Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет25/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

3.Оптоволоконды кабель – жарық сигналдарын тарату үшін 5-60 микрон аралығындағы өте жіңішке шыны талшықтан жасалған кабель. Оптоволоконды кабель сыртқы кедергілерден жақсы қорғалған. Ол 80-100 км қашықтыққа дейін 100 Гбит/с жылдамдықта мәлімет жібере алады.



Оптоволоконды кабельдер бір модалы және көп модалы деп бөлінеді. Бір модалы кабель 100 Гбит/с және одан жоғары жылдамдықта үлкен арақашықтықта жұмыс жасаса, көп модалы кабель 300-2000 м арақашықтықта 10 Гбит/с жылдамдықта жұмыс жасайды.
Оптоволоконды кабельдерде жарық көзі ретінде жарық диодтары мен жартылай өткізгішті лазерлік диодтар қолданылады.


Лекция №3.
Желінің қызметі

1978 жылы International Standards Organization (ISO) желілік жабдықтар жұмысын реттеу және олардың өзара байланысу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін әртекті құрылымдардан тұратын желі архитектурасын сипаттайтын ережелердің тобын жасап шығарды.


1984 жылы ISO өз үлгісінің жаңа версиясын ұсынды және ол ашық жүйелердің өзара әсерлесуінің эталондық үлгісі (Open System Interconnection referece model, OSI) деп аталды. 1984 жылғы үлгі желілік өнімдерді шығарудың және желілерді құрудың әлемдік стандартына айналды. Бұл үлгі желілік орталарды сипаттаудың кең тараған тәсілі. Көп деңгейлі жүйе болғандықтан, ол программалық және аппараттық жабдықтаулардың арасындағы байланыс кезіндегі әсерлесуді көрсетеді және әртүрлі проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
OSI үлгісінде желілік функциялар жеті деңгей арасында бөлінген. Әрбір деңгейге нақты желілік амалдар, құрылымдар және хаттамалар сәйкес келеді.
1. Физикалық деңгей – байланыс желісінің физикалық, механикалық және электрлік сипаттамаларын анықтайды. Бұл деңгей OSI эталондық моделінің бірінші деңгейі болып табылады. Физикалық деңгей желілік байланыс каналы арқылы мәліметтер тасымалдайды және осы жұмысты атқаруға қажетті аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электр сигналдарға түрлендіріледі және олардың есептеу машиналары арасында тасымалдануы қамтамасыз етіледі. Яғни, физикалық деңгейде электр сигналдарды кабельге жеткізу және кабельден қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Бұл деңгейді есептеу желісінің аппараттық қамтамасыз етілуіне жауапты деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет