Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата18.02.2023
өлшемі231.99 Kb.
#469737
1   2   3   4   5   6
1 ТК Боранбаев Ж.

Сабақтас 
сапалар. 
Адамгер
шілік 
(мінез - 
құлық). 
Ақыл 

парасат 
(сана) 
Сезім 
Ерік 
Олардың 
жинақта
лған 
көрінісі 
Негіздік 
Ұжымшы
лдық. 
Зерделілік. Өршілдік. 
Ізденімпазд
ық. 
Қоғамды
қ 
бағдарла
нушылық

Бағалаушы
лық 

бағдарлан
ушылық. 
Адалдық. Әділеттілік Инабаттылық. Өзіне талап 
қоюшылық. 
Ерлік 
Практикал
ық. 
Еңбекқор
лық. 
Білікке 
құмарлық. 
Алғырлық. 
Белсенділік. Өмірлік 
белсенді 
ұстаным. 
Мінездік қ
исындық. 
Имандыл
ық. 
Зеректілік. Шабыт. 
Шешімпазд
ық. 
Жеке 
тұлғаның 
өзіндік 
қасиеті. 
Өлшемдік. Турашыл
дық. 
Идеяға 
сенімділік. 
Зұлымдыққа 
төзбеушілік. 
Мақсаткерлі
к. 
Саналыл
ық. 


мүдделер, мақсаттар мен міндеттер үшін дәл сондай емін-еркін іс әрекет етуге 
қабілетті адам ғана тұлға болып табылады. 
Жеке тұлға бітімінің кестесі. 
Қазіргі заман талабы – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Заманға 
сай жеке тұлға қалыптастыру мектеп қабырғасынан, яғни мұғалімдерден 
бастау алады. Дәл кестедегі жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогтардың 
еңбегі зор сондықтан әрбір ұстаз өз сабақтарында тек білімдік мақсаттарды 
шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың 
жолдарын қарастырғаны жөн. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз 
шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету 
керек және мына мәселелерге назар аударған жөн: 
1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын 
танытуы; 
2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру; 
3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау; 
4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға 
мүмкіндік 
жасау; 
5. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды 
нұсқау. 
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік 
әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, 
оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын 
әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең 
жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай 
болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді. 
Талантқа қамқорлық керек. Бізде дарынға көп көңіл бөлінбейді. Көбінесе ол 
балалық қайталанбас ерекшелігін түсінбеуден туады. Мектепте талапты 
балаға қамқорлық қажет емес, ол бәрін өзі меңгереді деген теріс пікірде бар. 
Дарынды балалар көп байқайды, көп істейді, сезімтал. Бір мезгілде бірнеше 
жағдайды байқайды, қоршаған адамдардың мінездерін, қимылын, кескінін, 
дыбыс ырғағын қалт жібермейді. Дарынды баланың түсінуі мен қабылдауы 
емес, ерекше сезімталдықпен жоғары әсерлену мен қоса жүреді. Олар бәрін 
қабылдайды, бәріне көңіл аударады. Қарапайым балаға әсер етпейтін қатынас, 
дарынды баланы алаңдатады. Тіпті басқа балаға айтылған сөз оған қатысты 
сияқты өзін кінәлі сезінеді. Құлаққағыс сөз тіке соның атына айтылғандай 
көрінеді. 
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін 
қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, 
көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілеті зор, жаңаша 
ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру. 
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, 
оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік 


жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде 
ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін 
оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар 
Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең 
мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды 
жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен 
тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де 
шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан 
бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін 
қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты.
Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-
жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік 
стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш 
ұялатады. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым 
қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар 
іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау 
туғызбайды. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне 
үлкен жауапкершілікпен қарау керек. 
Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты 
экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік 
мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет