Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі



бет4/6
Дата02.01.2022
өлшемі83.4 Kb.
#453533
1   2   3   4   5   6
ПиП ОМӨЖ4 Рамазанова А.М.

Компененттер

Өлшемі, дамыту құралы

Көрсеткіштері

Мотивация

Мамандықтың маңызы түсіндіру; пәнге деген қызығушылығын арттыру; студенттердің жеке басын құрметтеу; оқу іс-әрекетіндегі табыстылыққа жетудің жолын ұсыну.

Мамандықтың маңызын түсіндіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, табыстылықтың маңызын түсінеді.

Процессуалдық іс-әрекет компоненті (Білік)

«Оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың жолдары» элективті курсын өткізу.

Оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту туралы теориялық білім ала отырып, оны практикада қолдану жолын меңгереді.

Рефлекциялық-бағалау компоненті (Дағды)

Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі жетістіктер, сайыстарға, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға қатысуы және т.б.

Сайыстарға қатыса отырып, өзінің теориялық алған білімдерін зерттеу арқылы өмірде қолдана алады.

Кестеде көрсетілгендей, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстаына қызығушылығын дамытатын компоненттерін қарастырдық. Жалпы дамытудың 3 компоненттін және оларды сипаттаудың негізгі белгілерін қамтиды. Ұсынылып отырған компоненттер өзара тығыз байланысты. Нақты жағдайда студенттер оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытуды белгілі бір ретпен жүзеге асырады.

Кез-келген педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі оның диагностикалаудың негізінде анықталады. Зерттеуде қолданылатын педагогикалық диагностика тұтас алғанда оқыту үрдісінің нәтижесін ғана емес эксперименттік жұмыстың көрсеткіштерін айқындауға бағытталған. Зерттеу бойынша эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына 98 студент қатысты: эксперименттік топта «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары бойынша 48 студент (Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті), ал бақылау тобында «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 50 студенті (Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ) қатысты.

Ең бірінші анықтау эксперименті жүргізілді. Анықтау экспериментінің мақсаты – педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығының алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып, дамытудың жолдарын анықтау.

«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі жүргізіліп, келесідей көрсеткіштерге ие болды: бақылау тобында табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі 38 % болса, ал эксперимент тобында 48 %-ды құрады. мотивацияның орташа деңгейі бақылау деңгейінде 50 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 46 %-ды көрсетті, мотивацияның жоғары деңгейі бақылау тобында 8 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 4 % көрсетті, табысқа жету мотивациясы өте жоғары бақылау тобында 4 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 2 % көрсетті (Кесте1).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет