Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет25/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Жұмыс үлгілері

1. Жартылай өткізгіш аспаптардың арматурасы – аяғына дәнекерлеу.

2. Шықпалар, пьезоэлементтер мен УЛЗ дыбыс өткізгіштер – шықпаларды дәнекерлеу; пьезоэлементтерді дыбыс өткізгіштерге дәнекерлеу; УЛЗ қызмет көрсету.

3. Арнайы түзеткіштердің шықпалары – бөгеттер мен шиналарды дәнекерлеу.

4. Герметикаланған түзеткіштер – дәнекерлеу.

5. Барлық типті және түрлі конденсаторлар мен резисторлар – шықпаларды жинақтау және жартылай автоматтарда, автоматтарда және жоғары жиілікті құрылғыларда дәнекерлеу.

6. Барлық типті және түрлі конденсаторлар – герметикалығын қамтамасыз ете отырып, дәнекерлеуішпен дәнекерлеу және конвейерлік құралы бар жоғары жиілікті құрылғыларда дәнекерлеу.

7. Оксидті-жартылай өткізгіш конденсаторлар – бөлшектерді арнайы дәнекерлеу және шынықтыру жартылай автоматында дәнекерлеу.

8. Ферриттегі контактілі жады элементтері – рамкада дәнекерлеу.

9. Коллекторлық диск – флюстің, дәнекерлеу пастасының көмегімен электр плитада дәнекерлеу.

10. Корпус – ниппельдерді дәнекерлеу.

11. Кристалл – кристал ұстағыштың кесектеріне дәнекерлеу.

12. Кристалл ұстағыштар – өткелдерді дәнекерлеу.

13. Микроплаталар – күрделі пішінді дәнекерлеуішпен және қорғасын дәнекермен автоматта қалайылау.

14. Микрорезисторлар – жылу бұра отырып, платалардың дәнекерін қопару.

15. Бітеу ниппельдер – кристалды дәнекерлеу.

16. Октальді аяқтар – негізіне дәнекерлеу.

17. Атаулы және диаметрі 0,04-0,08 мм разрядтауыш орамалар – ұштарын қалайылау.

18. Орамалар – 0,5-0,8 мм қадаммен негіздерін ламельдегі дәнекерді қопару.

19. Жартылай өткізгіш аспаптар – базалық және эмиттерлік шықпаларды дәнекерлеу.

20. Пьезорезонаторлар – дәнекерлеу әдісімен герметикалау.

21. Резонаторлар – жікті дәнекерлеуішпен дәнекерлеу, азот толтыру, цуклевканы дәнекерлеу.

22. Терморезисторлар – микроплаталарға дәнекерлеу.

23. Шыны оқшаулауыштың түтігі – жағалы шықпаны дәнекерлеу.

24. Шлейфтер – қыш қалыптарға дәнекерін қопару.

25. Электрод – шықпаларын дәнекерлеу.

26. Ферриттегі жады элементтері – рамадағы контактілерді дәнекерлеу.


§ 12. ЕРІТІНДІЛЕР МЕН ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қоспалар мен ерітінділерге арналған бастапқы материалдарды дайындау (тазалау, ұнтақтау, тарту, кептіру, қыздыру, елеу). Өлшеу және компоненттерді араластыру. Белгіленген рецептура бойынша қарапайым ерітінділер мен қоспалар жасау. Флюс пен желімді электр плитада пісіру. Сүзгі, електердің көмегімен ерітіндіні сүзу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың (діріл және бу диірменнің, механикалық електің және басқа да ұнтақтау тетіктерінің) құрылысы; ерітінділер мен қоспалар жасауға арналған қарапайым құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; бастапқы материалдардың атауы мен маркасы; дайындалатын ерітінділер мен қоспалардың мақсаты және толарды белгіленген рецептура бойынша дайындау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Феррит қоспа – кептіру, үгіту, ұнтақтау.

2. Май канифоль флюстер мен конденсаторлар мен резисторларға арналған желімдер - пісіру.

3. Барлық типті конденсаторлар мен резисторларды лактауға арналған эмаль мен цапонлактар – дайындау.

4. Гайкаларды бояуға арналған эмаль - дайындау.
§ 13. ЕРІТІНДІЛЕР МЕН ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецептура бойынша этилцеллюлоза лагын, эпоксидті шайыр композициясын, күміс жүзгіндер мен тоқ өткізгіш массаны дайындау. Фольганы өңдеу және қалыпқа келтіруге арналған ерітіндіні дайындау. Қыш бөлшектерді қысыммен ыстық құюға арналған құю массасын (шликерді) дайындау. Қалыптаушы массаны қолмен және үгіту құрылғыларында дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты (дөңгелек диірменді, шликер араластырғышты, кептіру құрылғысын және т.б.) жұмысқа дайындау. Компоненттерді салу, араластыру және пісіру. Жабдықтың жұмысын бақылау. Дайындалған қоспаны түсіру және оны сақтауға дайындау. Бастапқы материалдың тұтқырлығын тұтқыр өлшеуіштің көмегімен тексеру және оны түзету. Қарапайым сүзгілерді дайындау және ерітінділерді сүзу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; ерітінділерді, қоспаларды, тоқ өткізгіш және құю массасын дайындау ережесі мен режимдері; оларды жасау рецептіне кіретін материалдардың негізгі қасиеттері; жекелеген компоненттер мен дайын қоспаларды сақтау тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. Эпоксидті шайыр негізіндегі желімдер, компаундтар, бояулар, лактар - дайындау.

2. Барлық типті металл қағаз конденсаторларға арналған этилцеллюлозалық лактар - лак қоспалауыштардың көмегімен дайындау.

3. Пломбылау мастикасы, каучуктың негізінде жасалған желімдер - дайындау.

4. Құю көбік герметигі, таңбалау бояуы, флюстер - дайындау.

5. Инфрақызыл сәулелену тақташаларын жасауға арналған ерітінді - дайындау, буданы енгізу.

6. Тұз ерітіндісі - дайындау, мөлшерлеу.

7. Каучук ерітіндісі - дайындау ерітіндінің тұтқырлығын айқындау.

8. Резисторларға арналған жүзгіндер – дөңгелек немесе діріл диірменін, құндақты немесе силит пешті қолдана отырып дайындау.

9. Тұрақты және айнымалы сым емес резисторларға арналған жүзгіндер - дайындау.

10. Тік желілі сипаттамасы бар радиоэлементтерге арналған күміс жүзгіндер - дайындау.

11. Тантал және ниобий ұнтақтар – шикіқұрамдау, ұсақ фракцияларды алып тастау, буданы енгізе отырып нығыздауға дайындау.

12. Феррит ұнтақ – жүгіртпелер мен механикалық араластырғыштарды қолдана отырып дайындау.

13. Цеалит қоспа - дайындау.

14. СК массасынан жасалған № 1 шликер - дайындау.

15. Марганец-цинк ферриттерге арналған шликер - дайындау.

16. Стеатит массадан жасалған шликер- дайындау.

17. Қыш конденсаторлар мен резисторларға арналған эмальдар мен лактар - дайындау.

18. Барлық типті түтік резисторларға арналған эмальдар – дөңгелек диірменде балқыту және ұнтақтау.

19. Конденсаторлар мен резисторларға арналған эпоксикомпозиция - дайындау.


§ 14. ЕРІТІНДІЛЕР МЕН ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа ерітінділер мен қоспаны дайындау. Тұрақты және айнымалы сым емес резисторларға арналған төмен омды және жоғары омды тоқ өткізгіш массаны белгіленген рецептура бойынша жасау, СК-1 массасынан құю массасын (шликерді) дайындау. Қоспалауыштар мен вакуум нығыздауыштарда қалыптау массасын дайындау. Электролиттерді, сондай-ақ конденсаторлар мен резисторларға күміс жалату, палладийлеу және молибдендеу пастасын дайындау. Біркелкі консистенциялы жұмыс электролитін дайындау. Азот қышқылды күмісті, көмірқышқыл марганецті, азот қышқылды марганецті дайындау. Будаларды дайындау. Қоспаның, ерітіндінің даярлығын айқындау; олардың физикалық және электр өлшемдерін тексеру. Белгіленген номиналға қажетті рецептураны таңдау. Аспаптың көмегімен салыстырмалы кедергіні өлшеу. Материалдарды ылғалдандыру және кептіру. Ілмектің технологиялық нұсқаулық рецепті бойынша есебі, оны 0,01 г дейінгі дәлдікпен өлшеу. Қолданылатын жабдықты баптау және реттеу.

Білуге тиіс: арнайы жабдықтардың, құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері; бастапқы материалдардың құрамы мен негізгі қасиеттері; бірінші сыныпты таразыны пайдалану ережесі; дайын қоспаны сипаттайтын негізгі электр және физикалық қасиеттері; массалар; қоспалардың, массалардың жарамдылығын айқындау тәсілдері; материалдардың ақаулықтарын анықтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қыш пленканы құюға арналған гранулат және автоматтандыру әдісімен интеграл схемалардың металл қыш корпустарын нығыздауға арналған гранулат - дайындау және алюминий ұнтағымен қаптау.

2. Лакты күйе және графит жүзгіндер, мыстауға арналған күкірт қышқыл электролит - дайындау.

3. Паста тәрізді және сұйық күйдегі тоқ өткізгіш масса, форстерит және цирконий қос тотығынан жасалған массалар - дайындау және олардың жарамдылығын айқындау.

4. Резисторлар мен конденсаторларды металдауға арналған пасталар - дайындау.

5. Палладийлеу мен никельдеуге, каучук пен органикалық ерітінділерден қыш массаны құюға арналған ерітінділер - дайындау.

6. Фото өткізгіш қабаттарды тозаңдандыруға арналған химиялық қоспалар - дайындау және кейіннен өңдеу.

7. Күміс жүзгіндер - дайындау және электр өткізгіштігін тексеру.

8. Магнит өткізгіштерге, конденсаторларды қаптауға арналған жүзгіндер - дөңгелек немесе діріл диірменін, құндақты немесе силит пешті қолдана отырып дайындау.

9. Феррит қоспалар – бастапқы компоненттерді орташалау; орталаудан кейін кесектерді күйдіру.

10. Қалың қабатты интеграл гибрид микросхемаларды қалыптауға арналған флюстер - дайындау.

11. СК және ВК-94-1 массасынан жасалған шликер - дайындау.

12. Форстерит массадан жасалған шликер - дайындау.

13. Қыш пленка мен шыны пленканы құюға арналған поливинилбутераль немесе акрил жалғастырғыштарының органикалық байланысы негізіндегі минерал құрам (алюминий тотығы, көмір қышқыл кальций, циркон, тальк, каолин, шыны, гранулат) мен ерітінділерден (трихлорэтилен, толуол, этил спирті, бензин және т.б.) тұратын шликер - дайындау.

14. Оксид конденсаторларға арналған электролит - дайындау.
§ 15. ЕРІТІНДІЛЕР МЕН ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті жабдықтарда күрделі ерітінділер мен қоспаларды дайындау. Әр түрлі маркалы қыш және алунд массалардан, арнайы және эксперименталды массалардан қалыптау және құю массасын (шликерді) дайындау. Әр түрлі салыстырмалы кедергісі бар тоқ өткізгіш массаны дайындау. Алынатын материалдың тазалығын аралық бақылау арқылы ұнтақ тәрізді молекулярлық күміс пен басқа да материалдарды алу. Төмен температуралық дәнекерді дайындау. Қоспаларды толықтырғышы бар ЭД-5 немесе ЭД-6 слюдасынан дайындау. Ұнтақ пен буданы дайындау. Салынатын компоненттердің санын рецептураға сәйкес қолданылатын жабдыққа байланысты есептеу. Рецептураны қажетті тұтқырлықты алу мақсатында қоршаған ортаның температурасына байланысты түзету. Бастапқы материалдардың салыстырмалы кедергісін анықтау. Массаның сапасын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының көмегімен айқындау. Контактол рецептурасы қажетті: күмістік пайыздық мөлшерін, тұтқырлықты, ЭП-96 лагындағы құрғақ қалдық пайызына байланысты бірігу күші мен салыстырмалы кедергіні алу мақсатында есептеу. Қатайтқышы бар ілмекті белгіленген рецептура бойынша дайындау.

Білуге тиіс: жабдықтың құрылысы және баптау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; компоненттердің құрамын саны мен сапасы бойынша есептеу тәртібі; реактивтердің химиялық қасиеттері; пасталардың тұтқырлығын, электр өткізгіштігін бақылау әдістері; бастапқы материалдардың салыстырмалы кедергісін айқындау әдістері; ұнтақ материалдарды тартуды бақылау әдістері; дайын өнімнің сапалық көрсеткіштерінен шекті ауытқулар.

Жұмыс үлгілері

1. Көп компонентті полиэфирлік, эпоксидті компаундтер - дайындау.

2. М-7 құю массасы - дайындау.

3. Ұнтақ тәрізді күйдегі тоқ өткізгіш масса - ауқымды резисторларға арналған рецептураны жасау.

4. Шықпаларға күміс жалатуға арналған паста - дайындау.

5. Микромодуль бұйымдарының шықпаларына күміс жалатуға арналған ланолин паста - дайындау.

6. Қарайтылған платина, палладий, ұсақ дисперсті күміс – тұндыру.

7. Алтын жалатуға арналған ерітінді - дайындау.

8. Поливинил спирті - дайындау.

9. СП, ВК және ТК типті тік желілі тік "А" резисторларына арналған жүзгіндер - дайындау.

10. Белгіленген номинал бойынша "Б" және "В" қисықтарына арналған жүзгіндер - дайындау.

11. Феррит масса – нығыздауыш ұнтақты тарту; ұнтақ пен буданы дайындау; толық тұнбаны тексеру.

12. Платалар мен маскалардың дайындамасын қаптауға арналған эмульсия - дайындау.
§ 16. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторларға, резисторларға, балқымалы сақтандырғыштарға және басқа да радиобөлшектерге арналған қарапайым бөлшектер мен тораптарды қолмен құрастыру. Қарапайым құрастыру жұмыстарын орындау: саңылауларды тесу, штифтілерді орнату, электр жалғамалардың корпустарына тығындарды бұрау. Желімдеуші құрамды дайындау. Бөлшектерді қопсыту және дәнекерлеу. Ең үлкен және ең кіші сыйымдылыққа жанаса салынатын конденсаторларды бұрау және қолмен орнату. Құрылғыларды, қарапайым құрастырмалы және өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау. Қадалықтың контактілерін ыстық суда және спиртті бензин қоспада жуу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; құрылғылардың, құрастырмалы және өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; конденсаторлардың, резисторлардың, сақтандырғыштар мен электр жалғамалардың түрлері мен мақсаты; қолданылатын материалдардың атауы мен таңбалануы; жинаққа кіретін бөлшектердің атауы мен мақсаты; құрастыруға арналған құрам және желімдеуші құрамды дайындау.

Жұмыс үлгілері

1. Тантал конденсаторлардың анод шықпалары – сурет салу.

2. Әр түрлі типті қағаз және металл қағаз конденсаторлардың сым шықпалары – бүгу және қолмен кесу.

3. Әр түрлі типті қағаз конденсаторлардың секцияларының жалаушалы шықпалары – қолмен жасау.

4. Цилиндр корпустағы герметикаланған қағаз конденсаторлардың шықпалары – құрылғыда немесе станокта тегістеу.

5. Әр түрлі типті қағаз конденсаторлардың секцияларының жалаушалы шықпалары – құрылғыда бұрау.

6. Бекіту гайкалары - қағаз және оксид конденсаторлардың өзегіне бұрап кигізу.

7. Қағаз, металл қағаз, слюда, герметикаланған конденсаторлар – оқшаулауышы мен дәнекерлеу сақинасы бар қақпақтарды (қолмен) құрастыру.

8. Айнымалы конденсаторлар - ең үлкен және ең кіші сыйымдылыққа бұрап кигізу орнату.

9. Қыш конденсаторлар - гайкаларды, контргайкаларды бұрап кигізу.

10. Қыш, жанастырыла салынған конденсаторлар – қақпағы бар қалпақшаны кигізу.

11. Қағаз, пленкалы, құрастырылған конденсаторлардың металл тік бұрышты корпустардағы оқшаулауыш табақтар – түтіктерге қолмен кигізу.

12. Шыны сақтандырғыштар - құрастыру.

13. Оксид конденсаторларға арналған секциялар – қолмен қағазбен немесе лакты матамен орау.


§ 17. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым конденсаторларды, резисторларды, балқымалы сақтандырғыштарды және басқа да радиобөлшектерді монтаждау беріктігі және контактілеу беріктігін қамтамасыз ете отырып, жартылай автоматтарда, құрылғыларда қолмен құрастыру. Сақтандырғыштарға арналған қалпақтарды үңгілеу. Контактілердің ұштарын құрылғыларда бүгу және бұру. Шыны қыш түтіктің арнасын тоқ өткізгіш композициямен толтыру және шықпаларды орнату (қолмен). Сыйымдылығы бойынша іріктеу және конденсаторлардың секцияларының блоктарын біріктіру. Роторларды, статорларды, жанаса салынған конденсаторларды сызба бойынша белгілеу. Радиобөлшектерді электр аспаптарда номиналы бойынша тексеру, электр өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарында бақылаулы өлшеу. Құрастыру кезінде қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды баптау. Дайындамалар мен бұйымдардың ақаулықтарын сыртқы түрі бойынша анықтау.

Білуге тиіс: құрастыру кезінде қолданылатын жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу және құрастыру құралдарының, электр өлшемдерін өлшеуге арналған аспаптардың мақсаты мен қолданылу шарттары; құрастырылатын бұйымдардың номенклатурасы, оларға қойылатын техникалық талаптар; радиобөлшектердің электр өлшемдері олардың сызбалар мен схемалардағы шартты белгіленуі; құрастырылатын бұйымдар өлшемдерінің белгіленген номинал мәндерінен шекті ауытқушылықтары.

Жұмыс үлгілері

1. Слюда конденсаторлар блоктарының арматурасы – қол нығыздауышының және тойтармаларды ашуға арналған құрылғылардың көмегімен құрастыру.

2. Оксид конденсаторлардың анод шықпалары - эксцентрикті нығыздауыштарды қолдана отырып, салқын дәнекерлеу әдісі арқылы анодпен бекіту.

3. Тығындар, осьтер, тойтарма – бедерін алу, қопару және механикалық, электр және пневматикалық құрылғылар мен станоктарда қысу.

4. Тантал және ниобий конденсаторлардың шықпалары - тегістеу.

5. Әр түрлі типті қағаз конденсаторлар – әр операция сайын және толық қолмен құрастыру.

6. Әр түрлі типті конденсаторлар – лек желілерде қолмен құрастыру.

7. Пленкалы, аралас құрастырылған, оксид конденсаторлар – нығыздауыштар мен бекіту станоктарын қолдана отырып, әр операция сайын құрастыру.

8. Жоғары вольтті қыш конденсаторлар – құрылғыларды қолдана отырып қолмен арматуралау.

9. Қыш, шыны қыш конденсаторлар - құрастыру.

10. Тантал конденсаторлар – мөлшерлеу құрылғысында электролитті корпусқа құю.

11. Шам панельдер - құрастыру.

12. Слюда конденсаторлардың пакеттері – шаблондар мен өлшеу құралдарын қолдана отырып, корпусқа қолмен құрастыру; қол станоктарын, пневматикалық аяқ нығыздауыштарын немесе арнайы машиналарды қолдана отырып қаусыру; сыйымдылығын өлшей отырып және қоршау санын реттей отырып қолмен немесе жартылай автоматтарда құрастыру.

13. Вакуумды конденсаторлардың пакеттері - тойтару.

14. Қыш сақтандырғыштар - құрастыру.

15. Резисторлар - автоматтарда, жартылай автоматтарда және агрегаттарда шықпаларымен арматуралау; электр өлшеу аспаптарында номинал топтары бойынша калибрін алу; жаппай өндіріс жағдайында құрастыру; электр төзімділігін тексеру.

16. Тоқ өткізгіш элементтер – өткізгіш блоктардың негіздеріне жабыстыру.

17. Төмен жиілікті электр жалғамалар, халықтық тұтыну тауарлары (бейнемагнитофондардың есептеуіштері және т.б.) - құрастыру.


§ 18. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конденсаторларды, резисторларды, балқымалы сақтандырғыштарды, электр жалғамаларды және басқа да радиобөлшектерді құрылғыларды қолдана отырып, жартылай автоматтарда және құрастыру автоматтарында қолмен құрастыру. Конденсаторлардың пакеттерін жартылай автоматтарда қаусыру. Әр түрлі диаметрлі жалғауыштардың ұяшықтарын арнайы механикаландырылған құрылғыларда, жартылай автоматтар мен автоматтарында қаусыру. Жартылай автоматтарды толтыру және есептеуіштерді белгіленген сыйымдылыққа құрастыру схемасына сәйкес баптау. Шыны жүзгіндерді жағу әдісімен терморезисторлар мен ковар тостағандарды шынылау. Қапталған тостағандарды қыш қалыптарға салу, селит пештерде пісіру. Терморезисторларды шыны корпустарда пісіру, траверстерді дәлдеп дәнекерлеу станогында дәнекерлеу. Құрастырылатын радиобөлшектердің электр өлшемдерін аспаптардың көмегімен өлшеу және тексеру. Электр өлшеу аспаптарын өлшеу процессінде баптау және реттеу. ТКС тексеру, ЭДС шуылдарын шуыл өлшеуіштерде өлшеу.

Білуге тиіс: құрастыру автоматтары мен агрегаттарының құрылысы, басқару жүйесі, баптау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолданылу шарттары және олармен жұмыс істеу әдістері; белгіленген номиналға қиыстырып келтірудің электр өлшемдерін өлшеу әдістері; ақаулықтардың түрлері және оларды жою шаралары; электр және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Басұштарының кірмелері (балқымалар) - магниттік-импульсті құрылғылардың импульстік өрісінің қысымын қолдана отырып құрастыру.

2. Диаметрі 1,0...12 мм электр жалғамалардың ұяшықтары – қаусыру және тармақталудың күшеюін бақылау.

3. Шағын ауқымды конденсаторлар - электр өлшемдерін тексере отырып және төсемдердің санын реттей отырып, корпусқа қолмен және автомат желілерде құрастыру.

4. Жанаса орналасқан қыш конденсаторлар - электр өлшемдерін өлшей отырып және номиналдар бойынша іріктей отырып, қолмен және жартылай автоматта құрастыру.

5. Конденсаторлар - автомат желілерде әр операция сайын құрастыру; жартылай автоматта құрастыру.

6. Қыш конденсаторлар – шықпаларды электронды блоктары бар жартылай автоматта жабыстыру.

7. Арнайы конденсаторлар – қолмен және жартылай автоматтарда құрастыру.

8. Шыны пленкалы, шыны қыш және монолит конденсаторлардың пакеттері – арнайы жартылай автоматтарда құрастыру.

9. Диапазондарды ауыстырып қосқыштар – ауыстырып қосқыштарды реттеу және алдыңғы құрастырудың ақаулықтарын жою.

10. Шыны немесе қыш корпустардың сақтандырғыштары - арматуралай отырып құрастыру.

11. Резисторлар – автоматтар мен автомат желілердің агрегаттарының көмегімен құрастыру.

12. Шағын ауқымды және дәлме-дәл резисторлар - құрастыру.

13. Айнымалы резисторлар - осциллографта қисық бойынша тексеру.

14. Пленкалы резисторлар – арматуралау автоматтарында құрастыру.

15. Аса қуатты сумен тұрақты салқындатылатын резисторлар - құрастыру.

16. Шыныланған резисторлар, мөлшері 0,5 мм аспайтын терморезисторлар - шыны корпустарға пісіру.

17. Торлар, мөлшерқада, конденсаторлардың бөлшектері мен тораптары – дәнекерлеу жартылай автоматтары мен автоматтарын қолдана отырып құрастыру.

18. ГРПМ, РПМ электр жалғамалар, аметист және т.б. - құрастыру.
§ 19. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және шағын ауқымды конденсаторларды, резисторларды, электр жалғамалар мен басқа да радиобөлшектерді, сондай-ақ қуатты резисторларды және оның жекелеген тораптарын автоматта, жартылай автоматтарда және күрделі құрылғылар мен құралдарды қолдана отырып, қолмен құрастыру. Екіден астам секциясы бар сыйымдылығы айнымалы конденсатолардың бөлшектерін қиыстырып келтіре отырып толық құрастыру. Пластиналарды тегістеу және іріктеу. Секциялардың статорлары мен роторларын дәнекерлей отырып құрастыру. Күрделі конденсатор-блоктарды саңылаулары мен сыйымдылық ауқымын реттей отырып жалпы құрастыру. Электр және геометриялық өлшемдерді бақылау-өлшеу аспаптарында белгіленген жоғары дәлдікті номиналға келтіре отырып тексеру және өлшеу. Жабдықтарды, аспаптар мен құрылғыларды жұмыс барысында баптау. Құрастырмалы құрылғыларды жасау. Құрастыру жұмыстарының жүйелілігін айқындау. Дайындамалардың, бұйымдардың, материалдар мен компоненттердің ақаулықтарын сыртқы түрі бойынша және аспаптардың көмегімен айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы және баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты, құрылысы мен қолданылу шарттары; арнайы және әмбебап құрылғылардың құрылымы; құрастыру технологиясы; радиобөлшектер мен оның тораптарының мақсаты мен қолданылуы; қолданылатын материалдар мен компоненттер; ақаулық түрлері; квалитеттер; белгіленген жұмыстарды орындау үшін формулалар мен кестелер бойынша есептеу; орындалатын жұмысқа қатысты металдар мен электр техникасы технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Айнымалы сыйымдылықты, бұрама типті конденсаторлардың блоктары (төрт секциялы) - құрастыру.

2. Әр түрлі типті айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар - құрастыру.

3. Конденсаторлар, резисторлар және басқа да шағын ауқымды бөлшектер - аспаптарда жоғары дәлдікті электр өлшемдерін тексере отырып және өлшемдері (номиналдары) бойынша іріктей отырып қолмен құрастыру; аспаптарда жоғары дәлдікті электр өлшемдерін тексере отырып және өлшемдері (номиналдары) бойынша іріктей отырып автоматтарда (жартылай автоматтарда) құрастыру.

4. Арнайы радиобөлшектер – қолмен немесе автоматтарда және жартылай автоматтарда құрастыру.

5. Конденсаторлар, резисторлар мен басқа да радиобөлшектерге арналған тораптармен бөлшектер – күрделі құрылғылар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық жабдықта әр операция сайын құрастыру.

6. Күрделі құрылымды электржалғамалар - контактілі қысымды реттеу тораптарын құрастыру; РППМ27 типті электржалғамалардың экрандарын орнату және бекіту.
§ 20. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ШЫНЫҚТЫРУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеумен шынықтыру үшін конденсаторлы секцияларды стенділерге орнату. Конденсаторларға арналған резисторлар мен слюда пластиналарды термостаттарда термошынықтыру. Бұйымдарды стенділердің қысқыштарына қосу. Бұйымдарды құндақтарға және құндақ стенділерге орнату. Бұйымдардың полюстерінің өткізгіштерімен орау. Қысқа тұйықталған бұйымдарды ажырату және алу. Термостаттарға резисторларды немесе күміс жалатылған слюда пластиналарды салу. Температураны белгіленген шегіне жеткізу және оны бақылау. Бөлшектерді термостатта белгіленген уақыт бойы ұстап тұру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; термошынықтыру режимдері және оны реттеу ережесі; бұйымдарды шынықтыру процессінде монтаждау және бөлшектеу тәсілдері; шынықтырылатын бұйымдардың негізгі электр сипаттамалары мен ауқымы.

Жұмыс үлгілері

1. Төмен вольтті конденсаторлар төмен омды резисторлар - шынықтыру.

2. Тұрақты сым, пленкалы резисторлар - термостатта термошынықтыру.

3. Слюда нығыздалған конденсаторларға арналған күміс слюда - термостатта термошынықтыру.

4. Секциялар мен әр түрлі типті оксид конденсаторлар - құндақтарға немесе құндақ стенділерге монтаждау және бөлшектеу.

§ 21. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ШЫНЫҚТЫРУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторлар секцияларын арнайы автоматтарда, жартылай автоматтарда электр шынықтыру. Шынықтырылуға тиіс секциялардың биіктігі бойынша автоматтар мен жартылай автоматтардың дискілерінің арасындағы қашықтығын реттеу. Секцияларды автоматтар мен жартылай автоматтардың контактісіне орнату. Вольтметр мен реттеуші аппаратураның көмегімен қысқыштағы, құндақтардағы кернеуді тексеру. Тасымалдаушы құрылғыларды қосу және оның қозғалысына қажетті жылдамдықты белгілеу. Бұйымдарды белгіленген уақыт бойы кернеуде ұстап тұру. Кернеуді алу және бұйымды разрядтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтар мен жартылай автоматтардың жұмыс қағидасы; кернеуді іріктеу және шынықтыру стенділерде жұмыс істеу ережесі; конденсаторлық секцияларды автоматтар мен жартылай автоматтарда шынықтыру режимдері; шынықтыру кернеуі мәндерінің және радиобөлшектердің әрбір номиналына арналған шынықтыру ұзақтығының кестелері; кернеуді өлшеу және реттеуге арналған аспаптар мен аппаратураның мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Резисторлар – сериялық және жаппай өндірісте стенділерде кернеумен шынықтыру.

2. Әр түрлі типті металл қағаз конденсаторлардың секциялары - жартылай автомат жабдықта кернеумен шынықтыру.

3. Әр түрлі типті металл қағаз конденсаторлардың секциялары - автоматта электр шынықтыру.

4. Әр түрлі типті металл қағаз конденсаторлардың секциялары - шынықтыру қалыптары бар тесу құрылғысында электр шынықтыру.

5. Слюда конденсаторларға слюда күміс - туннельді пештерде термошынықтыру.
§ 22. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ШЫНЫҚТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторлар мен резисторлардың секцияларын арнайы шынықтыру стенділері мен автоматтарда, өлшеу аспаптарын қолдана отырып және стенділерді белгіленген режимге баптай отырып электр шынықтыру. Шынықтыру кернеуін қосу және осы номинал үшін белгіленген ауқымға дейін жеткізу. Бұйымдарды белгіленген уақыт бойы шынықтыру және термоэлектрлік шынықтыру. Істен шыққан бұйымдарды анықтау және алып тастау. Конденсаторлардан тоқтың кетуін өлшеу көпірінің көмегімен іріктеп тексеру. Стенділердегі ұсақ ақаулықтарды жою. Бұйымның әрбір партиясына төлқұжат толтыру.

Білуге тиіс: шынықтыру стенділерінің, реттеуші аппаратураның және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, электрмен жабдықтау жүйесі; бұйымдарды стенділерде шынықтыру режимі (кернеуі, ұзақтығы, температурасы); жоғары вольтті құрылғыларда, тұрақты тоқ генераторларында және тұрақты тоқ түзеткіштерінде жұмыс істеу ережесі; бұйымдардың электр өлшемдерін өлшеу тәсілдері

Жұмыс үлгілері

1. Оксид конденсаторлар - шынықтыру.

2. Микромодульді конденсаторлар - шынықтыру.

3. Жұқа қабатты резисторлар, конденсаторлар – эл.шынықтыру.

4. Резисторлар – арнайы стенділерде шынықтыру.

5. Оксид конденсаторлардың секциялары - шынықтыру.

6. Пленкалы және сым кедергілер - автоматтарда шынықтыру.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




Р/с№



Осы бөлімшеде көрсетілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

2002 жылы БТБА-ның қолданыста болған

бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазондары

БТ

БА басылым №



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Тазалаушы

1-4

Тазалаушы

1-4

20

Радиобөлшектер өндірісі

2.

Катализаторшы

2

Катализаторшы

2

-//-

-//-

3.

Магнит өткізгіштерді ораушы

3-5

Магнит өткізгіштерді ораушы

3-5

-//-

-//-

4.

Радиобөлшектерді дәнекерлеуші

1-3

Радиобөлшектерді дәнекерлеуші

1-3

-//-

-//-

5.

Ерітінділер мен қоспа дайындаушы

1-4

Ерітінділер мен қоспа дайындаушы

1-4

-//-

-//-

6.

5


Радиобөлшектерді құрастырушы

1-4

Радиобөлшектерді құрастырушы

1-4

-//-

-//-

7.

Радиобөлшектерді шынықтырушы

1-3

Радиобөлшектерді шынықтырушы

1-3

-//-

-//-

РЕЗИСТОРЛАР ӨНДІРІСІ


§ 1. КЕСУШІ ОПЕРАТОР

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спираль ойықтарын металданған және көміртектелген қыш негіздерге белгіленген номинал бойынша 6-9 квалитеттері бойынша шақтаманы сақтай отырып, кесу станоктарында, автоматтар мен автомат желілерде кесу процессін жүргізу. Құрылғыларды кесудің белгілі бір қадамына орнату. Бапталған аспапта белгіленген номиналдан ауытқушылықты анықтау. Автоматты тазалау және кесу цангалары мен контактілі топты спиртпен сүрту. Металданған және көміртектелген қыш негіздерді автомат бункеріне себу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; резисторлардың ом кедергісінің ауқымын өлшеу ережесі; кесу құралының (қыш дискілердің) мақсаты, қайрау және орнату ережесі; қыш пен оған жағылған тоқ өткізгіш өрістің негізгі қасиеттері.


§ 2. КЕСУШІ ОПЕРАТОР

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спираль ойықтарын металданған және көміртектелген қыш негіздерге белгіленген номинал бойынша 5-6 квалитеттері бойынша шақтаманы сақтай отырып, станоктарда, жартылай автоматтарда, автоматтар мен автомат желілерде, бағдарламамен басқарылатын автоматтарда кесу процессін жүргізу. Белгіленген номиналды кесуге арналған бастапқы топты кесте бойынша анықтау. Тегістеу дөңгелектерін кезең-кезеңмен қайрау. Аспаптардың көрсеткіштері бойынша таңдамалы бақылау өлшемдерін алу. Кесу ақаулықтарын сыртқы түрі бойынша анықтау және қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген тораптарын жұмыс барысында баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оның жекелеген тораптары мен тетіктерін баптау тәсілдері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; кесілетін бұйымдардың ом кедергісінің ауқымы; белгіленген номиналды спираль ойықтарын кесу бойынша кестені пайдалану ережесі; кедір-бұдырлық шақтамасы, квалитеттері мен өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; ақаулық түрлері.


§ 3. КЕСУШІ ОПЕРАТОР

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спираль ойықтарын металданған және көміртектелген қыш негіздерге ені 0,07-0,1 мм спиральді оқшаулаушы тілігінің лазер сәулесін қалыптастыру жолымен лазерлік кесу автоматтарда кесу процессін жүргізу. Қажетті номиналды, қажетті кернеуді, технологиялық процеске сәйкес үрлеу тоғы күшінің нақты мәнін белгілеу. Лазер сәулесін оптикалық жүйенің көмегімен мерзімдік фокустеу. Аспаптардың көрсеткіштері бойынша таңдамалы бақылау өлшемдерін алу. Кесудің технологиялық процессін баптаудың сапасы мен дәлдігі бойынша реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; үздіксіз қызмет ету лазерінің сәуле таратушысының және оптикалық генераторының құрылысы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері; кесудің технологиялық процессін реттеу тәртібі.


§ 4. ЖАҒУШЫ ОПЕРАТОР

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тік желілі тәуелді айнымалы резисторлардың тоқ өткізгіш элементтерін алу үшін гетинакс жолақтарын арнайы агрегатта жүзгіндермен қаптау. Қаптау процессін реттеу. Бапталған аспаптардың көмегімен ом кедергісінің ауқымын анықтау. тоқ өткізгіш элементтерінің ұштарына жаққышпен (қолмен) күміс жүзгін қабатын жағу. Қыш өзектерді батырып алу арқылы жүзгінмен қаптау. Қажетті тұтқырлықты каолин ерітіндісі мен эмаль дайындау. Резисторлардың терезесін ПЭВ 10 тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; айнымалы резисторлардың тоқ өткізгіш қабатын конвейерлік пеште термоөңдеу ережесі; кептіру шкафтарының жұмыс режимдері; қолданылатын пасталардың, лактар мен желімдеуші құрамдардың атауы мен негізгі қасиеттері; контактілі қабаттың кедергі ауқымын омметрмен және кедергі көпірлерінде өлшеу ережесі.


§ 5. ЖАҒУШЫ ОПЕРАТОР

З-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тоқ өткізгіш жүзгінді гетинакс жолақтарға, шыны жіп пен микроплаталарға автомат жабдықта резисторлар кедергісінің номинал ауқымын қамтамасыз ете отырып, жағу. Тоқ өткізгіш қабатты полимерлеу және дайындамаларды кесу. Алтын электродтарға (пластиналарға) қолмен жаққышпен күміс паста жағу. Пастадағы күмісті қалпына келтіру. Жүзгіндерді кедергі ауқымының белгіленген номиналына дайындау. Сынақ өлшемдерінің негізінде жүзгін құрамын түзету. Тоқ өткізгіш қабатты жағу процессін және полимерлеу камераларының режимін реттеу. Электр кедергісінің ауқымын омметрмен өлшеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; тоқ өткізгіш жүзгіндерді жағу үшін конвейерлік пештердің, кептіру шкафтары мен агрегаттардың жұмыс режимін белгілеу ережесі; сым емес резисторлардың электр ауқымын омметрмен және осциллографта өлшеу ережесі және қисықтардың түрлері және олардың құрылымы; жағылған қабаттың қалыңдығы мен біркелкілігінің ом кедергісінің ауқымы мен қисық түріне әсер ету сипаты; тоқ өткізгіш массаның құрамы мен қасиеттері және оны түзету; шыны жіптердің нөмірлері.

Жұмыс үлгілері

1. Балқымалы сақтандырғыштар - полимерлеу.

2. СЗ-4 сым емес резисторлар - тоқ өткізгіш қабатты автоматта микроплаталарға жағу.

3. СЗ-3 сым емес композициялық резисторлар – жартылай автомат құрылғыда жасау.

4. Сым емес резисторлар тоқ өткізгіш элементтері – жүзгіндерді арнайы агрегаттарда жағу.
§ 6. РЕЗИСТОРЛАРДЫ ЭМАЛЬДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орау сымының диаметрі әр түрлі түтікті сым резисторларды дайындалған жабдықта эмальдеу. Өзектерді резистор түтігінің диаметрі бойынша іріктеу. Ұнтақтың ұсақтығын және эмаль ұнтағының ылғалдылығын анықтау.

Білуге тиіс: эмальденген пештердің, құндақтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және эмальдеу кезінде қолданылатын жұмыс құралдарының атауы мен мақсаты; ұнтақты ылғалдылығының эмальдің балқуына әсері; эмальденетін бұйымдарды электр пештерінде температураға байланысты ұстау уақыты; эмаль ұнтағын балқыту температурасы.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 30 мм, ұзындығы 180 мм түтікті резисторлар - эмальдеу.

2. Эмальдер – ұнтақ ұсақтығы мен балқыту дәрежесі бойынша жарамдылығын айқындау.
§ 7. РЕЗИСТОРЛАРДЫ ЭМАЛЬДЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түтікті сым және шыныланған резисторларды электр эмальдеу пештері мен құндақтарының температурасын өздігінен реттей отырып және қыш түтіктердің, шыны резисторлардың мөлшері мен қалыңдығына және эмальдің балқу дәрежесіне байланысты эмальдеу.

Білуге тиіс: электр пештері мен құндақтарының (алдын ала қыздырылатын бір орынды және көп орынды) құрылысы мен жұмыс қағидасы; қоршаған орта температурасының эмаль қабатына әсері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; эмаль қабаттың төзімділігін айқындау тәсілдері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері: Диаметрі 25 мм, ұзындығы 60 мм түтікті резисторлар - эмальдеу.
§ 8. РЕЗИСТОРЛАРДЫ ЭМАЛЬДЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыныланған, секциялы, реттелетін тегіс резисторларды, потенциометрлерді және басқа да күрделі пішінді бұйымдарды пирометрді, гальванометр мен термобуды пайдалана отырып эмальдеу.

Білуге тиіс: резисторларды эмальдеуге арналған жабдықтардың құрылысы; жабдықтардың электр схемасы, баптау және тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; эмальдеудің анағұрлым тиімді режимін айқындау ережесі; термиялық процестердіің теориялық негіздері.

Жұмыс үлгілері: Шыныланған, тегіс резисторлар - эмальдеу.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




Р/с№



Осы бөлімшеде көрсетілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

2002 жылы БТБА-ның қолданыста болған бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

БТБА басылымының №

Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Кесуші оператор

2-4

Кесуші оператор

2-4

20

Радиобөлшектер өндірісі

2.

Жағушы оператор

2-3

Жағушы оператор

2-3

-//-

-//-

3.

Резисторларды эмальдеуші

2-4

Резисторларды эмальдеуші

2-4

-//-

-//-

3. КОНДЕНСАТОРЛАР ӨНДІРІСІ


§ 1. ОҚШАУЛАУЫШТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулауыштардың капрон корпустарын дәнекерлеу жартылай автоматында дәнекерлеу. Қабыршақтарды электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу. Қыздыру элементтерінің температурасын реттеу. Дәнекерлеу жартылай автоматын баптау. Капронның шыққан жерлерін пышақпен кесіп тастау. Металл арматуралы шыны дайындамаларды көп шпиндельді дәнекерлеу жартылай автоматтары мен автоматтарда дәнекерлеу. Металл арматуралы қыш оқшаулауыштарды шынымен құндақты пештерде дәнекерлеу. Жартылай автоматтың ұяшықтарына шпиндель орнату және істен шыққандарын ауыстыру. Көп шпиндельді дәнекерлеу жартылай автоматтарына дайындамалар мен арматура толтыру және оны баптау. Металл шайбаларды қыш оқшаулауыштарға термостатта кептіре отырып жабыстыру. Оқшаулауыштардың өлшемдері мен олардың сапасын мерзімдік тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; капрон мен шынының қасиеттері және балқыту температурасы; алып-салмалы және онсыз көп шпиндельді дәнекерлеу жартылай автоматтарында жұмыс істеу ережесі; дәнекерленетін бөлшектердің механикалық қасиеттері олардың ақаулықтарын анықтау тәсілдері, шыны немесе қышты металмен дәнекерлеу режимі; жалынды реттеу тәсілдері, дәнекерленген оқшаулауыштардың жарамдылығын сыртқы түрі бойынша анықтау және олардың өлшемдерін шаблон бойынша тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделілігі әр түрлі шыны өтпелі оқшаулауыштар - көп шпиндельді дәнекерлеу жартылай автоматтарында дәнекерлеу.

2. Жоғары вольтті конденсаторларға арналған қыш оқшаулауыштар - металл арматуралы шыныны құндақты пештерде және көлденең дәнекерлеу станоктарында дәнекерлеу.

3. Капрон өткізгіш блоктардың корпустары, пьезосүзгілердің корпустары - жартылай автоматтарында дәнекерлеу.


§ 2. ОҚШАУЛАУЫШТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл арматуралы шыны және қыш дайындамаларды көп шпиндельді станоктарда дәнекерлеу. Газ шілтердің отын газ бен ауа жіберу арнасы арқылы реттеу. Шайбадағы шыныны алдын ала нығыздау. Түтігі бар шыныны дәнекерлеу. Түтіктің айналасын шынымен қаптау және оқшаулауыштың жоғарғы бөлігін нығыздау. Шайбалы шыныны дәнекерлеу және оқшаулауыштың түбін шілтер отының тиісті бағыты бойынша ресімдеу. Жоғары вольтті оқшаулауыштарды көлденең дәнекерлеу станоктарында құрастыру.

Білуге тиіс: көп шпиндельді дәнекерлеу станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; дәнекерлеу процессінде бөлшектерді орнату және алу ережесі; металл арматуралы шыны және қыш дайындамаларды м режимдері; әр түрлі маркалы шынының механикалық қасиеттері және оны дәнекерлеу кезіндегі қыздыру температурасы.

Жұмыс үлгілері: Күрделілігі әр түрлі шыны, өтпелі, қыш оқшаулауыштар - көлденең дәнекерлеу станоктарында және көп шпиндельді жартылай автоматтарда дәнекерлеу.
§ 3. ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Фольганы, қағазды, резинаны, жібекті, сымды, триацетат пленканы, шыны лакты матаны, полихлорвинилден, кембриктен және басқа да материалдардан жасалған оқшаулау түтіктерін белгіленген өлшемдер бойынша станоктарды, пышақ пен қайшыны қолдана отырып қолмен кесу. Бөлшектердің дайындамаларын автоматтар мен жартылай автоматтарда тілу, тесу, тазалау, жазу. Орамаларды, орауыштарды, материал бухталарын автоматтарда, жартылай автоматтарда, станокта немесе қол құрылғысында орнату және бекіту. Дайындамаларды кезең-кезеңмен бақылау өлшемдерін алу, сапасыз дайындамаларды анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, әмбебап және арнайы құрылғылардың мен бақылау-өлшеу құралдарының, кесу және белгілеу құралдарының мақсаты, жұмыс қағидасы және қолданылу шарттары; шақтамалар мен орнату жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; пішу кестесі; дайындамалардың түрлері, өлшемдері, өңделетін материалдардың механикалық қасиеттері; қолмен кесу, жаншу ережесі мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қағаз - шашақтандыру.

2. Қағаз бен картон – дайындамаларға кесу.

3. Кабельді қағаз, лакты мата - "папшер" қайшысымен қию.

4. Қағаз жапсырмалар, оксид конденсаторларға арналған анод фольгадан жасалған шықпалар – станоктар мен құрылғыларда кесу.

5. Шағын ауқымды қағаз және пленкалы конденсаторларға арналған сым шықпалар - автоматтарда және құрылғылы автоматтарда жасау.

6. Фольгадан жасалған дайындамалар – қол ролигімен жаншу.

7. Қыш дискілі конденсаторлар – екі шықпаны өлшеммен кесу.

8. Конденсаторлар – бөлшектердің дайындамаларын арнайы автоматтарда, жартылай автоматтарда немесе станоктарда жасау.

9. Конденсаторлар – құрамында металлы бар массаны жағу үшін фетр ершиктерін жасау.

10. Шыны конденсаторлар – шыны пленкаларға кесу.

11. Трансформаторларға арналған табақтар - кабель қағаздан жасалған таспаны бекіту.

12. Металданған және металданбаған пленка, конденсаторлық қағаз, фольга, кабельді қағаз дәне конденсаторларға арналған жібек – тығырық кескіш машиналарда кесу.

13. "Посол" типті интегралды гибрид микросхемалар – желім пленкадан жасалған дайындамаларды жасау.

14. Электролит конденсаторлардың анод пластиналары – қолмен дайындау.

15. Қыш пленка - жолақ етіп кесу.

16. Сым - орау және тегістеу.

17. Магнитпен басқарылатын контактілерге арналған сым - токарлық станокта белгілі бір диаметрге дейін арнайы құрылғыда калибрлеу.

18. Трансформаторларға арналған оқшаулауыш төсемдер – сызба бойынша кесу.

19. Лакты матадан, қағаздан, картоннан, гетинакстан жасалған төсемдер - кесу.

20. Жұмсақ икемді сым - трансформаторлар мен дроссельдерге арналған шықпаларды кесу және қалайылау.

21. Өткізгіштер - қолмен белгілі бір ұзындыққа кесу және оқшаулауышты құрылғыда тазалау.

22. КИМ, КВМ типті тұрақты резисторлар - шықпаларды тегістеу.

23. Жіп композициялық резисторлар - өлшемдерін реттей отырып, станокта кесу.

24. Сым күміс - кесу.

25. Транзисторлар – кесу, шықпаларды қолмен және құрылғыларда кесу.

26. Күшті трансформаторлар - хлорвинил түтіктерін қолмен және станоктарда кесу; қағазды станокта шашақтандыру; сымды қосымша ұштарға дайындау.

27. Слюда конденсаторларға арналған фольга – дайындау, қолмен кесу.

28. Оксид конденсаторларға арналған анод фольга - қағаз кескіш ролик автоматтарда бойлатып кесу.

29. Шпульдер – орауыштарға автоматтарда кесу.


§ 4. ДАЙЫНДАУШЫ

З-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қағаз орамаларды, пленкаларды, фольганы бойлап кесу станоктарында кесу. Барлық типті конденсаторлар мен шыны оқшаулауыштарға арналған дайындамаларды кесе отырып және жабдықты белгіленген өлшемдерге баптай отырып, арнайы автоматтарда, жартылай автоматтарда, станоктарда, нығыздауыш машиналарда кесу арқылы жасау. Күміс қаңылтырларлы туннельді пештерде күйдіру. Қаңылтырларды жазу және майсыздандыру. Кесуден кейін жарамсыз ету, жолақтарын жазу және кейіннен арнайы құрылғыларда орамаларға орай отырып, таспаға жабыстыру. Қыш конденсаторларға күміс жалатуға арналған трафареттерді жасау. Алюминий фольганы крацтеу. Қыш конденсаторларға арналған дайындамаларды арнайы станоктарда кесу әдісімен жасау. Сым дәнекерді станокта немесе қолмен орай отырып, сақиналар, тік төртбұрыштар, және басқа да пішіндерді жасау. Қажетті құралдарды, қалыптар мен құрылғыларды іріктеу. Жабдықты дайындау және баптау. Бөлшектердің сызбалар мен нормаларға сәйкестігін тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; станоктарды, машиналарды, автоматтар мен жартылай автоматтарды баптау тәсілдері; өңделетін материалдардың (фольга, конденсаторлық және кабельді қағаз, текстолит, пресс-шпан, мыс сым және т.б.) негізгі қасиеттері; кесу құралының кесу қасиеттері мен геометриясы; белгілеу және өлшеу құралдарының (микрометр, штангенциркуль, шаблон) мақсаты және қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Конденсаторлардың барлық типтеріне арналған таспалы және сым шықпалар – жартылай автоматта немесе станокта кесу және жаншу.

2. Қағаз конденсаторларға арналған картонажды түтіктерден жасалған гильзалар – түтік кескіш станокта кесу.

3. Трансформаторлар мен дроссельдерге арналған шыны тордан жасалған қағаз гильзалар – арнайы станокта орау, өлшемдерімен кесу.

4. Шыны оқшаулауыштарға арналған темір-никель және ковар түтіктерден жасалған дайындамалар - арнайы станоктарда немесе жартылай автоматтарда кесу.

5. Селен дайындамалар - селен мен кадмийді жағуға арналған бекіткіш; үгіту және қалыптан алу.

6. Қыш конденсаторларға арналған дайындамалар - жасау және автоматтарда құндақтарға құрастыру.

7. Қыш конденсаторларға арналған пленкадан жасалған дайындамалар - кесу және шабу.

8. Сұйық кристалл индикаторлар - поляроид (жарық сүзгілерін) кесу және жасау.

9. Трансформаторлардың орауыштары – секцияларға кесу.

10. Сақиналар (диаметрі 0,6-2 мм) – орау және кесу.

11. "Малютка"типті бұйымдарға арналған магнит өткізгіш - орау.

12. Магнит өткізгіштер - ПТЭФ пленкасымен оқшаулау.

13. Оксид конденсаторларға арналған анод пластиналар – пластиналарды кесуге арналған станоктарда дайындау.

14. Слюда пластиналар – күміс тозаңды діріл стендінде бір уақытта себе отырып кесу.

15. Қағаз және пленкалы конденсаторларға арналған орама қағаздан жасалған төсемдер, орауыштар, пленка мен картон қаптамалар - "Артас" типті автоматта кесу.

16. Фольгадан жасалған төсем - шабу.

17. Сымдар - автоматта тілу.

18. Сым күміс - кесу.

19. Қағаз цилиндр конденсаторларға арналған алюминий түтіктер – көп дискілі аяқтары бар станоктарда кесу.

20. Шыны оқшаулауыштарға арналған шыны термометриялық түтіктер - шыны кесу станогында кесу.

21. Қағаз конденсаторларға арналған орама фольгадан жасалған жалаушалар – дайындамаларды автоматта кесу.

22. Алюминий фольга – металл щеткамен крацтеу станогында крацтеу.

23. Фольга - трансформаторлардың экрандарына арналған дайындамаларды автоматтарда кесу.

24. Трансформаторлардың этикеткалары - машинада 0,25, 0,5 мм шақтамамен кесу.

25. Жібек, фольга, пленка, қағаз - бойлап кесу станоктарында, автоматтарда, жартылай автоматтарда.


§ 5. ПОЛИМЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторларды бір камералы және үш камералы термостаттарда, арнайы конвейерлік құрылғыларда белгіленген жұмыс режимін сақтай отырып, полимерлеу (пісіру). Пленкалы конденсаторлардың секцияларын пісіру. Конденсаторлардың белгіленген пішінін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылардың қолданылуы. Конденсаторларды арнайы құрылғылар мен тигельдерге салу, содан кейін термостаттар мен пештерге салу. Бұйымдарды пісіргеннен кейін шаблонның көмегімен тексеру. Шықпалардың оралуын және пісу сапасын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; әмбебап және арнайы құрылғыларының, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; белгіленген режимдерді реттеу тәсілдері; полимерлеу процессінің нақты және сапалы жүргізілуіне қойылатын негізгі талаптар; пленка мен эпоксидті шайырдың мақсаты мен негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері: Пленкалы конденсаторлардың секциялары - термостатта пісіру.
§ 6. ПОЛИМЕРЛЕУШІ

З-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анодтардың жоғары температуралы вакуум пештерінде пісу процессін жүргізу. Тантал анодтарды тигельдерге салу. Тигельдерді ілмектерге орнату және оларды пешке салу. Камерада вакуум жасау. Пештің температурасын реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; жабдықтарға өңделетін материалдарды салу және шығару ережесі; пісіру режимдері; өңделетін бұйымдар материалдарының негізгі қасиеттері; өңделетін материалдардың белгіленген өлшемдерінің ауытқу шақтамасы; бұйымдардың даярлығын айқындау және олардың сапасын тексеру.

Жұмыс үлгілері: Оксид конденсаторлардың анодтары – жоғары температуралы вакуум пештерінде пісіру.
§ 7. ФОЛЬГА ӨҢДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электролит конденсаторларға арналған фольганы динамикалық өңдеу агрегаттарында электр химиялық өңдеу және майсыздандыру (біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшымен бірге немесе соның бақылауымен). Агрегатты дайындау және іске қосу. Орау станогын жұмысқа дайындау. Фольганы оның керілуін реттей отырып және кептіре отырып орау.

Білуге тиіс: динамикалық өңдеу агрегаттарының жуу, кептіру, орау және іске қосу құрылғыларының жұмыс қағидасы, басқару жүйесі мен жұмысқа дайындау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; барлық номиналды өңделген алюминий фольганың техникалық сипаттамасы; өңделетін материалдар мен өңдеу мен майсыздандыруға арналған құрамның негізгі қасиеттері.


§ 8. ФОЛЬГА ӨҢДЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электролит конденсаторларға арналған фольганы динамикалық өңдеу агрегаттарында электр химиялық өңдеу және майсыздандыру. Фольганың маркасы мен енінің белгіленген үлгі номиналға сәйкестігін тексеру. Фольга орамасын құрылғыға орнату. Фольганың үлгісін өңдеу дәрежесіне тексеру. Фольганың әрбір партиясына арналған өңдеу режимін өңдеудің белгіленген коэффициентіне сәйкес таңдау. Ерітінділерді бақылау химиялық талдамаларының қорытындысы бойынша түзету. Анод фольгасын майсыздандыру. Фольганың қозғалу жылдамдығын астаулар мен валиктер арқылы тексеру.

Білуге тиіс: динамикалық өңдеу агрегаттарының құрылысы және баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; фольганың қозғалу жылдамдығын анықтау тәсілдері; фольганы өңдеу режимдері; қолданылатын материалдардың (алюминий фольга, тұз, сілті, қышқыл) түрлері мен қасиеттері; материалдардың ақаулығын анықтау және ораманың өн бойында өңдеудің біркелкілігін, коррозияның, фольганың жыртылуы мен майысуының алдын алуды қамтамасыз ету тәсілдері; электролиттің, сілтілік және қышқыл ерітінділердің рецептурасы, дайындау және түзету тәсілдері; өңдеу ванналарынан гидрототықты алып тастау бойынша нұсқаулық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет