III. Тест тапсырмалары:
1.Қазақстан Республикасының көліктері:
А) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
B) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көлік;
C) адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
D) ауыл шаруашылығы тракторларын немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау қосалқы функция болып табылатын механикалық көлік құралдарын қоспағанда, жолдармен жүруге және олар бойынша адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты, оның ішінде троллейбустарды қоса алғанда, тасымалдауға арналған көлік құралдарын жолдармен сүйретуге арналған механикалық көлік құралы жатады. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;
E) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, адамдар мен жүктерді тасымалдау қосалқы функция болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторларын немесе механикалық көлік құралдарын қоспағанда, жолдармен жүруге және олар бойынша адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты, оның ішінде троллейбустарды қоса алғанда, тасымалдауға арналған көлік құралдарын жолдармен сүйретуге арналған көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды.
2. Ауыр салмақты көлік құралы:
A) толық массасы немесе жүктеменің осьтері бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;
B) жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль;
C) толық отын қоры және қажетті құрал-сайман жиынтығы бар, экипажы, жолаушылары және жүгі бар көлік құралы;
D) адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
E) толық массасы немесе жүктеменің осьтері бойынша бөлінуі осы санаттағы жолдар мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын көлік құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |