Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ


жасайтын пенде. Ол — өзінің өзіндік жоспар-бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата20.05.2023
өлшемі258.72 Kb.
#474030
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ТК Боранбаев Ж.

жасайтын пенде. Ол — өзінің өзіндік жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде 
еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебі тек өзінде ғана, ол өзіне 
«Causa sui». Ал еріктілік дегеніміздің өзі — таңдау. Адам ерікті пенде ретінде 
ойына не келсе, соны істей алады. Бірақ, сонымен қатар ол өз істеріне жауапты 
өзі ғана беруі қажет. Сондықтан Ж.-П.Сартр: «Еріктілік дегеніміз — адамға 
артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», — деген болатын. Адам тек өз ісіне ғана 
емес, басқаларға да жауапкершілікті. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында 
басқалардың да терең сырын өзіне аша алады. 
Адам 
экзистенциясының 
іргетасты 
ерекшеліктерінің 
бірі 

трансценділеу, яғни өз шегінен өтіп кету. Сонда адам өз шеңберінен аттап 
өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? Діни экзистенциализм Құдайды 
трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен косылуға ынтық болу, 
нағыз еріктілікті содан іздеу діни трансценділеу болып есептеледі. Діни 
экзистенциализмнің көрнекті өкілі Н.Бердяевтің айтуына қарағанда, «адам 
табиғи дүниедегі үзілгендік», екі-жақты, қайшылық пен қайғылыққа 
шомылған пенде. Сондықтан оны түсіну — одан да жоғары тұрған Құдайды 
талап етеді. Ал мұның өзі адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін 
көрсетпейді. Философия адамның құдайшылдығын, Құдайдың адамгершілігін 
көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. Құдай дегеніміз — 
ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең 
мәнін көрсетеді. 
Ал атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері — Ж-П. Сартр мен А.Камю — 
оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге 
келеді. Сонымен экзистенция дегеніміз — өзінің шектелгенін, яғни уақытша 
екенін сезінетін, ештеңеге бағытталған адам өмірі. 


Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі — жеке адам мен әлеуметтік 
болмысты бір-біріне қарсы қою, осы адамзат болмысының екі жағының бір-
бірімен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам 
өмірінің ерекшелігі — өмір сүру мен мәндіктің, болу мен алудың, таным мен 
түсінудің арасындағы тебіреніс, таңдау. Мұның өзі адам болмысының 
трагикалық жақтарын көрсетеді. 
Өзінің «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемді еңбегінде М.Хайдеггер 
адамның өмір сүруін «Dasein» деген ұғыммен береді. (оның қазақшаға тікелей 
аудармасы — «осы арадағы болмыс»). Мұндай ұғымды философияға енгізіп, 
ол адам болмысы — тарихи болмыс екенін, ол яғни «қазір және осы арада» 
өмір сүріп жатқанын көрсеткісі келді. Дүниеде адамнан басқа ешқандай 
тіршілік өзінің шектелгенін, яғни өлетіндігін білмейді. Олай болса, тек адамға 
ғана уақыттылық, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл тұрғыдан 
алғандағы философияның негізгі мақсаты — ол дәл қазір өмір сүріп жатқан 
адамның ішкі тебіренісін зерттеу, содан шығатын өмір тәжірибесін талдау 
болып табылады. Бұл М.Хайдеггердің жасаған жаңа онтологиясы еді. Яғни ол 
— уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмір сүріп, басқалармен 
бірге комму-никацияға (қатынасқа) түсу. 
Алайда индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзінің бишынайылығымен 
тең. Конвейерден шыққан бір-біріне ұқсас заттар сияқты, адамдар да 
орталанып, бір тұлға екіншіні жеңіл ауыстыра алады. Адамдар бірін-бірі 
ауыстыра алатындықтан, «басқа», ол — «нақтылы басқа тұлға» емес, 
«қайсыбір басқа», «жалпы бір басқа». Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да», 
менің «өзім де» шынайы субъект емеспіз. Мұндай тобыр адамын 
М.Хайдеггер «das Маn» деген 
терминмен 
берсе, 
Н.Бердяев 
оны «объективацияланған дүние» дейді. 
Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол — адамның тарихи 
пенделігін, уақыт шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің еріктілігін 
сезінуінде. Шынайы болмысқа жету үшін адам күнделікті күйкелі өмірден бас 
тартып, соңғы өмірдің шегі — өлімге тікелей қарай алатын жағдайға келуі 
қажет. 
— Бишынайы болмысты аттап өту үшін адамдар бір-бірімен қосылып, 
«абсурдтық дүниеге», оның шектелгеніне, өлімге, жалпы дүниенің 
жетілмегендігіне, мәнсіздігіне қарсы шығып, көтерілуі керек, — дейді 
француз ойшылы А.Камю. Алайда мұндай дүниеге түңілуден туған 
бірігушілік бірде-бір адам болмысының мәселесін, әрине, шешпейді. 
Діни экзистенциализм бұл мәселенің басқа шешімін ұсынады. Г.Марсельдің 
ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейді. Ал 
шынайы болмыс, негізінен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс — 


«Ол емес», «Сен», сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бір-бірімен ішкі 
сырларын бөлісуі, ең құпия тереңде жатқан тебіреністерімен бөлісуі — 
шынайы болмыстың алғышарты. Ол үшін, яғни басқа адамның терең сырына 
жетіп, шынайы болмыстық дәрежеге көтерілу тек махаббат арқылы ғана іске 
асады. 
Г.Марсельдің бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты еврей 
ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қарым-
қатынасы екіжақты, өйткені оның сөздігінде екі негізгі сөз бар. Олардың біреуі 
«Мен және Сен» болса, екіншісі «Мен және Ол». Дүние адамзат тәжірибесі 
ретінде «Мен және Олға» жатады. «Мен және Сен» адами шынайы қарым-
қатынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екі 
мүмкіндігі бар. «Мен және Сен» шынайы болмысты тудырса, «Мен және Ол» 
— адами қарым-қатынастарды заттандырады. «Сен» деп қарым-қатынасқа 
түскен адам — ол заттардың арасындағы зат емес. Мен оны тануға, зерттеуге 
тырыспаймын, өйткені мен онымен қарым-қатынастамын. Егер ол 
қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу — 
«Сеннің» алшақтауына әкеліп соғады. 
«Мен және Сеннің» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. 
Махаббат сезімі бүкіл дүниені өзінің сәулесімен жарқыратып, гүлдендіреді. 
Махаббат аясындағы адам қайсыбір адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен 
түрсізді, ақылды мен наданды –бәрін де ерекше «Сен» ретінде қарайды. 
Алайда адам болмысының трагедиясы — «Мен және Сеннің» қарым-
қатынасының сарқылу, я болмаса құралға айналу мүмкіндігінде. 
Экзистенциализм философиясының ірі өкілінің бірі — Виктор Франкл. Ол 
қазіргі қоғамдағы адамдардың қасіреті — ноогендік (nous — грек сөзі, ақыл-
ой, зерде, pyx; genesis — грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу;) невроздарда, 
яғни адамдардың өмір сүрудің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген 
пікірге келеді. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вакуум» деген 
ұғыммен береді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбір 
адамдар, рухани жүдеуліктен арылу үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, 
екіншілер нашақорлық пен ішімдіктің сағымында жүреді, үшіншілер 
қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстық іс-әрекеттерге, 
төртіншілер суицидке (өз-өзін өлтіру) дейін барады. Өзінің гуманистік 
көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмірдегі ахуал қандай қиын болса да, тіпті 
жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам өз өмірінің мән-мағынасын 
жоғалтпауы керек, -деген терең ойға келеді. Өзінің екінші дүниежүзілік соғыс 
кезіндегі Бухенвальд концлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін 
сараптай келе, В.Франкл тек қана өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған 
адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал өмірдің мән-мағынасын жоғалтқан 
көпшіліктің «малға ұқсайтын тобырға» айналып құрыңанын айтады. 


Әрине, реформа барысындағы бүгінгі қиын-қыстау жағдайларда біршама 
адамдар бұрынғы ұстаған жан дүниесіндегі құндылықтардан айырылып, 
сонымен қатар жаңа құндылықтарды қабылдай алмай, экзистенциалдық 
вакуумде жүргендері баршамызға аян. Мұның өзі неше түрлі «әлеуметтік 
ауытқудың» түрлерін туғызып, реформаның әрі қарай өрлеуіне өзінің кеселін 
тигізіп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм ілімінің «әлеуметтік 
ахуалға» сілтегеннен гөрі, жеке тұлғаның ерікті іс-әрекетінен шығатын 
таңдауға, ал оның өзі белгілі бір жаңа ахуалды тудырып, өмірдің жаңа арнасын 
ашуының мүмкіндігін көрсетеді деген құнды пікіріне оқырманның назарын 
аударғымыз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет