарының өлшемін.
§ 63. абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. А сыныбындағы барлық типтік өлшемдегі бұйымдарды және диаметрі 600 мм артық тік бейінді шеңберлерді жылдам және прецизиялы ажарлау үшін ерекше абразивтік бұйымдарды туннел пештердің вагонеткаларына және түсіру. Күйдірілетін пештердің түр-түріне қарай туннель пештерінің жұмыс режимін және оларға тиісті тәсімідерін өзгерту. Тиелген вагонеткаларды жіберілетін габаритты өлшемдер бойынша салыстыру.
Білуге тиіс: туннель пештерінің вагонеткаларына абразивтік бұйымдарды тиеу, және түсіру тәсімін; жылдам және прецизиялы ажарлау үшін күйдірілетін абразивтік құралдарға және сынып құралдарына қойылатын талаптар; пештерді күйдірудің температуралық аймақтарының орналасуын; пеш атмосферасының құрамын; туннел пештеріндегі абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеудің негізгі режимдерін.
§ 64. абразивтік шеңберлерді түзетуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік бейінді абразивтік шеңберлерді абразивтік дұрыс құралдармен: шеңберлермен, қайрақшалармен, шаржылармен, жұлдызшалармен түзету. Станокқа бір немесе бірнеше шеңберлерді орнату және бекіту. Шеңберлердің соғуын болдырмау. Ластанудан кейін шеңбердің кесу сапасын қалпына келтіру.
Білуге тиіс: дұрыс станоктар жұмысының қағидаттарын; абразивтік шеңберлерді түзету тәсілдерін; құрылғылардың міндеті мен қолданылуын; абразивтік құралдардың және басқарушы шеңберлердің сипаттамасын.
§ 65. абразивтік шеңберлерді түзетуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эльбордан және тік бейінді өте қатты материалдардан жасалған абразивтік құралдар мен шеңберлерді, алмаздық басқару құралдарын пайдаланумен бұрышты, радиусты бейіндегі абразивтік шеңберлерді түзету. Шеңберлердің мұқалуынан кейін бейіннің кесу сапасын қалпына келтіру. Шеңберлерді теңгеру. Түзету станоктарын баптау.
Білуге тиіс: әртүрлі түзету станоктарын дәлдікке тексеру ережесін;; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; түзету шеңберлерін сақтау ережесін; шектеулер мен жақындату; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлерін.
§ 66. абразивтік шеңберлерді түзетуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ойма, сатылы, оймакілтекті, доңғалақ және ұқсас бейінді абразивтік шеңберлерді, эльбор мен аса қатты материалдардан және абразивтік әрі алмастық басқаруы бар құралдарды қолданумен алмастық материалдардан жасалған шеңберлерді түзету. Станокты баптау.
Білуге тиіс: түзету станоктарының құрылғысын және баптау тәсілдерін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін; құралдың сипаттамасын; шектеу және жақындату жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеті мен параметрлері.
§ 67. абразивтік ұнтақтарды, пасталар мен мастикаларды дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пасталар мен мастикалар өндірісі үшін бастапқы материалдар ретінде жасанды абразивтік материалдардан бор мен кремний карбидінің, темір мен хром тотығының ажарлау ұнтақтарын дайындау. Материалдарды мөлшерлеу және оларды кейін өңдеп, жуып, кептіріп және ұнтақтарды себумен диірмендерге тиеу. Темір купорос және кальцинирленген сода ерітінділерін дайындау. Ерітінділерді араластыру, пульпаны төгу, отты немесе электр пештерде ұнтақтарды кептіру және күйдіру.
Білуге тиіс: абразивтік ұнтақтардың, пасталар мен мастикалардың дарының физикалық және химиялық қасиетін; бастапқы материалдарды дайындау тәсілдерін.
§ 68. абразивтік ұнтақтарды, пасталар мен мастикаларды дайындаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы жабдықта микроұнтақтарды, табиғи және жасанды абразивтік материалдарды дайындау. Материалдарды ұнтақтау, микроұнтақтарды химиялық байыту. Ұнтақтарды сыныптауыштар мен центрифугаларда сыныптау. Сыныптау процесінде түйір құрамын тексеру. Қатты пасталарды өңдеу, қайрақша кесіктерін өлшем бойынша кесу, кесіктерді тазалау. Буып-түю қағаздарын кесу. Қайрақшаларды буып-түю. Тазалау ұнтақтарын қаптамаға өлшеп және таразылау. өнімді таңбалау. Діріл тартқыш қондырғылар мен сыныптауыштарды баптау.
Білуге тиіс: діріл тартқыш, центрифуга мен сыныптауыштардың құрылғысын және қызметінің қағидаттарын; абразивтік материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін; абразивтік материалдарды ұнтақтау және байыту тәсілдері; микроұнтақтарды қолдану аясын; микроұнтақтардың түйірлік құрамын тексеру әдістерін; кесу станоктарының құрылғысы мен қызметі қағидаттарын; өнімді буып-түю және таңбалау ережесін.
§ 69. абразивтік ұнтақтарды, пасталар мен мастикаларды дайындаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы жабдықта химиялық реагенттер мен материалдарды қолдануымен сұйық және қатты абразивтік пасталар мен мастикаларды дайындау. Бастапқы материалдар мен құрауыштарды мөлшерлеу және реакторларға, автоклавтарға және араластырғыш құрылғыларға тиеу. Пасталар мен мастикалар құрауыштарын балқыту, араластыру, сүзу және суыту үшін қалыптарға құю. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау. Пасталар мен мастикаларды дайындаудың технологиялық процесін бақылау және реттеу. Дайын пасталар мен мастикаларды үйкелеу және мөлшерлеу, ыдыстарға өлшеп . Дайын өнімнің сапасын бақылау.
Білуге тиіс: реакторлардың, автоклавтар мен араластырғыш құрылғыларының жұмыс қағидаттарын; өндіріс процесінде қолданылатын дайын массалар мен материалдардың қасиетін; құрауыштарды тиеу жүйелілігін; температуралық режимдерді және араластыру режимдерін; шығарылатын сұйық және қатты пасталар мен мастикалардың түрлерін және олардың қасиеттерін; дайын өнімнің сапасын бақлау әдістерін.
§ 70. Түйiрлердi және ажарлау ұнтақтарын қыздырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі электр пештерінде абразивтік материалдардың барлық түрінің ажарлау түйірлерін, ұнтақтарын және микроұнтақтарды қыздыру. Материалдарды беруді реттеу жолымен қыздыру құрылғыларының берілген жұмыс режимін қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: электр қыздыру пештері мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және қызметі қағидаттарын; абразивтік материалдардың электр пештерінде қыздыру режимін және оларды реттеу тәсілдерін.
§ 71. Түйiрлердi және ажарлау ұнтақтарын қыздырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газ немесе мазутпен жұмыс істейтін айналмалы калиль барабандарында және ленталы газ пештерінде абразивтік материалдардың барлық түрінің ажарлау түйірлерін, ұнтақтары мен микроұнтақтарын қыздыру. Отын, ауа және материалда беруді реттеу жолымен қыздыру құрылғыларының берілген жұмыс режимін қамтамасыз ету. Салқын барабандарға судың берілуін реттеу.
Білуге тиіс: жағу құрылғысын, қызметі қағидаттарын, ережесін және газ және мұнай пештерінің қыздыру құрылғыларын реттеу тәсілдерін; абразивтік материалдарды қыздыру режимдерін.
§ 72. Кедергі пештерін бұзушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кремний карбидін балқытқаннан кейін ыстық кедергі пештерін бұзу. Бүйір металл қалқандары мен тіреулерін түсіру және орналастыру. Әсері болмаған шихталар мен силоксиконның жетектелген қабаттарының үстіңгі қабықтарын бұзу. Силоксиконнан шихталарды бадьийлерге лақтыру. Қабылдау бункерлерінің торларына шихтадан силоксиконды бөлумен қайтарма өнімдерінің ақауларын алу.
Білуге тиіс: кремний карбидін балқыту үшін кедергі пештерінің құрылғысын және қызметі қағидаттарын; қайтарма өнімдерді бұзуға арналаған арнайы құрылғылардың конструкциясын; кремний карбидін балқыту процесінің негіздерін; қайтарма өнімдерін сұрыптау ережесін; шихта мен силоксиконның жетектелген қабатының үстіңгі қабатын бұзу тәсілдерін.
§ 73. ажарлау түйiрлерi мен ажарлау ұнтағын себушi
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі себу жабдықтарында ажарлау түйірлерін, ажарлау ұнтақтары мен ұнтақ тәрізді байланыстырғыштарды себу. Таселектердің торларына материалдарды беруді реттеу. Торларды үйкелеу. Материалдарды қаптарға , буып-түю және таңбалау.
Білуге тиіс: әртүрлі себу жабдықтарының құрылғысы мен қызметі қағидаттарын; ажарлау материалдарын себуге беру тәсімін; таселек торларын орнату және бекіту тәртібін; абразивтік материалдардың түрлерін, қасиетін.
§ 74. Күйдiрiлмеген Шеңберлер мен қайрақшаларды аралап бөлушi
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір немесе көп сатылы кесу дискілері бар арнайы кесу станоктарында түйірлердің биіктігі, қаттылығы және материалы бойынша күйдірілмеген дайындамаларды кеспелтек пен шеңберлерге аралап бөлу. Кеспелтекті ортаға келтіру, орнату және оны станокқа бекіту. Бұйымдардың өлшемі мен қол жетімдігіне қарай тиімді пішуді ескере отырып дайындамаларды белгілеу.
Білуге тиіс: арнайы кесу станоктарының құрылғысын, жұмыс қағидаттарын; кесу құралдарын мұқият тексеру және орнату әдістерін; қолданылатын бұйымдардың сипаттамасына қарай қолданылатын кесу құралдарының түрлерін; дайындамаларды өлшеу және тиімді пішу үшін құрылғылардың құрылғысы мен қолдану ережелерін; дискілер мен араларды орнату ережесін және қайрау әдістерін.
§ 75. ажарлау түйiрлерi мен ажарлау ұнтағын себушi
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі себу жабдықтарында ажарлау түйірлерін, ажарлау ұнтақтары мен ұнтақ тәрізді байланыстырғыштарды себу. Дірілдинамикалы сыныптауыштарда ұнтақталған абразивтік материалдарды елексіз себу. Себу агрегаттарын теңшеу және баптау. Бастапқы материалдардың ұсақталған құрамының тербелуіне қарай түйірлігі бойынша берілген түр-түрін орындауды қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: дірілдинамика сыныуптауышының құрылғысын, қызмет қағидаттары мен баптау тәсілдерін; себу жабдықтарын теңшеу тәсілдерін.
§ 76. абразитер Регенераторшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды регенерациялау жөнінде кешенді жұмыстарды орындау (өндіріс қалдығынан кремний карбиді мен бор карбидін бөлу). Конусты теңшеу. Араластырғышқа пайдаланылған бор карбиді немесе кремний карбидінің қалдықтарын тиеу. Ажыратылған массаны торы бор конусқа тиеу. Суды конусқа беруді реттеу.қалдықтардан бөлінген кремний карбиді мен бор карбидін тұндыру.
Білуге тиіс: абразивтік материалдарды регенерациялау ережесін; тор нөмірлерін; конус жұмыстарын теңшеу тәсілдерін.
§ 77. абразивтік бұйымдарды бұрғылаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл түйірі бар тесу станоктарында барлық өлшемді және сипаттамадағы А,Б, сыныпты ажарлау шеңберлерінің тесігін бұрғылау және қолмен немесе электр машинасының көмегімен арнайы мен тесіктерді калибрлеу. Тиісті металл түйірінің және арнайы бұрғының нөмірлерін таңдау. Калибрлеу массасын дайындау. Шекті калибрмен жасалған тесіктердің өлшемін тексеру.
Білуге тиіс: арнайы құрамды құю үшін бұрғылау станоктарын, электр машиналарының құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; қолданылатын бұрғылардың типтерін; өңделетін бұйымның сипаттамасына қарай металл түйірлерінің нөмірлерін іріктеу әдістерін; тесікті өлшеу тәсілдері мен әдістерін; тесікті калибрлеу үшін массаны дайындау ы мен тәсілдері; ажарлау шеңберлерінің тесігін бұрғылау тәсілдері мен әдістерін.
§ 78. абразивтік бұйымдарды бұрғылаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. АА сыныптағы және прецизиялы орындалған барлық өлшемдегі және сипаттағы ажарлау бұйымдарының тесігін металл түйірімен, абразивтік және алмастық құралдармен бұрғылау. Металл түйірлерінің, абразивтік және алмастық құралдардың тиісті нөмірлерін іріктеу. Бұрғылау режимін таңдау. Жасалған тесіктерді калибрмен тексеру.
Білуге тиіс: бұрғылау станоктарының құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; өңделетін бұйымдардың сипаттамасына қарай металл түйірлерін, абразивтік және алмастық құралдарды іріктеу әдістерін; өңделетін тесіктердің өлшемін бақылау тәсілдері мен әдістерін.
§ 79. ажарлау түйiрлерiн сеператорлаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды құрғақ немесе дымқыл тәсілмен қайта өңдеу кезінде барлық жүйедегі электр магнит сепараторларының тобына және олардың жұмысымен байланысты абразивтік материалдарды бөлшектеудің, байыту мен себудің күрделі тәсіміндегі көлік жабдықтарына қызмет көрсету. Материалдарды беруді және магнит өрісінің кернеулігін реттеу. Сеператорлардың бір қалыпты қоректенуін қамтамасыз ету. Магнитті және магнитті емес өнімдердің үздіксіз жеңілденуін бақылау.
Білуге тиіс: әртүрлі типтегі электр магнитті сеператорлардың құрылғысын және қызмет қағидаттарын; сеператорлардың электрлік және су режимдерін; агрегаттар тізбегін тәсімін.
Достарыңызбен бөлісу: |