Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет14/19
Дата14.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#135790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қалыпты ұстап тұратын ағаштардың құрылғысы. Бағаналар, Арқалықтар, аражабындар, қабырғалар мен бөлгіштер, іргетастар, массивтер, рамалардың тіреулері мен жүгіртпелерді орнату. Көтергіш рамалардың доғалы қырағаштарын, тығындарын, сырғымалы қалыптарға арналған қалқаншаларды және жұмыс төсемін әзірлеу және орнату. Қиғаш және көлденең люкті теңіз имараттары мен қабырғалы ірі панельді қалқандардың массивтеріне арналған қалыптардың қалқандарын әзірлеу және жөндеу. Тақталар мен білеулерден жасалған икемді жікті төсемдердің құрылғысы. Қалыпты ұстап тұратын аркаларды, күмбездерді, қабықтарды, резервуарларды, бактарды, бункерлерді, спиральді камераларды, сорып алатын және келтіретін құбыржолдарды, ағаштарды бөлшектеу. Аражабындардың ілмелі қалыбының құрылғысы.

Білуге тиіс. Ғимараттар мен ағаш құрылымдардың ағаш бөлшектерінің негізгі элементтері және олардың сапасына қойылатын талаптар, қабырға, таза қаптама және уақытша имараттардың қаңқаларының құрылғы тәсілдері, шпунтталған қадаларды әзірлеу тәсілдері, бөлшектерді жай шабындылармен жалғау әдістері, жуынатын бөлмелерде ағаш құрылымдар мен бөлшектерді зарарсыздандыру және оттан қорғау құраммен құрғақтай зарарсыздандыру және сіңдіру тәсілдері, орташа күрделіліктегі шатырларды белгілеу ережесі және құрылғысы, жеке жабын материалдары мен жабу сапасына қойылатын талаптар, монтаждық поршендік пистолеттердің құрылғысы және оларды қолдану ережесі.

262. Балташы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ағаш ұсталық және қалыптық жұмыстарды орындау.

Жалпы құрылыс жұмыстары.

Бөренеден жасалатын сыртқы қабырғаларды кесу және үйлерді бөренеден, білеулерден және қалқандардан құрастыру. Шабындылардан, сыналардан, шегемен, болтпен және қабыршақпен жалғаулардан тұратын жапсырмалы құрылымдарды әзірлеу. Аспалы итарқалар мен итарқалық фермаларды, сондай-ақ 15 метрге дейінгі аралықтағы аркалар мен арқалықтарды құрастыру және орнату. Жарық фонарларының құрылғысы. Фонарлардың құрылғысы және тіреулерін өсіріп ағаштар мен эстакадаларды бөлшектеу. Бөренелер мен білеулерден жасалған қабырғалар тәжін ауыстыру. Ағаш құрылымдар мен бөлшектерді компрессор қондырғылардың көмегімен зарарсыздандыру және оттан қорғау құрамымен сіңдіру. Рамалық тіреулерді әзірлеу және орнату. Балкалық көпірлердің аралық құрылғысын әзірлеу және құрастыру. Білеулерден ряжь құрастыру және білеулерден және бөренелерден ряжь кесу. Отқа қарсы алаңшалардың көпірлерін, тіректерін, сүйемелерін, беларқаларын, сүйеме жастықтарын, қауырсындарының құрылым элементтерін әзірлеу, қалау және орнату. Ряжьдердің орнын жылжыту, суға жіберу және имараттың қақпағына орнату. Байланыс және электр хабар тораптарының АП-үлгілі ағаш тіректерін әзірлеу және құрастыру.

Қалыптық жұмыстар.

Галереялар, резервуарлар, бактар, бункерлер, беларқалар, жоғарғы тіректі қалыптардың құрылғысы. Доғалы қырағаштардың орнына 50 метр аралықтағы көпірлерді құрастыру және орнату. Ауыспалы кесетін бағаналардың көп қырлы және қисық сызықты қалыптарының құрылғысы. Соратын және келтіретін құбыржолдар мен спиральді камералардың тірек құрылымдарын ірілендіріп құрастыру. Аркалық көпірлердің бүйірлік бетінің қалқандарын орнату және болттар және берік білеулермен бекіту. Қисық сызықты және ірі панельді қалыптық қалқандарды жөндеу.

Білуге тиіс. Күрделі ағаш құрылымдар, жалғаулар мен шабындыларды белгілеу және әзірлеу тәсілдері, жұмыс сызбаларын оқу ережесі, ағаш құрылымдарды орнатуда қолданылатын такелажды айлабұйымдардың құрылғысы, ағаш құрылымдар мен бөлшектерді компрессор қондырғылардың көмегімен зарарсыздандыру және оттан қорғау құрамымен сіңдіру тәсілдері.

263. Балташы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі қалыптық жұмыстарды орындау. Жиынтықтар, күмбездер және қабыршақтарды қалыптау құрылғысы. 50 метр аралықтағы көпірлерді құрастыру және доғалы қырағаштардың орнына орнату. Доғалы қырағаштардың жақтауларын белгілеу үшін үлгілер әзірлеу. Аркаларды қалыптау қораптарын құрастыру. Құрылыс фермалары мен 15 метрден жоғары аралықтағы арқалықтарды құрастыру және орнату.

Білуге тиіс. Жауапты инженерлік имараттардың аса күрделі ағаш құрылымдарының түрлері, қалыптардың құрылымы және әр түрінің құрылғысы, ірі мөлшердегі элементтердің ұсақ-түйек үлгілерін әзірлеу тәсілдері.


264. Балташы 7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағаш өнерінің ескерткіштерін, құрылыстағы бірегей нысандарды қалпына келтіруде күрделі ағаш ұсталық жұмыстарын орындау. Дайын үлгілер, сызбалар мен сұлбалары бойынша ағаш кокошниктер, маңдайшаларын, жаймаларын және басқа да күрделі элементтерін әзірлеу және қалпына келтіру.

Білуге тиіс. Аса күрделі ағаш ұсталық бұйымдарды әзірлеу тәсілдері, аса күрделі жалғаулар мен шабындылардың түрлері және оларды орындау тәсілдері.

Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Жуу картасының жұмысшысы


265. Жуу картасының жұмысшысы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алаңдарды, тегеурінсіз жер имараттарын, қатарларды, қайырмаларды жууда, сондай-ақ судың астындағы имараттарды жууда топырақ төсеу. Тегеурінсіз жер имараттарын немесе қатарларды жуу процесін басқару. Таратқыш сым пульттарды ұзарту және қысқарту. Сым пульттардағы шығару таратқыштарын ашу және жабу. Қоймалжың ағынды бір картадан екінші картаға ауыстыру. Шығарылымдар мен қоймалжың ағатын орларды тазарту, шекемтастар мен қоқысты жуылатын имараттың сыртына жинау. Су жиятын құдықтар, науалар, сужималардың құрылғысы және ұзарту. Су жинау жүйесін реттеумен тоғаншалардың тиісті жиегін ұстап отыру. Су жиятын құдықтар, тіректер мен эстакадалардың бөлшектерін әзірлеу және жөндеу. Бөренелерді жиектеп және дөңгелектеп, тақталар мен пластиналардың жиектерін жону. Жеке тіректер мен эстакадаларды бөлшектеу. Материалдарды ілмектеу.

Білуге тиіс. Топырақтың негізгі түрлері мен қасиеттері және олардың гидравликалық тасымалдау қиындықтары жөніндегі сыныптауышын білу, тегеурінсіз жер имараттарын жуу ережесі мен тәсілдері, ағаштың негізгі түрлері мен қасиеттері, ағаш материалдарын қолмен өңдеу тәсілдері, су жинау құрылғысының құрылғысы, ілмектердің, қармағыш айлабұйымдар мен такелажды жабдықтардың түрлері, жүктерді тасу ережесі.

266. Жуу картасының жұмысшысы 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тегеурінді жер имараттарын, темір жолдың немесе автожолдың төсемін, көпірлерге кірер жерлерді және гидротехникалық имараттардың қуыстарын жуу процесін басқару. Фракциялар бойынша имараттардың пішіні бөлігіндегі топырақты тоғаншалардың тереңдігін және шекарасын, қоймалжың ағынының бағытын өзгерту, сондай-ақ қоймалжың шығарылымының орнын ауыстыру жолымен жаю. Жұмыс сым пульттарының білігі мен тоғаншалардың шекарасын бөлу. Шандоралар мен келтек құбыржолдарды орнатудың тиімді биіктігін таңдап су жинау жүйесін бекіту, су жинайтын құдықтарды ұзарту. Сазды бөлшектерді жууды көзбен бағалау. Қоймалжың ағатын құрылғыларды жөндеу.

Білуге тиіс. Топырақ төсеу ережесі және тәсілдері, жұмыс өндірісінің ережесі және тегеурінді жер имараттарына қойылатын техникалық талаптар, сорғыту жүйесінің құрылғысы.

267. Жуу картасының жұмысшысы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше жауапты өзекті тегеурінді жер имараттарын жууда топырақ төсеу. Жуу үдерісін басқару. Берілген гранулометриялық құрам мен имарат денесіне салынған топырақтың тығыздығын сақтау. Ерекше жауапты өзекті жер имараттарын жууда су қашыртқы жүйесінің құрылғысы және ұзарту, су қашыртқы жүйені бітеу. Жоспардағы және биіктік бойынша топырақ төсеуді бақылау.

Білуге тиіс. Өзек жасау тәсілдері, жұмыс өндірісінің ережесі және өзекті жер имараттарын, оның ішінде қысқы уақытта да, жууға қойылатын техникалық талаптар.

Жердің үстінде орындалатын су асты-техникалық, габиондық және фашиндық жұмыстардағы өзен жұмысшысы


268. Жердің үстінде орындалатын су асты-техникалық, габиондық

және фашиндық жұмыстардағы өзен жұмысшысы 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабақтан, қамыс арқандардан жасалған суасты төсектері, фашиналар мен цилиндр кәрзеңкелерге арналған шыбық сырғалар үшін шыбықтар, шыршалар, сырғауылдар, қазықтар, сошкалар, вицалар, таңып байлауды дайындау. Суасты төсектер, фашиналар мен сабақтан, қамыстан және шыбық қалқандардан жасалған цилиндр кәрзеңкелерге арналған шыбық сырғалар әзірлеу. Су қоймалары еңістерінің түбін қамыс қалқандармен бекітпелерді бөлшектеу. Қыста мұздан якорьлардағы бұтақты,шыбықты және шыршалы бөгеттердің құрылғысы. Шырша және бұтақты бүркеулерді бөлшектеу. Бөгесіндер мен жартылай бөгесіндердің құрылғысы үшін тастарды суға тастау. Мұзда шұңқырлар, атыздар және суаттар тесу және гидротехникалық имараттардың алдындағы мұздардың жиектерін жару. Бағаналар мен анкерлер орнату және суырып алу. Акваторийлердің, суасты бөліктерінің, имараттардың түбін зерттеу жөніндегі сүңгуір станциялардың жұмысына қатысу және көлденеңдіктерді босату. Жағалаудан, мұздан және жүзетін жабдықтардан суасты құбыржолдарын түбінде сүйреп жүріп қалау бойынша және басқа да су асты-техникалық жұмыстарында: ағаш құрылымдарды орнату және бөлшектеуге, қадалар мен шпунтты қатарды, элементтерді қолмен кесуге, ағаш қадаларды суыруға, су қоймалары арқылы арқандарды төсеуге, суасты бетондауға арналған қалқанды қалыптарды орнату және бөлшектеуге, судың астына бетон қоспаны төсеуге, батып кеткен заттарды көтеруге, жағадан судағы имараттарға материалдарды тасуға қатысу. Материалдар мен адамдарды қайықпен тасымалдау. Баржалардан тастар мен фашиналарды жағаға түсіру. Мұз үстінде тас, құм және шыбықты шаналармен тасу.

Білуге тиіс. Жағалауды бекіту және түзету имараттарында қолданылатын материалдардың түрлері, оларды дайындау тәсілдері, жүзетін аспаптарды тиеу және түсіру жөніндегі жұмыс өндірісінің ережесі, жағалауды бекіту және түзету имараттарын әзірлеу тәсілдері, мұз тесу жұмыстары өндірісінің тәсілдері, сүңгуір станцияларға қызмет көрсету ережесі.

269. Жердің үстінде орындалатын су асты-техникалық, габиондық

және фашиндық жұмыстардағы өзен жұмысшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гидротехникалық имараттардың еңістерін шыбықпен немесе талды тоғай отырғызып бекіту. Құрғақ жердегі тоқыма шарбақтың құрылғысы. Еңістер мен алаңшаларды шыбық жапқыштармен бекіту. Су үсті және су асты шыбық төсектерді байлау. Төсектерді байлауға арналған жүзетін стапельдердің құрылғысы. Габионды қаңқаларды байлау. Дайын бөлшектер бойынша имараттарға габионды жәшіктерді орнату және оларды тастың мөлшері бойынша іріктеп тиеу. Имараттарға фашиналар мен шыбықтарды төсеу. Сипайлар мен қалқан тоқыма шарбақтарды орнату. Сыпырғыш қалқандардан жасалған жартылай бөгесіндердің, шыбықтан жасалған оңай түзетілетін имараттардың барлық түрлерінің құрылғысы. Жуылатын топырақ үшін қалқан бөгеттердің құрылғысы. Су астындағы кедергілерді сүзіп алу. Жағалаудан, мұздың және жүзетін жабдықтардың үстінен жер асты орларында құбыржолдарды қалау жұмыстарына, құбыр секцияларындағы біріктіретін муфталарды судың астына орнатуға, судың астында қопарып топырақты өңдеуге қатысу. Жүзетін жабдықтарға басқыштардың құрылғысы.

Білуге тиіс. Бекітетін құрылымдардың түрлері мен оларды әзірлеу тәсілдері, шыбық құрылымдарға фашиналар мен арқандарды төсеу, габионды қаңқаларды байлау және оларды орнату және тиеу тәсілдері, жүзетін жабдықтардың құрылғысы мен орнату ережесі, жағалауды бекіту және түзету имараттарын әзірлеу тәсілдері, мұзды тесу өндірісінің тәсілдері, сүңгуір станцияларға қызмет көрсету ережесі.

270. Жердің үстінде орындалатын су асты-техникалық, габиондық

және фашиндық жұмыстардағы өзен жұмысшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауыр фашиналарды судың астына байлау және қалау. Шыбық қалқандарды байлауға арналған станоктарды даярлау. Мұздың бетінен турлардың құрылғысы. Жүзетін жабдықтардың көмегімен өзендер арнасынан корчтар мен басқа да кедергілерді ілмектеу және жою. Түзету имараттарының құрылғысы. Су асты орларын скрепер құрылғысымен өңдеу. Тереңдікті өлшеу кемесімен жүріп сүзіп алу. Жармаларды тесу және оларды жүзіп жүрген жерінде бекіту. Габионды төсектерді қалауға бөлшектеп қалау.

Білуге тиіс. Түзету және жағалауды бекіту имараттарының әртүрлі түрлерін тұрғызу тәсілдері, скрепер қондырғыларды және корч көтергіш крандарда жұмыс істеу ережесі, тралдардың барлық түрлерінің құрылғысы және қолдану ережесі, габионды қалау және габионды төсектерді бөлшектеу тәсілдері, төсектерден габионды қалау ережесі, габионды жұмыстарға арналған станоктардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі, құрылыс материалдары және имарат элементтеріне қойылатын негізгі техникалық талаптар.

Өздігінен жүрмейтін жүзетін снарядтар мен басқа да жүзетін

құралдарды пайдалану және қызмет көрсетудегі өзен жұмысшысы


271. Өздігінен жүрмейтін жүзетін снарядтар мен басқа да жүзетін құралдарды пайдалану және қызмет көрсетудегі өзен жұмысшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайықтар мен тасығыштарда материалдар мен адамдарды тасымалдау. Сүңгуір қол сорғыларындағы жұмыс. Батып кеткен заттарды су қоймаларының түбінен шығару. Анкерлерге шұңқыр қазу. Папильонажды арқандар мен зәкірлерді көшіру және қайта қалау. Екі жақты белгілерді қою. Майналарды тесу. Палубалар мен қызметтік үй-жайларды жуу.

Білуге тиіс. Жүзетін құралдарды пайдалану және оларды тиеу және түсіру жөніндегі жұмысты жүргізу ережесі, сүңгуір станцияларға қызмет көрсету ережесі, корпустардың бөліктерін мен жүзетін құралдарды палубалық баптаудың атауы және міндеті, ұсақ-түйек ілмектеу және такелажды жабдықтардың негізгі түрлері, мұз тесу жұмыстарының өндіріс тәсілдері, құтқару, су төгу және өртке қарсы ұсақ-түйектердің міндеті, өздігінен жүрмейтін, жүзетін топырақ шығаратын снарядтар мен қондырғылар, жүзетін қоймалжың құбыржолдар және басқа да жүзетін құралдар құрылғысының негіздері, қарапайым кемелік, такелаждық, слесарлық, майлау және ағаш ұсталық жұмыс өндірісінің ережесі.

272. Өздігінен жүрмейтін жүзетін снарядтар мен басқа да жүзетін құралдарды пайдалану және қызмет көрсетудегі өзен жұмысшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүзетін құралдарды сүйреуге дайындау. Белгілер мен дабылдарды қою. Болат арқандар мен кендір арқандарды тұтастыру. Корпустың бұзылған жерлерін жөндеу. Жүзетін құралдардың табельді мүліктері мен қосалқы жабдықтарын ұсақ жөндеу. Палубалық қондырмалардың элементтерін сырлау. Тереңдікті өлшеу. Земенарядтар, жүзетін крандар мен басқа да жүзетін құралдарды орнату және босату. Кемелік такелаждық жұмыстарды орындау. Қайықтарды тығыздау және қара майлау. Жүзетін құралдарды қатыру. Земенарядтардағы жүзетін қоймалжың құбыржолдарын ұзарту және қысқарту. Шлюпка және катер көмегімен арқандап байлаған ұштарды жүргізу.

Білуге тиіс. Жүзетін құралдарды сүйреу және арқандап байлау ережесі, ішкі өзен жолдары жөніндегі кеме қатынасы ережесімен белгіленген кемелердің, екі жақты белгілер мен негізгі дабылдардың айырмашылық жарықтары, тереңдікті өлшеу тәсілдері, жай кемелік, такелаждық, слесарлық, майлау және ағаш ұсталық жұмыс өндірісінің ережесі, қатыру жұмысы өндірісінің тәсілдері.


Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь
273. Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің

тораптары мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын белгілер бойынша қолмен табақты металл, полимер материалды турасызықты және қисық сызықты кесу. Турасызықты бүктелген жерлерді қолмен жазу. Бүктелген жерлерді жұбымен жинақтау. Табақты металлдарды тесу. Таңбалау тәсілімен және сырмен тораптарды белгілеу. Төсемдер орнату. Жүктердің орнын ауыстыру.

Білуге тиіс. Желдеткіш жүйелерді әзірлеуде турасызықты негізгі материалдардың атауы және қасиеттері, табақтық металл, полимер материалды турасызықты және қисық сызықты кесу тәсілдері, жүктерді ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, тораптар мен бөлшектерді құрау тәсілдері.

274. Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Даярланатын картиналардағы «терезелердің» құрылғысы. Иректейтін машинада дөңгелек ауа жүргізгіштердің тік қойылған элементтерін жиектеу. Келтіру станоктарында тесік бұрғылау. Фланец құрамаларына арналған төсемдер әзірлеу. Қатты жақтауларды металл және тікбұрышты фланецтерден әзірлеу. Винипласт және полиэтилен табақтарды тігінен және көлденеңінен дәнекерлеу. Торлар мен жылжымалы жалюзді шілтерлерді орнату. Фланецтерді тесу. Табақтық металл, металлопласт және винипласттарды станоктарда турасызықты кесу. Келтіру станоктарында бүктелген жерлерді илемдеу және отырғызу.

Білуге тиіс. Желдету, салқындату, қысым көлігі және аспирациялау жүйелері бөлшектерінің атауы және міндеті, табақтық және кескінді металдың, металлопласт, винипласт және полиэтиленнің негізгі қасиеттері және өңдеу тәсілдері, ауа жүргізгіштер мен үлгілік бөліктерді бекіту үлгілері, таңбалау белгілері, жиек ию станоктарында, иректейтін машиналарда және бүктелген жерлерді илемдеу станоктарында дайындамаларды өңдеу тәсілдері, винипласт пен полиэтиленді пісіру тәсілдері, табақтық және кескіндік металлдар мен металлопластты, байланыстырып пісіруге арналған нүктелік машиналарды өңдеу станоктары мен тетіктердің құрылыс негіздері мен пайдалану ережесі, механизацияланған аспаптарды қолдану ережесі.

275. Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Келтіру станоктарында табақтық металл, металлопласт, полиэтилен және винипластты қисық сызықты кесу. Жанышқыштарда цилиндр бөлшектерді жаншу. Металлдан, металлопластан, винипласттан және полиэтиленнен жасалған ауа жібергіштердің, барлық үлгідегі құрсаулардың, мөлшерқадалар, движоктар, шағылыстырғыштар, шығарынды қалпақтар, дроссель-клапандар, шу басқыштардың тура учаскелерін даярлау. Жылжымайтын жалюзді шілтерлер, дөңгелек фланецтер мен шетмойындар, шиыршықтап дәнекерлеу және шиыршық - құлыптық ауа жібергіштерді дайындау. Фланецтерді ауа жібергіштер мен үлгілік бөліктерге орнату. Желдету, ауаны салқындату, қысым көлігі және аспирациялау жүйелерін жинақтау. Кронштейндер, ауа жібергіштерді бекітуге арналған планкалар мен траверстердің тіректерін әзірлеу. Винипласт пен полиэтиленнен жасалған орташа күрделіктегі бұйымдарды пісіру.

Білуге тиіс. Металл, металлопласт және винипласттан жасалған қарапайым бөлшектерді белгілеу және пішу тәсілдері, ауа жібергіштер мен үлгілік бөліктерді біріктіру және бекіту түрлері, бөлшектелген нобайларды орындау ережесі, тойтару жұмыстарын орындау тәсілдері, ауа жібергіштердің тура учаскелерін әзірлеу технологиясы.

276. Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық түрдегі ауа жібергіштердің, шиберлер, шұғынақтар, дефлекторлар мен диффузорлардың үлгілік бөліктерін әзірлеу. жылжымалы жалюзді шілтерлер, дроссель-клапандар, циклондарды басқару секторларын әзірлеу. Кесіп беру бөлімдерінің көшірме-қалыптарының көмегімен кесу және оларды иректейтін машиналарда жинау. Жұмсақ құрамаларды әзірлеу.

Білуге тиіс. Табақтық металлдан, металлопластан, винипластан және полиэтиленнен жасалған ауа жібергіштердің үлгілік бөліктерін әзірлеу технологиясы, желдету, ауаны салқындату, қысым көлігі, жабдықты аспирациялау және номенклатурасының құрылғысы мен жұмыс қағидаттары, барлық түрдегі жүйелер элементтерінің сапасына қойылатын талаптар.

277. Желдеткіші және қысым көлік жүйесінің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі стандарт емес ауа жібергіштер мен үлгілік бөліктерді таңбалау және әзірлеу. Сеператорлар, скрубберлер, қиыстырылған және тартылатын тумбочкалар, симметриялық емес аралықтар, жылытқыш құбыр аралықтар, ауа бүркемелерді әзірлеу. Әр түрлі түрдегі қалыптарды таңбалау және әзірлеу. Барлық түрдегі жүйелерді соңғы жинау.

Білуге тиіс. Пирамида және конус тәрізді ауа жібергіштер мен үлгілік бөліктерді белгілеу және әзірлеу тәсілдері, желдету, ауаны салқындату, қысым көлігі және аспирациялау жүйесінің тораптарын соңғы жинау тәсілдері.

Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь


278. Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары

мен бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарды, фитингілерді, үлгілік бөліктерді, арматура және бекіту құралдарын сұрыптау. Қосалқы материалдар (зығыр иіру, қызыл бояу, күкірт ерітіндісі және т.б.) даярлау. Жауапты емес құраманы араластыру. Бұрандакемерлерді муфталармен және кідіртпесомындармен, бұрандама-сомындармен жинақтау. Төсемдерді орнату. Газбен кескеннен кейін қабыршақты қаптау. Құбырлардан жасалған бөлшектердің ұштарына кертік жасау. Жүктерді мүкәммал ілмектермен ілу, құбыржолдарды газбен кескенде және электрмен жабыстырғанда ұстап тұру және бұрып отыру. Тораптарды белгілермен және бояумен таңбалау. Құбыржолдарға арналған қорғаныс гильзаларын әзірлеу және орнату. Болат биркалар әзірлеу. Шойын қазандық секцияларын ішінен және сыртынан жуып тазалау және құбыржолдардағы сақтандырғыш тығындары мен бітеуіштерін алып тастау.

Білуге тиіс. Санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен міндеті, құбыржолдардың, фитингілердің, үлгілік бөліктердің, арматура және бекіту құралдарының сұрыптамасы, слесарлық аспаптың міндеті, жүктерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі, құбыржолдар, фитингілер мен арматуралардың диаметрін өлшеу әдістері, тораптар мен бөлшектерді біріктіру тәсілдері.


279. Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фланец құрама мен радиаторларға дайын таңба бойынша астар әзірлеу. Фланец құрамаларды құрастыру. Төсемдерді орнату. Шойын құбыржолдардың қоныштарын бітеу. Құбыржолдардағы бұрандаларды қолмен ою. Фланец отырғызу және диаметрі 100 метрге дейін құбыржолдарды түйістіру. Құбыржолдар мен фланецтерді даяр таңба бойынша бұрандалап тесу. Құбыржолдардың ұштарын пісіруге ұңғымалау және өңдеу. Болат және полимер құбыржолдарды қолмен кесу. Диаметрі 800 мм-ге дейінгі құбыржолдарды ию. «Терезелерді» тығыздап кесу. Сифондар мен ревизияларды жинақтау. Келтек құбыржолдарды фрезерлеу. Ойпаттарды қашау. Сорғыларға арналған қаптар әзірлеу. Контейнерлерді әзірлеу. Құбыржолдардың ұшына газбен кескеннен кейін қоныштар жасау. Шойын канализациялық құбыржолдарды қолмен кесу. Тельферлер және арқалық крандармен материалдардың орнын ауыстыру.

Білуге тиіс. Құраманың санитарлық-техникалық жүйесі негізгі бөлшектерінің түрлері, құбыржолдардағы таңбалау белгілерін оқу ережесі, құбыржолдарды ию және кесу, тесіктерді бұрғылау тәсілдері, құбыр ию, бұрғылау және кесу станоктары мен тетіктерінің құрылғысы.

280. Санитарлық-техникалық жүйелердің тораптары мен

бөлшектерін әзірлеу жөніндегі слесарь 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фитингілерді, тығыздағыштардағы арматураларды және құрғақтай орау. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі арматураларды тексеру және сынау. Санитарлық-техникалық құрылғылардың (жеке құбыржолдар, тораптар, радиаторлар, конвекторлық блоктар, элеваторлық және су өлшеу тораптары және т.б.) барлық түрлерін гидравликалық және пневматикалық сынау. Радиаторларды топтастыру. Диаметрі 80-нен 200 мм-ге дейінгі құбыржолдарды ию. Құбыржолдар, төсемдер, құбыржолдар мен фланецтердегі тесіктерді таңбалау. Болат және полимер құбыржолдарды қолмен кесу, құбыржолдарға тесіктер және бұрандаларды ою, шойын канализациялық құбыржолдарды қолмен кесу. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі крандар мен вентильдерді тығыз қиюластыру. Барлық түрдегі ұсақ және орташа металл (бекітетін бөлшектер, тұғырықтар, тіректер) құрылымдарды әзірлеу. Сальниктерді толтыру. Құбыржолдарды пісіруге жиектеу, түйістіру және полимер материалдардан жасалған құбыржолдарды пісіру. Полимер құбыржолдардан жасалған су құбыржолдарының тораптары мен бөлшектерін әзірлеу. Көрсеткіштерді әзірлеу және сынау. Қол сорғыларын, су өлшейтін тораптарды, қоймалжың бөлгіштерді, радиаторлық және конвекторлық блоктарды даяр тораптармен және т.б. байлау. Сүлгі кептіргіштер, су жылытқыштар, элеваторлық тораптар, реттейтін және редукциялық қақпақтарды орау және әзірлеу. Басқыштар, төгетін құбыржолдар, компенсаторлар, радиаторлық және конвекторлық тораптар, ауа жинағыштар әзірлеу. Бұрандалы құбыржолдардың тораптарын құрастыру. Диаметрі 50 мм-ге дейінгі құбыржолдарда оларға арналған «астына» келтек құбыржолдарды, ұяшықтарды таңбалау. Шойын канализациялық құбыржолдардан тораптарды құрастыру. Диаметрі 50 мм-ге дейінгі тығыздағыш сақиналарды қырып тегістеу. Шойын канализациялық құбыржолдардан жасалған тораптарды құрастыру. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі тығыздағыш сақиналарды қырып тегістеу. Сантехникалық кабиналарды құбыржолдармен жабдықтау. Кабиналарда сүлгі кептіргіштер, ванналар, қол жуғыштар, унитаздар, құрастырмалы араластырғыштар, туалет сөрелерін, электр потенциалын теңестіргіштерді орнату. Фланецтерді құбыржолдарға отырғызу және диаметрі 100-ден 200 мм-ден жоғары құбыржолдарды түйістіру. Канализациялық бітеуіштерді әзірлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет