Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген



бет2/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#7950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.2-мақсат. Атом энергиясын пайдалану саласының дамуы үшін жағдайлар жасау



Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 001, 006, 008, 010, 011, 012, 029


Нысаналы индикатор, міндеттің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезең) көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жетпеушілік себептері

2014 ж. жоспар

2014 ж. нақты

Нысаналы индикатор
















Табиғи уранның әлемдік нарығында жетекші орындарды сақтап қалу

ведомстволық деректер

Әлемдегі орын

1

1

-

Атом саласында ғылыми-техникалық зерттемелердің максималды деңгейіне жету

ведомстволық деректер

%

100

100

-

Атом энергиясы объектілерінің ядролық, радиациялық және физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі

ведомстволық деректер

объектілер

9

9

-

станциялар

10

10

Атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету (лицензиялау, АЭХА-ның Кепілдіктер туралы келісім шеңберіндегі инспекциясы, ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау, ядролық физикалық қауіпсіздік, иондаушы сәуле көздерін есепке алу)

ведомстволық деректер

%

100

100

-

1.2.1-міндет. Атом өнеркәсібі мен энергетикасын дамыту, Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері




Уран өндіру көлемін ұлғайту

ведомстволық деректер

%

110

107,4

«Орталық» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ 100% еншілес кәсіпорны). Мердігермен Мыңқұдық кен орнындағы Орталық учаскесінде өнеркәсіптік ерітіндіні бөлуде магистральдық құбыр жүргізу құрылысы бойынша жұмыстар белгіленген мерзімде орындалмады, нәтижесінде орындалмаған көлем уранның 200 тоннасын құрады. Құбыр жүргізуді пайдалануға беру мерзімінің орындалмауына мердігердің кінәсі құрылыс саласында заңнамадағы өзгерістерге байланысты құрылысқа рұқсат беруді кешіктіруінде.

«Инкай» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ - 40%, Камеко Корпорейшн (Канада) - 60%). Өндірудің күрделі геотехнологиялық шарттарына байланысты орындалмау уранның 100 тоннасын құрады. Бекітілген келісімшарттың жұмыс бағдарламасы мен кен жұмыстарының даму жоспарында көрсетілген кен орнының күрделі геологиялық құрылымы бар.

«Аппақ» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ - 65%, Energy Asia (Жапония) - 35%) және «Семізбай - U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ - 51%, GNPC (Қытай) - 49%). Кәсіпорын балансынан ескерілген барланған қорлар расталмағандықтан, орындалмау уранның 170 тоннасын құрады.


Геофизикалық оқиғалардың шектелу және сипатталу дұрыстығын арттыру үшін мониторинг желісінің мәлімет көлемін арттыру (2010 ж. деңгейден – 11,9 Мб/оқиға)

ведомстволық деректер

%

32

32

-

Бұрынғы ССЯП аумағын тексерістермен қамту деңгейі (18 500 ш.м.)

ведомстволық деректер

%

37

37

-

Ядролық объектілердегі физикалық қорғау жүйелерінің саны

ведомстволық деректер

бірлік

3

3

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының табиғи уранның химиялық концентраты өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз ету

Уран өндірісі 2014 жылы 22829 тоннаны құрады, өндіру бойынша жоспарлық көрсеткішті (23292) орындау 98% құрады.

Реакторға дейінгі ядролық-отын цикліне әртараптандырылған тігінен ықпалдасқан компаниялар құру шеңберіндегі 2,5 млн. БЖӨ (бөлінетін жұмыс өлшемі) көлемінде уран байыту жөніндегі жұмыстарды атқару

2014 жылдан бастап «УБО» ЖАҚ жылына 5 млн. ЖББ көлемінде уран байыту бойынша ресейлік қызметтерге рұқсат алды.

«УБО» ЖАҚ өндірістік бағдарламасына сәйкес 2014 жылы 4986 мың ЖББ көлемінде «Технабэкспорт» ААҚ мекенжайына коммерциялық өнім жеткізілімдері жасалды.




АЭС алаңы мен құрылысын таңдау бойынша техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлеуді аяқтау

2014 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
№ 60-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарға сәйкес АЭС салу жобасының ТЭН әзірлеу бойынша функциялары оған жүктелетін АЭС салу жобасын іске асыру бойынша басқарушы компания құрылды.


Геофизикалық станциялардың аспап-аппараттық жабдықталуын жаңғырту

Ядролық сынақтар мен жерсілкінулер мониторингінің қазақстандық сейсмикалық станциялары желісіне кіретін 15 станциядан екеуінде: Ортау, Подгорное – жаңа дигитайзерлер орнатылған (Guralp фирманың, Англия), AS057-Бурабай станциясында жаңа үшкомпонентті сейсмометр орнатылған. Жаңғыртылған осы үш станциялар жұмысының сапасы мен тұрақтылығын жоғарлатуы қамтамасыз етілген.

Деректер орталығының бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуын және деректерді жинау мен берудің телекоммуникациялық жүйесін жаңғырту

1. Деректер орталығында Intel платформасы мен Linux опрациялық жүйесіне көшуі іске асырылған (ЯСЖТШҰ Халықаралық деректер орталығының техникалық саясатына сәйкес), программалық жасаудың жаңа нұсқалары орнатылған (Норсар Норвегиялық орталығы мен Францияның Атом энергиясы комиссариатынан).

2. Жерсеріктік байланыстың Ultisat арнасына көшуі іске асырылған (уқытша арна орнына – ASTEL компания-провайдерден) және Қазақтелеком компания-провайдерден Интернеттің екінші қосалқы арнасы қосылған. Бақылау станияларынан деректерді жинау, оларды жіберу және Деректер орталығында қабылдау сенімділігін жоғарылатуы қамтамасыз етілген.



Ядролық сынақтар жүргізу нәтижесінде ластанған ССП аумағына кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізу

008 РББ шеңберінде 1-іс-шара бойынша полигонның оңтүстік аумағын (800 кв.км) кешенді радиоэкологиялық зерттеу материалдарының қорытынды нұсқасы және ССП аумағының жасанды радионуклидтер жоғары шоғырланған оңтүстік-батыс бөлігін (1000 кв.км) кешенді радиоэкологиялық зерттеу материалдарының алдын ала нұсқасы дайындалды. 2014 жылдың соңында барлығы 6860 кв.км-ге қорытынды материалдар дайындалды, бұл ССП жалпы аумағының 37%-ын құрайды.

ЛИРА объектісінің технологиялық алаңдарында техногенді тәуекелдерді минимизациялауды қамтамасыз ету

«Лира» объектісінің ядролық жерасты қуыстарынан шыққан газдарды жағу жөніндегі бағдарламаға сәйкес ТК-1 және ТК-4 2 жерасты қуыстарында қауiпсiз деңгейге дейiн газды жағу арқылы қысымды түсіру орындалды. «Лира» объектісін ұзақ қауіпсіз жағдайға көшіру үшін ішкі қысымсыз тас тұздарындағы қуыстардың беріктігін бағалау орындалды. Қазіргі уақытта 1000 м дейінгі тереңдікте жасалған жерасты сыйымдылықтарының беріктігі көрсетілді.

Азғыр бұрынғы полигоны мен оған тиісті аумақтардың радиациялық ахуалының экологиялық жағдайын кешенді зерттеу

Бұрынғы ядролық «Азғыр» полигоны мен іргелес аумақтарынан алынған188 сынамаға іріктеу өткізілді және радионуклидтік және элементтiк құрамы зерттелді. 2 есеп беру дайындалды. Мониторингінің 28 постында профилактикалық жұмыстар орындалды. Мониторингілеу нәтижелерінің 1 ақпараттық базасы жаңартылды. Бұрынғы «Азғыр» полигонына іргелес жатқан аумақтардың қазіргі жағдайы туралы тұрғындар мен мемлекеттік органдар ақпараттандырылды.

Бұрынғы Ертіс химиялық-металлургиялық зауытының ластанған территориясының мониторингі

Топырақ суларындағы радионуклидтердің мөлшері туралы ақпарат алу үшін 31 сынама алынды және талдау жасалды.

Физикалық қорғау жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз ету және жаңғырту

ҚР ҰЯО РМК стратегиялық объектілерін физикалық қорғаудың 2 объект ішілік жүйесіне регламенттік қызмет көрсетілді және жұмысқа қабілетті күйде ұсталды, ЯФИ РМК стратегиялық объектісін физикалық қорғаудың 1 жүйесі.

Уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын тіркеу

Уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттары тіркелген жоқ.

Уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру келісімшарттарын тіркеу

Уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру келісімшарттары тіркелген жоқ.

1.2.2-міндет. Атом энергиясын пайдалану саласында ғылым мен технологияларды дамыту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















Атом және термоядролық энергетика саласында ғылыми жобалардың саны

ведомстволық деректер

бірлік

36

36

-

Инновациялық өндірістердің санын арттыру

ведомстволық деректер

бірлік

4

4

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Мұнайгаз жабдықтарын тазарту мен дезактивациялау бойынша химиялық-технологиялық мобильдік кешен құруын мониторингілеу

ХТМК құрудың ҚР № 12893 патенті бойынша процесті жүзеге асыру үшін арнайы жабдықтар мен материалдарды жеткізу шарты бойынша төлемнің 4 кезеңі жүргізілді. ХТМК барлық жабдықтары Жаңаөзен қ. «Өзенмұнайгаз» АҚ РҚУСП алаңына уақытша сақтау қоймасына жеткізілді. 2014 жылдың 13 қазанынан бастап РҚУСП алаңында ХТМК технологиялық жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар басталды. ХТМК жабдықтарын монтаждаудың аралық дайындығы туралы 2014 жылғы 16 желтоқсандағы № 1 актісі бар.

Атом энергетикасын дамыту және Қазақстандық ҚТМ токамак термоядролық материалтану реакторын құру және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау бағдарламаларын іске асыруын мониторингілеу

029 РББ шеңберінде 1 және 2 іс-шаралар бойынша «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» және «Қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау» ҒТБ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды. Есептер дайындалып, МҒТС алуға жіберілді.

ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші негізінде физика, химия және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту

ДЦ-60 үдеткішінде ауыр иондардың атомдар және ядролармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша 029 РББ шеңберінде жаңа келешекті технологияларды дамытуға арналған 2 деректер базасы жасалды. ДЦ-60 үдеткішінде келешектегі ғылыми эксперименттерді дамыту үшін 2 әдістемелік құрал түріндегі нормативті-әдістемелік база кеңейтілді. ССР-Қ реакторында ақаба суларды (сұйық радиоактивті қалдықтар) тазартуға арналған іздік жарғақтар негізінде қондырғының әрекеттегі үлгісі жасалды. Есеп берулер дайындалды, олар МҒТС алуға бағытталған.

Ядролық медицина мен биофизика орталығының (РФПӨК және СЗК) өндірістік-технологиялық корпусын құруын мониторингілеу

Мердігердің берген есебі бойынша радиофармпрепараттар өндіру корпусының құрылысы (РФПӨК) бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары 99%-ға орындалды. РФПӨК технологиялық жабдықтың қосу-баптау жұмыстары жүргізілді. Қосу-баптау жұмыстарының актілері бар.

Радиациялық зарарсыздандыру корпусы (РЗК) бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары 2014 жылға арналған бекітілген жұмыстар өндіру графигіне сәйкес орындалды.



Атом саласы кәсіпорындарының ядролық, радиациялық және электрофизикалық инфрақұрылымның қауіпсіз қызмет етуі

008 РББ шеңберінде ҚР ҰЯО РМК ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларының қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді – 21 бірлік және «Ядролық физика институты» РМК – 4 бірлік.

Қазақстандық ҚТМ токамак термоядролық материалтану реакторын құруын мониторингілеу

РБК 2013 жылғы 27 тамыздағы № 21 хаттамасының негізінде жобаның ТЭН түзетілді және мемлекеттік сараптаманың 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 01-0023/15 оң қорытындысы алынды, осыған сәйкес жобаны іске асыруды аяқтау үшін 1,8 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет.

Отандық радиофармацевтикалық препараттардың номенклатурасын кеңейту

Радиофармпрепараттарға клиникалық сынақ ойдағыдай өткізілді: 99mТс: «99mТс-фитат» реагенттер жинағы; 99mТс: «99mТс-МДФ» реагенттер жинағы.

1.2.3-міндет. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті инспекциялаумен қамту деңгейі (тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес)

ведомстволық деректер

%

15

13

2014 жылы 18 инспекция жүргізді, бұл СУР-ға сәйкес жалпы санның 13%-ын құрайды. Жоспардың орындалмауы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына инспекция жүргізуге мораторий енгізілуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығы).

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Бақылау шаралары мен инспекциялар жүргізу

2014 жылғы желтоқсан айында 2015 жылдың 1-жартыжылдығына арналған инспекциялар жүргізу жоспары бекітілді және ҚР Бас прокуратурасының ресми Интернет-ресурсында жарияланды

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы нормативті-құқықтық актілерді актуалдандыру және қайта өңдеу

Әзірленіп жатқан «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңның жобасы (заңға тәуелді актілермен бірге) 2014 жылы ҚР Мәжілісіне жіберілді.

Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенция бойынша Ұлттық баяндаманы әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен келісу

Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенция бойынша ұлттық баяндама дайындалды және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және ресми арналар арқылы АЭХА хатшылығына жіберілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді лицензиялық сүйемелдеу

2014 жылы атом энергиясын пайдалану саласында 772 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 464 лицензия берілді және қайта ресімделді, 308 өтініш кері қайтарылды. Бас тарту себебі 8 өтініш бойынша лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынбау, 300 өтініш бойынша біліктілік талаптарына сәйкессіздік болып табылады.

Ядролық материалдардың бар болуы мен қозғалысы, ядролық отын циклі объектілерінің қызметі туралы есептерді АЭХА ұсыну

2014 жылы ҚР ядролық қондырғыларындағы ядролық материалдардың түгендеу санының өзгеруі туралы 87 есеп;

жоспарланып отырған Қазақстан ға/нан ядролық материалдарды әкелу/әкету туралы 98 хабарлама;

табиғи уранның экспорты бойынша 123 хабарлама;

табиғи уранның экспорты бойынша 4 есеп және уран өнімдерін қайта өңдеу үшін Қырғызстанға жеткізу және табиғи уранның тотығын-шала тотығын Қазақстанға қайтару бойынша 8 есеп;

ядролық отын циклімен байланысты Қазақстан кәсіпорындарының қызметі бойынша 20 есеп;

Қосымша хаттаманың қолданыс аясына түсетін жабдықтардың немесе материалдардың экспорты туралы 4 тоқсан сайынғы есеп;

сауалдарға 14 түсініктеме дайындалды және АЭХА-ға жіберілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет