Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы. Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау



бет1/2
Дата16.06.2016
өлшемі458.48 Kb.
#139907
  1   2



Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «16» қыркүйектегі

№ 309 бұйрығымен

бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы.

Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау.

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігінің Осы Талабы (бұдан әрі - Талап) дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялауға қолданылады.

Дәнекерлеушілер және дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау теориялық және практикалық дайындықты толық қамтамасыз ету мақсатында, олардың білімдері мен тәжірибелерін және дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарының қауіпті өндірістік орындарда жұмыс істеуіне рұқсат беру мақсатында жүргізіледі.

2. Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарының қауіпті өндірістік орындарда құрылғыны шығаратын, монтаждайтын, өңдейтін және қайтадан құрастыратын аттестаттау шарасы.

Анықтайды:

1) дәнекерлеу өндірісі мамандарының кәсіптік дайындық деңгейі;

2) дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарының білімі мен арнайы дайындығына қойылатын талаптар;

3) дәнекерлеушілердің аттестаттау тәртібі;

4) дәнекерлеушілер өндірісі мамандарын аттестаттау тәртібі;

5) реестр жүйе аттестаттауының кіргізу тәртібі.

3. Аттестаттау шарасы кәсіптік мамандандырылған дайындықтың төрт деңгейін қосады:

І деңгей – аттестаттаудан өткен дәнекерлеушілер;

ІІ деңгей – аттестаттаудан өткен дәнекерлеу шебері;

ІІІ деңгей – аттестаттаудан өткен дәнекерлеу технологы;

ІV деңгей – аттестаттаудан өткен дәнекерлеу инженері;

Деңгейді белгілеу қолданыстағы аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік разрядын беруді жоққа шығармайды.

4. Бақыланған дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандары тек аттестаттау куәлігінде белгіленген мамандық бойынша жұмыс істей алады.

5. Аттестаттаушы комиссия жұмыстарында қатынасатын дәнекерлеу өндірісі мамандары дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау жұмыстарын жүргізу құқына аттестацияланады.

2 - тарау. Негізгі ұғымдар
Осы Талапта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) аттестациялық комиссия – дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарынан аттестациялық емтихан алуға аттестацияланған ұйымның бұйрығымен тағайындалған емтихан алушылар тобы;

2) аттестациялық куәлік – аттестация қорытындысы негізінде берілген және аттестациядан өткен тұлғаның дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде пайдалану мүмкіндігін растайтын құжат;

3) аттестацияланған ұйым – мыналарға аттестацияланған ұйым:

дәнекерлеушілерді, дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау мен аттестаттауды жүргізу;

дәнекерлеушілерді дайындау мен аттестаттау құқына аттестаттау кезінде ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптау жүргізу;

4) кандидат – аттестациялық емтихан тапсыруға үміткер тұлға;

5) жалпы емтихан – дәнекерлеу өндірісі теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелерін білуге арналған емтихан;

6) кәсіптік дайындық – дәнекерлеушілер мен инженерлі-техникалық жұмыскерлерге дәнекерлеу өндірісі саласындағы міндеттерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін кәсіптік білім мен тәжірибе алу шарасы;

7) арнайы дайындық – нақты жабдықтың, металл конструкциялары мен құбыр өткізгіштерді дәнекерлеу қосылыстары орындау ерекшеліктерін есепке алатын, теориялық білім мен тәжірибелік дағды алу шарасы;

8) арнайы емтихан – дәнекерлеуді дәнекерлеуші немесе дәнекерлеу өндірісінің маманы орындайтын, нақты объектілердің дәнекерлеу өндірісі технологиясының ерекшеліктерін білу емтиханы;

9) кәсіптік дайындық деңгейі – дәнекерлеуші мен дәнекерлеу өндірісі маманының осы талапқа, оның сәйкес жұмыс түрлерін орындауға тартылу мүмкіндігін анықтайтын сәйкестік деңгейі;

10) емтихан алушы – нақты топ объектілеріне қатысты дәнекерлеу саласы персоналының дайындығы мен аттестациясы бойынша жұмыстарға қатысуға құқылы аттестатталған дәнекерлеу өндірісінің маманы.

3 - тарау Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестаттау жүйесі
6. Атестацияланған ұйым және олардың филиалдары сыналатын дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын оқыту, білімдері мен іскерлігін тексеруді осы талапқа сәйкес жүзеге асырады.

7. Дәнекерлеушілердің аттестаттауы аттестацияланған ұйымның өндірістік базаларында немесе оның филиалдарында жүргізіледі.

8. Аттестаттау емтихандарын аттестаттау коммисиясы жүргізеді.

Аттестаттау коммисиясының құрамы аттестатталған ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы аттестациядан өткен ІІ, ІІІ және ІV деңгейдегі дәнекерлеу өндірісінің білікті мамандандырылған мамандарынан қалыптасады (бұдан әрі – емтихан алушылар).

9. Аттестаттау комиссиясының құрамына:

1) дәнекерлеушілерді І деңгейлі маманға аттестаттау кезінде - ІV деңгейлі бір және ІІ және ІІІ деңгейдегі мамандандырылған мамандардан екеуден кем емес;

2) мамандарды ІІ және ІІІ деңгейлі маманға аттестаттау кезінде – ІV деңгейлі бір және ІІІ деңгейдегі мамандандырылған маманнан екеуден кем емес;

3) мамандарды ІV деңгейлі маманға аттестаттау кезінде – ІV деңгейдегі мамандандырылған маманнан үшеуден кем емес.

10. Аттестаттациялау комиссиясы құрамына дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісінің мамандарын оқытуды (арнайы дайындықты) жүргізген тұлғалар мүшелері кірмейді.

11. Берілетін аттестациядан өткен дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісінің мамандарына берілетін аттестациялық куәліктер Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды.



4 - тарау. Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісінің мамандарының кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар
12. Белгілі бір деңгейді алуға үміттенетін кандидаттың осы Талаптың 1 - қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес білімі мен кәсіптік дайындығы болады.

13. Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестаттаудан бұрын 3 сәуір 2002 жылғы «Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес бекітілген тәртіпте келісілген бағдарлама бойынша дайындық жүргізіледі. Бағдарлама мамандардың біліктілігіне, жұмыс істеу бағытына байланысты құрастырылады және дәнекерлеу жабдықтары мен дәнекерлеу материалдары, дәнекерлеу технологиясы, дәнекерлеу жігінің сапасын бақылау, дәнекерлеу жіктерінің ақаулары және оларды жөндеу тәсілдері, дәнекерлеу жұмыстарын қауіпсіз орындау бөлімдерін қамтиды.

Комиссия шешімі бойынша аттестаттауға тек осы Талаптағы 1 - қосымшаның талаптарына сәйкес бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өздігінен өткен дәнекерлеу өндірісінің мамандарына рұқсат беріледі.

14. Аттестаттаудан өтетін дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарының мамандығы бойынша өндірістік өтіліне қойылатын талаптар осы Талаптың 1 - қосымшасында көрсетілген.



5 - тарау. Дәнекерлеушілерді аттестациялау талабы
15. Дәнекерлеушілер аттестаттауды дәнекерлеу және балқыту жұмыстарының белгілі түрлерімен балқытумен дәнекерлеуді, қолмен, механизацияланған (жартылай автоматты) және автоматты әдістермен жүргізілетін қауіпті өндіріс объектілерінде жұмыс кезінде заңды түрде жұмыс істеу үшін өтеді.

Талап аттестациялауға аттестациялық органдардың аттестациялау бойынша өндеген әдістемелік ұсынымдары (дәнекерлеу, қалпына келтіру және беріктігін көтеру, металлдарды дәнекерлеу, бейметалл материалдарды дәнекерлеу және басқалар) өңделген, дәнекерлеу жұмыстарын дәнекерлеудің басқа түрлерімен жүргізіп жатқан дәнекерлеушілерге.

16. Аттестациядан кейін дәнекерлеушіге кәсіптік дайындықтын І мамандандырылған деңгейі (аттестацияланған дәнекерлеуші) беріледі.

17. Дәнекерлеушілерді аттестациялау алғашқы, қосымша, кезеңді және кезектен тыс болып бөлінеді.

18. Алғашқы аттестациялауды бұған дейін металлдарды дәнекерлеуге, үстінен дәнекерлеуге, құрылғыларды, конструкцияларды және құбырларды қосуға рұқсаты болмаған дәнекерлеушілер өтеді. Алғашқы аттестациялау кезінде дәнекерлеушілер жалпы, арнайы және тәжірибелік емтихандар тапсырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық аттестаттау қызметі № 13-6 21 сәуір 1994 жылы бекіткен «Дәнекерлеушілерді аттестациялау ережесі» бойынша аттестацияланған дәнекерлеушілер үшін осы Талап бойынша ескі үлгідегі аттестациялық куәліктің мерзімі аяқталғанда тапсыратын аттестация алғашқы болып саналады.

19. Қосымша аттестациядан аттестациялық куәлікте көрсетілмеген жұмыстарға жіберер алдында, алғашқы аттестациялаудан өткен немесе аттестациялық куәлікте көрсетілген жұмыстармен 6 айдан аса айналыспаған дәнекерлеушілер өтеді. Қосымша аттестация кезінде дәнекерлеушілер теориялық және тәжірибелік емтихандар тапсырады.

20. Мерзімді аттестациялауды аттестациялық куәлікте көрсетілген мерзімді сәйкес дәнекерлеу жұмыстарын орындауға ұзарту мақсатында барлық дәнекерлеушілер өтеді. Мерзімді аттестация кезінде дәнекерлеушілер арнайы және тәжірибелік емтихандар тапсырады.

21. Кезектен тыс аттестациялаудан дәнекерлеу технологиясын бұзғаны немесе өндірістік дәнекерлеу қосылыстарының екі және одан көп рет қанағаттанарлықсыз сапасы қайталанған жағдайлар қайталанғаны үшін ұйым басшысымен жұмысқа уақытша жіберілмеген дәнекерлеушілер өтеді. Кезектен тыс аттестациялау кезінде дәнекерлеушілер жалпы, арнайы және тәжірибелік емтихандар тапсырады.

22. Алғашқы аттестациялауға мыналары бар дәнекерлеушілер жіберіледі:

дәнекерлеу разряды нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілгеннен төмен емес;

мамандық бойынша барынша төмен өңдірістік жұмыс өтілі;

аттестацияланатын жұмыс бағдары бойынша арнайы теоретикалық және тәжірибелік дайындықтан өту туралы куәлік.

Егер де дәнекерлеушінің қолмен дәнекерлеу бойынша тәжірибесі болса, оның механикалық және автоматтандырылған құралдармен дәнекерлеу тәжірибесіне қолмен дәнекерлеу тәжірибесі есепке алынады.

Егер де дәнекерлеушінің механикалық құралдармен дәнекерлеу бойынша тәжірибесі болса, оның автоматикалық құралдармен дәнекерлеу тәжірибесіне механикалық құралдармен дәнекерлеу тәжірибесі есепке алынады.

Егер де үміткер аттестациялауға өтінішті өзі берсе, оның разряды ІV төмен емес.



6 - тарау. Дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау талабы
23. ІІ, ІІІ және ІV мамандандырылған деңгейлі дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау олардың дайындау, монтаждау, жабдықты, құбыр өткізгіштерді және қауіпті өндірістік обьектілердің конструкциясын қайта салу мен жөндеу кезіндегі өндірістік жұмыстарынын бағдары бойынша жүргізіледі.

24. Аттестациядан өткізілетін дәнекерлеу өндірісі мамандары атқаратын жұмыстардың түріне:

дәнекерлеу жұмыстарын техникалық дайындау бойынша жұмыстарды, технологиялық және нормативтік құжаттарды өңдеуді қоса алғанда, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізудің нұсқаулығы мен техникалық бақылау;

дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау және аттестациялау бойынша органдар жұмысына қатынасу.

25. Келесі мамандар міндетті түрде аттестацияланады:

ІІ деңгейге: ауызша немесе жазбаша бұйрықтары дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәнекерлеушілер үшін орындауға міндетті болатын тұлғалар (мастерлер, прорабтар, дәнекерлеу бойынша инструкторлар және сол сияқтылар);

ІІІ деңгейге: ұйымның дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу технологиясын анықтайтын құжаттарды қолдану үшін қол қоюы қажет және жеткілікті жекелеген бөлімдерінің бастықтары болып келетін мамандар;

ІV деңгейге: мекеменің дәнекерлеу қызметінің бастықтары болып келетін, барлық дәнекерлеу жұмыстарын орындау бойынша нормативтік құжаттарды ұйым басшылығының бекітуі үшін қол қоюы қажет және жеткілікті мамандар;

26. Аттестациялауға 4 - тарау талабына жауап беретін инженерлік-техникалық жұмыскерлер жіберіледі.

27. ІІ, ІІІ және ІV мамандандырылған деңгейлі мамандарды аттестациялау алғашқы, қосымша, кезеңді және кезектен тыс болып бөлінеді.

28. Алғашқы аттестациялаудан осы Талаптың 24-тармағында көрсетілген дәнекерлеу өндірісі мамандары жұмыстарға жіберер алдында өтеді.

Алғашқы деп осы Талапқа сәйкес алғаш өткізілетін аттестация есептеледі.

29. Алғашқы аттестациялаудан мынадай жағдайларда өткен дәнекерлеу өндірісі мамандары қосымша аттестациялаудан өтеді:

аттестациялық куәліктерінде көрсетілмеген өндірістік қызметтер түрлеріне рұқсат беру;

қолданысқа өндірістік қауіпсіздіктің жаңа талаптарды енгізілген кезде;

мамандығы бойынша жұмыста бір жылдан астам үзілісте болғанда.

30. Кезекті аттестацияны дәнекерлеу өндірісінің мамандары өндірістік қызметтерді орындауға аттестациялық куәліктің қызмет ету уақытын ұзарту мақсатында өтеді.

31. Кезектен тыс аттестацияны дәнекерлеу өндірісінің мамандары куәліктерінде көрсетілген жұмыстарды қолданыстағы заңға сәйкес жұмыс беруші талабымен орындаудан шеттетілгеннен кейін жұмысқа қайтадан кірісер алдында өтеді.

32. Дәнекерлеу өндірісі мамандарының теориялық дайындығының мөлшері қосымша немесе кезектен тыс аттестация алдында аттестацияланған ұйыммен бекітілген бағдарламаға сәйкес жұмыс берушінің өтінімі негізінде белгіленеді.

7 - тарау. Дәнекерлеушілердің аттестациясын өткізу реті
33. Дәнекерлеушілерді аттестациядан өткізбес бұрын, жұмыс беруші (өтініш беруші) аттестацияланған ұйымға осы Талаптың 2 - қосымшасында көрсетілгендей өтінім жібереді.

Кандидат өзі жайлы қажетті ақпараттарды өзі ұсынуына болады.

34. Аттестациядан өтетін дәнекерлеушінің теориялық білім көлемі осы Талаптың 13-тармағына сәйкес емтихандық бағдарлама талаптарымен анықталады.

Емтихандық бағдарламаның жалпы талаптары осы Талаптың 3 – қосымшасында көрсетілген.

35. Дәнекерлеушінің аттестациясын оның дәнекерлеу түрі мен оның өндірістік қызметтерінің бағыттары туралы (өндірістік қауіпті объектілердің тобы мен атауы және жасалынған жұмыс түрлері - дайындау, монтаждау, жөндеу) практикалық және теориялық білімін тексеру арқылы жүргізеді.

36. Аттестациялау шарасы аттестацияланушы дәнекерлеушінің келесі емтихандарды тапсыруынан тұрады:

бірінші және кезектен тыс аттестация кезінде – тәжірибелік, жалпы және арнайы;

қосымша және кезеңді аттестация кезінде – тәжірибелік және арнайы.

Теориялық және тәжірибелік емтихандар аттестацияланған ұйымда немесе филиалында өткізіледі.

Алғашқы аттестация кезінде дәнекерлеу өндірісі бойынша арнайы (техникалық жоғары немесе орта) білімі бар дәнекерлеушілер жалпы емтихан тапсырудан босатылады.

Егер дәнекерлеушінің қосымша аттестация тапсыруының мақсаты бақылау дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу кезінде есепке алынатын сипатын өзгертпей оның өндірістік қызмет бағытын кеңейту болып табылса, тек теориялық емтихан жүргізіледі.

Егер дәнекерлеушінің қосымша аттестация тапсыруының мақсаты дәнекерлеу түрін (тәсілін) және оның өндірістік қызмет бағытын өзгертпей тарату саласында кеңейту болып табылса, тек тәжірибелік емтихан жүргізіледі.

37. Дәнекерлеушінің аттестациясын тәжірибелік емтиханнан бастайды. Егер дәнекерлеуші тәжірибелік емтиханнан өтпесе, келесі емтихандарға жіберілмейді және аттестациядан өтпеген деп есептейді. Дәнекерлеушіге бір айдан кейін қосымша тәжірибелік дайындықтан кейін аттестациядан өтуге рұқсат беріледі.

38. Жалпы емтиханда дәнекерлеушіге дәнекерлеу негіздері бойынша 20 сұрақ, ал арнайы емтиханда ол аттестатталып отырған түрге (тәсіл), дәнекерлеуге (еріту) сәйкес және қауіпті өндірістік объектілер туралы тандалып алынған 15-тен кем емес сұрақ қойылады. Емтихан сұрақтарын жалпы және арнайы емтихандар бойынша емтихан сұрақтары жинағы бойынша аттестациялық комиссия жүргізеді. Әр жинақ дәнекерлеу (еріту) түрі (тәсілі) бойынша 100 сұрақтан кем емес болады.

Сұрақтар жинағы аттестацияланған ұйымда бекітіледі.

Егер дәнекерлеуші дәнекерлеудің 2 немесе 3 түрімен аттестацияланып жатса, емтихан сұрақтарына дәнекерлеудің әр түрінен 5 сұрақтар енеді. Егер дәнекерлеуші дәнекерлеудің екі немесе үш дәнекерлеу (еріту) түріне (тәсіліне) аттестатталып жатса емтихан сұрақтарына емтихан сұрақтары жинақтарының әр түрі бойынша 5 кем емес сұрақ енгізіледі. Қауіпті өндірістік объектілердің екі немесе үш тобына жататын объектілерді дәнекерлеуге аттестациялау кезінде дәнекерлеуші қауіпті өндірістік объектінің әр тобы бойынша арнайы емтиханға осындай объектілердің әр тобы бойынша 5 сұрақтан кем болмай енгізілген сұрақтар алады.

39. Жалпы және арнайы емтиханды жазбаша түрде немесе компьютер арқылы жүргізіледі. Емтихан комиссиясының шешімі бойынша аттестациядан өтіп жатқан дәнекерлеушімен қосымша әңгімелесу жүргізуге рұқсат беріледі.

40. Дәнекерлеуші әңгімелесу нәтижесінің есебімен, әрбір емтиханнан берілген сұрақтардың 70 %-нан кем болмай жауап берсе, жалпы және арнайы емтиханнан өтті деп есептеледі.

41. Дәнекерлеуші теориялық және тәжірибелік емтихандарды жақсы тапсырған кезде аттестациядан өтті деп есептеледі.

42. Егер дәнекерлеуші тек тәжірибелік емтихандарды және теориялық емтихандардың біреуін тапсырса, арнайы берілген өтініш бойынша тапсырылмаған емтиханды бірінші емтиханды тапсырғаннан кейін 6 айдан соң, бірақ емтиханды тапсырғаннан кейін 1 айдан кейін қайта тапсыруына рұқсат беріледі. Қайта тапсырғанда өтпей қалса, алдында тапсырылған емтихандар есептелмей дәнекерлеуші аттестациядан өтпеген болып саналады және дәнекерлеуші қосымша теориялық және тәжірибелік оқытудан соң, жаңа өтінім негізінде аттестациядан өтуге жіберіледі.

43. Дәнекерлеушіні аттестациялау кезінде келесі сипаттамалар есепке алынады:

дәнекерлеу (балқыту) түрлері (тәсілдері);

жіктің түрлері;

бөлшек түрлері;

бақылау дәнекерлеу қосылыстарының типтері мен түрлері;

негізгі материалдар топтары;

қосымша материалдар;

бақылау дәнекерлеу қосылыстарының өлшемдері;

дәнекерлеу кезіндегі жағдай;

пластмасса құбырларды дәнекерлеу кезіндегі құрылғыларды автоматизациялау деңгейі;

қауіпті өндірістік объектілердің топтары.

1) Дәнекерлеушілерді аттестациялауды келесі дәнекерлеу түрлері (тәсілдері) бойынша жеке өткізеді:


металлдар үшін

ДҚ электродпен жабылған доғалы қолмен дәнекерлеу; (111 MMAW-

SVAW)

ВҚД электродпен жабылған ванналы доғалы қолмен дәнекерлеу;



ҚАД балқымайтын электродпен жасалған аргондыдоғалы қолмен

дәнекерлеу (141- GTFW-TIGW);

МАДБ балқитын электродты механизацияланған аргонодоғалы дәнекерлеу

(131- GVAW-MIGW);

МБ активті газдар мен қоспалардың ортасындағы балқитын электродты

механизацияланған аргонодоғалы дәнекерлеу; (135 MAGW)

ААД балқымайтын электротты автоматты аргонодоғалы дәнекерлеу;

АБГ активті газдар мен қоспалардың ортасында өтетін

автоматтандырылған балқитын электродты дәнекерлеу;

ААДБ балқитын электродты автоматты аргонодоғалы дәнекерлеу;

АФ флюс арқылы жасалынған автоматты дәнекерлеу (12 SAW);

ФМ флюс арқылы жасалынған механизациялы дәнекерлеу;

МФШ флюс рақылы жасалынған шомылғышты дәнекерлеу;

ҰМД өзіндік қорғанысы бар ұнтақты сымды механизацияланған

дәнекерлеу (114 FCAW);

ГМД активті газдар ортасындағы порошокты сыммен жасалынған

механизацияланған дәнекерлеу (136 AGFCAW);

ҚҰМД қорғаныс ұнтақты сымды шомылғышты порошокты сыммен

жасалынған механикаландырылған дәнекерлеу;

АДМД ашық доғалы легірленген сымды механизацияланған дәнекерлеу;

П плазмалы дәнекерлеу (15 PAW);

ЭҚ электрқождық дәнекерлеу (ESW);

ЭС электрондық-сәулелі дәнекерлеу (EBW);

Г газдық дәнекерлеу (311 OFW);

ҚДБ жабық электродтары қолдық доғалы балқытып қаптастыру;

ҚАБҚ қолдық аргонодоғалы қаптастыру;

ААБҚ автоматты аргонодоғалы балқытып қаптастыру;

ФАТҚ флюс арқылы таспалы электродпен жасалынған автоматты

балқытып қаптастыру;

ФАБҚ флюс арқылы сымдық электродты автоматты қалыптастыру;

ТЖД түйіспелі-жону дәнекерлеу;

ҚТД кедергі арқылы қатынасты түйіспелі дәнекерлеу;

БТД балқу арқылы жасалынған қатынасты түйіспелі дәнекерлеу;

ЖЖБ жоғары жиілікті дәнекерлеу;

ПАК дәнекерлеу;

полимерлік материалдар үшін;

ЖА жылытылған аспаппен дәнекерлеу,
СЖ салу жылытқыштарымен дәнекерлеу;

ЖГ жылытылған газбен дәнекерлеу;

Э экструзионды дәнекерлеу;

2) полимер материалдарды дәнекерлеуге аттестация кезінде қолданылатын дәнекерлеу құрылғысының автоматтандырылған деңгейі де есепке алынады:

құбырды жылыту аспабымен дәнекерлеу кезінде:

СР – қолмен басқарумен түйістіру дәнекерлеуі;

ССА –автоматизациялаудың орташа деңгейімен түйістіру дәнекерлеуі;

СВА – автоматизациялаудың жоғары деңгейімен түйістіру дәнекерлеуі;

төсеме жылытқышы бар элементтерді қолданумен құбырды дәнекерлеу кезінде:

ЗНР – параметрлерін қолмен берумен дәнекерлеу;

ЗИШ – штрих-код немесе магнитті суреттеме режиміндегі дәнекерлеу;

ЗНА – дәнекерлеу құрылғысымен фитингтің автоматты қарсы шығуымен дәнекерлеу;

газбен жабдықтау жүйесі құбыр өткізгіштерінсіз дәнекерлеу конструкциясының басқа тәсілдері кезінде:

НИР – қосылыстың түріне тәуелді емес жылыту құрылғысы қолданылатын қолмен жасалынған дәнекерлеу;

НИМ - қосылыстың түріне тәуелді емес жылыту құрылғысы қолданылатын механизацияланған дәнекерлеу;

НГР - қосылыстың түріне тәуелді емес жылыту газымен жасалынған қолдық дәнекерлеу;

НГМ - қосылыстың түріне тәуелді емес жылыту газымен жасалынған механизацияланған дәнекерлеу;

ЭР - қосылыстың түріне тәуелді емес жылыту газымен жасалынған механизацияланған дәнекерлеу;

ЭМ - қосылыстың түріне тәуелді емес механизацияланған экструзионды дәнекерлеу;

Темірбетонды құрылғылардың элементтерін дәнекерлеу аттестациясы кезінде МЕСТ 14098-ға байланысты пісірудің технологиялық ерекшеліктерін және әдістерін ескереді.

Ескертулер:

1. Жақшаларда сандармен ISO 4063 класссификациясымен дәнекерлеу әдісінің коды көрсетілген және құжаттамадағы белгілеулер ағылшын әріптерімен белгіленген.

2. Дәнекерлеу (қиыстыру, балқыту) орындау құқын алуға аттестация өңделген және бекітілген тәжірибелік емтиханның аттестацияланған ұйымда өңделіп бекітілген бағдарламасы бойынша орындалады.

3) Металлдық құрылғыларды дәнекерлеудің аттестациясы кезінде дәнекерлеушілер келесі жіктерді орындайды: түйіспелі - СШ (BW) немесе бұрыштық - УШ (FW) бұйымдардың соңғы дәнекерлеу қосылысының келесі түрлері болады: табақшалар – Л (P), құбырлар – Т (T), сырық - С(S) және оның қосылыстарының келесі түрлері болады: түйіспелі (С), таврлі (Т), бұрыштық (У), айқассалынды (Н).

Темірбетонды құрылғылар арматураларын дәнекерлеу аттестациясында дәнекерлеушілер МЕСТ 14098 арқылы түйіспелі, айқас салынды, айқаспалы, таврлі соңғы қосылыстарын орындайды.

Полимерлі материалдарды дәнекерлеудің аттестацияларында дәнекерлеушілер келесі бұйымдардың соңғы дәнекерлеу қосылыстарын орындайды: табақшаларды, құбырларды, құбыр мен табақшалар, құбыр қайтаруымен бірге, муфта арқылы құбырмен бірге келесі түрлері:

түйіспелі:

жиектерін кеспей – CБ(BW)

жиектерін біржақты кесу – СV

жиектерін екіжақты кесу арқылы – СХ

айқасатын:

табақшаларды айқастыра қосу – Н(LW)

табақшаларды бұрыштап қосу – У(FW)

құбырларды кеңейтіп қосу - Р

құбырларды муфталық қосу – М

құбырларды ершікті қайтару арқылы қосу –О

таврлі

жиектерін кеспей – ТБ



жиектерін біржақты кесумен – ТV

жиектерін екіжақты кесумен – ТХ

«Құбыр» атауымен жабық пішіннің бұйымдары аталады, мысалы, жалғастық, келтеқұбыр, тоғын, коллектор сырты және басқалар. «Сырық» атауымен - домалақ және көпжақты жазық қима танылады, ол тегіс және периодты жұмсақ пішіндерден тұрады.

4) Металлдарды балқытып дәнекерлеуге аттестация кезінде орындалатын бақылау дәнекерлеу қосылыстарының келесі түрлері болады:

бір жақ арқылы (біржақты дәнекерлеу) орындалатын – ос (ss) және екі жақ арқылы (екі жақты) орындалатын – дс (bs) дәнекерлеу қосылыстары;

алынғыш және қалған төсемде орындалатын дәнекерлеу қосылыстары, төсемше сақиналарында сп (mb) және төсемшесіз (салмағына) - бп (nb);

жіктің түбін - зк (gg) тазалап және тазаламай бз (ng) орындалатын дәнекерлеу қосылыстары;

жіктің түбін газды қорғаныспен (газды үрлеумен) орындайтын дәнекерлеу қосылыстары - гз (gb);

салынғыш және қозғалтатын инвентарлы формада (иф) орындалатын дәнекерлеу қосылыстары (мыс, графит, керамика және басқалар);

қалған мыс қапсырмалы жапсырмаларда (сн) орындалатын дәнекерлеу қосылыстары;

комбинирленген қалыптастырылған элементтерде орындалатын дәнекерлеу қосылыстары – кф (болат жартылай қапсырмалы төсемше + алынатын мыс жартыформа).

Қалған төсемшеде орындалатын төсемше сақина - сп (mb), мен төсемшесіз орындалатын - бп (nb) дәнекерлі қосылыстар.

5) Аттестациялық сынауларды осы Талаптың 4 - қосымшасында көрсетілген дәнекерлеу материалдарының тобы үшін жүргізеді.

Дәнекерлеу құрылғыларын дайындауда қолданылатын негізгі материал маркаларының түрлері осы Талаптың 4 - қосымшасында келтірілген.

Бір топқа кіретін немесе әртүрлі топқа жататын материалдардан бақылау дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу бойынша аттестаттауды осы Талаптың 47-тармағының 4 тармақшасы талаптарын есепке алумен жүргізу ұсынылады.

Қолмен жүргізу тәсілімен балқыту кезінде аттестациялық сынауды балқыту кезінде жылытуды қажет ететін материалдардан және жылытуды қажет етпейтін материалдардан бөлек жүргізеді.

6) Бақылау дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу үшін негізгі материалдардың нақты тобының нақты тәсілмен немесе әртүрлі топтардың негізгі материалдарымен нақты үйлесуімен дәнекерлеу үшін нормативтік құжаттарымен регламенттелген қосымша материалдар (электродтар, дәнекерлеу сымдары, лента, флюс, газдар және басқалар) қолданылады.

Қолмен доғалы дәнекерлеу үшін электродтардың металл жабындары жабын түрлері бойынша электродтарға бөлінеді:

А(А) - қышқыл жабынмен;

Б(В) - негізгі жабынмен;

Ц(С) - целлюлозды жабынмен;

Р(R) - рутилді жабынмен;

РА(RA) - рутилді-қышқылды жабынмен;

РБ(RB) - рутилді-негізгі жабынмен;

РЦ(RC) - рутилді-целлюлозды жабынмен;

П(S) - және жабынның басқа түрлерімен;


Ескертпе:

1. Электрод жабындарының түрлері МЕСТ 9466 берілген.

2. Жақшада ISО 2560 бойынша электрод жабындарының түрлерінің шифрлері берілген.

7) Тәжірибелік емтиханда дәнекерлеуші аттестациялау өтініміне сәйкес диаметрі, қалыңдығы бойынша біртипті өндірістік бақылау дәнекерлеу қосылыстарын орындайды.

Бақылау дәнекерлеу қосылысын егер ол нормативтік құжаттарда көрсетілген бір типтілік талабына сәйкес болса, ол бір типті болып есептеледі. Егер нормативтік құжаттарда бір типті дәнекерлеу қосылыстарына қойылатын талаптар болмаса, бақылау дәнекерлеу қосылыстарының өлшемдерін таңдау кезінде осы Талаптың 4 – қосымшасындағы кестелер және аттестация жүргізу өтінімін пайдалану ұсынылады.

Осы Талаптың 4 - қосымшасында көрсетілген аттестацияның таралу аймағын, аттестацияланатын дәнекерлеушінің қызмет көрсету аясын және қолданылатын дәнекерлеу (балқыту) түрінің (тәсілінің) ерекшелігін есепке алумен өзгертуге рұқсат беріледі.

8) Тәжірибелік емтиханды өткізу кезіндегі бақылау дәнекерлеу қосылысының жағдайы (5 - қосымша), дәнекерлеушіге орындайтын өндірістік дәнекерлеу қосылыстарына (балқытуларға) сәйкес болады.
Дәнекерлеу жағдайының келесідей шартты белгілері қабылданған:
Н1(РА) - төменгі түйіспелі және «қайыққа» қарай;

Н2(РВ) - төменгі таврлі;

Г(РС) - көлденең;

П1(РЕ) - жоғарғы түйіспелі;

П2(PD) - жоғарғы таврлі;

В1(PF) - көлбеулі төменнен жоғарыға;

В2(PG) - көлбеулі жоғарыдан төменге;

Н45(H-L045 - 45 º бұрышпен иілген.


Ескертпелер:

Төменгі (төбедегі) жағдай – көлденең жазықтыққа 0-10 º қатысты белгілі бір бұрышпен бақылау дәнекерлеу қосылысының жігі орналасқан жазықтық.

Көлбеулі жағдай - көлденең жазықтыққа 90 º (10 º) қатысты, соңғы дәнекерлеу қосылысының жігі орналасқан жазықтық.

45 º иіле орналасқан жағдай - көлденең жазықтыққа 45 º (10) градуспен қатысты, соңғы дәнекерлеу қосылысының жігі орналасқан жазықтық.

В1 және В2 жағдайы құбырларды көлденең қима осьтерін 20 º қисайтып дәнекерлеуге жатады.

Газбен жабдықтау жүйесінің құбыр өткізгіштерінің полиэтиленді құбырларын дәнекерлеуді аттестациялау кезінде соңғы дәнекерлеу қосылысының осьтері көлденең орналасады.

44. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (балқыту):

1) аттестация кезінде дәнекерлеуші орындайтын бақылау дәнекерлеу жалғасуларының түрлерін аттестацияны жүргізу өтінімін ескере отырып аттестациялық комиссия тағайындайды;

2) бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (балқыту) кезінде дәнекерлеуші технологиялық регламенттің барлық талаптарын орындайды. Технологиялық регламенттер процесстері бір топтың барлық дәнекерлеу жұмыстарына бір типті немесе белгіленген дәнекерлеу жалғасуларына жасалады. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (қорыту) типтік технологиялық регламенттің тұрпатты мазмұны осы Талаптың 6 - қосымшасында келтірілген.

Полимерлік материалдардан жасалған бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу үшін тұрпатты технологиялық регламенттер осы Талаптың 7 және 8 - қосымшаларында келтірілген.

Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (қорыту) технологиялық регламенті келесілерді ескереді:

өндірісте қолданылатын дәнекерлеу (балқыту) түрлеріне (тәсілдеріне) сәйкес келеді;

қоспалық немесе балқытылатын материалдар аттестациялау кезінде дәнекерлеуде қолданылатын дәнекерлеу (қорыту) түрімен (тәсілімен) белгіленген нормативтік құжаттармен сәйкес келеді;

негізгі және қоспалық материалдардың үйлесімі өндірісте қолданылатын материалдарға сәйкес келеді;

дәнекерлеу жабдығының түрі өндірісте қолданылатын жабдыққа сәйкес келеді;

бақылау дәнекерлеу жалғасулары бөлшектерінің шеттерін бөлу, дәнекерлеу кестесі, дәнекерлеу тәртібі, алдын ала және ілеспе жылыту температурасы және термиялық өңдеу кестесі бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеуде аттестациялық өтінімде көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;

3) металл конструкцияларды дәнекерлеуге аттестациялау кезінде бақылау дәнекерлеу жалғасулары бөлшектерінің өлшемдері осы Талаптың 5 - қосымшасындағы берілген металл конструкцияларына сәйкес келеді. Тетіктердің ұзындығын технологиялық регламентте көрсетілген барлық технологиялық және бақылау операцияларын орындау мүмкіндігін есепке алумен (қыздыру, термиялық өңдеу) таңдайды.

Темірбетон құрылымдарының элементтерін дәнекерлеу бойынша аттестациялау кезінде бақылау дәнекерлеу жалғасулары үлгілерінің өлшемдері мен сандарын темірбетон құрылымдарының қолданыстағы МЕСТ 14098, МЕСТ 10992 және МЕСТ 5781 нормативтік құжаттары бойынша қабылдайды.

Полимерлік материалдарды дәнекерлеу бойынша аттестациялау кезінде дәнекерлеуші бақылау жалғасуларын осы Талаптың 4 - қосымшасының 5 кестесіне сәйкес орындайды.

Табақтар мен құбырларды бақылау дәнекерлеу жалғасуларының түрлері осы Талаптың 5 - қосымшасында келтірілген.

Бақылау дәнекерлеудің басқа түрлерін немесе өлшемдерін пайдалану мүмкіндігін аттестациялық комиссия анықтайды;

4) құбырдан бақылау дәнекерлеу жалғасулары - құбырдың сыртқы диаметрі 25 мм ге дейін, 5 данадан кем емес (қажеттілігіне қарай әр түрлі диаметрде және бірнеше үлгіден кем дегенде 5 данадан және әр диаметрден 2 данадан); құбырдың диаметрі 25 тен 100 мм дейін 2 данадан кем емес, құбырдың диаметрі 100 мм жоғары болса 1 данадан кем емес. Құбырдың диаметрі 1020 мм жоғары болғанда жартылай периметрлік жікті дәнекерлеуде жіктің төменгі және жоғарғы бөліктерін ауқымдай орындауға рұқсат етіледі.

Металл құрылымдарының бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеуде ұзындығы 450 мм кем емес бір немесе одан да көп аттестаттау жалғасуларын автоматты дәнекерлеумен және 300 мм кем болмағанда қолмен және механикаландырылған дәнекерлеумен орындайды.

Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеуде құбырларды құбырлық решеткаларға дәнекерлеп жалғау барысында жалғанатын құбырлардың саны 7 данадан кем емес, сонымен қатар бір құбыр қалғандарына қарағанда орталықта орналасады.

Темірбетон құрылымдарының элементтері үшін МЕСТ 10992 сәйкес механикалық қасиеттерін тексеруде байқалатын дәнекерлеу жалғасуларының үлгілерінің саны – 3 дана.

Қыздырылған аспаппен түйістіріп дәнекерлеуді орындауда полимер материалдарды құбырларды бақылау дәнекерлеу жалғасулары (5 - қосымша) дәнекерлеу жабдығының автоматтандырылуына байланысты:

СР дәнекерлеу қондырғысын қолдану кезінде – 3 үлгіде;

ССА кезінде – 2 үлгідігі;

СВА кезінде – 1 үлгідегі.

Полимер материалдарынан құбырлардың бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу екі бақылау жалғасуына 3Н әдісімен дәнекерлейді: бірі муфталы - М және бірі ерттеулі отводты жалғасуды – О (осы Талаптың 5-қосымшасына сәйкес) сонымен қатар жалғасулардың біреуі ЗНР режимінде орындалады.

Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеуде құбырларды құбыр ішіне 3 бақыланатын жалғасудан кем емес «құбырды құбырмен» муфта көмегімен «құбыр + муфта + құбыр» (осы Талаптың 5 - қосымшасына сәйкес) дәнекерлейді.

Полимер материалдарынан құбырлардың дәнекерлеу жалғасуларын бақылап дәнекерлеу НГ, Э және НИ әдістерімен бір дәнекерлеу жалғасуымен дәнекерлейді (осы Талаптың 5 – қосымшасына сәйкес).

5) коррозияға қарсы бақыланатын қорытпаларды орындау кезінде бақылау үлгілердің өлшемдері (пластина, құбыр, обечайка) осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес, яғни таралу аймақтарында өндіріс бұйымдарының өлшемдеріне сәйкес келетіндей алынады. Қорытылу аумағы осы Талаптың 4 - қосымшасындағы 6 кестеге сәйкес сынама жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Диаметрі 50 мм артық құбырды қорыту барысында бақыланатын қорытылған аумақтың көлемі қолмен орындауда 200 x 150 мм автоматты қорыту барысында 400 х 150 мм кем болмайды. Қабаттар саны мен қорытпа қалыңдығы нормативтік құжаттамаға сәйкес болады;

6) дәнекерленетін және қоспалар немесе балқытылатын материалдар бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеп (қорыту) сертификат сапасы болады және дәнекерлеу материалдарын жасап шығарушы сертификаты, олар болмаған жағдайда нормативтік құжаттарға сәйкес дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жарамдылығы анықталады;

7) дәнекерлеушіні аттестациялау кезінде бақылау дәнекерлеу жалғасуларын орындауда дәнекерлеу жабдығының өлшеу құралдары ақаусыз болады.

Тәжірибелік емтиханды қабылдауға арналған арнайы жабдықтарды қолдану тәртібі тәжірибелік емтиханды арнайы жабдықталған дәнекерлеу жабдығымен жүргізуге сәйкес келеді;

8) полимер материалдарын дәнекерлеп аттестациялауда тәжірибелік емтиханды жүргізу барысында қолданылатын дәнекерлеу жабдығының автоматтандырылу дәрежесін өтінуші анықтайды. Сонымен қатар орташа және жоғары деңгейдегі автоматтандырылған (ССА, СВА, ЗНШ, ЗНА) дәнекерлеу құрылымдарын қолдану кезінде қол режимімен дәнекерлей білуін дәнекерлеуші емтихан кезінде көрсетеді. Жоғары деңгейлі автоматтандырылған дәнекерлеу құрылғыларын пайдалану кезінде дәнекерлеу жұмыстары журналына дәнекерлеу процесінің жазбалары қоса беріледі;

9) тетіктерді дайындап дәнекерлеп жинауда, аттестация өтіп жатқан дәнекерлеуші дәнекерлеу жұмыстарын аттестация комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізеді. Бөлшектер дәнекерленуден бұрын таңбаланады. Таңбаны аттестация комиссия мүшесі таңдап оны журналға тіркейді. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеуге рұқсатты аттестация комиссия мүшесі сапалы құрастыруды қабылдап алғаннан кейін «Дәнекерлеушіні аттестациялауда жұмыстарын белгілеу журналы» осы Талаптың 9, 10 – қосымшаларына сәйкес белгі қойып береді;

10) бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (балқыту) кезінде келесі шарттар орындалады:

бақыланатын дәнекерлеу жалғасуы түбінде және жоғарғы бағытталған қабатында сол жерден дәнекерлеуді қайта бастайтын кем дегенде процесстің бір үзілуі болады (егер дәнекерлеу технологиясы жікті үзіп орындауға мүмкіндік берсе);

бақылау дәнекерлеу жалғасуларын дәнекерлеу (балқыту) жігін орындау уақыты өндірістік жағдайдағы уақыттан артық болмауы керек;

дәнекерлеуші аттестация комиссиясының рұқсатымен беттегі ақауларды құралдардың көмегімен немесе басқа әдістермен жоюына болады, жіктің беткі қабатындағы ақауды жоюға рұқсат етілмейді;

полимер материалдардан жасалған құбырларды қыздырылған құралдармен түйістіріп дәнекерлеу барысында процессті, сонымен қатар құбырларды қосалқы қыздыру бөлшектерін қолданумен үзуге болмайды;

11) емтихан комиссиясы егер дәнекерлеуші нормативтік құжаттармен қарастырылған өтінімде көрсетілген тетікті дайындау және құрастыру кезінде талаптарды бірнеше рет бұзса, тәжірибелік емтиханды бұзуға рұқсат беріледі, (мысалы жіктерді қате жинау, осьтердің дәл келмеуі, осьтердің сынуы, дәнекерлеу (балқыту) режимін дұрыс қоя алмау, дәнекерлеу (балқыту) түйістіруі кезінде ақауларды жиі түзету және басқалар).

45. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын бақылау:

1) бақылау дәнекерлеу жалғасуларын осы Талаптың 4-қосымшасында көрсетілген сапаны бақылау әдістерімен тартылады.

Бұзылмайтын әдістермен тексеру барлық ұзындығы бойымен әрбір тексерілетін бақылау дәнекерлеу жалғасуы жатады.

Тұтас қорыту жұмыстарын жүргізуде дәнекерлеушіні аттестациялау кезінде балқытудың бақылау аумағы келесі әдістермен, яғни көзбен және өлшеуіш, тамшылы және ультро дыбыстық жүргізіледі;

2) осы Талаптың 4 - қосымшадағы көрсетілген бақылау әдістерінен басқа бақылау дәнекерлеу жалғасуларын егер бұл әдістер өндірістік жіктерді дәнекерлеуге нормативтік құжаттарда немесе аттестация жүргізу өтінімінде көрсетілген болса, қосымша тағы басқа әдістермен сынауға болады;

3) бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын тексеруді нақты әдістермен жұмыс жүргізуге беліленген тәртіпте аттестацияланған дефектоскопшылар (бақылаушылар) жүргізеді;

4) бақылау дәнекерлеу жалғасуларының бақыланатын телімін бұзылмайтын әдістермен бақылау кезінде негізгі материалдың екі жағындағы жіктің аумақтарын қоса жіктің барлық көлемін қоса алады:

дәнекерлеудің доғалы әдісімен немесе электронды-сәулелі дәнекерлеумен орындалатын түйістіріп бақылау дәнекерлеу жалғасулары үшін дәнекерленетін тетіктердің қалыңдығы 5 мм дейін қоса алғанда ені 5 мм кем емес, бірақ бөлшектердің қалыңдығы 5мм-ден 20 мм дейін қоса алғанда дәнекерленетін бөлшектердің номинальды қалыңдығынан кем емес, дәнекерленетін бөлшектердің қалыңдығы 20 мм артық болса 20 мм кем емес;

бұрыштық және қырлы бақылау дәнекерлеу жалғасулары мен құбырларды құбырлық решеткаларға дәнекерлеудің доғалық әдісімен және қалыңдығына қарамастан ені кем дегенде 3 мм электронды-сәулелі дәнекерлеумен дәнекерлеп жалғау үшін орындалған;

қалыңдығын ескермей ені кем дегенде 50 мм электр шлакты дәнекерлеумен орындалған бақылау дәнекерлеу жалғасулар үшін;

5) аттестация кезінде дәнекерлеуші орындаған бақылау дәнекерлеу жалғасулардың барлығы көзбен шолу және өлшеу бақылауына тартылады.

Бақылауды келесі ақауларды табу үшін орындайды:

бұйымды дәнекерлеу бойынша стандарт, сызба, нормативтік-техникалық құжаттама талаптарынан өлшемдері мен жік формасының ауытқуы;

дәнекерленетін бөлшектердің қырларының қиысуы;

барлық түрлер мен бағыттағы сыртқы жарылыстар;

томпақтар, ойылулар, күйдірулер, шұңқырлар, қаяулар, ірі қопсымалар, шлак қосылулар мен тесіктер;

6) бақылау дәнекерлеу жалғасуларын сапасын көзбен шола тексеруде екі жақ бетін көзбен қараумен немесе 4:7 есе үлкейткіш шыныны қолданып жүргізеді. Бақылау алдында дәнекерлеу жалғасу жігі бар тетік екі жағынан да жақсылап күлден және тағы басқа бақылау жүргізуге кедергі келтіретін кірлерден тазартылады. Тазартылған аумақтың ені өндіріс объектілірінде дәнекерлеу жабдықтарына дәнекерлеудің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болады.

Өлшеу бақылауын жік бойында тең етіп кем дегенде 4 жерге орналастырады. өлшеу орнын аттестациялық комиссия мүшесі орындайды;

7) көзбен және өлшеу бақылауын нормативтік техникалық құжаттар мен нақты өнімді бақылау әдістемесі бойынша орындайды. Полимер материалдарын жалғау үшін осы Талаптың 15, 12 - қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;

8) дәнекерлеу қосылыстарын радиографиялық және ультродыбыстық бақылауға, сонымен қатар бұзып бақылау әдістерімен бақылауға (созуға, иуге, сындыруға) көзбен және өлшеу бақылаулардың нәтижелері қанағаттанарлық болған жағдайда ғана кіріседі;

9) магнитті ұнтақты бақылау беттік және толық беттік ақауларды анықтау мақсатында, ал капиллярлық бақылау – бақыланатын дәнекерленген жалғасудың беттік ақауын анықтау үшін қолданады.

Магнитті ұнтақты бақылауды МЕСТ 21105 сәйкес, капиллярлық бақылауды МЕСТ 18442 сәйкес және бақылау әдістемелерімен орындайды. Бақылаудың сыныбы мен сезімталдық деңгейі норомативтік-техникалық құжат бойынша белгілейді және дәнекерлеу бойынша технологиялық регламентте көрсетеді;

10) радиографиялық және ультродыбыстық бақылауды дәнекерлеу жалғасуларының ішкі ақауларын анықтау үшін жүргізеді (сызат, қуыс, дәнекерленбей қалған жер, саңылау, жеке газдар, шлак пен металл қосылулар, қосылулардың жиынтығы және басқалар).

Үлгілердің дәнекерлеу жалғасуын ультродыбыстық бақылау МЕСТ 14782 сәйкес немесе әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

Дәнекерлеп жалғасуды радиографиялық бақылау МЕСТ 7512 сәйкес немесе әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі;

11) аттестацияланушы дәнекерлеуші дәнекерлеген бақылау дәнекерлеуді радиографиялық, ультродыбыстық, магнитті ұнтақты немесе капиллярлық бақылауды жіктің толығымен ұзындық бойына орындайды.

Жазық беттердің дәнекерлеп жалғасуларының сапасын бағалау кезінде (осы Талаптың 5 - қосымшасы) шеткі бөліктің ұзындығы 25 мм бақылау нәтижесі есепке алынбайды;

12) металдан жасалған материалдарды бақылау дәнекерлеу жалғасуларын механикалық сынау МЕСТ 6996 сәйкес, полимерлік материалдар МЕСТ 11262 сәйкес жүрізеді.

Арматуралар мен темір бетон құрылымдардың жапсырма өнімдерін механикалық сынауды МЕСТ 10992 сәйкес орындайды.

Дәнекерлеп жалғасуларын механикалық сынау жүргізу бойынша әдістемелер осы Талаптың 13, 14 - қосымшаларында - металдан жасалған материалдар және осы Талаптың 19, 20 - қосымшаларында - полимер материалдарын жасалған қосылыстар үшін келтірілген;

13) макрошлиф талдауларын шлифтарда оларды тазаламай дәнекерлеу жігінің ұзындығы бойымен бір қалыпты бақылау жалғасуларды кесу арқылы орындайды. Бақыланатын жалғасулардың шлифін кесуді В1 және В2 жағдайларындағы (осы Талаптың 5 - қосымшасы) бойынша дәнекерлеу жігін, төменгі, тік және төбелік жағдайларда орындалған дәнекерлеуді көрсете отырып орындайды.

Бақылауды ішкі ақауларды анықтау үшін орындайды (жарықшақ, қуыс, дәнекерленбей қалған жер), сонымен қатар ақаулардың өлшемдері мен балқытылған жіктің тереңдігін анықтау мақсатында орындайды. Бақылауды дәнекерлеу жігін ұзынынан кесіп бір жақ бетіне қорытынды жасау арқылы орындалады. Дәнекерлеу жігі термиялық әсер ету аумақтары мен негізгі металдың жақын бөліктерінің жақындатылғанын ескере қиысады;

14) бақылау үлгілердің сапасын бақылау нәтижесі бойынша (акт, хаттама) бұл жерде зертхана атауы, аттестация туралы куәлік номері, басшы телефоны, дәнекерлеуші аты-жөні, бақылау дәнекерлеу жалғасуының таңбасы, дәнекерлеу түрі, бақыланатын үлгілердің түрлері, бақылау әдісі, сапаны бағалауға арналған нормативтік-техникалық құжат, табылған ақаулардың өлшемдері, бақылаудың нәтижесінің жалпы бағасы мен нормативтік талаптар.

46. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын бағалау:

1) бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын бағалауды қауіпті өндірістік объекті топтарының өтінімдерінде көрсетілген нормативтік-техникалық құжаттамалар бойынша жүргізеді;

2) механикалық сынау кезінде бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын бағалау негізгі металл мен тұтас берік жік жағдайының негізінде жүргізіледі;

3) бақылау дәнекерлеу жалғасуларының сапасын егер тексеру барысында қандай да бір түрмен рұқсат етілмейтін ішкі немесе сыртқы ақаулар жіберілсе қанағаттанарлықсыз деп есептейді;

4) бақылау дәнекерлеу жалғасуларының қанағаттанарлықсыз ақаулары дәнекерлеушінің біліктілігінің жеткіліксіздігіне етіп орындалғанының байланысы болмаса, онда практикалық емтиханды қайтадан алуға рұқсат етіледі.

47. Аттестацияның таралу аймақтары:

1) дәнекерлеу (қорыту) түрлері (әдістері):

тәжірибелік емтиханды жүргізу кезінде қандай дәнекерлеу (қорыту) түрлері (әдістері) пайдаланылған болса аттестация соған қолданылады;

дәнекерлеу (қорыту) басқадай түрлері (әдістері) негізгі және тәжірибелік емтиханды тапсырғаннан кейін қосымша аттестациялау жаңадан аттестациялық куәлік беруді талап етеді;

аттестацияланатын өзінің кәсіби дайындығын бірнеше дәнекерлеу (қорыту) түрлері (әдістері) бойынша көрсетуіне болады, егер тәжірибелік емтихан кезінде әрбір бақыланатын дәнекерлеу жалғасулары дәнекерлеу (қорыту) түрлері (әдістері) орындалса;

аттестациялау кезінде дәнекерлеуші бұйымды дәнекерлеп жалғауды орындауда дәнекерлеудің (қорытудың) бірнеше түрлерін бір жікте (мысалы бір жақты жіктің түбірлік қабатын төсемсіз аргон доғалы дәнекермен балқымайтын электродпен қоспалы сыммен орындайды, ал қуысты қол доғалы дәнекерлеумен қапталған электродпен толтырады), практикалық емтиханды төмендегі көрсетілген нұсқаларды біреуден жүргізуге рұқсат етіледі:

1 нұсқа.

Дәнекерлеуші бір жақты жіктің түбірлік қабатын төсемсіз аргон доғалы дәнекермен балқымайтын электродпен қоспалы сыммен, ал қуысты қол доғалы дәнекерлеумен қапталған электродпен орындайды.

Осындай емтиханның нәтижесі бойынша дәнекерлеуші:

таралу аймағына байланысты бірнеше түрлі дәнекерлеуді, яғни дәнекерлеп жалғасулардың қалыңдықтарын анықтауға;

балқымайтын электродпен қоспалы сыммен аргон доғалы дәнекерлеуде қиманың барлық таралу аймағына, жіктің қалың бөлігін анықтауда, аргон доғалы дәнекерлеумен балқымайтын электродпен қоспалы сыммен орындауға;

бұйымдарды дәнекерлеп жалғауда бірнеше түрлі дәнекерлеумен орындалған қалыңдықтары бақылау дәнекерлеу жалғасуларының жалпы қалыңдығымен айқындалатын қол доғалы дәнекерлеумен қапталған электродпен. Бұл жағдайда аттестация қапталған электродпен қол доғалы дәнекерлеуге, екі жақты дәнекерлеуге немесе жік түбірін тазалауға не төсем етіп орындауда таралады.

2 нұсқа.

Дәнекерлеуші жекелеген дәнекерлеу жалғасуларын аргон доғалы дәнекерлеумен балқымайтын электродпен қоспалы сыммен төсемсіз және қолмен доғалы дәнекерлеумен қапталған электродпен төсеммен немесе жік түбірін дәнекерлеп орындайды. Аттестациялау барысында дәнекерлеуші бақыланатын дәнекерлеу жалғасуларын қима бойында әр әдіспен жеке орындайды. Бақылау дәнекерлеу жалғасуларын қалыңдықтары мен диаметрлері бойынша таңдауды аттестациялау комиссиясы дәнекерлеу жұмыстарын дәнекерлеудің бірнеше әдістерін бір жікте орындауына қойылған аттестациялық өтінімдерге байланысты жүргізеді.

Мұндай аттестацияны өткен дәнекерлеуші әр дәнекерлеуде жеке дәнекерлеу әдістерін қолдануға, сонымен қатар бірнеше түрлі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.

Осыған сәйкес бір жікте дәнекерлеу түрлері (әдістері) бірнеше нұсқаларын қолданып аттестациялауға болады.

электродпен қапталған қолмен электр доғалы дәнекерлеу М11 топты болат түйістіріп дәнекерлеу басқа топтағы болаттармен жалғауды аттестациялау, осы топтағы болаттарды тот басуға қарсы қапталған РАДН, РДН қолмен доғалы қорытуға арналған;

РД; РАД; ААД; АФ әдістерімен дәнекерлеу бойынша аттестациялау сәйкес топтағы материалдармен жиектерді алдын-ала үстінен дәнекерлеуге және ақауларды РДН; РАДН; ААДН; АФЛН; АФПН әдістерімен дәнекерлеу немесе үстінен дәнекерлеу әдістеріне қолданылады;

2) дәнекерлеу кезіндегі жағдайлар:

металлдық конструкциялар үшін балқытумен дәнекерлеу кезінде бақылау-дәнекерлеу қосылысының жайына байланысты аттестацияның таралу аумағы осы Талаптың 4 - қосымшасында көрсетілген;

құбырларды түйістіріп дәнекерлеу қосылыстары бойынша аттестация табақтарды түйістіріп дәнекерлеу қосылыстарына қолданылады;

табақтарды түйістіріп дәнекерлеу қосылыстары төменгі (Н1) немесе көлденең (Г) жағдайларда дәнекерлеу бойынша аттестация, сонымен қатар табақтарды «қайықша» (Н1) бұрыштық дәнекерлеу қосылыстарын толықтай дәнекерлеу немесе дәнекерлеусіз, сыртқы диаметрі 150 мм артық құбыр қосылыстарын айтылған жайларда түйістіру және бұрыштық дәнекерлеуге де қолданылады.

кеңістіктегі барлық жағдайларда дәнекерлеуге рұқсат алу үшін аттестацияланатын дәнекерлеуші бақылау дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеуді (үстінен дәнекерлеуді) ең қиын жағдайларда (мысалы табақтар үшін - төбеде, құбырлар үшін - бұрыла алмайтын 45 ° бұрышта) орындайды;

тұтастай қимадағы қорғаныс газдарын механикалық дәнекерлеуде В1 және В2 жағдайлары эквивалентті деп саналады;

электродтармен қапталған қолмен жасалатын доғалық үстінен дәнекерлеуге аттестациялау кезінде, оны келесі жағдайлар үшін жекелеп өткізеді: төменгі, көлденең, тік, төменнен жоғарыға және төбелік;

автоматты аргон доғалық үстінен дәнекерлеуге аттестациялау кезінде оны төменгі және көлденең жағдайлар үшін жекелеп өткізеді. Флюс астында автоматты дәнекерлеу бойынша аттестацияны төменгі жағдайда өткізеді;

бақылау таврлық құбыр қосылыстарын дәнекерлеу кезінде осы Талаптың 4 - қосымшасы бойынша аттестацияның таралу аумағы, пластиналары бар таврлық құбыр қосылыстарын дәнекерлеуді қамтиды.

В1 немесе В2 жағдайларында бақылаулық қосылыстарды дәнекерлеу бойлау осьінің иілуі + 20 ° құбырларды дәнекерлеуге де қолданылады;

газбен жабдықтау жүйелерінің құбырларын полимерді материалдардан дәнекерлеу бойынша аттестация кезінде, құбырларды бақылау дәнекерлеу қосуын, дәнекерлеу әдісіне және дәнекерлеу құралдарының механизациялану деңгейіне қарамастан құбыр осьтерінің көлденең жағдайында жүзеге асырады,ал аттестация нәтижелері түйісу кеңістігіндегі барлық жайларға таратылады.

темірбетондық конструкциялардың элементтерін дәнекерлеу бойынша аттестациялау кезінде арматура стерженьдерін дәнекерлеу тік (Т) немесе көлденең (К) жағдайларда жүзеге асырылады. Стерженьдерді тік жағдайда дәнекерлеуді аттестациялау оларды көлденең жағдайда дәнекерлеуге қолданылады;

3) бақылау дәнекерлеу қосылыстары мен балқыту түрлері:

түйістіре дәнекерленген қосылыстардың әр түрімен металлдық конструкцияларды дәнекерлеу кезінде аттестациялаудың таралу аумағы осы Талаптың 4 - қосымшасының 8-кестесінде көрсетілген;

астарлы құбырлар немесе табақтарда біржақты тігісі бар түйіскен дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу бойынша аттестация екі жақты дәнекерлеу әдісімен дәнекерленген қосылыстарға да тарайды;

жапсарлы дәнекерленген қосылыстарды дәнекерлеу бойынша аттестация бұрыштық тігістерді және шеттік дәнекерленген қосылыстарды дәнекерлеуге қолданылады;

астарсыз құбырларды түйістіре дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу бойынша аттестация осы Талаптың 4 - қосымшасында көрсетілген таралу аумағын ескере отырып құбырларды дәнекерлеуге қолданылады. Осы Талаптың 4 - қосымшасында «х» әріпімен белгіленген аттестациялардың таралу аумағын көлденеңнен жол бойынша анықтайды;

екі қабатты болат және биметаллдарды дәнекерлеу бойынша аттестация, аяқталған қабаттың жуандығын, қабаттың үстінен дәнекерлеуін және бақылау дәнекерлеу қосылысы қисықтығының радиусын ескере отырып, негізгі және плактық қабаттарға сәйкес келетін бір қабатты материалдарды дәнекерлеуге қолданады;

4) негізгі материал тобы:

материалдың белгілі бір маркасынан жасалған бөлшектерді бақылау қосылыстарын дәнекерлеу бойынша аттестация, бақылау дәнекерлеу қосылыстарына қолданған материалмен бір топқа жататын материал маркаларының барлығына (4 - қосымша) және осы Талаптың 4 – қосымшасына сәйкес басқа топ материалдарына қолданылады;

бір материалдың әртүрлі маркаларынан жасалған бөлшектердің бақылау қосылыстарын дәнекерлеу бойынша аттестация, бақылау дәнекерлеу қосылысына жататын, материалдармен бір топқа жататын материал маркаларының барлығына, сонымен қатар 4 - қосымша, 9, 10 - кестеге сәйкес негізгі материалдар тобына да тарайды. 4 - қосымшаның 9 - кестесіне кірмеген материалдар үшін, аттестациялау бақылау дәнекерлеу қосылысы жасалған материалдарды дәнекерлеуге қолданылады;

М00 тобындағы материалдар үшін аттестациялау аумағы бақылау дәнекерлеу қосылысы жасалған материалдар бөлшектерін дәнекерлеуге қолданылады;

екі қабатты болат және биметаллдарды дәнекерлеу бойынша аттестация екі қабатты болатты және биметаллдарды бақылаулық дәнекерлеу қосылысын құрайтын материалдардың кез келгенімен араласа дәнекерлеуге де тарайды;

жылытумен жүргізуді талап ететін болатқа коррозияға қарсы үстінен дәнекерлеуді жүзеге асыру бойынша аттестация, жылытуды талап етпейтін болаттарға коррозияға қарсы үстінен дәнекерлеу жүргізуге де қолданылады;

5) кигізілетін материалдар:

бақылау дәнекерлеу қосылысын белгілі бір маркаға жататын кигізілетін материалдарды (дәнекерлеу сымы, лента, қорғайтын газдар немесе араласқан газдар, флюстар және т.б.) қолдана отырып жүзеге асырған дәнекерлеушінің аттестация нәтижесі, бақылаулық дәнекерлеу қосылысын жүзеге асырған кезде қолданылған материалдармен бір топқа жататын және дәнекерлеуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес, негізгі материалдардын нақты бір тобынан жасалған бөлшектерін дәнекерлеуге арналған материалдардың барлығын қолдана отырып, дәл осы әдіспен дәнекерлеуге де қолданылады;

6) дәнекерлеу электродтары:

қаптаманың бір түрімен қапталған электродтармен доғалық дәнекерлеуге жіберуге арналған аттестация, 43-тармақтың 6) тармақшасына және осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес қаптаманың басқа түрімен қапталған электродтармен дәнекерлеуге де қолданылады;

7) бақылаулық дәнекерлеу қосылыстарының мөлшерлері:

аттестацияның таралу аймағы, табақтардың жуандығын, құбырлар қабырғаларының жуандығын, дәнекерленетін бөлшектердің диаметрін ескере отырып осы Талаптың 4 - қосымшасындағы кестелерде көрсетілген;

электрлі-сәулелік дәнекерлеу бойынша аттестация, жуандығы орындалған бақылау дәнекерлеу қосылысының нақты жуандығынан 25 % артық емес ерекшеленетін бөлшектерді дәнекерлеуге де таралады;

электрошлактық дәнекерлеу бойынша аттестациялаудың таралу аймағы бақылау үлгіні дәнекерлеу кезінде қолданылған электродтардың санымен анықталады;

екі электродпен дәнекерлеу бір электродпен дәнекерлеуге қолданылады;

үш электродпен дәнекерлеу, екі және бір электродпен дәнекерлеуге де қолданылады;

пластиналық электродпен электрошлактық дәнекерлеу, бөлшектердің жуандығына қарамастан, дәнекерлеудің тек осы түріне қолданылады;

8) дәнекерлеу өндірісі бойынша Ұлттық аттестациялық комитетпен келісе отырып, бақылау дәнекерлеу қосылысының жуандығын, диаметрін, сонымен қатар осы Талаптың 4 - қосымшасына сәйкес қолданылатын пісіру түрін ескере отырып аттестацияның таралу аумағы өзгертіле алады;

9) дәнекерлеу құрылғыларының автоматизациялануына байланысты аттестацияның таралу аумағы;

аттестацияланған ұйымның шешімімен, автоматтанудың төмен деңгейіндегі құрылғылармен өткізілген, полимерді материалдарды дәнекерлеу бойынша аттестация, егер де дәнекерлеушінің сәйкес автоматтану деңгейіндегі құрылғыларда практикалық оқытудан өткені туралы куәлігі болса, жоғарылау деңгейде автоматтандырылған құрылғылармен сол әдіс бойынша дәнекерлеуге де таралуы мүмкін. Бұл жағдайда дәнекерлеуші аттестациялық комитеттің алдында сәйкес дәнекерлеу құрылғыларын қолдана алатындығын дәлелдейді.

48. Аттестация нәтижелерін ресімдеу:

1) аттестациялаудың нәтижелері бойынша аттестациялық комиссия әрбір дәнекерлеушіге, дәнекерлеудін әрбір жеке түрі бойынша осы Талаптың 17 - қосымшасында көрсетілген формаға сәйкес аттестациялау хаттамасын толтырады.

Аттестациялау хаттамасына қорытыңды (хаттама) немесе дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылаудың нәтижелері туралы басқа да құжаттар қосылып беріледі.

Сапаны бақылауды және бақылау дәнекерлеу қосылыстарын тексеруді бекітілген тәртіппен аттестацияланған бақылау қызметтері жүзеге асырады.

Бақылау пісіру қосылысын аралас дәнекерлеу арқылы жүргізгенде хаттамада келесілерді белгілейді: 47-тармақтың 1-тармағына сәйкес бақылау дәнекерлеу қосылысының орындалу нұсқасы дәнекерлеудің әрбір әдісімен орындалған қабаттың жуандығы, негізгі және кигізілетін материалдар;

2) дәнекерлеушіні аттестациялау хаттамасы 2 данада ресімделеді және оған комиссия төрағасы және мүшелері қолдарын қояды. Хаттама аттестацияланған ұйымның мөрімен және басшысының қол қоюымен расталады. Хаттаманың бір данасы аттестацияланған ұйымда сақталады, ал екіншісі өтінім берушіге беріледі.

Аттестациялық емтихандардын нәтижелерін негізінде аттестацияланған ұйым 5 жұмыс күні ішінде дәнекерлеушіге дәнекерлеудің әрбір әдісі бойынша бекітілген үлгіге сәйкес, формалары осы Талаптың 18 - қосымшасында көрсетілген аттестациялық куәліктерді құжаттайды. Металлды материалдарды пісірушілердің аттестациялық куәліктерінің сыртқы қаптауының түсі – көк. Полимерлі материалдарды дәнекерлеушінің аттестациялық куәліктерінің сыртқы қаптауының түсі – жасыл.

Бақылаулық дәнекерлеу қосылысын аралас дәнекерлеу арқылы жүзеге асырған жағдайды, аттестациялық куәліктерді дәнекерлеудің әрбір түріне жекелеп құжаттайды.

Қосымша аттестациялаудан өткенде дәнекерлеушіге формасы осы Талаптың 19- қосымшасында көрсетілген аттестациялық куәлікке қосымша қоса беріледі. Қосымша аттестацияның әрекет ету мерзімі аттестациялық куәліктң әрекет ету мерзімінен аспайды;

3) аттестациялық куәлік келесі жағдайларда күші жоқ деп есептеледі: әрекет ету мерзімі өткеннен кейін, дәнекерлеу бойынша жұмыс 6 айдан артық үзіліс болғанда, дәнекерлеушіні дәнекерлеу технологиясын бұзғаны үшін немесе оның орындаған өңдірістік пісіру қосылыстарының сапасыз болған жағдайлары қайталанғаны үшін дәнекерлеуден шеттетілген жағдайда.

Газбен жабдықтау құбырларын дәнекерлеуге аттестацияланған дәнекерлеушілер үшін, дәнекерлеу көрсетілген кезеңге дейін өткізгіштік түйісулерді дәнекерлеу жүзеге асырған және олардың сапасы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болса, 8 айға дейін дәнекерлеумен айналыспау үзілісіне рұқсат беріледі;

4) әрекет ету мерзімі өткеннен кейін аттестациялық куәлік мерзімін, алғашқы аттестациялауды өткізген және куәлікті бекітілген тәртіпке сәйкес тапсырған аттестацияланған ұйым соза алады.

Куәліктің әрекет ету мерзімін созу үшін келесі құжаттар қажет:

дәнекерлеушінің жұмыс орнынан куәлікті созу туралы өтініш түріндегі түсініктеме;

техникалық бақылау бөлімімен (бақылау зертханасымен) және мекеме басшылығымен расталған, куәлікте көрсетілген жұмыстарды аттестацияның таралу аумағына сәйкес өткен мерзімде пісіруші сапалы істегенін растайтын құжаттар. Құжаттарға нақты бұйымдар, пісіру әдістері, материалдар, сапаны бақылаудын нәтижелерінін қорытыңдылары, номерлері және мерзімдері қосылады;

медициналық комиссияның оң қорытыңдысы.

Тапсырылған құжаттарды қарастыру негізінде аттестацияланған ұйымдағы комиссия келесі шешімдердің біріне келеді:

дәнекерлеушінің аттестациялық куәлігінде корсетілген куәліктің әрекет ету мерзімін аттестациялық куәлікке сәйкес жазба енгізе отырып, таралу аумағының шеңберінде бір жылға ұзарту;

дәнекерлеушінің аттестациялық куәлігінде корсетілген ұсынлған құжаттарға сәйкес дәнекерлеушінің нақты әрекет ету аумағын растайтын жаңа куәлікті бір жыл мерзімге бере отырып, куәлікте көрсетілген таралу аумағын қысқартып куәліктің әрекет ету мерзімін созу;

дәнекерлеушіні кезеңді аттестацияға жіберуді ұсынып, куәліктің әрекет ету мерзімін созудан бас тарту.

Соңғы екі жағдайда, алғашқы аттестацияда берілген куәлік өтініш етушіге қайтарылып берілмейді және хаттамаға жазба енгізумен жойылады. Дәнекерлеу жұмыстарын сапалы жүргізгендігін растайтын құжаттар дәнекерлеушінің қолында болмаған жағдайда, дәнекерлеуші мерзімді аттестациядан өтеді;

5) 6 айдан артық, бірақ 8 айдан артық емес уақыт жұмыста үзіліс болған дәнекерлеуші полимерлі материалдарды дәнекерлеу кезінде аттестацияланған ұйымға жұмыс берушінің аттестацияланған немесе басқа аттестацияланған зертхана басшысының қолы қойылған бақылау дәнекерлеу қосылысын сынау нәтижелерінің хаттамасын ұсынады. Куәліктің әрекет етуін екі реттен артық созуға жол берілмейді;

6) кезеңді аттестацияны арнайы және тәжірибелік емтихандар тапсырумен аттестациялық куәліктің мерзімі өткеннен кейін жүргізеді. Кезеңді аттестациядан өткен дәнекерлеушіге жаңа аттестациялық куәлік тапсырылады, бұл ретте алғашқы куәлік куәлікті берген аттестацияланған ұйымға тапсырылады;

7) дәнекерлеушілерді кезеңді, қосымша немесе кезектен тыс аттестациялау кез келген аттестацияланған ұйымда жүргізуге рұқсат беріледі. Кезеңді, қосымша немесе кезектен тыс аттестацияны дәнекерлеушіге алғашқы аттестацияны жүргізбеген ұйым жүргізген жағдайда, бұл орталық бір ай ішінде аттестациялық хаттаманың көшірмесін және бұрын берілген куәлікті (кезеңді аттестациялау кезінде) алғаш аттестациялануды жүргізген ұйымға жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет