129. Желіге шығарылатын трамвай вагондарының техникалық жағдайы пайдалану-жөндеу құжаттамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсталады. 130. Желіге шығар алдында вагонның (поездың) техникалық жағдайы, жабдықталуы, сыртқы көрінісі, поезд кітабындағы жазбаның дұрыстығы, поезд кітабында шығарылым жөнінде шебердің және жол парағында диспетчердің қол қойғандығы тексеріледі.
131. Төменде аталған қандай да бір ақаулығы бар вагонды желіге пайдалануға рұқсат берілмейді:
1) доңғалақ жұптары:
бандаж ребордының биіктігі 11 мм аз болуы. Реборд биіктігін реборд жақтан бандаждың бүйір жағынан 33 мм тұрақталған, бандаждың сырғыма бетіндегі нүктеден өлшеу керек;
бандаж ребордында үгітілген жерлердің болуы немесе оның қалындығы 8 мм аз болуы. Реборд қалыңдығын ребордтың жоғары кантынан 5 мм тұрған биіктікте өлшеу керек;
бандаждың босауы. Бандаждың босауын трамвай вагондарының доңғалақ жұптарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеру қажет;
бандаж жалпақтығы 85 мм болғанда, бандаж қалыңдығы 25 мм және бандаж жалпақтығы 90 мм болғанда, бандаж қалыңдығы 23 мм аз болады. Бандаж қалындығын ішкі қырынан 33 мм қашықтықта доңғалақтың ішкі жағынан өлшеу керек.
бандаж тоқтатқышты шығыршығы бекітпесінің болмауы немесе босауы, егер ол конструкцияда көзделмесе. Трамвай вагондарының доңғалақ жұптарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі;
бандаждың сырғыма бетінде ағаш шпалында 0,6 мм астам, бетон негізде немесе темір бетон шпалында 0,3 мм астам тереңдікте ойықтар (қасқалдар);
бандажда немесе доңғалақ ортасында бойлық немесе көлденең жарықтар;
резеңкелі доңғалақтың орталық гайкасы ерітіліп жабыстырылатын планкалармен тартылмаған және бекітілмеген;
доңғалақ жұптарының осіне қатысты күпшектің ығысуы немесе босауы. Трамвай вагондарының доңғалақ жұптарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі;
доңғалақтың резеңке металды амортизаторларын қысатын болт гайкалары тартылмаса және бекітілмесе немесе олардың біреуі жоқтығы;
доңғалақтардың резеңке металды амортизаторларында алаңы 1 см2 тереңдігі 2 мм дейін 5-тен астам жарығының болуы;
бандаждың күпшекпен икемді электрлі байланысу қиылысы алаңының 25% аса болмауы немесе бүлінуі.
доңғалақ жұбының бандаж ішкі қырларының арасындағы қашықтық нормаға сәйкес болмаған жағдайда:
жолтабанға 1524 мм – (1474+-2) мм,
жолтабанға 1000 мм – (950+-1) мм.
топсалы-буындаулы вагонның икемді қабыршағы ("гармошка") үзілген болса.
2) тежеуіштер:
тежеуіштер түрлерінің бірі жұмыс істемесе:
электродинамикалық тежеу жоқтығы немесе доңғалақ жұбының ең болмағанда біреуінде механикалық қалыпты тежеу істемесе;
рельс тежеуішінің ілу тартқышы немесе серіппесі істемес, рельс тежеуішінің іліну полюсі мен рельс қалпақшасының арасындағы саңылау 8 мм аз және 12 мм астам.
тұрақтану тежеуіш тұтқышы (педаль), егер мұндай құрылғы конструкцияда қарастырылса, жапқыш құрылғылармен ұсталмайды.
ең болмағанда бір соленоид немесе механикалық тежеуіштердің тежеу цилиндр жетегі істемесе.
пневматикалық жүйе барында механикалық тежеуіштер контуры манометрінің жарамсыздығы.
тежеу жетектерін толық қозғалысқа келтіргеннен кейінгі 15 минут ішінде жұмыс істемейтін компрессорде 0,05 МПа (0,5 кгс/см) астам ауа қысымының төмендеуін тудыратын пневматикалық жүйе герметикалығының бұзылуы.
пневматикалық тежеу кранының жарамсыздығы;
3) сыртқы жарық құралдары:
жақын немесе алыс жарық фаралар жанбайды немесе қапқа келтірілмеген болса;
сыртқы жарық құралдары және сәуле айналымдары белгіленген режиммен жұмыс істемесе немесе кірлесе;
4) шыны тазартқыштар және желді шыны шайғыштар:
шыны тазартқыштар белгіленген режиммен жұмыс істемесе;
шыны шайғыштар жұмыс істемейді, егер олар конструкцияда қарастырылса.
5) трамвай арбасы:
арбаның бойлық бөренелерін бекіту гайкасымен тартылмаған және бекітілмеген.
6) тіркелетін құрал (автотіркеу):
тіркелетін құралдардың бөлшектерінде жарық болғанда;
өзекте мұрындықтың немесе сіргенің болмауы;
өзектің 23 мм аз диаметрге дейін иілген (бүгілген) болуы немесе тозуы;
өзекке басты бекіту болттары және гайкаларымен тартылмаған немесе бекітілмеген. Шегендеулер босаңқы, 0,1 мм қалыңдықты қуыс бұрғы шегендеуден 25 мм қашықтықта байланыстырылған бөлшектер арқылы өтеді.
трамвай вагондарын тіркеу кезіне тіркеу құралдарының (автотіркеу) 25 мм астам биіктікке ауытқуы;
тіркелетін құралдардың сынаудан өткендігі туралы таңбасы болмаған жағдайда.
7) карданды беріліс:
электр қозғалтқыш білігіндегі отырғызу орнында фланц люфтінің немесе редуктордың болуы, карданды білік фланцтарын бекіту болттарының астынан 0,5 мм асатын тесіктерді жасау.
карданды шарнирдің радиал саңылауы және шлинц қосылуының айналма люфті жасаушы белгілеген мүмкін болатын нормадан асып кетсе.
8) редуктор:
реактивті құрылғы элементтерінің гайкалары мен болттары тартылмаған және бекітілмеген;
тамшылау әсерінен майдың сарқылуы
редукторда өзге шудың болуы
9) пневматикалық құрылғы (болған кезде)
қысым реттегіші пневматикалық жүйедегі жасаушы белгілеген шектен артық жұмыс қысымын ұстамаса;
пневматикалық тежегішпен тоқтатылған вагон пневможүйесіндегі ауаның кемуі, 5 минут ішінде қысымды 0,05 МПа (0,5 кг/см2) артық төмендетеді;
қорғаушы клапанның пломбасы болмайды;
қысымды жүйенің манометрі жөнделмеген.
10) шатырлы жабдықтар:
токқабылдағыш бөлшектерінде сынықшалар мен жарықшалар бар;
бұзылған, реттелмеген токқабылдағыш түйіспелі сымына токқабылдағышты басқан кезде әзірлеуші зауыт белгілеген нормаға сай емес;
түйіспелі қондырғының бекіту болттары тартылмаған және оның тозуы РКҚ ұйымы орнатқан нормадан асады.
токқабылдағыштың көтеру және түсіру кезінде шарнирдің қажалуы;
токқабылдағыш арқаны талшықтарының оның қиылысынан 25% артық аумақты үзілуі;
токқабылдағыш арқаны айырғыш изоляторының бұзылуы не жоқ болуы;
токқабылдағыш түсірілген жағдайда тіркелмейді;
айырулар бар немесе шатырында электроқшаулағыш материалдан жасалған төсеніші жоқ.
11) электр жабдығы:
жұмыс алып жүруі:
тартқыш электроқозғалтқыштар немесе көмекші электрлік машиналардың щеткаларының астынан қатты ұшқындалуы,
реостатты бақылаушы білігінің (тездеткіштің) аралық позициясында тоқтауы (тежелуі);
қорғаушы аппаратураның көпреттік (үштен көп) жарамсыздануынан, бақылаушы жүргізушіден түсетін командаларды орындаудан бас тарту;
аккумуляторлық батареясындағы вольтметрдің кернеу көрсеткішінің тұтынусыз18 В кем емес көрсеткіші ( бос жүріс ).
жылу электр пештері қаптамасының жерге тұйықталған шунт қиылысының 25% аса алаңында сымдардың болмауы немесе үзілуі;
жүргізуші пультінде жарық сигнал беру жұмыс істемейді;
колибрлі емес сақтандырғыштар орнатылған;
серіппелі қысқыштар электрлік байланысты және сақтандырғышты тоқтатуды қамтамасыз етпейді;
өлшегіш құралдары жоқ;
әйнектерді қыздыру және салқындату құрылғылары жұмыс істемейді;
дыбыстық сигнал беру істен шыққан.
12) кузов:
ішкі қаптама және еден төсенішін, тұтқаларды, кронштейнерлерді, орындықтарды бекіту элементтері тартылмаған немесе болмаса, орындықтар мен арқаларды тігу материалы жыртылса;
қорғағыш вагонаралық тор бұзылса немесе болмаса, оның орнатылуы вагон конструкциясында көзделсе, қорғағыш вагон астындағы тор немесе қорғағыш шойбалғалы діңгек (фартук) бұзылса;
еден қаптамасының тозуы қаптама материалының 50% қалыңдығынан асса, люк қақпақтары еден үстінен 8мм астам шығыңқы болады және су еден арқылы электр жабыққа өтеді;
жүргізуші кабинасының әйнегінде және артқы көру айналарында жарықшақтардың болуы;
су шатыр арқылы жолаушылар бөлмесіне немесе кабинасына, люк немесе кузов әйнегінің бекіту элементі арқылы ағады;
құм рельстерге түспейді;
артқы көру айнасы жоқ;
есіктердің тартпасы істемейді;
ақпараттық қондырғы жұмыс істемейді, егер ол конструкцияда көзделсе;
құмсалғыш тартпалары істен шыққан.
132. Желідегі жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бақылау және оның ақаулықтарын жою үшін, барлық жабдық түрлерін және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын жақсы білетін вагондарды жөндейтін темір ұсталармен жасақталған желілік жөндеу пункттері ұйымдастырылады.
133. Желілік жөндеу пунктіндегі жылжымалы құрамды жөндейтін персоналдың функцияларына жүргізушілердің және желілік персоналдың өтінімдері бойынша ақаулықтарды жою, сондай-ақ істен шығуының алдын алу мақсатында вагон жабдықтарын қарау кіреді.
134. Вагондағы жөндеу жұмыстары жөнінде шебердің қолымен поезд кітабына жазбалар енгізіледі, жүргізушінің қайталанған өтінімімен ақаулықтарды жою РКҚ ұйымы бойынша бұйрықпен уәкілетті тұлғаның қолымен расталады.
135. Желідегі вагондардың кенеттен істен шығуын және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын тезірек жою үшін жедел техникалық жәрдем ұйымдастырылады.
136. Жедел техникалық көмек жұмыстарды депоның арнайы кезекші бригадаларымен немесе жөндеу бригадаларымен орындайды.
137. Жедел техникалық көмектің бригадалары аға (орталық) диспетчерге оперативті бағынуында болады.
138. Жедел техникалық көмектің бригадалары көлік құралдарымен, аға (орталық) диспетчерімен хабарласатын оперативтік байланыс жабдықтарымен қамтамасыз етіледі және кенет шақыртуларға дайын болулары қажет.
139. Жедел техникалық көмектің көлік құралдары қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етуге арналған көтеретін механизмдермен, қажетті құралдар және қосалқы бөлшектермен, сақтандырғыш құралдарымен, сигнал беру және қоршау жабдықтарымен жасақталады. Әр депода немесе арнайы қызметте материалдардың азаймайтын қорының тізімі жасалады және ауысым бойынша тексеру мен беру және толтыру тәртібі белгіленеді.
140. Жедел техникалық көмектің автомобильдері арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беретін құралдармен, сондай – ақ аға (орталық диспетчер) диспетчермен екі жақты радио байланыс құралдарымен жабдықталады және тыйым салынған белгілерде жүру рұқсатымен қамтамасыз етіледі.
141. Жедел техникалық көмек бригадасына бригадир (шебер) басшылық етеді. Бірнеше бригадалар жұмыс жасаған жағдайда бүлінген жерге бірінші болып келген бригаданың бригадирі (шебері) немесе жұмысты басқару үшін арнайы келген әкімшілік техникалық персоналдың бірі басшылық етеді.
142. Жарамсыз вагон депоға аға (орталық) диспетчердің рұқсатымен жіберіледі және поезд кітабында және жол парағында депоға немесе жөндеу пунктіне жіберу себебі туралы жазба жазылады. Жазбаны техникалық жәрдем жұмысшысы (желілік темір ұстасы) жазады.
143. Жарамсыз вагонды мынадай жағдайларда тіркеп сүйреу керек:
1) тіркеу құрылғысы бұзылған (поезд құрамында);
2) тежегіш жүйесінің ақаулығы;
3) вагон (поезд) өз жүрісі арқылы қозғала алмайды;
4) токқабылдағыштың бұзылуы;
5) жоғары вольтты немесе төменгі вольтты шынжырлардың автоматты қорғанышы бірнеше рет қосылса;
144. Жедел техникалық көмек бригадасының көмегінсіз жарамсыз вагонды тіркеу рұқсат етілмейді, егер:
1) сыртқы жарық құралдары бұзылған жағдайда;
2) жаңбыр, қар жауғанда әйнек тазартқыш жұмыс жасамаған жағдайда;
145. Тіркелген вагонда (поезда) тәуліктің кез келген уақытында габаритті от қосылып тұрады, ал олар бұзылып қалған жағдайда вагонның артында авариялық тоқтату белгісі бекітіледі. Сүйреткіш көлік құралында фаралардың жақын жарығы қосылады.
146. Депоға қайтып келген ақаулы вагонды (поезд) депо жұмысшысы қабылдайды.
147. Жүргізушінің желідегі іс-қимылы жүргізушінің лауазымды нұсқаулығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларымен айқындалады.
148. РКҚ ұйымында жүргізушілердің рейс алды медициналық тексеруі ұйымдастырылады.
149. Нөлдік рейсті орындау барысында жүргізуші тежеуіштердің жұмысқа қабілеттілігін; генератордың немесе баска заряд құрылғысының жұмысын, вагонның еркін жүруін, сыртқы шу мен дыбыстың жоғын тексереді. Ақаулықты байқаған сәтте жүргізуші вагонды тоқтатады, шығарылымға жауапты жұмысшыға немесе Қозғалыс қызметінің желілік жұмысшысына хабарлайды және олардың нұсқауы бойынша жұмыс істейді. Вагонды (поезды) қабылдау жүргізушінің поезд кітабында және соңғы станцияға келуі бойынша жол парағында қойған колымен ресімделеді.
Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түйіндердің және агрегаттардың жұмыс істеу қабілетін тексеру жол учаскесінде жолаушылар болмағанда депо бойынша анықталған бұйрықпен орындалады.
150. Жүргізуші желіге:
1) трамвай вагонын басқаруға құқығына куәлік;
2) 1000 В дейінгі кернеуі бар электр қондырғыларымен жұмыс істеу құқығына куәлік;
3) жүргізуші кітабі;
4) жол парағы;
5) қозғалыс кестесі;
6) техникалық қарау талоны бар поезд кітабы болғанда жіберіледі.
Кабинада аспаптық жәшіктің, диэлектрлік қолғаптар және қызғылт сары түсті сигналдық желеттің, мақта-мата қолғаптарының; жолаушыларға арналған үй-жайда – трамвайды қолдану қағидалар және трамвай маршруты схемасының болмауына жол берілмейді.
151. Вагонның (поездың) нөлдік рейстегі қозғалысында жүргізуші жолаушыларды отырғызу мен шығару үшін барлық аялдама пунктерінде тоқтауларды орындайды.
152. Вагон (поезд) қозғалысы жолаушыларды түсіруді және отырғызуды аяқтағаннан кейін, салонның есіктері жабылып, алдында жол ашық болған жағдайда ғана басталады.
153. Вагонның (поездың) қозғалысы жолаушылар бөлмесіндегі есіктер толығымен жабылмаса орындалмайды.
154. Аялдама пунктінде еңіс бар маңда және дымқыл ауа райы болғанда жүргізуші вагонды тұрақты тежегішпен бекітеді (егер ол конструкцияда көзделсе).
155. Жолаушыларды отырғызу мен түсіру аялдама пунктерінде вагон толық тоқтағаннан кейін ғана орындалады. Қозғалыстың кешігуі кезіндегі аялдама пунктерінен тыс жерлерде жолаушылардың шығуы мен мінуі жүргізуші немесе кондуктордың бақылауымен алдыңғы есік арқылы ғана орындалады.
156. Вагондар (поездар) қозғалысы мынадай жағдайларда дереу тоқтатылады:
1) қозғалысқа кедергі бар болса, сондай-ақ басып кету немесе соғылу қаупі болғанда;
2) кондуктордың, бақылаушының, жолаушының немесе кез келген адамның үрейлі сигналы кезінде;
3) кез келген кенеттен серпін түрткі мен дүрсілде;
4) түйіспелі желі жетегінің кенеттен ауытқуы немесе үзілуі;
5) түйіспелі желіде кернеу болмағанда;
6) рельстік жолдың бұзылуы айқындалса;
7) жолдың жүру бөлігінде су немесе биіктігі (тереңдігі) рельстің қалпақшасы деңгейінен 100 мм-ден жоғары сулы қар болса;
8) милиция қызметкерлерінің, желілік қозғалыс жұмысшыларының талабы бойынша тоқтатылады.
157. Жүргізуші вагонды (поезды) жолаушылар мен жүргіншілерге қауіпті жағдай болғанда шұғыл тоқтатады.
158. Тәуліктің қараңғы мезгілінде, жолға жасанды жарық беруден бөлек, сондай – ақ жолдың жеткіліксіз көрінетін жағдайында (тұман, боран) болса, барлық сыртқы оттар мен жақын жарық фары, және сонымен бірге тұманға қарсы артқы фарларын қосу міндетті. (егер ол конструкцияда көзделсе).
159. Поездың алда тұрған поездға жақындау арақашықтығы тегіс учаскеде 15м кем емес және 4% (40%) жоғары өрлеуде және түсерде 60 м болуы тиіс.
Аталған қашықтықтың 3 м дейін азаюы соңғы станцияларда, қосарланған аялдамаларда, қиылыстарда поездардың жиналып қалуына рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз көрінетін және сырғып кету қаупі бар жағдайларда көрсетілген қашықтықтар екі еселенеді.
Бірінен кейін бірі келе жатқан вагондар (поездар) арақашықтығы 20км/сағ дейінгі қозғалыс жылдамдығы кезінде 60 м кем емес, жылдамдық 20км/сағ асқанда 120 м, 40% (40%) жоғары еңісі бар көтерілу және түсуде 200 м сақталады.
160. Ақаулықтан болған мәжбүрлі ұзақ тоқтау кезінде вагон тұрақты тежеуішпен тежеледі, токқабылдағыш түсіріледі, авариялық жарық сигнал беру қосылады және вагоннан 15 м кем емес қашықтықта авариялық тоқтау белгісі қойылады.
Поездар жиналып қалғанда вагон тұрақты тежеуішпен тежелген болады, токқабылдағыш түсіріледі. Қозғалыс қалпына келтірілгеннен кейін, қозғалысты алда тұрған вагон (поезд) кемінде 60 м алыстағаннан кейін бастауға тиіс.
Жарамсыз вагонды жарамды вагонның алдында тіркеу (итеру) жақын маңдағы қосымша жолға (депоға) немесе соңғы станцияға дейін рұқсат етіледі.
Қосымша жолдан немесе деподан депоға жарамсыз вагонды тіркеу тек аға (орталық) диспетчер рұқсатымен жүргізіледі.
161. Ауысым ішінде соңғы станцияларда жүргізуші жолаушылар жеке заттарының қалып қоюына жолаушылар бөлмелеріне тексеріс жүргізеді және доңғалақ жұптарының, тежегіш жүйесінің, тіркейтін құралдардың, токқабылдағыштың жай-күйін, құмның құм салғышта болуын қадағалайды. Қажет болған жағдайда вагонның нөмірін, маршруттар көрсеткіштер мен баспалдақты кір, қар және мұздан тазартады. Барлық табылған ақаулықтар мен бұзылулар туралы жүргізуші соңғы станция диспетчеріне және желілік темір ұстасына хабарлап, поезд кітабына жазады.
162. Вагоннан шыққаннан кейін жүргізуші әрекеттерінің реті (соңғы станцияда немесе жолда) :
1) вагонды тұрақты тежегішпен тежеу (жазып алу);
2) барлық жоғары вольтты және төменгі вольтты электр шынжырларды өшіру;
3) вагон (поезд) орнында нық тұрғанына көз жеткізген соң, контроллердің реверстік біліктің сабын «О» жағдайға қою, шешіп алу және өзімен бірге алу;
4) сигналдық желеткені кию;
5) кабина есігін жабу және трамвайдан шығу;
6) еңісте трамвай дөңгелегінің астына еңіс жағынан шегінуге қарсы тіреу қою.
Жүргізуші көтерулерде және түсірулерде поездың тоқтауын болдырмайды.
Егер жұмыс орнына қайтып келгеннен кейін токқабылдағыштың қойылуы керек болса, жүргізуші алдын ала кабинаға келіп, барлық жоғары вольтты және төменгі вольтті шынжырлардың өшірулі, реверсор «О» жағдайда тұрғанына көз жеткізеді.
163. Деподағы ауысымаралық тортаға вагонды (поезды) қою кезіндегі жүргізушінің әрекеттерінің реті:
1) тұрақты тежеуішпен вагонды тежеу ;
2) барлық жоғарғы вольтті және төменгі вольтті электр шынжырларды өшіру;
3) реверсор сабын «О» жағдайға ауыстыру, оны шешіп алу және өзімен бірге алу (егер нұсқаулықта көзделсе);
4) терезелерді және желдеткіш люктерді жабу;
5) ток қабылдағышты түсіру және оны бекіту, вагонның барлық есіктерін жабу;
6) еңісте тоқтағанда вагон дөңгелегінің астына еңіс жағынан шегінуге қарсы тірек орнату;
7) пневматикалық жүйеден ылғалды және ауаны шығару (егер ол конструкцияда көзделсе);
8) аккумуляторлық батареяны өшіру, (егер ол конструкцияда көзделсе);
9) поезд кітабына ақаулықтың бар немесе жоғын жазу;
10) поезд кітабын, қозғалыс кестесін, жол парағын диспетчерге тапсыру;
164. Вагонды (поезды) басқару жүргізушінің лауазымды нұсқаулықтарында көрсетілген тұлғалардан басқа, басқа біреуге беруге рұқсат етілмейді. Басқаруды беру туралы жол парағында жазылып отырады.
165. Жүргізуші ауыстырушы жүргізушіге мынадай мәліметтерді хабарлайды:
1) ауысым барысында вагонның техникалық жай-күйі және орын алған барлық жағдайдағы ақаулықтар мен бұзылулар туралы;
2) олардың алған өкімдері туралы, соның ішінде вагон (поезд) жүргізу режимі туралы;
3) рельс жолдарының, түйіспелі желінің және басқа да желілік құрылғылар жай-күйі туралы;
4)дауыс зорайтқыш, кассалар және компостерлер бар болғандағы жұмысы туралы;
Трамвай поезын ауысым бойынша қабылдайтын жүргізуші трамвай жүргізушінің лауазымды нұсқаулығына сәйкес поезд жарамдылығын тексереді. Поезды қабылдау жүргізушінің поезд кітабы және жолдық параққа қол қоюымен ресімделеді.
166. РКҚ ұйымының және жылжымалы құрамның күзгі-қысқы және көктегі-жазғы мерзімде жұмысын қамтамасыз ету үшін ауа райы жағдайына байланысты жүргізу режимдерінің ерекшеліктері туралы жүргізуші нұсқамалығы көзделетін бекітілген іс-шараларға сәйкес көрсетілген мерзімдерге маусымдық дайындық жүргізіледі.
167. Трамвай техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндіктерін қамтамасыздандыруды есепке алу:
1) трамвай вагондарының техникалық жағдайы, барлық орындалған жөндеулер уақыты мен көлемі және жылжымалы құрам ақаулығы туралы өтінімдерінің болуы жайлы ақпаратты шұғыл алу;
2) вагондар мен олардың агрегаттарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша РКҚ ұйымы жұмысына талдау жүргізу;
3) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түйіндерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген жұмысшыларды анықтау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
168. Барлық РКҚ ұйымдарында инженерлік-техникалық жұмысшыларға арналған лауазымдық нұсқаулықтар және жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшыларға арналған өндірістік нұсқаулықтар әзірленеді және бекітіледі.
169. Әрбір вагонға поезд кітабы және жалпы вагонға жөндеу формулярлары жүргізіледі, тартқыш электр қозғалтқыштары, мотор-компрессор, жоғарғы вольтты көмекші қозғалтқыш, доңғалақтар жұптары болу тиіс.
170. Жүргізуші пайдалану процесінде табылған барлық ақаулықтарды нөмірленген және тігілген поезд кітабында белгілейді. Бұл кітапта техникалық қызмет көрсету процесінде жүргізілетін барлық жұмыстар туралы және вагонның шығаруға дайындығы туралы жазбалар жөндеу жүргізген адамның және жұмысты бақылаған шебердің қол коюымен жазылады. Кітапты мерзімді трамвай депосының бастығы немесе оның орынбасарлары тексереді, ол туралы кітапқа тиісті жаза енгізіледі. Поездар кітабы соңғы жазу жазылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
171. Әрбір депода:
1) техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеулерді есепке алуға арналған жөндеулер кітабының;
2) өтінімдер кітабы және вагондардың ақаулығы туралы жүргізушілердің қайта өтінімдер кітабының;
3) вагондардың қозғалысқа қарсылығы туралы негізгі шекті өлшеулерді есепке алу кітабының;
4) дөңгелек жұптары бандажының тозуын ай сайын өлшеу кітабының болуы қамтамасыз етіледі.
172. Техникалық статистика, сондай-ақ вагондардың жөндеу жұмыстарының орындалуын есепке алу ведомствалары депода және РКҚ ұйымдары бойынша жүргізіледі. Статистика жылжымалы құрамды толығымен және жекеше оның агрегаттары бойынша жөндеу аралық жұмыстардың, техникалық жағдайды, жөндеу жұмыстарының орындалуын және басқа да техникалық мәліметтердің көрінісін, сондай-ақ жол парағындағы жазуларға сәйкес вагондардың орындалған жүрісінің есепке алынуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |