Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 80. абразивтік материалдарды сұрыптаушы



бет4/5
Дата11.06.2016
өлшемі376 Kb.
#127870
1   2   3   4   5
§ 80. абразивтік материалдарды сұрыптаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Корунд тәрізді таспада қалыпты, қоспалау және ақ электр корунд кесектерін сұрыптау. Тиісті бункерлерге сұрыпталған электр корунд кесектерін өлшегеннен кейін беру. Бункерлерден қождарды шығару.

Білуге тиіс: корунд тәрізді қондырғыларының құрылғысы мен қызмет қағидаттарын; қалыпты, қоспалау және ақ электр корунд сорттарын; электр корунд пен қоспа кесектерінің сыртқы айырмашылық сапасын.


§ 81. абразивтік материалдарды сұрыптаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бор карбидінің кесектерін сұрыптау. Бор карбидінің блокшаларды алдын ала бөлу. Кесектерді жентектерден тазалау. Кесектерді сұрыптау және бадьийлерге жөндеу. Фракцияда електеумен жақ бөлшектеріне материалдарды бөлшектеу. Дайын өнімді соңғы рет сұрыптау және ыдысқа.

Білуге тиіс: жақ бөлшектерінің құрылғысын және қызмет қағидаттарын; бор карбидінің сортын; қайтарма материалдардың айырмашылық белгілерін; бор карбидінің кесектерін сұрыптау тәсілдерін.


§ 82. кедергі пештерінде кесектерді сұрыптаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сұрыптау үстелдерін жұмысқа дайындау. Қолмен кремний карбидінің блогын бұзу. Кесектерді сұрыптау үстелдеріне . Аморф мен графит кесектерінен бөлу. Үлгіге сәйкес жасыл түйірлердің пайызы бойынша кесектерді сұрыптау. Пештерден керн материалдарын және оттық шихталарын алып тастау. Жұмыс электродтарын тазарту. Сұрыпталған кесектерге есеп жүргізу.

Білуге тиіс: кремний карбидінің кесектерін сұрыптау тәсілдерін; аморф, графит, кесектердің сыртқы сапасының айырмашылықтарын; жұмыс электродтарын тазалау тәсілдерін.


§ 83. абразивтік бұйымдарды кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кептіру камерасында ажарлау қабықшаларын кептіру, температураны және конвейер бойынша ажарлау қабықшасының гирляндаларының өтуін бақылау. Кептіру камерасында ажарлау дискілерін кептіру. Дискілерді кептіру камерасына тиеу. Кептіргіштерде температураны реттеу. Дискілердің дайын болғандығын белгілеу. Дискілерді түсіру, оларды партиялары бойынша жинақтау және бақылауға тапсыру.

Білуге тиіс: қыздыру аспаптары мен құрылғыларының қызмет қағидаттарын; кептіру камераларындағы температураны реттеу және ажарлау дискілерінің дайын болғандығын белгілеу; шығарылатын өнімнің түр-түрін.


§ 84. абразивтік бұйымдарды кептіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты кептіру агрегатында ажарлау қабықшаларын және олардан жасалған бұйымдарды кептіру. Өзекшелердің, оларды гирлянда тасымалдағыш құрылғыларының магазиніне мен, жіберу механизмінен беру механизіміне қозғалысын реттеу. Гирлянда қозғалысын жылдамдықты үйлестіру әдісімен, ілгек құрастыру жылдамдығын және керу үстелінің немесе кептіру агрегаты барабанының жұмысын және вакуумдық сиреу шамасын реттеу және теңшеу. Кептіру аймақтарында температуралық режимді және ылғалдылық параметрлерін, кіретін және шығатын кептіру құрылғыларында ажарлау қабықшалары таспаларының тартылуын реттеу. Ажарлау қабықшасының даярлығын белгілеу.

Білуге тиіс: жартылай автоматты кептіру агрегатының құрылғысын және оны реттеу тәсілдерін; өзекшелерді беру және жіберу механизмдерінің қызмет қағидаттарын; ілгек құрастыру жылдамдығын реттеу тәсілдерін; керу үстелдерінде немесе барабандарда вакуумдық сиреу шамасын теңшеу әдістерін; жартылай автоматты кептіру агрегаттарының кептіру аймақтарындағы температуралық режимді және ылғалдылығын; ажарлай қабықшасының дайын болғандығын белгілеу тәсілдерін; шығарылатын өнімнің түр-түрін.


§ 85. ажаралау түйірлерін, ажарлау ұнтақтарын және шихталы материалдарды кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кептіру құрылғылары жұмыстарымен байланысты қоректендіргіштерге және тасымалдаушы жабдықтарға қызмет көрсету. Кептіру құрылғыларын ажарлау түйірлерімен, ажарлау ұнтақтарымен және шихталы материалдармен бірқалыпты тиеуді және түсіруді қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтары қызметінің қағидаттарын; қоректендіргіштер жұмыстарын реттеудің тәсілдерін; кептіру құрылғыларын тиеу және түсіру ережесін.


§ 86. ажаралау түйірлерін, ажарлау ұнтақтарын және шихталы материалдарды кептіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі кептіру құрылғыларында, айналма барабандарда, үздіксіз және мерзімдік қызметтегі оттық және құбырлы пештерде жуылған және сусыздандырылған материалдар мен кварц құмдарын кептіру. Кептіру режимдерін бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: кептіру құрылғыларының құрылғысын, қызметінің қағидаттарын, реттеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен қызметінің қағидаттарын; кептіру режимдерін реттеу тәсілдерін.


§ 87. абразивтік бұйымдарды өңдеуші жонғыш

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазық сыдыратын станоктардың планшайбасы астынан бір данада екі жақтан барлық биіктігі диаметрі 200 мм дейінгі тік және фасон бейінді Б сыныптағы абразивтік шеңберлердің жазықтығын айналдыра қайрау. Станоктың планшайбасы астынан шеңберлерді орнату және механикаландырып бекіту. Тиісті нөмірлі елек арқылы метал түйірлерін себу. Станоктың үстеліне түйірлерді түсіруді реттеу. Станоктың үстелінен шеңберлерді түсіру және оларды стеллажға . Жазық сыдыратын станоктарда күйдірілген кеспелтектердің жазықтығын айналдыра қайрау. Үстелдің айналма дискілерінде абразивтік кеспелтектермен рамалар орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жазық сыдыратын станоктардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; конфигурациясы бойынша қарапайым абразивтік бұйымдарды орнату және бекіту ережесін; өңделетін бөлшектердің атауы мен сипаттамасын; қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін; шектеулер мен жақындатулар туралы негізгі мәліметтер; кедір-бұдырлық квалитеті мен параметрлері.


§ 88. абразивтік бұйымдарды өңдеуші жонғыш

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазық сыдыратын станоктардың планшайбасы астынан екі жақтан диаметрі 200 мм-ден 600 мм дейінгі тік және фасон бейінді Б сыныптағы жоғары абразивтік шеңберлердің және диаметрі 200 мм дейінгі тік және фасон бейінді Б сыныптағы жіңішке абразивтік шеңберлердің жазықтығын айналдыра қайрау. Планшайбада бір айналым бойынша А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 200 мм дейінгі прецизиялы тік және фасон бейінді жоғары абразивтік шеңберлердің жазықтығын қайрау. Станок үстеліне қою үшін металл түйірінің көлемін есептеу. Шеңбер жазықтықтарының биіктігін және параллелдігін тексеру. Жонғыш станоктарда диаметрі 350 мм дейінгі Б сыныптағы тік және фасон бейінді абразивтік шеңберлерді қайрау. Жонғыш станогының шпинделін түзетуге шеңберлер пакетін немесе бір шеңберді орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жазық сыдыратын және жонғыш станоктардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын және қолдану шарттарын.


§ 89. абразивтік бұйымдарды өңдеуші жонғыш

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазық сыдыратын станоктардың планшайбасы астынан екі жақтан диаметрі 600 мм артық тік және фасон бейінді Б сыныптағы жоғары абразивтік шеңберлердің және диаметрі 200 мм-ден 600 мм дейінгі тік және фасон бейінді Б сыныптағы жіңішке абразивтік шеңберлердің жазықтығын айналдыра қайрау. Жазық сыдыратын станоктарда А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 200 мм-ден 600мм дейінгі прецизиялы тік және фасон бейінді жоғары абразивтік шеңберлердің және А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 200 мм дейінгі прецизиялы тік және фасон бейінді жіңішке абразивтік шеңберлердің жазықтығын қайрау. Планшайба қысымын реттеу. Жонғыш станоктарда диаметрі 350 мм-ден 500 мм дейінгі тік және фасон бейінді Б сыныптағы абразивтік шеңберлерді және А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 350 мм дейінгі прецизиялы тік және фасон бейінді шеңберлерді қайрау. Өңделетін бұйымдарға сәйкес кесте бойынша өңдеу режимін айқындау. Арнайы құрылғылары бар жонғыш станоктарда түзетуге жабыстырылған ажарлау қалпақшаларын қайрау. Цанга патронында түзетуге ажарлау қалпақшасын бекіту, түзетуге қатысты қалпақшаның соғуы толық жойылғанға дейін ажарлау қалпақшасын өңдеу.

Білуге тиіс: жазық сыдыратын және жонғыш станоктарының құрылғысын, өңдеу дәлдігін тексеру ережесі мен кинематикасын; қайрақтарды таңдау және әмбебап әрі арнайы кесетін құралдарды орнату ережесін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциямын; абразивтік бұйымдардың құрылымын және сипаттамасын айқындау тәсілдерін; өңделетін бұйымдардың қаттылығы мен түйірлігіне қарай өңдеу режимдерін іріктеу әдістерін; кешенді өңдеу кезінде жұқа қабырғалы бұйымдар мен бұйымдарды орнату және бекіту тәсілдерін; бұйымның сипаттамасы мен операцияны орындалуына қарай қайрау және әртүрлі кесу құралдарын орнату ережесін.


§ 90. абразивтік бұйымдарды өңдеуші жонғыш

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазық сыдыратын станоктардың планшайбасы астынан екі жақтан диаметрі 600 мм артық тік және фасон бейінді Б сыныптағы жіңішке абразивтік шеңберлердің жазықтығын айналдыра қайрау. Жазық сыдыратын станоктарда А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 600мм артық прецизиялы тік және фасон бейінді жоғары абразивтік шеңберлердің, сондай-ақ А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 200 мм артық прецизиялы тік және фасон бейінді жіңішке шеңберлердің жазықтығын қайрау. Жонғыш станоктарда диаметрі 500 мм артық тік және фасон бейінді Б сыныптағы абразивтік шеңберлерді және А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 350 мм артық прецизиялы тік және фасон бейінді шеңберлерді қайрау. А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 600 мм дейінгі прецизиялы тік бейінді және диаметрі 500 мм дейінгі фасон бейінді шеңберлердің тесігін, жазықтығын және шеттіктерін тазалап өңдеу. Станок механизмдерін реттеу, оларды ішінара баптау және теңшеу.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдарды өңдеу үшін әртүрлі ірігабаритті жазық сыдыратын станоктар мен арнайы жонғыш станоктары жекелеген тораптарының құрылғысын, реттеу және баптау ережесін; арнайы әмбебап құрылғыларында күрделі бұйымдарды орнату, бекіту және мұқият тексеру тәсілдерін; өңдеу сапасына жоғарылатылған теңгерімсіздіктің әсерін; күрделі бұйымдарды өңдеумен байланысты есептеулер.


§ 91. абразивтік бұйымдарды өңдеуші жонғыш

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазық сыдыратын, жонғыш және дөңгелек ажарлағыш станоктарында А, АА сыныптардағы әрі диаметрі 600 мм артық прецизиялы тік бейінді және диаметрі 500 мм артық фасон бейінді шеңберлердің, сондай-ақ ПН, ПНВ, ПВ, ПНР типтегі ажарлау шеңберлерінің тесігін, жазықтығын және шеттіктерін тазалап өңдеу. Станок механизмін реттеу, станок пен құрылғыларды баптау және теңшеу. Арнайы бейіндердің прецизиялы шеңберлерін өңдеу.

Білуге тиіс: күрделі және жауапты бұйымдарды өңдеуге арналған арнайы жазық сыдыратын және жонғыш, дөңгелек ажарлағыш станоктарының әртүрлі типтерінің құрылғысын, реттеу және баптау ережесін; арнайы әмбебап құрылғыларда күрделі бұйымдарды орнату, бекіту және мұқият тексеру; аса күрделі бұйымдарды өңдеумен байланысты есептеулер.


§ 92. Бакелиттi, вулканиттi және Эпоксидті айланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды қалыптаушы                

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған, жартылай автоматты және автоматты престерде диаметрі 300 мм дейінгі тік бейінді және диаметрі 200 мм дейінгі фасон бейінді абразивтік бұйымдарды, диаметрі 200-300 мм дейінгі шығыршықтарды, әртүрлі қалыптағы сегменттерді қалыптау. Массаны пресс-қалыпқа немесе қалып дискісіне өлшеу және құю. Массаны тегістеу. Құйылған массаның биіктігін бірнеше жерде тексеру. Қалып тақталарын тиеу, пресс-қалыптарды престеуге беру немесе станок үстеліне дискілерді орнату. Пресс-қалыптардан қалыпталған бұйымдарды алу. Бұйымдарды кептіру вагонеткаларына орналастыру. Бұйымдарды таңбалау, геометриялық өлшемі мен салмағы бойынша қалыпталған абразивтік бұйымдардың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: механикаландырылған жартылай автоматты және автоматты престердің атауын, міндетін және жұмыс қағидаттарын, қарапайым құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының міндеті мен қолдану шарттарын; престеу әдістерін; шектеулер мен жақындатулардың негізгі мәліметтерін.


§ 93. Бакелиттi, вулканиттi және Эпоксидті байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды қалыптаушы                

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған, жартылай автоматты және автоматты агрегаттарда диаметрі 300 мм-ден 500 дейінгі тік бейінді және диаметрі 200 мм-ден 350 дейінгі фасон бейінді абразивтік бұйымдарды, диаметрі 200 мм-ден 350 мм дейін кесілген шеңберлерді, радиусі 750 мм дейін секторларды, вулканитті байланыстырғыштағы шеңберлерді қайталау және престеу әдісімен қалыптау. Шеңбердің берілген және алынатын биіктігі бойынша қысым шамасын іріктеу. Престердің барлық механизмін реттеу. Автоматты және жартылай автоматты агрегаттарды баптау және теңшеу. Бұйымдарды эпоксидті және арнайы байланыстырғыштарда қалыптау. Пресс-қалыптарды дайындау және құрастыру. Пресс-қалыптардан бұйымдарды алу. Пресс-қалыптарды массаның қатпарларынан тазалау және оларды майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, дәлдігін тексеру тәсілдерін; жабдыққа кіретін әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын; қалыпталған бұйымдардың техникалық шарттарын; эпоксидті шайырдың, арнайы байланыстырғыштар мен қатайтқыштардың қасиеттерін.


§ 94. Бакелиттi, вулканиттi және Эпоксидті байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды қалыптаушы                

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған, жартылай автоматты және автоматты престерде диаметрі 500 мм-ден 600 мм дейінгі тік бейінді, диаметрі 400 мм артық фасон бейінді абразивтік бұйымдарды, радиусі 750 мм дейін секторларды, диаметрі 350 мм-ден 500 мм дейін кесілген шеңберлерді қалыптау. Дайын шеңбердің салмағына қарай ілмектердің санын есептеу. Жұмыс режимін реттеу және қалыпты агрегаттарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарының конструкциясын және электр тәсімдерін; көтергіш көлік құралдарының құрылғысын; өлшемі мен түрлері бойынша шығарылатын бұйымдардың түр-түрін; престеу әдістерін.


§ 95. Бакелиттi, вулканиттi және Эпоксидті байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды қалыптаушы                

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған, жартылай автоматты және автоматты престерде диаметрі 600 мм артық тік бейінді абразивтік бұйымдарды, диаметрі 500 мм артық кесілген шеңберлердің ПН, ПНВ, ПНР типтегі фасон бейіндерін қалыптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды реттеу ережесін; тозған құралдардың жіберілетін нормаларын; ірі түйірлі массаларды қалыптау технологиясын және бұйымдарды қалыптау үшін массалар дайындау тәсілдерін.


§ 96. Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтiк бұйымдарды қалыптаушы    

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған престерде және қолмен диаметрі 200 мм дейінгі тік бейінді, диаметрі 100 мм фасон бейінді, керамикалық байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды, кеспелтектерді, қайрақшаларды және көпшілік қолданатын бұйымдарды қалыптау. Тақталар мен түзетулерді іріктеу. Пресс-қалыптарды құрастыру. Қалыпты массаларды өлшеу және пресс-қалыптарға құю. Массаны тегістеу, үстіңгі және астың,ы қалып тақталарын төсеу. Қалыпталған бұйымдарды пресс-қалыптардан алу және оны кептіру тақталарына қою. Сапасын бақылау, қалыпталған бұйымдарды геометриялық өлшемі мен салмағы бойынша таңбалау. Қол престерінде стоматология жұмыстарында қолданылатын карборунд массадан жасалған диаметрі 200 мм және биіктігі 3 мм дискілерді престеу.

Білуге тиіс: маңызды, ішінара жабдықтардың атауын, міндетін және жұмыс қағидаттарын; қалыпталатын бұйымдардың сипаттамасын; қарапайым құрылғылардың және бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; престеу әдістерін; шектеулер мен жақындатулар туралы жалпы мәліметті.


§ 97. Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтiк бұйымдарды қалыптаушы    

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау агрегаттарының барлық түрінде А, АА сыныптарындағы және прецизиялы орындалған диаметрі 200 мм дейін тік бейінді, диаметрі 100 мм дейінгі фасон бейінді абразивтік бұйымдарды қалыптау. Әр жерлерге қойылған массаның биіктігін тексеру. Алғашқы және екінші қысымды реттеу. Қалыпты массаның сапасын қарап белгілеу. Пресс жұмысында ұсақ ақаулықтарды жою. Автоматты және жартылай автоматты қалыпты агрегаттарды баптау және теңшеу. Қол престерінде стоматология жұмыстарында қолданылатын карборунд массасынан жасалған диаметрі 200 мм артық және биіктігі 3 мм артық дискілерді престеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың және оған кіретін барлық жарақтардың құрылғысын, баптау тәсілдерін; қалыптаудың технологиялық процесін; формалық массаға арналған технологиялық шарттарды; қысымды реттеу тәсілдерін; шектеулер мен жақындатулар туралы жалпы мәліметті.


§ 98. Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтiк бұйымдарды қалыптаушы    

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау агрегаттарының барлық түрінде А, АА сыныптарындағы және прецизиялы орындалған диаметрі 200 мм-ден 300 мм дейін тік бейінді, диаметрі 100 мм-ден 250 мм дейінгі фасон бейінді абразивтік бұйымдарды қалыптау. Барлық типтік өлшемдегі және сипаттамадағы ұсақ түйірлі және жіңішке түйірлі абразивтік бұйымдарды, диаметрі 300 мм дейінгі шеңберлерді, діріл сырттазартқыш денелерді және қайрақшаларға арналған диаметрі 300 мм дейінгі кеспелтектерді престеу мен арнайы қалыптарға массаны құю және арнайы машиналарда керу әдістерімен қалыптау. Арнайы қондырғыларда дайындамаларды бұйымдарға кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, кинематикалық және электрлік тәсімін, дәлдікке тексеру тәсілдерін; жарақтың ішін кіретін арнайы және әмбебап құрылғылардың конструкциясын; қалыпталған бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды.


§ 99. Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтiк бұйымдарды қалыптаушы    

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау агрегаттарының барлық түрінде А, АА сыныптарындағы және прецизиялы орындалған диаметрі 300 мм-ден 500 мм дейін тік бейінді және диаметрі 250 мм-ден 500 мм дейінгі фасон бейінді абразивтік бұйымдарды қалыптау. Барлық типтік өлшемдегі ұсақ түйірлі және жіңішке түйірлі абразивтік бұйымдарды: престеу мен арнайы қалыптарға массаны құю және арнайы машиналарда керу әдістерімен диаметрі 300 мм артық шеңберлерді, қайрақшаларға арналған өлшемі 300 мм артық кеспелтектерді қалыптау. Дайын өнімнің салмағына қарай ілмектердің шамасын есептеу. Пресстің барлық механизмін реттеу, оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Престерді баптау және теңшеу.

Білуге тиіс: престердің кинематикалық және электрлік тәсімін; шығарылатын бұйымдардың өлшемі бойынша түр-түрін; қалыптау режимдерін айқындау ережесін; құрал тозуының жіберілетін нормасын.


§ 100. Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтiк бұйымдарды қалыптаушы    

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау агрегаттарының барлық түрінде А, АА сыныптарындағы және прецизиялы орындалған диаметрі 500 мм артық тік бейінді және фасон бейінді абразивтік бұйымдарды қалыптау. Пресстің барлық механизмдерін реттеу, оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Ілмектердің шамасын тексеру есептеулерін орындау, прессті баптау және теңшеу.

Білуге тиіс: әртүрлі престердің конструкциясын; типтік өлшемі бойынша шығарылатын бұйымдардың түр-түрін; жоғарылатылған дәлдік сыныптағы абразивтік бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін және оларға қойылатын техникалық талаптарды.


§ 101. абразивтік бұйымдарды тазалаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік шеңбер немесе діріл елегінің көмегімен абразивтік шеңберлер мен қайрақшаларды себілетін материалдардан тазалау. Жетектелген шеңберлер мен қайрақшаларды бөлу және тазаланған бұйымдарды партияларға жинақтау. Бұйымдарды көлік құралдарына тиеу және оларды дайын өнім қоймасына орналастыру немесе келесі қайта бөлуге қою.

Білуге тиіс: абразивтік бұйымдарды тазалауға арналған құрылғылар жұмысының қағидаттарын; абразивтік бұйымдардың тазалығына қойылатын талаптар; бұйымдарды тиеу және түсіру тәсілдерін.


§ 102. Мерзімдік қызметтегі электр пештерінің арналарын тазалаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пешті бұзуға қойғаннан кейін пеш ұясын босату кезінде пеш арналарынан шашылған шихталарды жинау.

Білуге тиіс: кремний карбидін өндіру кезінде мерзімдік қызметтегі электр пештерінің арналарын тазалау ережесін; өрт қауіпсіздігінің ережесін.


§ 103. абразив өндiрiсiнiң шихталаушысы      

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдардың барлық түрін балқыту үшін шихталар дайындау. Шихталардың өлшенген құрауыштарды қабылдау. Шихталарды салқындату. Араластырғыштарда немесе қолмен құрауыштарды араластыру. Дайын шихталарды қабылдау бункерлеріне немесе бадьийлерге тиеу. Шихтаның жаңа құрамына өту кезінде араластырғыштар мен бункерлерді тазалау.

Білуге тиіс: араластырғыштардың құрылғысын және қызметінің қағидаттарын; шихталар дайындау рецепттерін; қабылдау бункерлеріне немесе бадьийлерге шихта құрауыштарын тиеу тәртібін және оны араластыру уақытын.


§ 104 . абразив өндiрiсiнiң шихталаушысы      

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептураға сәйкес таразылау немесе жекелеген құрауыштарды өлшеу жолымен шихталарды дайындау. Шихта құрауыштарын электрмен балқыту пештерінің немесе араластырғыштардың құрылғыларына орналастыру. Дайын және пештерге тиелген шихталардың жазбасын жүргізу. Шихталарды пештерге берудің белгіленген сағат сайынғы кестесін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: араластырғыштардың, таразылардың, таразы мөлшерлеу арбаның жапқыш секторларының, қоректендіргіштердің және шихталар құрауға арналған басқа жабдықтардың құрылғысын, оларды электрмен балқытатын пештерге орналастыруды; шихтаның жекелеген құрауыштарына қойылатын талаптарды; шихталарды пештерге тиеу ережесін және тәртібін.


2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы мен бөлімі бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі




Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тардиапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы бойынша атаулар



Разрядтардиапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1.

Құрғақтай ажарлау үшін ажарлайтын қажауқағаз жасайтын аппаратшы

3

Құрғақтай ажарлау үшін ажарлайтын қажауқағаз жасайтын аппаратшы

3

17

Абразивтер өндірісі


2.

Синтетикалық шайырларда ажарлайтын қажауқағаз жасайтын аппаратшы

4-5

Синтетикалық шайырларда ажарлайтын қажауқағаз жасайтын аппаратшы

4-5

-//-

-//-

3.

Бакелизаторшы

3-5

Бакелизаторшы

3-5

-//-

-//-

4.

Абразивтік шеңберлерді теңдеуші-құюшы

3-4

Абразивтік шеңберлерді теңдеуші-құюшы

3-4

-//-

-//-

5.

Вулканитті байланыстырғыш-тағы массаны біліктеуші

4

Вулканитті байланыстырғыш-тағы массаны біліктеуші

4

-//-

-//-

6.

Вулканитті байланыстырғыш-тағы шеңберлердің

вулканизаторшысы



3-4

Вулканитті байланыстырғыш-тағы шеңберлердің

вулканизаторшысы



3-4

-//-

-//-

7.

Ажарлау түйірлерін, ажарлау ұнтақтарын және

шихталық материалдарды бөлшектеушi



3-4

Ажарлау түйiрлерiн, ажарлау ұнтақтарын және

шихталық материалдарды бөлшектеушi



3-4

-//-

-//-

8.

Абразивтік массаны дайындаушы

3-5

Абразивтік массаны дайындаушы

3-5

-//-

-//-

9.

Бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаны дайындаушы

3-5

Бакелитті, вулканитті және эпоксидті массаны дайындаушы

3-5

-//-

-//-

10.

Мерзімдік күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдарды тиеуші-түсіруші

2-4

Мерзімдік күйдіру пештеріне абразивтік бұйымдарды тиеуші-түсіруші

2-4

-//-

-//-

11.

Кедергі пештерін тиеуші

3-4

Кедергі пештерін тиеуші

3-4

-//-

-//-

12.

Кептіру пештерін тиеуші-түсіруші

2-3

Кептіру пештерін тиеуші-түсіруші

2-3

-//-

-//-

13.

Абразивтік бұйымдарды дайындаушы

2-4

Абразивтік бұйымдарды дайындаушы

2-4

-//-

-//-

14.

Абразивтерді сынаушы

3-4

Абразивтерді сынаушы

3-4

-//-

-//-

15.

Ажарлау ұнтақтарын сыныптаушы

3-4

Ажарлау ұнтақтарын сыныптаушы

3-4

-//-

-//-

16.

Желім қайнатушы

3-4

Желім қайнатушы

3-4

-//-

-//-

17.

Абразивтік бұйымдарды бақылаушы

2-5

Абразивтік бұйымдарды бақылаушы

2-5

-//-

-//-

18.

Балқыту, өлшектеу,

қалпына келтіру және себу цехтарын бақылаушы



4-5

Балқыту, өлшектеу,

қалпына келтіру және себу цехтарын бақылаушы



4-5

-//-

-//-

19.

Күйдірушу-от жағушы

3-5

Күйдірушу-от жағушы

3-5

-//-

-//-

20.

Оттық сындырушы

3

Оттық сындырушы

3

-//-

-//-

21.

Торларды тартушы

2-3

Торларды тартушы

2-3

-//-

-//-

22.

Абразивтік бұйымдарды үрлеуші

2

Абразивтік бұйымдарды үрлеуші

2

-//-

-//-

23.

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын сусыздандырушы

3

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын сусыздандырушы

3

-//-

-//-

24.

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын байытушы

4

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын байытушы

4

-//-

-//-

25.

Туннел кептіргіштердің операторы

3

Туннел кептіргіштердің операторы

3

-//-

-//-

26.

Пештер мен трасбордерлік қондырғыларды қайта айдаушы

3

Пештер мен трасбордерлік қондырғыларды қайта айдаушы

3

-//-

-//-

27.

Абразивтік материалдарды балқытушы

4-7

Абразивтік материалдарды балқытушы

4-7

-//-

-//-

28.

Абразивтік бұйымдарды іріктеуші-есептеуші

3-4

Абразивтік бұйымдарды іріктеуші-есептеуші

3-4

-//-

-//-

29.

Подинші

4

Подинші

4

-//-

-//-

30.

Абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші

2-5

Абразивтік бұйымдарды қоюшы-түсіруші

2-5

-//-

-//-

31.

Абразивтік шеңберлерді түзетуші

2-4

Абразивтік шеңберлерді түзетуші

2-4

-//-

-//-

32.

Абразивтік ұнтақтарды, пасталар мен мастикаларды дайындаушы

2-4

Абразивтік ұнтақтарды, пасталар мен мастикаларды дайындаушы

2-4

-//-

-//-

33.

Түйiрлердi және ажарлау ұнтақтарын қыздырушы   

3-4

Түйiрлердi және ажарлау ұнтақтарын қыздырушы   

3-4

-//-

-//-

34.

Кедергі пештерін бұзушы

4

Кедергі пештерін бұзушы

4

-//-

-//-

35.

Күйдiрiлмеген шеңберлер мен қайрақшаларды
аралап бөлуші 

3

Күйдiрiлмеген шеңберлер мен қайрақшаларды
аралап бөлуші 

3

-//-

-//-

36.

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын себуші

3-4

Ажарлау түйірлері мен ажарлау ұнтақтарын себуші

3-4

-//-

-//-

37.

Абразивтер регенераторшысы

2

Абразивтер регенераторшысы

2

-//-

-//-

38.

Абразивтік бұйымдарды бұрғылаушы

2-3

Абразивтік бұйымдарды бұрғылаушы

2-3

-//-

-//-

39.

Ажарлау түйірлерінің

сепараторшысы



3

Ажарлау түйірлерінің

сепараторшысы



3

-//-

-//-

40.

Абразивтік материалдарды сұрыптаушы

2-3

Абразивтік материалдарды сұрыптаушы

2-3

-//-

-//-

41.

Кедергі пештеріндегі кесектерді сұрыптаушы

4

Кедергі пештеріндегі кесектерді сұрыптаушы

4

-//-

-//-

42.

Абразивтік

бұйымдарды кептіруші



2-3

Абразивтік

бұйымдарды кептіруші



2-3

-//-

-//-

43.

Ажаралау түйірлерін, ажарлау ұнтақтарын

және шихталы материалдарды кептіруші



2-3

Ажаралау түйірлерін, ажарлау ұнтақтарын

және шихталы материалдарды кептіруші



2-3

-//-

-//-

44.

Абразивтік бұйымдарды өңдеуші жоңғыш

2-6

Абразивтік бұйымдарды өңдеуші жоңғыш

2-6

-//-

-//-

45.

Бакелиттi, вулканиттi және эпоксидті байланыстырғыш-тағы абразивтi бұйымдарды қалыптаушы 

3-6

Бакелиттi, вулканиттi және эпоксидті байланыстырғыш-тағы абразивтi бұйымдарды қалыптаушы   

3-6

-//-

-//-

46.

Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтi бұйымдарды қалыптаушы 

2-6

Керамикалық байланыстырғыштағы абразивтi бұйымдарды қалыптаушы 

2-6

-//-

-//-

47.

Абразивтік бұйымдарды тазалаушы

2

Абразивтік бұйымдарды тазалаушы

2

-//-

-//-

48.

Мерзімдік қызметтегі электр пештерінің арналарын тазалаушы

3

Мерзімдік қызметтегі электр пештерінің арналарын тазалаушы

3

-//-

-//-

49.

Абразивтер өндірісіндегі шихталаушы

2-3

Абразивтер өндірісіндегі шихталаушы

2-3

-//-

-//-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет