Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Этопедагогика оқулық

2. Жетісу күйшілік дәстүрі.
Бұл ӛңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі 
стильге бай болғанмен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысанасынан 
тыс қалып келеді. Жетісу дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен ӛзектес. 
Жер жағдайы ұқсас, Алтай мен Алатау аралығында үзілмей, іркес-тіркес 
жалғасқан тау сауырын қоныстанған елдің мәдени кеңістігі ортақ 
болғандығы байқалады. 
Еліміздің Жетісу ӛлкесінде ертедегі аңыз күйлермен қатар авторлары 
ұмыт болып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан 
кездеседі. Мысалы: «Аққу», «Аққудың зары», «Жеті атан – ерке атан», 
«Мұңлық-Зарлық», «Жетім қыз», «Жетім бала», «Жиренше шешен», 
«Тепеңкӛк», «Шұбар киік», «Ақсақ қыз» сияқты кӛне күйлер ерте 
дәуірлерден сыр шертеді. Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік 
ӛнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. 
Бұл мектептер дәулескер күйші-композиторлар– Байсерке Құлышұлы және 


58 
Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты. Қожабек, Сатқынбай, 
Қатшыбай, Темірбек Ахметов арқылы бүгінге жалғасып келген Байсерке 
күйшінің кӛп мұрасынан, ӛкінішке қарай, кезінде жинақталып, жазылып 
алынбағандықтан, кӛз жазып қалып отырмыз. Осы бір ұлан-ғайыр 
күйшілік мектептің жұқанасындай болып жинаққа Байсеркенің «Ұран 
күй», «Толқытатын күй» деп аталатын туындылары ғана енді. Жетісу 
күйшілік ӛнеріне тоқталып, Байсерке күйшінің шығармашылығына 
қатысты «Ғасырлар пернесі» еңбегінде алғаш А.Жұбанов сӛз қозғаған 
болатын.
Жетісу ӛңіріндегі тағы бір оқшау кӛзге түсетін мектеп – Шыңжаң 
ӛлкесі күйшілік дәстүрімен сабақтас, Қожеке Назарұлы бастаған 
домбырашылық үрдіс. Қожеке күйші Жетісудың тӛрі Қарқара жайлауында 
дүниеге келген. Қожекенің ӛмір сүрген заманы аумалы-тӛкпелі қиын 
кезеңге тұспа-тұс келді. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына 
бағынбаған Қожеке тағдыр тауқыметімен Қытай асып кетеді. Ол жақта да 
қиын ӛмірді бастан кешіп, ақырында озбыр заманның саяси құрбаны 
болған Күйші мұрасы бүгінге ӛзінің ұрпақтары ұлы Рақыш, немерелері 
Шаңия мен Тұрсынғазы, Ясын, жиені Орынбек арқылы жетті. Жетісу 
күйлерін зерттеуші, күйші Б.Мүптекеев Қожеке күйлерін тақырыптық 
мазмұн жағынан бірнеше топқа жіктейді: 
а) ежелгі жыр, аңыз, шежіре, ертегі сюжетіне құрылған күйлері 
(«Мұңлық-Зарлық», «Қамбархан», «Жиренше шешен»); 
ә) табиғат тыныс-тіршілігіне байланысты күйлері («Ағарсынның ақ 
толқыны», «Сарбарпы бұлбұл», «Сайрам кӛл»); 
б) жеке бастың кӛңіл ауанына қатысты туған күйлері («Кертолғау», 
«Күй шақыртқы», «Сағыныш», «Шалқайма», «Нұрғазарын»). 
Жинаққа Қожеке, Сыбанқұл мектептерінің ӛкілдерімен қатар, 
Бӛлтірік, Қосдәулет, Омархан Керімқұлов, Елемес Таласбай сынды 
күйшілердің, Тіленді, Шортанбай сияқты Жетісу ӛлкесінде ӛмір сүрген 
белгілі тұлғалардың шығармалары да қосылған. 
3. Арқа күйшілік дәстүрі.
Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан 
байтақ ӛңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең кӛрнекті 
тұлғасы, 
күйші-композитор, 
шертпе 
күй 
мектебінің 
негізін 
қалаушылардың бірі, халық аспаптық музыка ӛнерінің классигі – Тәттімбет 
Қазанғапұлы.
Шертпе күй саласында екі ішекті алма-кезек даралап қағу, бір ішекті 
бойлай шерту әдістерін кӛбірек қолданып, бұл тарапта жаңашыл бағыт, 
оқшау мектеп қалыптастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, 
философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады. 
Небары 45 жас қана ғұмырында ӛшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй 
ӛнерін жаңа саз, соны ӛрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 
40-тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой-толғамдарға 
құрылған «Қосбасар» (9 нұсқасы), «Сарыжайлау», «Кӛкейкесті», «Бес 
тӛре» (І, ІІ түрі), махаббат сырын шерткен «Сылқылдақ», «Кӛш жанаған», 


59 
«Балбырауын», тарихи оқиғаларға арналған «Айдос», «Алшағыр», «Азамат 
қожа», «Бозайғыр», т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған – ӛз інісі 
Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған.
Тәттімбет күйлерінің басым кӛпшілігі белгілі күйші, домбырашы 
Әбікен Хасенов арқылы жетті. Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін 
жалғастырушылардың бірі Аққыз (Мүгілсін Ахметқызы) – домбырашы, 
әнші. Күйшілік ӛнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Тәттімбеттің 
«Қосбасар», «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Бестӛре», Тоқаның, Саймақтың 
күйлерін шебер орындаған.
Сонымен бірге, ұлы күйші мұрасын Әпике Әбенова, Жақсылық 
Омашев, Уәли Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ ӛнерпаздар да 
кеңінен насихаттады.
Ұлттық музыка ӛнеріндегі Тәттімбет бастаған жаңа дәстүрді оған 
ілесе шыққан Тоқа, Әбди, Сембек, Қыздарбек сынды күйшілердің ӛзінше 
жалғастыруы да – заңды құбылыс. Тәттімбет тәлімі дегенде, ауызға ең 
әуелі әйгілі Тоқа Шоңманұлының есімі ілігеді. Ел іші оны шыққан руына 
байланысты «Сайдалы сары Тоқа» атап кеткен. Тәттімбеттен он бес жас 
кіші Тоқа, ұлы күйшімен ӛнерде үзеңгілес жолдас бола жүріп, одан 
күйшілік ӛнердің қилы тағылымын меңгерген. Ӛзінің біліп, үйренгенін 
Тоқа айналасындағы ізбасарлары Қыздарбек, Әбди, Баубектерге табыстап 
отырған. Бұлардың барлығы дерлік Тәттімбеттің ізімен «Қосбасарлар» 
циклын жалғастырды. Қыздарбектің «Ӛткінші», «Мұң» қосбасарлары – 
шертпе күй мектебінің ең бір сыршыл, мұңшыл шығармалары. Бұл 
күйшілердің Кеңес дәуіріне тірі жеткендері кӛп қуғын-сүргін кӛрді, Әбди 
мен Сембек 30-жылдары атылып кетті. Күйлері кӛпке дейін жұрт назарына 
ұсынылмай, 
шетқақпай 
болып 
келді.Олардың 
мұрасын 
бүгінге 
жеткізушілер – Әпике Әбенова, Дәулетбек Сәдуақасұлы, Манарбек 
Сағымбеков, Орал Исатаев сынды күйші-домбырашылар. 
Табиғаттың бұла бір сәтін күй арқылы жеріне жеткізіп суреттеген 
Арқаның тылсым күйшілерінің бірі – Әшімтай еді. Оның соңында қалған 
бір ғана күй «Қоңыр қаз» деп аталады. Атақты Дайрабайдың да күйлерінің 
кӛбісі бүгінге жетпеген. Бұл екі күйшінің туындыларын елге табыстаған – 
әйгілі күйші Мағауия Хамзин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет