64
қойылымға ұқсайды. Жинаққа Құлшардың бұдан басқа да әзілге құрылған
«Тілемсек», «Жап та, қымта» атты күйлері енген.
Адайдың «жеті қайқысы» атанған ӛнерпаздар қатарында Маңғыстау
күйшілік дәстүрінің кӛрнекті ӛкілдерінің бірі Ӛскенбай Қалмамбетұлының
есімі ерекше аталады. Әйгілі «Жаңылтпаш» күйі – Ӛскенбайдың Құлбай
бақшы деген түрікпен күйшісімен сайысқа түскенде шығарған күйі.
Ӛскенбай күйшінің мұрасы,
негізінен, бел баласы Мұрат Ӛскенбаев
арқылы жетіп отыр. Ол Абыл, Есір, Құлшар, Ӛскенбай, Қартбай сынды
күйшілердің туындыларын, ертедегі аңыз күйлерді, ӛз күйлерін қосқанда,
ұзын саны, үш жүздей күй тартқан.
Бұл антологияға Абыл, Есір, Есбай,
Құлшар, Ӛскенбай сияқты аттары белгілі күйші-композиторлар күйлерімен
қатар, Жолды, Қартбай, Қоңыр, Мұрат Ӛскенбаев, Айдарбай, Самиғолла
Андарбаевтың шығармалары да толық енгізілген.
8. Қазіргі заман күйлері.
Қазақ музыкасының арнайы кәсіпқойлық жүйеде
қалыптасуына,
дамуына атсалысқан күйші-композиторлар шығармалары да осы жинаққа
арнайы
топтастырылды.
Академик
А.Жұбановтан
бастап,
С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, Р.Омаров, Н.Тілендиев,
К.Күмісбеков сияқты Қазақстан кәсіби музыкасының іргетасын қалауға
үлес қосқан композиторлардың
айшықты шығармаларымен қатар, осы
буынға ілесе шыққан М.Әубәкіров, А.Мырзабеков, М.Қалауов,
Ә.Есқалиев, С.Балмағамбетов, Ш.Әбілтаев, Қ.Ахмедияров, А.Жайымов,
Қ.Тасбергенов, С.Тұрысбеков, т.б. композиторлардың туындылары және
С.Құсайынов, Ә.Желдібаев, М.Сыдықов сынды күйшілердің кең тараған
күйлері де жинақтан орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: