Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы АҚТӨбе заң институты



бет2/78
Дата14.04.2023
өлшемі165.61 Kb.
#472245
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
kolik

Пәнді зерделеудің мақсаты: курсанттар мен тыңдаушыларға көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының негіз қалаушы теориялық ережелері мен заңнамасы саласында жүйелі білім беру, практикалық қызметте теориялық білімді қолдану дағдыларын алу, сондай-ақ білім алушыларды құқықтық және практикалық тәрбиелеу.
Пәннің міндеттері:
- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы зерделеу;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, көлік инфрақұрылымы объектілерінде, көлік объектілерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуда және жолын кесуде заңнаманы қолдану дағдыларын игеру;
-курсанттар мен тыңдаушыларда көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындауға ықпал ететiн құқықтық мәдениет қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
Оқыту нәтижесінде курсанттар:
1) көлік қауіпсіздігін қорғау тетіктері мен рәсімдері, сондай-ақ мемлекет, жеке және заңды тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастар қалай құрылады, Қазақстан Республикасының аумағында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бір-бірімен, өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қалай өзара ic-қимыл жасайды деген түсінік болуға;
2) жол қозғалысына байланысты, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі көлік қатынастарын реттейтін құқық нормаларын білуге;
3) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдық-құқықтық негіздер, ұйымдастыру қағидаттары мен қызметі туралы білімді бағдарлай білуге және дұрыс қолдана білуге;
4) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтарды сақтау мен қорғау тетігін реттейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, халықаралық-құқықтық актілерді, басқа да құқықтық актілерді қолдану, сондай-ақ алған білімдерін одан әрі құқық қорғау қызметі барысында дұрыс пайдалану дағдыларына ие болуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында құзыретті болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын, полиция қызметін регламенттейтін өзге де құқықтық актілерді дұрыс қолдануға;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет