Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі


Ілмекті инешаншым машиналары



бет5/6
Дата05.10.2022
өлшемі69.38 Kb.
#462008
1   2   3   4   5   6
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

3.2 Ілмекті инешаншым машиналары
Біржіпті ілмекті инешаншымды машиналар тез тарқайтын тігім орындайды, сондықтан олар уақытша біріктіру тігісін, соның ішінде мысалыға,көктеп тігу тігімін орындауға қолданылады. Мұндай машиналар жалпақ және бағаналы тұрықты жасалынады.
Жасырын тігім орындайтын машина бұйымның етегін, мысалыға шалбардың, плащтың, белдемшенің етектерін және де белдік ұстағыштарды тігуге қолданылады. Мұндай машиналардың айрықшылығы горизонталь бағытта қозғалатын майысқан ине қолданылуында және матанын инемен шаншылатын жерін сығымдап майысыру үшін бір немесе екі тығынжыл қолданылуында. Машиналарда бір немесе екі инешаншымнан кейін инешаншымды болдырмайтын арнайы механизмі болады. Бұлай тігім жасау, жылжымалырақ біріктіру жасауға мүмкіндік береді. Тығынжылдың көтерілу биіктігі реттелінеді. Осы реттеу арқылы тігістегі жіптің мата бетіне көрінбеуін қамтамасыз етіледі. Инешаншым қайтарылған жиектің астыңғы бетінде орналасады. Екі тығынжылды механизм тігімді жиекте орналаспай қайтарылманың орта жағында орындауға мүмкіндік береді. Мұндай тігімдер екі мәрте жасырын деп аталады. Машина жоғарғы төрткілдешті мата жылжытқыш механизммен шығарылады. Жоғарғы жылжытқыш механизм төменгі басқарылатын механизммен бірге қайтарылған жиекті отырғызып тігіс орындауға мүмкіндік береді.
Былғары мен терінің жиегін біріктіріп тігетін үлбір тігу машинасы біржіптіілмекті инешаншым тұрғызады. Машинада доңғалақ материал жылжытқыш түрі қолданылған. Материал тік жазықтықта екі доңғалақ арасына қысылып, үзілісті қозғалыс жасау кезінде ине горизонталь жазықтық бойнша қозғалып өңделетін материалды шаншиды. Доңғалақтың әрқайсысы өзалдына жетектері болуы мүмкін, осы арқылы материалдың бір қабатын екіншісіне қарағандаотырғызып тігу мүмкін. Үлбір тігу машиналары біріктіретін материалдардың ауырлығына қарай әртүрлі болады.
Бір инелі екіжіпті ілмекті инешеншымды машиналар қайықты машиналарға ұқсас қолданылады, бірақ бұл тігім сызықты созылмалығы жоғары болады. Осыған орай өңделген бұйымның да сапасы жоғары болады. Мұндай машиналар көбінесе трикотаж бөлшектерді біріктіріп тігуге арналады.
Екі және көп инелі машиналар екі немесе бірнеше параллель екіжіпті ілмекті инешеншыммен тігім тұрғызады. Платформаларының түріне қарай олар жайпақ, цилиндір пішінді және П пішінді болады. Олар ілмектегіштерінің қозғалу бағытымен жартылайфабрикаттың қозғалысына көлденең немесе оның қозғалысымен бағытас болып бөлінеді. Соңғы жағдайда ілмек тұрғызу үшін ілмектегішпен бірге кеңейткіш те қолданылады.
Көпинелі ілмекті тігім машиналарында кәдімгі ілмектеуші қолданылады.
Ол материалдың жылжу бағытымен бағыттас қозғалады. Мұндай машиналар көбінесе келтедамбалдың, шолақшалбардың, спорт шалбарының, джинс шалбарының белбеуін тігуге, резіңке қондыруға, жолақ тігуге, әртүрлі әрлеу тігімін орындауға арналған.
Жазық ілмекті инешаншым машиналары инелерінің, жібінің санына, тізбек өрімінің түріне, платформаларының пішініне қарай бөлінеді. Негізінен қолданыста екі, үш, төрт инелі жазық ілмекті инешеншымды машиналар.
Платформаларының пішіні бойынша олар жазық және цилиндір пішінді болады. Мұндай машиналарда ілмектегіші материалдың жылжу бағытына көлденең жылжып, матералдың астыңғы жағында тігіс орналасады. Ал егер тігіс үстіңгі жағында да көрініп орналасу қажет болса, онда машинада салғыш болуы қажет. Бұл жағдайда машина құрлысында үлкен өзгеріс болмайды.
Жиек торлап, сырып - торлап тігетін машиналар ілмекті тігіс орындайтын машиналар ішінде көп таралғандары болады. Олар көп жағдайда дифференциалды төменгі төрткілдешті тасымалдау механизмді болады. Ал ауыр, қозғалтуы күрделі материалдар үшін машина жоғарғы жылжытқышпен де қамтамасыз етілуі мүмкін. Мұндай машиналар өңделінетін материалдардың ауырлығына байланысты бөлінеді. Айрықша ауыр материалды өңдеу үшін мұндай машиналар арнайы «тракторлық» табандықпен қамтамасыз етіледі. Бұл табандық жылжыту бағытында екі топсалы болады.
Құрылатын инешаншым түріне байланысты машиналар келесі түрлерге бөлінеді:
1) екіжіпті жиекторлаушы;
2) үшжіпті жиекторлаушы;
3) төртжіпті бөрітендіретін тігімімен (екі инелі);
4) бесжіпті сырып - торлап тігу (екіинелі);
5) жетіжіпті (үшинелі).
Бұл топтардың ішінде олар торлау еніне, инелердің арақашықтықтарына байланысты бөлінеді.
Қол тігісін қайталайтын машинады екіұшты ортасында көзі бар ине қолданылады. Тігіс кезінде ине кезегімен біресе төменгі, біресе жоғарғы цанг қысқыштарына берілуі арқылы тігіс орындалады. Әрине, тігілетін матаны жылжыту ине матадан тысқары жағдайында орындалады. Машина жіптің шектеулі ұзындығында жұмыс орындайды. Жіптің бір ұшымен тігісті тартып, қолтігісіне келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет