Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 50. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ



бет7/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
§ 50. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынау жабдығының радио электрондық блоктарын және аса күрделі есептеу техникасын баптау және реттеу. Түрлі түсті кинескоптарды ішінара сынауға арналған жабдықтарды баптау. Радио электрондық құрылғылардың, аспаптар мен аппараттардың қосылыстардың жалпы схемасына енетін үлкен топты монтаждау. Эксперименталдық үлгілерді эскиздер мен қағидаттық схемалар бойынша монтаждау. Схемаларды әр түрлі сымдардан, кабельдер мен шиналардан, радиокомпоненттерден үлгісіз жасау. Схемаларды әр түрлі электр өлшеу аспаптарымен сынау.өткізгіштерді жинақы орналастыруды қамтамасыз ету және оларды орналастыру бойынша техникалық талаптарды сақтай отырып, схемаларды біріктіруге арналған шаблондарды қағидаттық және монтаждық схемалар бойынша жасау. Қағидаттық схемалардың нобайын бұйымдардың үлгілері бойынша жасау. Монтаждық схемалар мен жасанды желілер жасау. Тізбектің әр түрлі буындарындағы кедергілер мен өткізгіштердің оқшаулағышын есептеу. Электрлік және механикалық реттеу, тексеру, күрделі электр аппаратураны сынау. Меңзерлік аспаптар мен жүйесі және дәлдік дәрежесі әр түрлі аппараттарды реттеу. Сынау және өлшеу жабдықтарындағы ақаулықтарды бағдарламалық іздеу. Радио электронды құрылғыларға арналған жарамсыздарын ауыстыру үшін жекелеген платаларды жасау, баптау. Өлшеу жабдығын пайдалануға қосу кезінде бақылау бағдарламаларын іске қосу. Аспаптар мен тұтас құрылғыларды пайдалануға қосқан кезде олардың жұмысын көрсете отырып, радио электрондық блоктарды бақылау сынау және тапсыру. Сынау-өлшеу жабдықтарына арналған алдын алу жұмыстары.

Білуге тиіс: әр түрлі ақаулықтарды анықтау әдістері және күрделі методы және күрделі радио электрондық құрылғыларды, өлшеу аппаратурасы мен көп шақтау аспаптары мен дербес схемалары бар аппараттары бар нысандарды монтаждау тәсілдері; аппараттар мен аспаптардың топтық қосылыстарын монтаждау және қағидаттық схемалары; монтаждалатын схемаларға енетін жекелеген аспаптардың, агрегаттардың мақсаты; монтаждалатын схемаларға енетін әр түрлі құрылғылар мен радио шамдардың әрекет ету қағидаттары; жалпы схемаға монтаждалған аппараттар мен аспаптардың топтық қосылыстарын сынау әдістері; әр түрлі радио өлшеу жабдықтарын, сынау және өлшеу жабдықтарын баптау және реттеу ережесі, монтаж салудың тәртібі мен кезектілігі; өткізгіштер мен жекелеген буындарды экрандау мақсаты мен ережесі; электр техника, радио техника және импульсті техника негіздері; әр түрлі электр өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Аспаптардың электр өлшемдерін өлшеу агрегаты - жөндеу, баптау, жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

2. Акулов анизометрі – баптау.

3. Күрделі кинематикалық және электр схемаларының автоматтары - жөндеу және баптау.

4. ЭВМ және стационар аппаратура – тораптар мен блоктарды реттеу.

5. Электр магнит, эксцентрикті механизмдері бар блоктар – реттеу.

6. Тиристорлық схемада контактісіз реттеу блоктары, беріктігін сынауға арналған басқару және қоректендіру блоктары, логикалық блоктары - баптау, монтаждау.

7. Жоғары вольтті тұрақтандырғыш қоректендіру көздерінің блоктары - баптау.

8. Тұрақтандырғыш түзеткіштер – баптау және тексеру.

9. ВУ 10/3000 діріл стенді - генераторларды баптау, діріл үстелінің динамикалық орауышын теңгерімдеу; жиілігі мен жылдамдығын тексере отырып, стенділерді баламалау.

10. Жиілікті бөлгіштер - реттеу.

11. Динамикалық өлшемдерді өлшеуіш – жоғары жиілікті блокты жөндеу және баптау.

12. "Виадук", "Интеграл" типті өлшеу жүйелері – баптау.

13. 'ПК-5003", "ПК-5005" типті өту камералары, басқару блоктары - температураны реттеу, баптау, реттеу және жөндеу.

14. Жартылай автомат сыныптауыш - баптау және жөндеу.

15. Периодты белгілеуші жүйелерді, крутизномерлерді жинақтау және түзету бойынша сызғыштар - баптау.

16. Өлшеу желілері - баптау, тексеру, жөндеу.

17. "Зонд- А4” , "Зонд-А5","ЭМ-680", "ЭМ-6010", ЭМ-6020" зонд манипуляторлар - баптау, тексеру, жөндеу.

18. Синхронды және бақылау-бақылаушы құрылғылары бар механизмдер – реттеу.

19. Электронды микроскоп, масспектрометрлер, термоциклдендіру құрылғылары, ПФМ плазмалық фотометрлер – баптау.

20. Электр вакуум аспаптардың (имитаторлардың, қашаулардың, электронды гальванометрлердің, өлшеу күшейткіштерінің, қуаты төмен жоғары жиілікті және төменгі жиілікті генераторлардың, компараторлардың, автоматтандыру аспаптары мен құралдарының және т.б.) өлшемдерін шынықтыру және сынау үшін құрылғылар мен конвейерлік желілердің құрамына енетін жекелеген блоктар мен тораптар - монтаждау және баптау.

21. Өлшеу аспаптары – оптиканы реттеу, жібін ауыстыру, теңгерімдеу.

22. Түзету аспаптары және бағдарламалық құрылғылар – реттеу; электролиттік ванналардың пантографы - баптау.

23. Контактілеуші жартылай автомат және ПКРМ-2 ақаулы ету - кинематикалық және электрондық схеманы баптау; келісу тораптарын реттеу.

24. Кернеудегі сәулелендіруді түрлендіргіші бар аспаптар, сандық тізімдеме, ұқсас сандық түрлендіргіш, түрлендіру шектерінің автоматты өзгеру блогы, – монтаждау және баптау.

25. Ауқымды түрлендіргішті, көбейткіштер, амплитудалық детекторлар мен аналог сигналдардың регистраторлары бар аспаптар – монтаждау және баптау.

26. Кез келген күрделі аспаптар, ИВИС өлшемдері мен ұзақ қолданылу стенділері, ИВИС қоректендіргіш және қосу аспаптары, жылдам фотосуреттерге арналған аспаптар - жөндеу, монтаждау және баптау.

27. Басқару пульттері және аспаптар - монтаждау, баптау, жөндеу.

28. Бақылаушы жүйе, арнайы аппаратура – реттеу.

29. Статикалық құрылғылар - монтаждау, баптау.

30.ЛБВ өлшемдерін панорамалық өлшеу стенділері, функционалдық бақылау стенділері, қызмет ету блоктары - монтаждау, баптау, жөндеу, пайдалануға тапсыру.

31. УНТИС-1 қызмет ету мерзімінің стенділері – қоректендіру блоктары мен температура тапсырмасы блогын баптау; импульстер мен генераторлардың ұзақтығын реттеу.

32. ССП-2 типті монтаждау-дәнекерлеу үстелдері - монтаждау, баптау, жөндеу.

33. ОС және ТВС сынауға арналған жол қашау схемасы (шамдық және жартылай өткізгіш) - монтаждау, баптау, ақаулықтарды жою.

34. Топтық сынау және күшті трансформаторлар мен дроссельдердің өлшемдерін өлшеуге арналған күрделі схемалар мен стенділер, оның ішінде арнайы мақсаттағы – жасау, баптау және ақаулықтарды жою.

35. ВИ көздерінің электр сипаттамаларын өлшеуге арналған схемалар мен стенділер – монтаждау және баптау.

36. Жылу камерасын, автоматты реттеу схемасы, арнайы мақсаттағы микромодульдерді тексеруге арналған схемалар - монтаждау, баптау, жөндеу.

37. КХТБ-0,16 термобарокамералар - камераны жоғары температураға (+125°С) және теріс температураға (-60°С) және қысым төмен кездегі жұмысқа баптау.

38. Жартылай өткізгіш аспаптарға, микросхемалар, "Зонд-1А" және "Зонд-А4'' құрылғыларына арналған құрылғылар – тексеру, баптау, жөндеу.

39. Жартылай өткізгіш аспаптар мен микросхемалардың жоғары жиілікті өлшемдерін өлшеу құрылғылары - тексеру, баптау, жөндеу.

40. "Ваквелл", "Фесд", "МТК-8002'' конденсаторлық дәнекер құрылғысы, "ЭМ-640" өлшеуішінің базасында микросхемалардың тестілі өлшемдерін бақылау құрылғысы - баптау және жөндеу.

41. Діріл электр динамикалық сынау құрылғылары, стенділері - баптау және жөндеу.

42. Механикалық соққыларын сынау құрылғылары - баптау.

4З. Саралаушы күшейткіш, ұқсас жинақтағыш, кіріктіргіш, кернеуді жиілікке түрлендіргіш, тіркеуші, ұқсас белгілерді салыстырушы аспап типті интегралдық схемалардағы функционалдық тораптар – монтаждау және баптау.

44. Түрлендіру шығындарын, триод өлшемдерін өлшеу құрылғысы, импульстік шынықтыру құрылғысы - жөндеу, баптау.

45. Электр вакуум аспаптарын ұзақ мерзім қолданылуына сынау құрылғысы (стенділер) – кешенді баптау.

46. Әр түрлі мақсаттағы кернеу мен қуатты күшейткіштер, осциллографикалық күшейткіштер – монтаждау және баптау.

47. Ұзақ мерзім қолданылу беріктігін сынау құрылғысы – кешенді баптау.
§ 51. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынау жабдықтарының, есептеу техникасының, түрлі-түсті кинескоптарға арналған сынау жабдықтарының радиоэлектрондық блоктарын монтаждау, баптау және реттеу. Сынау сигналдарының датчиктерін (моноскоптық құрылғылар, диапроекторлар, кинопроекторлар, монопроекторлар, түсті жолақтар генераторлары) монтаждау, баптау және пайдалану. Бағдарламаланған импульс генераторларында және кернеу көздерінде, есептеуіштерде, дискретті элементті базадағы тіркелімдерде және интегралдық микросхемаларды пайдалана отырып, бақылау тестілерінің көмегімен ақаулықтарды анықтау және жою. Өлшеу жүйелеріндегі жекелеген күрделі блоктарды кешенді баптау және іске қосу. Кез келген күрделі электр өлшеу аппаратурасын қабылдаушыға толық тексеріп, тапсыру. Монтаждалатын схемалардың радиокомпоненттерінің өлшемдерін анықтауға арналған электр тізбектерін есептеу. Монтаждалған блоктар мен радио құрылғыларды пайдалануға тапсырған кезде бақылау сынау.

Білуге тиіс: күрделі сынау жабдықтары мен есептеуіш техниканың радио электрондық блоктарындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою; электронды блоктарды, нобайлары мен қағидаттық схемалары бойынша аппараттар мен аспаптардың үлгілерін монтаждау әдістері; схемалар мен қоректендіру көздерін есептеу; барлық жасалуы мүмкін монтаждау және қағидаттық схемаларды құру заңдары; өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты мен практикалық қолданылуы; электр өлшемдері мен белгі нысандарындағы ақаулықтарды анықтау қағидаттары; радиоэлектрондық жабдықтағы сигналдардың нысандары мен өлшемдері; кедергілердің сигналдардың нысаны мен өлшемдеріне ықпалы; аппаратура мен аспаптарды монтаждауға қойылатын техникалық шарттар мен талаптар.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Анализаторлар, ақпараттық-өлшеу жүйелері - монтаждау, баптау.

2. УҚТ-диапазонында қуатты өлшеу блоктары, есептеуіш техниканың функционалдық блоктары – жөндеу, баптау.

3. Тесу есептеуіштері блоктары - монтаждау, баптау.

4. Жоғары жиілікті, кернеуі 60000 В жоғары жиілікті тұрақтандырғыш түзеткіштер – баптау.

5. АЖЖ типті оптикалық квант генераторлар - баптау және жөндеу.

6. Өлшеу кешені және желілері ("Интеграл", "Эликон", "Виадук" және типті) - жөндеу, баптау, градуирлеу, тексеру.

7. Барлық типті модуляторлар - жөндеу, баптау.

8. МСМ типті электр торлы үлгі – баптау.

9. Бағдарламамен басқарылатын айдау посттары - баптау.

10. Лазерлерді тарту газ разрядтауыш шамдардың электр сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптар – монтаждау және баптау.

11. Электр статикалық (С), Щ-1413 типті сандық жүйе аспаптары, жарық өлшеуіштер, фотометрлер – жөндеу, калибрлеу, реттеу.

12. Қуаты күшті ЛБВ динамикалық сынақтарының стенділері - монтаждау, баптау, жөндеу.

13. Импульстік өлшемдерді өлшеуге, құрылғылардың жұмысын тексеруге арналған схемалар - баптау.

14. Күрделі схемалар мен ВИС көздерінің электр және жарық сипаттамаларын өлшеуге арналған стенділер - монтаждау, баптау.

15. Күрделі схемалар мен топтық сынау және ОС, ТВС электр өлшемдерін, барлық типономиналдардың микромодулін өлшеуге арналған стенділер, оның ішінде арнайы мақсаттағы – баптау, олардың жұмысын бақылау, жөндеу.

16. Электр өлшемдерін өлшеу және қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларында сынауға арналған схемалар – монтаждау, реттеу, баптау.

17. Жоғары және төмен жиілікті, аралық жиілікті күшейткіштер (көп каскадты), тұрақты тоқты күшейткіштер (көп каскадты) - монтаждау, баптау және реттеу.

18. Жоғары жиілікті диодтардың шуылын өлшеу құрылғысы - монтаждау және баптау.

19. Күшейткіштер, генераторлар, жоғары тұрақты қоректендіру көздері, автоматтандырылған схемалар - монтаждау, реттеу, баптау.

20. Шығу қуаты 3 кВт және одан жоғары күшейткіш құрылғылар - баптау, жөндеу.

21. Гистерезис ілмегін автоматтандырылған жазуға, күрделі магнит схемаларының магнит өрісінің топографиясына арналған құрылғылар – монтаждау және баптау.

22. Генераторлық импульсті және стробоскопиялық шамдарды динамикалық және климаттық сынау құрылғылары - жөндеу және баптау.

23. Электр вакуум аспаптардың статикалық және динамикалық аспаптарын өлшеуге, жартылай өткізгіш аспаптар мен микросхемалардың импульстік өлшемдерін өлшеуге арналған құрылғылар - жөндеу, баптау, градуирлеу, тексеру.

24. ЭМ-424А., МС-41П2, термокомпрессионды дәнекер УРС-3 типті аргонды-доға дәнекер құрылғысы - жөндеу және баптау.

25. У-302, У-309 типті потенциометриялық құрылғылары, Р-307, Р2/1 потенциометрлер; гальванометртер; импульсті көп арналы генераторлар; жолағы 25 мГц жоғары жылдамдықты осциллографтар; жадыда сақтаушы осциллографтар; уақыт пен жиілікті өлшеуге арналған құрылғылар - жөндеу, баптау, түзету, тексеру.

26. Геркондардың, интегралдық микросхемалардың, жартылай өткізгіш гибрид АЖЖ жүйелерінің статикалық және динамикалық өлшемдерін өлшеуге автомат және жартылай автомат құрылғылар - жөндеу және баптау.

27. Геркондарды статикалық және динамикалық сынау құрылғысы - жөндеу және баптау.

28. Геркондардың шуылын өлшеу құрылғысы – монтаждау және баптау.

29. Аргонаэлектрондық сәулелік тазалау құрылғысы - баптау.

30. Сандық фотометрлер, радиометрлер, спектрорадиометрлер - монтаждау және баптау.

31. Центрифуга – басқару схемаларын жөндеу және баптау.

32. ИО570020, АЗ6023 типті электр сутекті пештері - баптау.


§ 52. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ

7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі жоғары сынау аспаптары мен есептеуіш техниканың радиоэлектрондық блоктарын және кейіннен жөндей және реттей отырып, радиоэлектрондық базадағы автоматика құрылғысын монтаждау, баптау және реттеу. Өнеркәсіптік автоматика, телемеханика, байланыс, контактілі, релелік, электр магнит, ион және жартылай өткізгіш электр жетектері схемаларын монтаждау, баптау, тексеру жөндеу және пайдалануға тапсыру. Арнайы тест бағдарламалардың және стенділердің көмегімен есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, жабдықтың басқарушы жүйелерінің диагностикасы. Бақылау-өлшеу және арнайы технологиялық жабдықтың тестілік бағдарламаларын жасау және технологиялық бағдарламаларын түзету. Технологиялық жабдық жұмысының жүрмей қалу жағдайларын талдау және жүйелендіру.

Білуге тиіс: күрделі сынау аспаптары мен есептеуіш техниканың радиоэлектрондық блоктарының ақаулықтарын анықтау әдістері; нобайлар мен қағидаттық схемалар бойынша аппараттар мен аспаптардың үлгілерін монтаждау әдістері; монтаждау және қағидаттық схемаларды құру және есептеу заңдары; монтаждалатын схемалардың радиокомпоненттерінің өлшемдерін айқындау үшін электр тізбектерін есептеу; тестілік бағдарламаларын жасау және технологиялық бағдарламаларын түзету тәсілдері; құрылғылар мен есептеуіш техника жүйелерінің ақаулықтарын баптау және анықтау бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру; бірегей өлшеу және басқару жүйелері мен кешенінің құрылысы және диагностикасы.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. электрлік емес ауқымдарды электрлік әдістермен өлшеуге арналған аппаратура блоктары (қысымды, жылдамдықты, температураны, геометриялық өлшемдерді, деффектоскоптарды және т.б. өлшеуіштер) - монтаждау, баптау және жөндеу.

2. Өнеркәсіптік автоматика, телемеханика және байланыс блоктары (радиоэлектрондық базада) – жөндеу, баптау.

3. Ашу құрылғыларының блоктары (стандарт емес) - жөндеу, баптау.

4. Жоғары жиілікті (синусоидальді, импульсті), автоматты басқару режимді блоктары бар квант оптикалық генераторлар - жөндеу, баптау, жиілігін баптау.

5. Әр түрлі жүйелердің күрделі автомат және жартылай автомат жабдықтарының кешендері – ақаулықтарды анықтау, жөндеу, баптау.

6.Рентген түтіктерінің жылу қорғанышы автоматтарының алгоритмдерінің қосымша блоктары, телевизиялық сигналды өңдеу қосымша блоктары (СОТС) - жөндеу, баптау.

7. Электр вакуум бұйымдарын сынауға және электр өлшемдерін бақылауға арналған схемалар, оның ішінде климаттық камералары бар – монтаждау, жөндеу, баптау.

8. Электр өлшемдерін және электрондық-оптикалық аспаптардың сипаттамаларын өлшеуге арналған схемалар мен стенділер - баптау және олардың жұмысын бақылау, жөндеу.

9. ЭОП экранына люминофор жағудың автоматтандырылған құрылғысы - баптау, жөндеу.
§ 53. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ

8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Осы жүйе элементтерінің, бағдарламаланатын бақылаушылар, микро және мини-ЭЕМ және есептеуіш техника құралдарының и басқа да жабдықтарының барлық қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындай отырып, күрделі басқару жүйесін, микропроцессорлық техника базасындағы жабдықты монтаждау, баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. Импульсті тұрақтандырғыштар мен арнайы ашу құрылғыларын пайдалана отырып, түрлі түсті кинескоптарды сынауға арналған жабдықтарды монтаждау және баптау. Технологиялық процестері автоматты басқарылатын және радиоэлектрондық схемалары бар бірегей отандық және шетелдік жабдықтардың үлгілерін монтаждау, баптау және пайдалану. Стандарт емес сынау жабдықтарын әзірлеуге қатысу, блоктарды монтаждау және олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

Білуге тиіс: радиоэлектрондық бірегей отандық және шетелдік жабдықтардың ақаулықтарын анықтау әдістері; микропроцессорлық техника, микро және мини-ЭЕМ–нің функционалдық және құрылымдық схемалары базасында басқару жүйелерін құру тәсілдері; түрлендіргіш техниканың құрылғылары мен аспаптарының тапсырылған сипаттамасын алу мақсатында басқару жүйесін баптау әдістемесі; ЭЕМ базасында бағдарламалау және жабдықтарды жөндеу әдістемесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Ақпаратты бейнелейтін құрылғылардың, мини – және микро-ЭЕМ –нің және басқа да басқару жүйелерінің ашылу блоктары - баптау, монтаждау, реттеу.

2. ҮИС негізіндегі күрделі блоктар – жөндеу және баптау.

3. Басқарушы ЭЕМ бар өлшеу кешендері ("Икомат-110", "Икомат-115", "Викинг" типті және т.б.) – баптау, жөндеу, диагностика.

4. Бақылау-өлшеу жүйелері мен микропроцессорлық басқарылатын құрылғылар – монтаждау, баптау, реттеу, диагностика.

5. Бағдарламалық басқарумен және белгіленген өлшемдерді сақтаудың автоматты жүйесімен жабдықталған конвейерлік желілер және электр вакуум және жартылай өткізгіш өндірісінің бұйымдарын жасауға арналған құрылғылар - жөндеу және баптау.

6.Өлшеу құрылғылары мен кешендерінің эксперименталдық схемалары - монтаждау, баптау, жөндеу.

7. "Лейбольд" типті жұқа пленканы жағу, вакуумдық өңдеу және ЭОП фотокатодын жасау құрылғысы, контактілі қабаттарды магниттік бүрку - жөндеу, баптау.
§ 54. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы технологиялық жабдықтың қарапайым түрлерін өңделетін бөлшектердің сапасын айқындай отырып, жұмыстың тапсырылған режиміне баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты алдын ала тексеру, тозығын айқындау, жекелеген қарапайым бөлшектер мен тораптарды қиыстырып келтіру және ауыстыру. Жабдықтардың қарапайым түрлерінің бөліктерін механикалық, электр және вакуумдық жөндеуге, реттеуге және баптау қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін арнайы технологиялық жабдықтардың құрылысы және жұмыс қағидаты; оның тораптары мен механизмін баптаудың, баптау және реттеудің негізгі ережелері мен тәсілдері; қосалқы механизмдердің, құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсаты, оларды қолданудың және пайдаланудың ережесі; орындалатын жұмыс ауқымында электр, радио және жылу техникасының негіздері; жабдықтың шекті жұмыс режимі (от, шығарылған, температуралық және т.б.); қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері (негізгі және қосалқы), оларды өңдеу және пайдалану әдістері; өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Радиобөлшектер өндірісінде қолданылатын автоматтар, жартылай автоматтар, стенділер ( У-701, У-705, У-706,УПС, ПРС, ПРС ПГ-5 типті) – механизмдерді баптау, реттеу және баптау, механикалық блоктарды жөндеу.

2. Конденсаторларды жинақтауға арналған автомат желі - жекелеген агрегаттарды реттеу және баптау.

3. Суды деиондау құрылғысына арналған қыздырғыштар – жөндеу.

4. Диффузионды сорғылар - әзірлеу, тазалау.

5. Феррит, цилиндр пленкалардағы және домендердегі жады құндақтарын жасауға арналған жабдықтар – баптау.

6. Таңбалау жартылай автоматтары - транспортерлерді және бояу жіберу сорғыларын жөндеу және баптау.

7. Жиналмалы скафандрлар – жөндеу.

8. Термостаттар, кептіру шкафтары – баптау, ағымдағы қызмет көрсету.

9. Бұйымдарды таңбалау құрылғысы - клишелерді ауыстыру.

10. Микросхемаларды дәнекерлеу құрылғысы - электродтарды, қыздыру ширатпаларын, разрядтауыштарды ауыстыру.

11. Орау құрылғылары – баптау, жөндеу.

12. Жады құндақтарын және жинақтауыштарды бақылауға арналған құрылғылар - электр және электр магниттік өлшемдер бойынша баптау.

13. Газ шкафтар – ротаметрлерді ауыстыру.

14. Бұйымдарды химиялық өңдеуге арналған шкафтар - қызмет көрсету, баптау.
§ 55. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы технологиялық жабдықты баптау және реттеу. Жабдықтардың тапсырылған жұмыс режимін қондыру және оның беріктігін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты тораптардағы, блоктардағы, платалардағы, модульдер мен механизмдердегі ақаулықтарды анықтап және жоя отырып, тұрақты тексеру. Істен шыққан бөлшектер мен тораптарды ауыстыру. Жабдықтың механикалық, электр және вакуум бөліктерін жөндеу және кейіннен баптаумен байланысты жұмыстарды орындау. Күрделілігі орташа жабдықтарды сынауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, механизмдердің, тораптардың, құрылғылардың құрылысы, конструкциясы және жұмыс қағидаттары және олардың өзара байланысы, қызмет көрсету және пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың технологиялық өлшемдерін баптау және дәлдігі мен беріктігін тексеру ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықта бұйымдарды өңдеудің технологиялық үдерісі; жабдықтың тиімді және шекті жұмыс режимі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты және қолдану шарттары; шақтау және қондыру; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы, электр механикасы, радио- және жылу техникасының негіздері; қолданылатын материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу әдістері, бұйымдарды (бөлшектерді) қызмет көрсетілетін жабдықтарда өңдеу кезінде белгіленген өлшемдерден ауытқулар.

Жұмыс үлгілері

1. Моншақ аяқтарды жинақтау автоматтары – баптау.

2. Дәнекерлеу аппараты және қарапайым пішінді бөлшектерді қалыптауға арналған құрылғылар - баптау.

3. Вакуумдық- кептіру шкафтары - баптау.

4. Катафорездік құрылғы - баптау.

5. Автоматты басқарусыз жуу машиналары - баптау.

6. Цокольдеу машиналары - баптау.

7. Шиыршықтар мен сымды қиюшы машиналар (тиресіз) - баптау.

8. СРН-0.5У орау станоктары - баптау.

9. Әр түрлі бөлшектерді жаншу және иірлеу жабдықтары мен құрылғылары - баптау.

10. Күрделілігі орташа жуу, бояу жабдықтары - баптау.

11. Гальваникалық жабындарға арналған жабдықтар – механикалық бөлігін жөндеу және баптау.

12. Операциялық станоктар, қол нығыздауыштары – радиобөлшектерді механикалық өңдеу және жинақтауға арналған жабдықтар мен құрылғыларды баптау.

13. Терморадиациялық пештер - баптау, шағын жөндеу.

14. КО-14 муфельдік пеш – электр схемасын жөндеу және баптау; футерлеуішті ауыстыру; тиімді температуралық режимге шығару.

15. Кептіру пештері мен камералар - баптау, режимге шығару.

16. Ұяшықтарды күйдіру жартылай автоматы, контактілі парды қалайылау жартылай автоматы - баптау.

17. Матрицаларды тігуге, микросхемаларды таңбалауға арналған құрылғылар - баптау, реттеу.

18. Химиялық скафандрлер - жөндеу, баптау.

19. Таңбалау станоктары - баптау.

20. Діріл соққылар стенділері - баптау, жөндеу.

21. Жады құрылғыларын электр және электр магнит өлшемдері бойынша бақылауға арналған стенд аппаратура - баптау.

22. Монтаждық және монтаждық-дәнекерлік үстелдер - жөндеу.

23. Термопара – жасау, тексеру және жабыққа қондыру.

24. Аргон доға дәнекер құрылғысы - вакуумдық жүйені баптау.

25. ЭМ-415М кристалдарын дәнекерлеу және монтаждау құрылғысы, ЭМ -413А корпуссыз жартылай өткізгіш аспаптарды жинақтау - баптау, жөндеу.

26. Вакуумды сутекті құрылғылар - әмбебап өлшеу аспаптарын қондыру.

27. 324.0018 пластиналарын жуу және кептіру құрылғылары – уақыт релесіне талап етілетін бағдарламаны қондыру және теңгерімдеу; центрифуганы түзету.

28. Сұйық ортаны қыздыру және құрылғысы және ультракүлгін зарарсыздандыру құрылғысы - жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету.

29. Пластиналарды қондыру және кептіру құрылғылары - жөндеу және баптау.

30. ХСЛНЛ-1 лагын жағу құрылғысы - мойынтіректері мен центрифугаларын ауыстыру, құрылғының электр схемасын жөндеу.

31. ЖКМ 301712 диэлектр пластиналарын қондыру құрылғысы – газ жүйесін жөндеу; температураны жоғары жиілікті реттеуіштерді реттеу.

32. 2Ш-НЖ, 3Ш-НЖ сору шкафтары - түбін футерлеу, электр күшті бөлігін жөндеу.

33. БШ вакуумдық-кептіру шкафы - 0,035 – вакуумды бақылау жүйесін жөндеу.

34. Жады құрылғылары өлшемдерін бақылауға арналған кіші ЭЕМ - қызмет көрсету.

35. Қыздыру элементтері, электр дәнекерлегіш аспап - баптау және жөндеу.

36. Сутегі пештеріне арналған дискілі экрандар - жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет