Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Лекция №5. Желілік деңгей



бет28/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Лекция №5.
Желілік деңгей.
Физикалық адрестермен ұмыс істейтін каналдық деңгейге қарағанда, желілік деңгей қисынды адрестермен жұмыс істейді. Ол желідегі екі түйін арасындағы қосылыс пен маршрутизацияны қамтамасыз.
Желілік деңгей транспорттық деңгейге логикалық байланыс орнатуды ұсынады (connection-oriented), мысалы Х.25, немесе оны қоспай-ақ (connectionless) мысалы IP (Inter­net Protocol). Желілік деңгейдің қызметтерінің бірі — марш­рутизация. Желіік деңгейдің қызметтері әр түрлі. Оларды локалдық жүйелерді байланыстыру мысалдарында қарастырамыз.
 Локалдық желілердің каналдық деңгейінің протоколдары тек тиісті типтік топологиясы бар желілерде кез келген түйіндер арасында деректерді жеткізуді қамтамасыз етеді, мысалы, иерархиялық жұлдыз топологиясымен. Бұл жетілген құрылымды желілерді құруға рұқсат бермейтін өте қатаң шек қою, мысалы, кәсіпорынның бірнеше желілерін бір желіге қосатын желілер немесе түйіндер арасында мол байланыс бар жоғары сенімді желілері. Ілмек түріндегі мол байланысты қолдау үшін каналдық деңгейдің протоколдарын қиындатуға болар еді, бірақ деңгейлер бойынша міндеттерді бөлу принципі басқа шешімге келтіреді. Бір жағынан типті топологиялар үшін деректерді жіберу процедурасының қарапайымдылығын сақтап қалу үшін, екінші жағынан кез келген топологияны қолдануға рұқсат беру үшін қосымша желілік деңгей қосылады.
Желілік деңгейде желі деген сөздің өзін ерекше мағнамен белгілейді. Бұл жағдайда желі сөзі бір – бірімен сәйкес стандартты типтік топология арқылы қосылған және деректерді жіберу үшін осы топологияға арналған каналдық деңгейдің протоколдарының бірін қолданатын компьютерлердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Желі ішінде деректерді жеткізу сәйкес каналдық деңгеймен қамтамасыз етіледі, ал желілер арасында деректерді жеткізумен желілік деңгей шұғылданады. Ол біріктірілген желілер арасындағы байланыс құрылымы каналдық деңгейдегі протоколдарда қабылданғаннан өзгеше болған жағдайда да, хабарламаны жіберу маршрутын дұрыс таңдау мүмкіндігін қолдайды.
Желілер бір-бірімен маршрутизатор деп аталатын арнайы құрылғылармен қосылады. Маршрутизатор — бұл желі арасындағы байланыстар туралы ақпарат жинайтын құрылғы және соның негізінде желілік деңгейдің пакеттерін қажетті желіге қайта жібереді. Бір желіде орналасқан жіберушіден басқа желіде орналасқан қабылдаушыға хабарлама жіберу үшін, бірнеше желілер арасында транзитті жіберуді , немесе хоптарды ( hop сөзінен — секіріс) орындау қажет, әр кез сайын керекті маршрутты таңдау керек. Сонымен, маршрут пакет жүріп өтетін маршрутизаторлардың тізбегін білдіреді.
Желілк деңгейдің хабарламаларын пакеттер (packets) деп атайды. Пакеттерді жеткізуді ұйымдастыру кезінде «желінің нөмірі» деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл жағдайда қабылдаушының адресі үлкен бөліктен— желінің нөмірінен және кіші — осы желідегі түйіндердің нөмірінен тұрады. Бір желінің барлық түйіндерінде адрестің үлкен бөлігі бірдей болуы керек, сондықтан желілік деңгейде «желі» терминіне басқа, формальды анықтама беруге болады: желі — бұл желілік адресі бірдей желілік нөмірді иемденетін түйіндердің жиынтығы.
Желілік деңгейде протоколдың екі түрі анықталады. Бірінші түрі — желілік протоколдар (routed protocols) — желі арқылы пакеттердің қозғалуын жүзеге асырады. Желілік деңгейдің протоколдары туралы айтқанда дәл осы протоколдар туралы айтылады. Алайда жиі желілік деңгейге басқа да протоколдардың түрін жатқызады, оларды маршруттық ақпаратпен алмасу немесе жай ғана маршрутизация протоколы (routing protocols)деп атайды. Осы протоколдар көмегімен маршрутизаторлар желі арасындағы байланыс топологиялары туралы ақпаратты жинайды. Желілік деңгейдің протоколдары операциондық жүйенің программалық модульдерімен, сонымен қатар маршрутизаторлардың программалық және аппараттық құралдарымен жүзеге асады.
Желілік деңгейде тағы бір типтегі желілік деңгейде қолданылған, түйіннің адрестерін желінің локалды адресіне бейнелеуге жауап беретін протоколдар жұмыс істейді. Мұндай протоколдарды жиі адрестерге рұқсат берілген протоколдар — Address Resolution Protocol, ARP деп атайды. Кейде оларды желілік деңгейге емес, каналдық деңгейге енгізеді, бірақ топтастыру шеберлігі олардың мәнін өзгертпейді .
Желілік деңгейдің мысалы ретінде, TCP/IP стегінің IP желі аралық байланыс протоколып және Novell стегінің IPX желі аралық пакеттермен алмасу протоколын алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет