Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


Гистограмма 1. «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің көрсеткіштері



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі83.4 Kb.
#453533
1   2   3   4   5   6
ПиП ОМӨЖ4 Рамазанова А.М.

Гистограмма 1. «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің көрсеткіштері


«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі жүргізіліп, келесідей көрсеткіштерге ие болды: бақылау тобында табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі 38 % болса, ал эксперимент тобында 48 %-ды құрады. мотивацияның орташа деңгейі бақылау деңгейінде 50 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 46 %-ды көрсетті, мотивацияның жоғары деңгейі бақылау тобында 8 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 4 % көрсетті, табысқа жету мотивациясы өте жоғары бақылау тобында 4 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 2 % көрсетті (Гистограмма 1).

Қалыптастырушы эксперимент негізінде «Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» тақырыбы бойынша элективті курс жүргізілді. Курстың мақсаты, студенттерге оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы туралы теориялық білім бере отырып, табыстылықты арттырудың жолдарын көрсету. Жалпы курс 15 дәріс сағатынан және 30 сағат тәжірибелік сабақтарға арналған. Курс бағдарламасының мазмұнында «табыстылық туралы түсінік», «оқу-танымдық іс әрекет» түсінігі, «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымының мазмұндық сипаты, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың өзектілігі, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын зерттеген ғалымдар тәжірибесі, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың маңызы, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын СӨЖ тапсырмалары арқылы дамыту, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмысының студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудағы орны, табысты студент – сапалы маман, - тақырыптары қарастырылған.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамыту жолдары» тақырыбына жазылған жұмысты былайша қорытынылауға болады:



  1. Студенттердің, әсіресе педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту және анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені табысты студент – ол табысты маман. Табысты маман – еліміздің жарқын болашағы.

  2. Әр ғылым салаларында «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымына берілген анықтамаларды саралай келе, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы дегеніміз – студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады, яғни оқу әрекетін табысты қылу ол тікелей таным әрекетіне байланысты.

  3. «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің қорытындысы бойынша бақылау және эксперимент топтарында да мотивацияның орташа деңгейі басымдылық көрсетті, демек мотивациясын арттыру керектігі көзделеді.

  4. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделін толығымен жүзеге асырылып, оң нәтижесін берді.

  5. «Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» тақырыбы бойынша элективті курс бағдарламасы әзірлені.

  6. Дегенмен де бұл жұмыстар жүргізілгенімен де бұл қарастырылып отырған мәселені толыққанды шешеді деуге болмайды, сол себептіде, студенттердің оқу-танымдық қызығушылықтары мен кәсіби дағдыларын дамытуға байланысты жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту арқылы сапалы маман даярлайтынымыз анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет