Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет2/19
Дата14.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#135790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

17. Жол жұмысшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маяктар, маячныйлар, маяк рейкалары, құмнан, құмцементтен, малтатастан, қиыршықтастан жасалған жол табандарының шаблондары бойынша каток асты орнату және пішіндеу. Топырақ және жақсартылған топырақ жолдарды пішіндеу. Жол белгілерін орнату. Дренаждарды орнату және жөндеу. Жақсартылған топырақ жолдарды, малтатасты, қиыршықтасты жабындар мен табандарды механикаландырылған құралдың көмегімен шұңқырлы жөндеу. Кестелі жұлманы жабдықтау және жөндеу. Ернеулі тас төсемі астына табан салу. Кюветтерді, су әкету және төбеүсті арналарын, көлденең пішіндердің бойлық еңістерін сақтай отырып орнату және қалпына келтіру. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары сызықтарын одан әрі түсіру үшін бақылау нүктелерін шаблон көмегімен қолмен айқындау. Қоршау құрылымдары мен конустарын орнату және алу. Лак-сырлау материалдары қолданылатын жұмыс өндірісі.

Білуге тиіс. Пайдаланылатын жол-құрылыс және лак-сырлау материалдарының негізгі қасиеттері, жақсартылған топырақ жолдарды, тротуарларды және асфальт-бетон, цемент-бетон жабындары асты табандарын орнату және жөндеу ережесі, жол құрылысы және жөндеу кезінде қолданылатын механикаландырылған құралдарды пайдалану ережесі, механикаландырылған құралдардың көмегімен жабындар мен табандарды бөлшектеу және кесу, жол қабатын бұзу және қалпына келтіру тәсілдері, цемент-бетон жолдарын салу кезінде рельс-форма астына табан дайындау тәсілдері, дренаж құрылысының негіздері, жол белгілеу түрлері және оны қол әдісімен салу тәсілдері, автомобиль қозғалысын жаппай және жұмыс өндіріс кезінде орынды қоршаусыз жұмыс орындау ережесі.

8. Жол жұмысшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Маяктар, маячныйлар, маяк рейкалары шаблондар бойынша жабындарды орнату және пішіндеу. Қиыршықтасты және малтатасты жабындарды жекелеген карталармен жөндеу. Жол жабындарының үстіңгі қабатын машинамен тегістегеннен кейін соңғы жоспарлау. Бордюр тасын, маяктар мен маяк рейкаларын орнату. Қадалар мен құбырлар іргетасының астын қиыршық тас пен малтатасқа дайындау қабатын төсеу. Атмосфера шөгінділерін жолдар мен жасанды құрылымдардан әкету. Цементбетон жабындарының жіктері мен үстіңгі қабатының жиектерін жиектеу және жөндеу, Барьер және трос қоршамаларын орнату және қызмет көрсету. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: қозғалысты ұйымдастыру схемасы бойынша бақылау нүктелерін алдын ала белгілеу, шаблондарды құрастыру және орнату, шаң бүркуші-пистолеттің көмегімен белгілеу материалын салу, ескі белгіні қайта таңбалау, белгілеу машиналарымен жолға белгі салу жұмысына қатысу.

Білуге тиіс. Жолдарды салу, жөндеу және таңбалау кезінде қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, қысқы уақытта бетондау ережесі және бетонды жылыту тәсілдері, жол тыстарын, жасанды құрылымдарды және жол жағдайын салу және пайдалану ережесі, бойлық және тік белгілеу түрлері және оларды салу тәртібі, трафареттерді пайдалана отырып, шаң бүркуші-пистолетпен белгі салу кезіндегі жұмыстарды жүргізу ережесі және тәсілдері, белгілеу материалдарының шығыс нормалары, орындалатын жұмыс сапасына қойылатын талаптар, автомобиль қозғалысын ішінара жауып және жаппаған жағдайларда жұмыс орындау ережесі.

9. Жол жұмысшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол жабындарының шөккен жерлерін жою. Құбырларды, астаушаларды, ұштарды, тіреу қабырғалар мен парапеттерді орнату және жөндеу. Автомобиль жолдарының архитектуралық безендіру элементтерінің жекелеген бүлінулерін түзету. Жоспардағы жол пикетажы мен элементтерін бөлу. Жол құрылымдарының биік белгілерін геодезиялық құралдың көмегімен анықтау. Дренаждар мен төсем тастарды сүзгілерді қалпына келтіре отырып орнату және жөндеу. Қоршау және дабыл қағу құралдарын орнату. Жайылма жыраларды бекіту. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде, «Зебра» типтес жаяу жүргіншілер өтпе жолы сызықтарын бояумен және термопластикалық материалдармен салу, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлуші аралшаларды трафарет бойынша шаң бүркуші-пистолетпен белгілеу. Жолақ бойынша қозғалыс бағытын көрсететін жебе белгіні қос компонентті пластиктермен, жарық қайтарғыш элементтерді – пневматикалық пистолетпен, тіреулердің, көпірлердің, жол құбырларының, порталдардың, туннельдердің, парапеттердің сыртқы қабатттарына салу.

Білуге тиіс. Жол жабындары мен жасанды құрылыстардың жағдайын бағалау әдістері, геодезиялық құралды қолдану және оның ережесі, бояулардың, еріткіштер ме термопластикалық материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері, олардың тұтқырлығы мен ағымдылығын айқындау әдістері, лак-бояу материалдарын жағу тәсілдері, жазық белгі сызықтарының, жебе белгілері мен жазуларының мөлшері, белгілерді жол белгілерімен немесе бағдаршаммен үйлесімді белгілеу тәртібі, жол белгісіне қойылатын техникалық талаптар, таңбалау жасайтын материалдарды жарық қайтарғыш элементтермен үйлесімді салу ережесі, термопластикалық материалдарды салуға арналған механикаландырылған құралдың құрылымы және жұмыс істеу принципі, қос компонентті пластикалық материалдарды құрамы мен жүргізу технологиясы, топырақ эрозиясымен күрес әдістері, жолдардағы көктайғақты жою тәсілдері.


20. Жол жұмысшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрастырмалы темір-бетон жол және аэродром плиталарын монтаждау. Болат және шойын плиталарды монтаждау

Білуге тиіс. Құрастырмалы темір-бетон жол және аэродром плиталарын, болат және шойын плиталарды монтаждау ережесі мен тәсілдері.

Жер қазушы
21. Жер қазушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрын әзірленген топырақты қопсыту. Қопсытылған топырақты тасымалдау құралына тиеу және оны түсіру. Габаритті тазарту. Жаңа себілген топырақты тегістеу. Топырақты жазықтықта үю. Траншеяларды, оның ішінде құбыр төселгендерін, қазаншұңқырлар мен іргетас қойындарын топырақпен жабу.

Білуге тиіс. Қол құралдарының, инвентарь мен айлабұйымдардың қолданылу және оны пайдалану ережесі.

22. Жер қазушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекітпесіз траншеялар мен қазаншұңқырларда жеңіл, орта және ауыр топырақпен, топырақты ернеуге тастай (лақтыра) отырып немесе оны тасымалдау құралына тией отырып әзірлеу. Қатқан топырақты түтін газымен еріту. Топырақты қол трамбовкасымен нығыздау.Үстіңгі қабатты «көзбен» мөлшерлей отырып жоспарлау және тазалау. Үйінділер мен арқалықтардың кемерлері мен құламаларын кесу. Жұлманы бекіту үшін дерн мен сым дайындау. Жер жаймасының құламаларын жаппай жұлмалау. Уақытша су әкету құрылғыларын орнату. Жылжымалы қоршауларды, дайын сатыларды, инвентарь көпіршелерін траншеялар, ескерту дабылдары мен плакаттар арқылы орнату. Қажетті жағдайларда кезекшілік; апаттық, электр немесе өзге де дабылдатқышты электрмен жылыту кезіндегі қауіпті аймақтарды күзету. Терең шурфтерде, құдықта және т.б. жұмыс істеу кезінде жер үстіндегі кезекшілік.

Білуге тиіс. Жартасты емес топырақтың түрлері мен негізгі қасиеттері, қатқан топырақты жібіту және бекітпесіз траншеялар мен қазақшұңқырларда топырақты қолмен әзірлеу тәсілдері, үстіңгі қабатты жоспарлау, дерн дайындау және төсеу, топырақты қолмен нығыздау тәсілдері, топырақтың өнім беретін қабатын алудың және жинаудың тәсілдері, жерасты суларын уақытша әкету тәсілдері, магистральді құбырларды жабу ережесі, топырақты тоңудан қорғау, жабылған құмды сумен нығыздау тәсілдері, қауіпті аймақтардың қоршауын орнату.

23. Жер қазушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 4-топ топырағын, сондай-ақ жартасты және жартассыз қатқан топырақты әзірлеу. Босатылған қазаншұңқырлар мен траншеяларда 1-3-топ топырағын әзірлеу. Топырақты пневматикалық және электрлендірілген құралдармен қопсыту және нығыздау. Жер жазығында кюветтерді, астаушалар мен астауларды орнату және құрылыс құрылымдары үшін шұңқыр қазу. Рейка немесе шаблон бойынша үстіңгі қабатты жоспарлау және тазалау. Экскаватор әзірлеген ойлардағы құламаларды шаблон бойынша кесу және жоспарлау. Траншеялар мен қазаншұңқырлардан көтеру айлабұйымдары мен механизмдерінің көмегімен топырақ шығару. Құламаларды кестелік, қабырғалық дернмен және көпжылдық шөп егу арқылы нығайту. Жабық сеппелі және құлама дренаждарды құбыр төсей отырып орнату. Дренаж құдықтарын сүзгі материалдарымен толтыру. Күрделі сызбалы көп қабатты тегіс сүзгілерді төсеу. Асбестцемент құбырларды орнату және перфорациялау. Барлық түрдегі дренаж құбырларын төсеу. Рекультивациялау кезінде топырақтың өнімді қабатын төсеу.

Білуге тиіс. Жартасты және қатқан топырақты әзірлеудің негізгі түрлері, қасиеттері мен әзірлеу тәсілдері, бекітпесі бар қазаншұңқырлар мен траншеялардағы топырақты әзірлеу тәсілдері, қазаншұңқырлар мен траншеялар бекітпелерінің құрылымы және әзірлеу ережесі, пневматикалық және электрлендірілген құралдардың құрылымы, жер құрылыстарын бөлудің қарапайым әдістері, траншеялар мен қазаншұңқырлардан топырақ көтеру кезінде жүк көтергіш айлабұйымдарды қолдану ережесі, құламаларды толтыру ережесі, жер учаскелерін рекультивациялау тәсілдері.


24. Жер қазушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы құм мен ағынды топырақта (қорыстарда) қазаншұңқырлар мен траншеяларды әзірлеу. Ағынды топырақтағы (қорыстарда) қазаншұңқырлар мен траншеяларды шпунтпен бекіту. Сусымалы құмдағы қазаншұңқырлар мен траншеяларды тұтастай бекіту. Қисайған бекітпелерді ауыстыру. Құдық қазу және оларға ағаш кесінділері мен темірбетон сақиналарын орнату. Құдықтарға түптік және бүйірлік сүзгілерді орнату. Ұңғымаларға бу және су инелерін қолмен орнату. Ішек төсеу. Ағаш үгіндісін дайындау (химикатпен өңдеу) және оны төсеу. Электротепляктарды құммен толтыру.

Білуге тиіс. Сусымалы құм мен ағынды топырақтың (қорыстар) түрлері мен оның қасиеттері, сусымалы құм мен ағынды топырақта (қорыстар) жер жұмыстарын орындаудың ережесі мен тәсілдері, қисайған бекітпелерді ауыстырудың ережесі мен тәсілдері және су-шаруашылығы нысанындағы құдықтардың құрылысы, су-қоршау құдықтарын проходкалау кезінде, қатқан топырақты бумен, ыстық сумен, электрмен және от тәсілімен жібіту кезінде топырақты тасымалдау тәсілдері, жер жылыту пештерінің құрылымы.


25. Жер қазушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Топырақты қолмен және пневматикалық құрал көмегімен түсірме құдық пышағының астында әзірлеу. Құдық пышағының астынан тастар мен басқа да кедергілерді алып тастау. Түсірме құдығын орнатуға әзірлеу және орнату. Түсірме құдығынан топырақ әперу. Жоспардағы құрылыс орнын бөлу. Биік белгілерді қарапайым геодезиялық құралдардың көмегімен анықтау. Топырақты сығымдау кезіндегі құбырдың шөгуін жою.

Білуге тиіс. Түсірме құдығын орнатудың ережесі мен тәсілдері, түсірме құдығын орнатудың тәсілдері, топырақты сығымдау әдісімен әзірлеудің ережесі мен тәсілдері, қарапайым геодезиялық құралдардың құрылымы және оларды қолдану ережесі.

Тоттануға қарсы оқшаулаудағы оқшаулаушы
26. Тоттануға қарсы оқшаулаудағы оқшаулаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Перхлорвинил және бакелит негіздердегі және органикалық шайыр мен сополимерлер ерітінділерінен арнаулы бояу құрамдарын дайындау. Үстіңгі қабаттарды тазарту, майсыздандыру, шаңсыздандыру. Тығыздағыш және бояғыш арнаулы құрамдарды тік сызықты үстіңгі қабатқа жаққышпен жағу. Үстіңгі қабаттарды бакелит лагі сорғызылған матамен жабу.

Білуге тиіс. Арнаулы құрамдардың түрлері мен негізгі қасиеттері, үстіңгі қабаттарды пленкалы жабындарға дайындаудың ережесі мен тәсілдері, топырақ және арнаулы тығыздағыштарды тік сызықты үстіңгі қабатқа жағуға дайындау тәсілдері.

27. Тоттануға қарсы оқшаулаудағы оқшаулаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Цилиндрлі және кониялық аппаратура мен құрылыс құрылымдарының сыртқы және ішкі үстіңгі қабаттарына арнаулы құрамдарды жаққышпен жағу. Күрделі конфигурациялардың үстіңгі қабаттарын астарлау және тығыздау. Пленкалы жабындарды детектормен тексеру. Құбырлардың, крестовиналар мен үштіктердің ішкі үстіңгі қабаттарына арнаулы құрамдарды жаққышпен жағу. Салынды бөлшектерді антикоррозиялық бояу және жағу. Құрылымдарды «Синтарем-1» құрамымен және ЛДО-6А лагімен оттан қорғау. Үстіңгі қабаттарды шыныматамен және синтетикалық шайырдан жасалған құрамды химиялық талшықтар негізіндегі матамен желімдеу. Полимерлі тұтқырғыш негізді монолитті құйма едендерді орнату.

Білуге тиіс. Арнаулы құрамдардың сапасына қойылатын талаптар, цилиндрлі және кониялық, сондай-ақ құрылыс құрылымдарының үстіңгі қабаттарға тығыздағыш, астарлаушы, және бояғыш құрамдарды жаққышпен жағу тәсілдері, шыныматамен және синтетикалық шайырдан жасалған құрамды химиялық талшықтар негізіндегі матамен желімдеу тәсілдері, полимерлі тұтқырғыш негізді монолитті құйма едендерді орнату тәсілдері.

28. Тоттануға қарсы оқшаулаудағы оқшаулаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбырлардың, крестовиналар мен үштіктердің, сондай-ақ құрылыс құрылымдарының ішкі үстіңгі қабаттарына пленкалы арнаулы құрамдарды механикаландырылған тәсілмен жағу. Этинольділерді полимерлеу және бакелит жабындарды қатыру. Орындалатын жұмыс сапасын тексеру.

Білуге тиіс. Күрделі конфигурациялардың үстіңгі қабаттарына пленкалы арнаулы құрамдарды механикаландырылған тәсілмен, сондай-ақ жаққышпен жағу тәсілдері, этинольділерді полимерлеу және бакелит жабындарды қатыру режимдері, бояу агрегаттарының құрылымы, барлық түрдегі пленкалы оқшаулау сапасына қойылатын талаптар.

29. Гидрооқшаулаудағы оқшаулаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үстіңгі қабаттарды шаңнан және ластан тазарту. Материалдарды тасымалдау. Орамды материалдарды қайта орау, оларды тальк қабатынан тазарту. Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды битум пастасымен оймыштау. Жерасты құрылымдарындағы гидроизоляцияны қорғау үшін құм жастық орнату. Құламалар мен құдық түптерін ауыр мұнаймен жабу. Изоляцияны бөлшектеу.

Білуге тиіс. Негізгі оқшаулау материалдарының номенклатурасы мен сыныптамасы және олардың нысаны, үстіңгі қабаттар мен материалдарды гидроизоляциялауға дайындау тәсілдері, ыстық оқшаулау материалдарын тасымалдау ережесі.

30. Гидрооқшаулаудағы оқшаулаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдар мен құрылыстарды гидроизоляциялау жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау. Сыртқы бетон қабаттарын суық мастикамен жабу. Битум мастикасын, құйылған асфальт ерітіндісін, толь лагін, идитольді желімді және астарларды дайындау. Қарапайым тегіс төбелерді гидроизоляциялау. Жазық қабаттарға асфальт қоспасын төсеу. Гидроизоляцияны цемент тұтастырғышпен қорғау. Аралық жабындарды құймалы пенобетонмен оқшаулау. Плиталардың үстіңгі жазық қабаттарын желімдеу. Тоғыспаларды жаққышпен немесе шпательмен арнаулы герметиктерді жаға отырып герметизациялау. Тиокольді герметиктерді, қарапайым акрильді герметиктерді және эпоксидті құрамдарды дайындау. Изоляциялау материалдарын ыстық битуммен немесе бензин-битум ерітіндісімен сорғыту. Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды механикаландырылған құралмен бедерлеу.

Білуге тиіс. Изоляциялау материалдарының негізгі қасиеттері, битум мастикасын, астарларды, герметиктерді және басқа да арнаулы құрамдарды дайындау тәсілдері, үстіңгі қабаттарды гидроизоляциялау және тоғыспаларды герметизациялау тәсілдері.


31. Гидрооқшаулаудағы оқшаулаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жерасты металл және басқа да құрылыстарды гидроизоляциялау. Үстіңгі тік қабаттарды маттармен, орамды материалдармен және битумды мастикалармен гидроизоляциялау. Суық және ыстық асфальт қоспаларымен сылап гидроизоляциялау. Құймалы, желімді және бояулы гидроизоляция төсеу. Бүлінген жіктер мен бетон гидротехникалық құрылыстарды суық мастикамен толтыру. Гидроизоляциялық шпондарды құю. Тегіс қабаттарды астынан гидроизоляциялау. Үстіңгі тік қабаттардағы гидроизоляцияны темірбетон плиталармен немесе ағаш қорамамен қорғау. Қарапайым құлама төбелерді гидроизоляциялау. Тоғыспаларды пневматикалық құралдың көмегімен арнаулы герметиктермен герметизациялау. Жаймалары дәнекерлі полиэтилен пленкаларынан жасалған сүзгіге қарсы экранның құрылымы.

Білуге тиіс. Гидроизоляциялық жабындардың негізгі құрылымдары мен қасиеттері, битумды мастиканы жағудың және орамды материалдарды тік қабаттарға жапсыру тәсілдері, оқшаулау материалдары мен жабындарының сапасына қойылатын талаптар, гидротехникалық құрылыстардағы шпонкалар мен бүлінген тігістерді оқшаулау, сылақ, құймалы, бояғыш және желімдегіш оқшаулауны жағу тәсілдері, жерасты металл және басқа да құрылыстарды, құбырларды, резервуарларды және көміртесті және төмен легирленген болаттан жасалған басқа да құрылымдарды гидроизоляциялау.


32. Гидрооқшаулаудағы оқшаулаушы 5- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Толқын, мұз және жүзбелі заттардың және т.б. әсеріне ұшыраған гидротехникалық құрылыстардың үстіңгі қабаттарын оқшаулау. Түсірме құдықтардың сыртқы қабаттары мен кессондарды ортаның химиялық аргрессорлығы кезінде оқшаулау. Көпірлердің жол жүру бөліктерін оқшаулау. Күрделі төбелерді оқшаулау. Ірі блоктар мен қабаттардан жасалған гидроизоляциялық жабындарды орнату. Температуралық жіктердегі хлоропренді каучуктен жасалған шпондардың құрылымы.

Білуге тиіс. Химиялық әсерге және динамикалық жүктемеге ұшырайтын үстіңгі қабаттарды орындау тәсілдері, гидроизоляциялық жұмыстардың өндірісіне және оларды қабылдауға арналған техникалық жағдайлар, гидроизоляциялық шпонкалардағы көп қабатты тығыздамаларды орнату тәсілдері.

33. Гидрооқшаулаудағы оқшаулаушы 6 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гидроизоляцияның салынды бөлшектермен және бүлінген жіктермен ұштасқан жерлеріндегі гидроизоляциялық қабатты орналастыру. Сығымдалатын негіздерге салынған гидротехникалық құрылыстардың бетон массивтерінің бүлінген жіктерінің асфальт шпонкаларын орнату. Анкерлер мен құбырлардың оқшаулаулық жабындары арқылы өткізуге арналған орамды гидроизоляциялық материалдардан розеткалар жасау. Гидроизоляциялық шпонкалар мен бүлінген жіктерде тот баспайтын болаттан жасалған метал диафрагмаларды орнату. Шпонкаларда көп қабатты тығыздамаларды орнату.

Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурациялы қабаттарда гидроизоляция қолдану тәсілдері, гидроизоляциялық шпонкаларда көп қабатты тығыздамаларды орнату тәсілдері, гидротехникалық құрылыстарды гидроизоляциялау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау ережесі.

34. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 2 –разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен техноглогиялық жабдықтарды термоизоляциялау жөніндегі жұмысты орындау. Талшықты материалдардан жасалған толтыра қаланған құрылымдардағы тіреу сақиналар мен пішінделген материалдарды орнату. Изоляция бекімесінің сым шпилькаларының қайырмалары. Минералваталы жік маттарын дайындау. Арналар мен қораптарда монтаждалған суқұбырларды сусымалы және талшықты жылуизоляция материалдарымен жабу. Плиталарды сегментке кесу және жылуизоляция плиталарының кемерін кесу. Рубероидты тальктен тазарту. Сылау кезінде сылақ қабатын салу. Рулонды материалдарды, тор мен дранка өрімін берілген мөлшер бойынша пішу. Изоляцияны бөлшектеу.

Білуге тиіс. Негізгі жылуизоляция құрылымдарының номенклатурасы мен сыныптамасы, материалдар мен үстіңгі қабаттарды оқшаулауға дайындау тәсілдері, минералваталы жік маттарын дайындау тәсілдері, қарапайым айлабұйымдар мен құралдардың нысаны мен пайдалану ережесі.


35. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 3 –разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды термоизоляциялау жөніндегі қарапайым жұмысты орындау.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау

Тік учаскелер оқшаулаусын орау материалымен немесе рулондалған шыныпластикпен жабу. Сылақ қабатын рейкамен жағу және тегістеу. Металлдан, қосарланған металдан және синтетикалық, табиғи полимерлерден, минералды материалдардан тікелей су құбыры және цилиндрі үстіңгі қабаттарда қиюластырусыз және кесусіз жасалған дайын жабын бөлшектерін монтаждау. Бу оқшаулаулы рулонды материалдарды тоғыспаларда төсеу. Фольганы желімдеу және бүктемелеу. Пластмасса материалдарды берілген мөлшер бойынша пішу. Бұйымдарды термоизоляциялық мастикалар мен ерітінділерде кептіру. Мипора блоктары мен бүктемеленген алюминий фольгасынан оқшаулау бұйымдарын жасау. Су құбырларын асбокартонмен, асбоқағазбен, асбошнурмен және асбест матамен оқшаулау. Жылужеткізгіші 300* дейінгі температурадағы су құбырларын оқшаулау. Үстіңгі қабаттарды минералды және шынымақта тігінділерімен, синтетикалық байламдағы минералмақталы жартылай цилиндрлермен және нысандалып әзірленген плиталармен оқшаулау. Тірек сақиналардың, болаттан басқа барлық түрлерін дайындау. Бандаждар мен тірек сақиналардың барлық түрлерін орнату. Изоляцияланған үстіңгі қабаттарды рулонды материалдармен орау, желімдеу және бояу. Минералмақталы маттарды станоктарда дайындау. Изоляцияланатын үстіңгі қабаттарды механикаландырылған тәсілмен тазарту. Базальт талшығынан мат дайындау. Су құбырлары мен тегіс қабаттарды базальт талшықтан жасалған матпен оқшаулау.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау

Битум және пек мастикаларын дайындау. Сымнан және тордан жасалған қаңқа құрылымы. Термоизоляциялау блоктарын дайындау және плиталарда желімдеу. Даналық оқшаулау бұйымдары мен блоктарын қиюластыру. Тегіс үстіңгі қабаттарды қағаз мастикамен жабу, оларды орамды материалдармен және матпен желімдеу. Су құбырларын қағазбен, «Армстронг» типті икемді гидроизолмен және басқа да оқшаулау материалдарымен орау. Суық жеткізгіш температурасы -50ºС дейінгі құрылғылар мен су құбырларын оқшаулау. Аражабындардың үстінен термоизоляциялық плиткалармен оқшаулау. Үстіңгі қабатты праймермен жабу және оны дайындау.

Білуге тиіс. Изоляциялау материалдары мен қаңылтыр болаттан, алюминий балқымасынан, пластмассадан және шыныпластиктен жасалған оқшаулау жабындарының негізгі қасиеттері, су құбырлары мен цилиндрлі үстіңгі қабаттардың тік учаскелеріндегі қорғаныс жабындарын бекіту тәсілдері, битум мастикалары мен астарларды дайындау тәсілдері мен режимі, жылу жеткізгіш температурасы 300ºС дейінгі су құбырларын суық жеткізгіш температурасы -50ºС дейінгі тоңазыту құрылғыларының құрылымын қоршаушы өртке қарсы оқшаулау үшін, оқшаулау кезінде қолданылатын минералдардың қасиеті, жұмыс істеп тұрған цехтардағы жұмыс ережесі, тоңазыту камералары аражабындары қабырғаларын оқшаулауға арналған материалдардың қасиеттері, оқшаулау сапасына қойылатын талаптар.


36. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды термооқшаулау жөніндегі күрделілігі орташа жұмысты орындау.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.

Металлдан, қосарланған базальт талшығы материалынан, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдардан жасалған су құбырларының, сферикалық және цилиндрлі үстіңгі қабаттардың қисық сызықты учаскелеріндегі жабындардың дайын бөлшектерін сол жерде монтаждау. Алмалы жабындарды орнату. Жылу жеткізгішінің температурасы 300º С жоғары су құбырларын толық құрыстырмалы және жиынтықты жылу оқшаулаулық құрылымдармен оқшаулау. Үстіңгі қабаттарды асбест матрацтармен оқшаулау. Пішілген астбест матадан матрацтар дайындау. Күрделі қаңқаларды орнату.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.

Суық жеткізгіші 50ºС төмен су құбырларын оқшаулау. Құрылымдардың тегіс қабаттарын термооқшаулық плиталармен төменнен оқшаулау. Термооқшаулық плиталардан жасалған арақабырғаларды құру. Тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарды оқшаулау. Су құбырларын минералды киізбен, матпен, қағаз орамды пакетпен, тас мақта негізіндегі наушалармен оқшаулау. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды арнаулы желімделгіш (идитонды, изолиттегі, целгиитті) құрамдарға төсеу. Қаңқаларды орнату. Жабындарды ыстық битумды мастикамен оқшаулау. Үстіңгі металл қабаттарды тығынды қиыршықпен оқшаулау. Изоляцияланған үстіңгі қабаттарды матамен орап тігу. Құбырлар мен жабындарды праймермен механикаландырылған тәсілмен тазалау. Битум маттарды оларды матамен арматуралай отырып дайындау. Арматура мен таңбабедерлерді қолмен оқшаулау. Ғимараттар қабырғаларының тегіс беттерін «Термошуба» әдісімен және т.б. жылумен оқшаулау. Оқшауланған үстіңгі қабаттарды өңдеу.

Білуге тиіс. Негізгі оқшаулағыш құрылымдар мен жабындар, фактураланған бұйымдарды бекіту тәсілдері, тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарды оқшаулау кезіндегі плиталы материалдармен жұмыс өндірісінің ережесі, су құбырлары үстіңгі қабаттарының қисық сызықты учаскелеріндегі жабындарды дайын бөлшектермен монтаждау әдістері, қосу түрлері, арнаулы желімделгіш құрамдардың қасиеттері, тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарға битум мастикасы мен рулонды материалдарды төсеу тәсілдері, оқшаулау материалдары мен құрылымдардың сапасына қойылатын талаптар.


37. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 5-разряд




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет