Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген


-міндет Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігін ендіру және «жасыл экономикаға» ауысу*



бет6/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#7950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3.1.3-міндет Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігін ендіру және «жасыл экономикаға» ауысу*

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















2012 жылмен салыстырғанда электр энергетикалық саласында көмір қышқыл газ шығарындыларының көлемі **

ведомстволық деректер

%

100

100

-

Ескертпе:

* «Жасыл экономикаға» көшу көрсеткіштері Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралары жоспары іске асырылады, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жұмысы шегінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада белгіленген бөлімдеріндегі нәтижелердің тура көрсеткіштеріне қол жеткізу (электроэнергетиканы дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын төмендету, экожүйені сақтау және тиімді басқару).

** - Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік Конвенциясы Тараптарының 1995 жылғы 2 маусымдағы № FCCC/CP/1995/7/Add.1 шешіміне сәйкес кейбір парниктік газдар немесе қызмет секторлары бойынша жылдық деректердің толық емес болуын немесе шешуші мағынаға ие болмауын назарға ала отырып, жылдық негізде көздер мен абсорбциялар бойынша бөлуді, сіңірушілер бойынша бөлуді қамтитын шығарындылардың ұлттық кадастрларына 1990-1993 жылдардың (қажет болған жағдайда жаңартылған) және бар болған жағдайда 1994 жылдың деректері 1996 жылғы 15 сәуірге дейін ұсынылуы тиіс; кейінгі жылдар бойынша деректер көрсетілген қағидаларды ескере отырып, жыл сайын ұсынылуы қажет.

Осы шешімге сүйене отырып, ағымдағы жылы екі жылы кейінге шегерілген жыл бойынша деректер ұсынылады.



Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін сүйемелдеу

Жыл бойында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) «Жасыл даму» АҚ аталған бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеу жүргізді. Мемлекеттік тізілімде 158 қондырғы операторларына ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1536 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына 2014-2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сәйкес алынған сертификаттың деректеріне сәйкес квота бірліктері енгізілді. Квота бірліктерін енгізген кезде қондырғы операторларының шотында квота бірліктерінің деректерімен бірге сертификаттардың нөмірі мен сериясы, сондай-ақ кәсіпорынның БСН көрсетіледі.

Парниктік газдар шығарындылары көздерінің мемлекеттік кадастрын сүйемелдеу

Жыл бойында парниктік газдар шығарындыларының мемлекеттік кадастрының операторы (бұдан әрі – мемлекеттік кадастр) «Жасыл даму» АҚ аталған бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеу жүргізді. Мемлекеттік кадастр кәсіпорындардың ұсынылған парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептеріндегі деректер бойынша толтырылады. Осылайша 2014 жылы 2013 жылға арналған 3246 есеп бойынша деректер тіркелген.

1990 – 2012; 1990 – 2013; 1990 – 2014; 1990 – 2015; 1990 – 2016 жылдарға арналған ПГ сіңіргіштерінің абсорбциялары мен антропогендік шығарындыларының кадастры жөніндегі Ұлттық баяндаманы дайындау туралы есеп

1990-2012 жылдарға арналған көздердің антропогендік шығарындыларының кадастры және ПГ сіңірушілер абсорбциясы туралы ұлттық баяндамасы, сондай-ақ CRF кесте дайындалды және БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) Хатшылығының сайтында орналастырылды.

ПГ шығарындыларының көлемі, климаттың өзгеруінің алдын алу, қаржы құралдары, технологиялар және әлеуетті нығайту жөніндегі әрекеттер бойынша екі жылдық есепті әзірлеу

ҚР Энергетика министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы Алқасында келесілген, БҰҰ КӨНК 1/СР.16 Шешіміне сәйкес дайындалған Бірінші екіжылдық баяндама БҰҰ КӨНК Хатшылығына жолданды және БҰҰ КӨНК Хатшылығының сайтында орналастырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) бойынша хабарламаны дайындау

БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жобасы шеңберінде БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша Жетінші Ұлттық хабарламаны дайындау бойынша жоба іске қосылды, оны ұсыну 2017 жылы жоспарлануда.

Тиісті нормативтік-құқықтық негізді әзірлеу арқылы парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сату нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

-ҚР ӘҚБтК 329-баптың әрекет етуге енгізу мерзімін 2014 жылғы 1 шілдеге ауыстыру және ПГ шығарындыларына белгіленген квоталар көлемін арттырған үшін айыппұл көлемін 5 АЕК дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді;

-Парниктік газдар мәселелері бойынша түзетулерді енгізуді қарастыратын «ҚР заңнамасына экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы мемлекеттік органдармен, Үкіметпен келісілді және ҚР Парламент Мәжілісіне енгізілді;

-«ҚР заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы шеңберінде парниктік газдар бойынша түзетулер (барлығы 23 позиция) пысықталған. Алайда жұмыс топтарының отырыстары барысында аталған нормалар Заң жобасынан алынып тасталды;

-Түбегейлі шаралар бойынша ҚР Заңнан алынып тасталған түзетулер «ҚР заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына енгізілді;

-«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ҚР Министрінің 12 бұйрығы әзірленді. 5 бұйрық құрылымдық бөлімшелермен және аккредиттелген бірлестіктермен келісілді, қазіргі уақытта бұрыштама қоюда. 7 бұйрық бойынша құрылымдық бөлімшелер мен бірлестіктердің ескертулері мен ұсыныстары пысықталуда;

-«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына өзгерістер енгізу туралы» және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын іске асырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2 ҚР Үкіметінің қаулы жобалары әзірленді;

-Парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша әдістемелерді бекіту туралы ҚО Министінің 2 бұйрық жобасы әзірленді, олар бойынша ескертулер мен ұсыныстар пысықталуда;

-«Мониторинг жоспарын бекіту туралы» және «Ұлттық жоспар резервінен квоталарды бөлу әдістемесін бекіту туралы» Министрдің 2 бұйрығы әзірленді және құрылымдық бөлімшелермен және аккредиттелген бірлестіктермен келісілді. Алайда, уәкілетті органның құзыретінің болмауына орай бұйрықтарды бекіту ҚР Экологиялық кодексіне тиісті өзгерістерді енгізгенге дейін тоқтатылды.



«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы шеңберінде жұмыс

«Қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде «жасыл» технологияларды тарту» 1-тармағы бойынша

2010 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Францияға жасаған ресми сапарының барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаты (СЕА) арасында фотовольтаика саласындағы зерттеу жобаларына бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін зерттеу ниеті туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ бірлесіп Корея энергетикалық зерттеу институтына ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін хат бастамашылық етілді. Корея Республикасының ең дамыған кәсіпорындарында қолданылатын энергия үнемдеу технологияларын Қазақстан Республикасы аумағында енгізу мақсатында аталған технологияларды жоғарыда көрсетілген ынтымақтастық шеңберінде зерделеу мәселесін пысықтау болжануда.

2013 жылдың желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында энергия тиімділігі саласында энергияның баламалы көздері мен жаңа технологияларды енгізу жобаларын қаржыландыруға 40 млн. доллар сомасындағы несие кредит шартына қол қойылды.



«Қазақстандық кәсіпорындар арқылы «жасыл» технологиялардың трасфертін қамтамасыз ету» 2-тармағы бойынша

2013 жылғы 14 маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Toshiba Corporation Қазақстан Республикасының аумағында жел энергетикалық қондырғылардың бірлескен өндірісін құру жобасы бойынша ниеттер туралы меморандумын жасасты.

Қосымша 2014 жылғы 24 сәуірде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Toshiba Corporation арасында Батыс Қазақстанда Маңғыстау облысында «Форт-Шевченко» жел энергетикалық станциясын салу жобасы бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестициялар мен технологияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша 2014 жылғы 18 маусымда 21,7 миллион АҚШ доллары сомасындағы энергия тиімді жобаларын қаржыландыру бойынша гранттық келісімге қол қойылды. Жоба аясында Қазақстанның барлық облыстарындағы мемлекеттік әлеуметтік-маңызы бар объектілерді жаңғырту жоспарлануда, атап айтқанда, жыл сайын 20 мектеп, 5 аурухана және энергия тиімді және «жасыл технологияларды» пайдалана отырып бір көшені жарықтандыру жобасы жаңғыртылады. Бүгінгі күні жобаны іске асыру мақсатында Министрлікпен «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы «Қазақстандағы энергия тиімділікті арттыру» жобасының гранты туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының қаулы жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді. Келісімді ратификациялау қорытындылары бойынша Министрлік жобаны іске асыруға кірісетін болады.



«ЖКСБ іс-шараларын баламалы қаржыландыру көздерін (халықаралық даму институттарын, Еуропа, Азия, Американың дамыған елдерінің техникалық көмегін, Қазақстанның кәсіпорындарын) тарту» 3-тармағы бойынша

ЖКСБ шеңберінде Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша 2013 жылы 1 миллион еуро сомасында Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға көшу бойынша өзгерiстер енгiзу туралы заң жобасының әзiрлеуiн қолдау» жобасы іске асырылды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы
(бұдан әрі – БҰҰДБ) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ЭМ) бірлесіп 1 724 327 АҚШ доллар сомасында «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын іске асыру және жасыл көпiр серіктестiк бағдарламасын институализациялау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне практикалық жәрдем көрсету бойынша» 2015-2017 жылдарға арналған жобасын іске асыру жоспарлануда (БҰҰДБ салымы - 202 862 АҚШ доллар, ҚРҮ салымы - 1 521 465 АҚШ доллар).

Сондай-ақ, жобаны қаржыландыру мәселесі бойынша шешiм 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес қабылданады.

2014 жылғы 20 маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «QatarSolarEnergy» катар компаниясымен күн энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«QatarSolarEnergy» компаниясы Арабия түбегі және Солтүстік Африка елдерінің нарығында фотовольтаика өнімдерін жылжыту жөніндегі KazPV жобасы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады.



«Бағдарламаны халықаралық қаржы ұйымымен бірлесіп әкімшілік ету» 4-тармағы бойынша

ҚР ЭМ ЖКСБ Құрылтай шартының жобасын әзірлеп, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен келісіліп, дипломатиялық арналар арқылы Хартияға қатысушы елдерге жолдады. ЖКСБ Құрылтай шарты келісіліп қол қойылғаннан кейін Хартияға қатысушы елдермен бірлесіп, ЖКСБ бірге әкімшілік ету үшін Халықаралық Қаржы Ұйымы таңдалатын болады.



«Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасын ілгерілетуге арналған жыл сайынғы іс-шараларды Астана экономикалық форумы және «Болашақ энергиясы» Халықаралық Форумы шеңберінде өткізу» 5-тармағы бойынша

2014 жылдың 23-24 қазанында Астана қаласында «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» ЭКСПО-2017 Халықаралық форумы (бұдан әрі – Форум) аясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері» Панельдік сессиясы өткізілді.

Форумның ашылуында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы В. Лоссерталес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі - «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссары Р. Жошыбаев, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Т. Ермегияев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» қоғамдық қозғалысының Президиумы төрағасы А. Соловьева, Жасыл өсім жаһандық институтының Бас директоры Иво де Бор сөз сөйледі.

Форум барысында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері»; «Болашақ энергиясы: негізгі үрдісі, сындары және перспективалары» тақырыптары бойынша 2 панельдік сессиясы өткізілді.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері» Панельдік сессиясының (бұдан әрі – Панельдік сессия) мақсаты «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылау және оны одан әрі ілгерілету тетіктерін әзірлеу болып табылды.

Панельдік сессияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының (бұдан әрі - ЖКСБ) Халықаралық Ассоциациясы мен «Жасыл Көпір» Институтын құру бойынша құжаттар жобалары қарастыруға ұсынылды. А.ж. 24 қазанында өткен сараптау отырыстарының барысында ЖКСБ қатысушы-мемлекеттер үкіметтеріне Еуразия өңірінде Бағдарламаны одан әрі ілгерілету тетіктерін жүзеге асыруға және басқаруға қатысу бойынша нақты ұсынымдар тұжырымдалды.



Панельдік сессияға Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, Еуропа және Азия елдерінің делегациялары, ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ғылыми топтар, бизнес құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері барлығы 350-ден аса адам қатысты.

Спикерлер ретінде Панельдік сессияда Иво де Бор - Жасыл өсім жаһандық институтының Бас директоры (Сеул, Корея), Нонпен Лю – Энергетикалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау су ресурстары және АТМЭӘК дамыту бөлімі басшысы, Роджер Капп – тұрақты даму бойынша сарапшы (Швейцария), Дэниэл Доулинг - Pricewaterhouse Cooupers LLP халықаралық даму және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша директордың кеңесшісі (Ұлыбритания), Дженнифер Батц – Жасыл өсім жаһандық институтының Орталық және Солтүстік-Шығыс Азияда жасыл өсімді енгізу және жоспарлау директоры (Оңтүстік Корея) және басқалар сөз сөйледі.

Панельдік сессия аясында Болгария Республикасы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы Хартиясына қол қойды. Болгария Республикасы атынан ЖКСБ қолдау дайындығын Болгария Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі И. Генов білдірді. Осылайша, Болгария ЖКСБ 13-ші қатысушы ел ретінде, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Моңғолия, Грузия, Германия, Черногория, Латвия, Финляндия, Мажарстан және Албания қатарына қосылды.

«Шет елдердің, халықаралық ұйымдардың және қаржы институттардың ЖКСБ бойынша Хартияға қол қоюы бойынша жұмысты жалғастыру» 6-тармағы бойынша

Форум шеңберінде ЖКСБ бойынша Хартиясына Болгария Республикасы қол қойды.

Жалпы, бүгінгі күні ЖКСБ бойынша Хартиясына 13 қатысушы елдер қосылды (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Германия, Монғолия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Финляндия, Мажарстан, Албания)

«ҚОСРМ және АТМӘЭК, БҰҰ ЕЭК арасындағы ЖКСБ шеңберінде ынтымақтастық бойынша Меморандумдарды әзірлеу» 7-тармағы бойынша

Жалпы Еуразия өңірінде және Орта Азияда «жасыл» экономикалық өсімді ілгерілету және орнықты дамуға жәрдемдесу мақсатында ЖКСБ шеңберінде серіктестік бойынша қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның, ТМАЭӘК және БҰҰ ЕЭК арасындағы Меморандумдардың жобалары әзірленді.

Аталған Меморандум жобалары БҰҰ ТМАЭӘК Хатшылығына және дипломатиялық арналар арқылы БҰҰ ЕЭК келісуге жолданды. ТМАЭӘК қарастыруларының қорытындысы бойынша Меморандум ҚР ЭМ қайта қаралуда. Бүгінгі күні БҰҰ ЕЭК-тен жауап келіп түспеді.

«Бағдарлама серіктестерінің қатысу деңгейін және өкілеттіктерін шектеу (донорлар, қаржы құралдары және технологиялар реципиенттері)» 8-тармағы бойынша

ҚР ЭМ ЖКСБ Құрылтай шартының жобасы әзірленді, оны мемлекеттік органдармен және Хартияға қатысушы елдермен түпкілікті келісу нәтижесі бойынша Бағдарлама серіктестерінің өкілеттіктерін және қатысу дәрежесін шектеу туралы ұсыныстар бірлесіп енгізілетін болады.



«ЖКСБ Құрылтай шартының жобасын әзірлеу» 10-тармағы бойынша

ҚР ЭМ ЖКСБ Құрылтай шартының жобасын әзірлеп, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен келісіліп дипломатиялық арналар арқылы Хартияға қатысушы елдерге жолданды.



«Технологияларды алға жылжыту мен олардың трансферті және инкубаторларды дамыту («Жасыл көпір» институты) бойынша зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы аумағында ақпараттық-талдау институтын құру» 11-тармағы бойынша

ҚР ЭМ «Жасыл көпір» институтын құру шарттары ескерілген, ЖКСБ Құрылтай шартының жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жолданды.

Сонымен қатар «Жасыл көпір» институты жарғысының жобасы әзірленуде.

«Хартияға қатысушы елдермен және ЖКСБ қосылу ниеті бар елдермен Құрылтай шартының жобасын келісу» 12-тармағы бойынша

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен келісілді және дипломатиялық арналар арқылы Хартияға қатысушы елдерге жолданды.



«ЖКСБ Сенімді өкілі – Халықаралық даму институтымен келісім жобасын әзірлеу» 13-тармағы бойынша

Құрылтай шартының жобасы Хартияға қатысушы елдермен келісілуіне байланысты, ЖКСБ Сенімді өкілі келісімінің ережесі пысықталатын болады.



«Тұрақты негізде Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруды бағалау және бақылау үшін қажетті статистикалық мәліметтерді шолуды қамтамасыз ету» 14-тармағы бойынша

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен «Жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілді, онда «жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша ақпаратты айқын және жедел жинақтауды жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру, мемлекеттік органдармен «жасыл экономика» индикаторларының көрсеткіштері тізбесіне енетін «жасыл экономика» көрсеткіштері мен индикаторлары тізбесін қалыптастыру және анықтау, статистикалық инструментарийді жетілдіру (жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылауды, «жасыл экономика» индикаторлары жаңа көрсеткіштерін енгізу бөлігінде статистикалық формаларды қайта қарастыру), «жасыл экономика» индикаторларын сипаттайтын әкімшілік деректерді өзектеу және т.б. қарастырылған.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруды бағалау және бақылау үшін қажетті статистикалық мәліметтерді шолуды қамтамасыз ету тұрақты негізде қамтамасыз етілетін болады.
«ЖКСБ бойынша қаржылық институттар құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Қаржылық құралдардың оңтайлы комбинациясының үлгісін әзірлеу үшін озық тәжірибелерді, халықаралық стандарттарды шолу» 15-тармағы бойынша

ЖКСБ Құрылтай шартының жобасын мемлекеттік органдармен және Хартияға қатысушы елдермен келісу қорытындысы бойынша ЖКСБ қаржы институттарын құру жөнінде ұсыныстар бірлесіп әзірленеді, олар қаржы құралдарының оңтайлы комбинациясы моделін әзірлеу үшін озық тәжірибе, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін болады.



«Қазақстан қатысушысы болып табылатын ірі халықаралық резонансты іс-шаралар шеңберінде ЖКСБ алға жылжыту» 16-тармағы бойынша

2014 жылғы 26-27 қыркүйекте Чолпон-Ата қ. (Қырғызстан) ЕурАзЭК жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы кеңестің 6-шы отырысы өтті, отырыс барысында қазақстандық делегациямен ЖКСБ ілгерілету бойынша ақпарат ұсынылып, отырыс қатысушылары «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері» Панельдік сессиясына қатысуға шақырылды (2014 жылғы 23-24 қазан Астана қ.).

Сонымен қатар, 2014 жылдың 23-24 қазанында Астана қаласында «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» ЭКСПО-2017 Халықаралық форумы (бұдан әрі - Форум) аясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері» Панельдік сессиясы өткізілді.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы»: перспективалары мен іске асыру тетіктері» Панельдік сессиясының (бұдан әрі – Панельдік сессия) мақсаты «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылау және оны одан әрі ілгерілету тетіктерін әзірлеу болып табылды.

Панельдік сессияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының (бұдан әрі - ЖКСБ) Халықаралық Ассоциациясы мен «Жасыл Көпір» Институтын құру бойынша құжаттар жобалары қарастыруға ұсынылды. А.ж. 24 қазанында өткен сараптау отырыстарының барысында ЖКСБ қатысушы-мемлекеттер үкіметтеріне Еуразия өңірінде Бағдарламаны одан әрі ілгерілету тетіктерін жүзеге асыруға және басқаруға қатысу бойынша нақты ұсынымдар тұжырымдалды.

«ЖКСБ іске асыру және дамыту нәтижелерін тарату бойынша медиа-жоспар құру» 17-тармағы бойынша

Энергетика, сыртқы істер, инвестициялар және даму министрлерінің бірлескен бұйрығымен ЖКСБ іске асыру және дамыту нәтижелерін тарату жөніндегі медиа-жоспар бекітілді, ол бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс процесін реттеуді және ЖКСБ кеңінен жариялауды қамтамасыз етеді.



«ЖКСБ ақпараттық қолдау үшін «Жасыл көпір» интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу» 18-тармағы бойынша

ЖКСБ ақпараттық қолдау үшін «Жасыл көпір» интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде (http://gbpp.org/). Жаңалықтар таспасы күн сайын жаңартылады және ЖКСБ шеңберінде өткен әрбір оқиға қысқа және ауқымды аннотациядан тұрады.

«Жасыл» технологияларды жетілдіру және «жасыл» инвестицияларды тарту бойынша өзекті ақпарат, мақалалар, шетелдік мемлекеттердің есептері жүйелі түрде орналастырылады.

2014 жылы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының (ЖКСБ) интернет-ресурсында келесі жұмыстар жүргізілді:

506 жаңалық, 189 бейне, 1 фотоальбом, 187 басылым, 14 тұсаукесер (презентация) және 2 бейнеконференция орналастырылды.

Сондай-ақ, ЖКСБ интернет-ресурсын техникалық қолдау бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

интернет-ресурсты қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару;

баннерлік қатардың болуын қамтамасыз ету;

интернет-ресурсқа кіруді сыртқы тәуелсіз өлшеу үшін арналған сервиспен қамтамасыз ету;

интернет-ресурстың келушілерінің араласуын ұйымдастыру үшін веб-қосымшамен қамтамасыз ету;

интернет-ресурста навигациямен қамтамасыз ету;

техникалық ерекшелікке сәйкес бөлімдер қосылды (Халықаралық ынтымақтастық, Халықаралық қолдау, Елдер, Тіркелу).

Келесі сервистер әзірленді:

«кері байланыс»;

«сұрақ-жауап»;

ақпараттық хабарламаларға, құжаттарға, анықтамалық және интернет-ресурста орналастырылатын өзге де материалдарға жазылу;

парақшаға түсінік беру;

интернет-ресурстың мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділігі;

интернет-ресурста соңғы орналастырылған құжаттарды көрсететін плагин орналастырылды;

навигацияның қисынды механизмі;

ақпаратты жүктеуге және көшіруге қол жетімділік;

мобильді нұсқасы құрастырылды;

SEO (іздеу) – ЖКСБ интернет-ресурсын Yandex, Google, Поиск@Mail.ru іздеу жүйелерінде оңтайландыру.

ЖКСБ интернет-ресурсының ресми парақшасының mail.ru, twitter, yvision.kz, el.kz, facebook.com, Bkontakte әлеуметтік желілерінде болуы қамтамасыз етілді;

ЖКСБ негізгі қызметі туралы қоғамдастықты анағұрлым жедел ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілерде 332, видеохостингтерде youtube - 183, kiwi -112, namba - 112, kaztube – 112 сілтеме орналастырылды.

«Қатысушылардың пікірін ескере отырып, ЖКСБ бойынша білім беруді және коммуникациялық алаңды құруды ұйымдастыру» 19-тармағы бойынша

Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ) «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының негізін құрайтын «жаңартылатын және жасыл энергетика» бағыты бойынша мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша республикалық тағылымдама өткізуге лицензия алды, АЭБУ лицензиялық курс шеңберінде 2014 жылы энергоаудит және энергоменеджмент бойынша 25 тыңдаушы дайындықтан өтті.

«Жаңартылатын және жасыл энергетика» бағыты бойынша оқу зерттеу базасын құруды қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ екі гранттық жобасы шеңберінде студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін білім беру алаңдары және заманауи энергия үнемдеу саласындағы жаңа білім беруді пайдалану алғышартын құру үшін АЭБУ қашықтықтағы тәжірибе қызметін атқаратын жаңа зертханасы құрылып, жабдықталуда. Зертхананың тәжірибелік негізін құру модульдік принципке негізделді. Құрылған модуль оқу және ғылыми-зерттеудің мақсаттарын органикалық отынды, жылу және электр энергиясын үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін энергия жабдықтау және тіршілігін қамтамасыз ету бойынша заманауи техникалық құралдарды қолдану ақпараттық технологиялар тиімділігі мақсаттарын шешудегі энергия пайдалану саласын қамтиды. Қазіргі кезде бірегей құрылғылар желілік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін зертхана нысандарын Жаһандық желі Ғаламторға қосу аяқталуда. Қашықтықтағы тәжірибе технологияларын пайдалану оқу және зерттеу мақсаттарын пайдалану нақты тәжірибелерді нақты жабдықтарды жеке пайдаланушының тәжірибесін қашықтықтан басқару құралдарын қоюды қамтамасыз етеді.

«Моноблоктық үшгенерациялық құрылғыларды жобалаудың және олардың негізінде энергиямен қамтамасыз етудің автономды жүйесінің теоретикалық негіздерін әзірлеу» атты мемлекеттік бюджетік ғылыми-зерттеу әзірлемесі бойынша (ғылыми басшы, проректор В.В. Стояк) 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін төленетін лауазымда РТСФ 2 студенті, ЖЭФ 2 студенті, ЭЭФ 1 студенті, АТФ 1 магистранты, ЖЭФ 7 магистранты, ҚазҰТУ 1 докторанты және АЭБУ 2 докторанты, барлығы 18 окушы жұмыс істеді.

2014 жылғы қазанда «Энергетика, телекоммуникациялар және қазіргі жағдайдағы жоғарғы білім» 9-шы Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өткізілді, онда «электр энергетикасы» секциясында «жаңартылатын және жасыл энергетика» мәселелері бойынша конференция қатысушыларына арналған коммуникативтік алаң жұмыс істеді.

«TEMPUS MAPREE» жобасын іске асыру шеңберінде Швеция және Австрия университеттерінің көмегімен 3,80 млн.теңге сомасында «Жаңартылатын энергия және ғимараттардағы энергия тиімділігі» зертханасын құру үшін құрал-жабдықтар сатылып алынды. Қазақстан бойынша дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздері; энергетика және тұрақты даму мамандықтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға іріктеу басталғандығы туралы ақпараттық тарату жүргізілді. 2014 жылы мамандықтар бойынша 11 магистрант оқытылды.

Сондай-ақ, «жасыл» құрылыс және халықаралық стандарттарды енгізу саласында 2014 жылдың 11-13 тамызында Астана қ. «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстанның қала құрылысын салушылар одағымен және Алматы қаласының әкімдігімен «Қазақстан Республикасында қала салудағы «жасыл» басымдылығы» атты XII Форум аясында «BREEAM/LEED құрылысының халықаралық «жасыл» стандарттары» атты семинар-тренингі өткізілді.

2014 жылдың 24-25 қарашасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, ҚР ЭМ және DQS-UL MSS (Германия) компаниясымен бірлесіп мемлекеттік органдар департаменттері, «KAZENERGY» Қазақстандық энергетика және мұнай-газ ұйымдарының қауымдастығы, «Каражанбасмунай» АҚ, «ҚОР» ҰК» АҚ және энергетика және мұнай-газ саласындағы басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері мен басшыларына арналған «ISO 50001 халықаралық стандарты негізіндегі энергоменеджмент жүйесі» тақырыбындағы семинар-тренингі өткізілді.



2013-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» ауысу бойынша тұжырымдаманы іске асыру іс-шаралар жоспарын іске асыру

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 Үкіметі қаулысының 3 тармағаына сәйкес жылдың қорытындылары бойынша 20 ақпанға Қазақстан Республикасы Үкіметіне іске асыру барысы бойынша жиынтық ақпарат жолданатын болады.


Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ басқа да ірі қалаларда энергия тиімділігінің заманауи стандарттары мен технологияларын, энергия айналымы бойынша технологияларды (жылыту және ауа баптау) қолдана және жаңартылатын энергия көздерін (ғимараттардың шатырына күн панельдерін орнату) ықпалдастыра отырып, «жасыл», оның ішінде «энергия ұтымды» ғимараттар құрылысына көшу жөніндегі тәсілдер бойынша ұсыныстар енгізу

Іс-шара ұзақ мерзімді болғандықтан, орындау мерзімі 2016 жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет