3. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдарына кімдер жатады:
А) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
B) Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар;
D) Ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
С) Әкімдіктердің өкілдері;
Е) Мәслихат өкілдері.
4. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік инспекторлар жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша қандай нормативтік-құқықтық құжат жасалады:
А) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
B) Көлік құралын тексеру хаттамасы;
D) Жеке тексеру хаттамасы;
С) Қарау хаттамасы;
Е) Орындалған жұмыстар актісі.
5. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құқықтары:
A) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруге қатысуға құқылы;
B) үкіметтік емес ұйымдардың отырысына қатысуға құқылы;
D) теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ұйымдастыруға құқылы;
C) әуе көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ұйымдастыруға құқылы;
E) теңіз және өзен көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ұйымдастыруға құқығы бар.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жол жүрісі және оның қауіпсіздігі саласындағы құзыреті:
A) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды, олардың Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындауын бақылайды;
B) пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізеді;
C) жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға әзірлігіне комиссиялық тексеру жүргізеді;
D) мұз өткелдерінің жай-күйіне тексеру жүргізеді;
E) көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау және өндіріске қабылдау сатысында бақылау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |