ТЖ саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
2014 жылдың 29 қаңтарында халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде ШҚО ТЖД басшылығы АЭХА сарапшыларымен (Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенствосы) және «Үлбі металлургия зауытының» мамандарымен «Составления плана действий по Аварийной готовности и реагированию в рамках Сводного плана действий по Банку НОУ». Кездесу жүргізудің мақсаты шұғыл қызметінің авария кезіндегі даярлығы бойынша жабдықтарына шолу және талқылау жүргізілді.
2014 жылғы ШҚО ТЖД Жұмыс жоспарының 113 т. орындауда, шекараның арғы бетіндегі ТЖ жою және алдын алу сұрақтарының әрекеттестігін дамыту мақсатында, Алтай Өңірі бойынша Ресей ТЖМ ММ және ҚР ТЖМ өкілдерімен келсімге келе отырып, көршілес қарым-қатынасын нығайтуға орай, 2014 жылдың 17 наурызынан 21 наурызы кезеңінің аралығында ШҚО ТЖД-де Алтай Өңірі бойынша Ресей ТЖМ ММ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылдың 13 нен 14 наурыз аралығында Ресей Федерациясының шекараға шектес аймақтарымен «Шекара-2014» КШЖ жүргізілді.
2014 жылғы Министрліктің Операционды жоспарының 52 т. орындауда, 2014 жылғы ШҚО ТЖД Жұмыс жоспарының 36 т. және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласында Қазақстан және Ресей арасындағы өңір аралық ынтымақтастығының шеңберінде, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2014 жылдың 25 сәуірінде шекараның арғы бетіндегі орман және дала өрттері кезінде әрекет ету бойынша өрт-тактикалық жаттығуының өткізілуіне қатысқан болатын.
Үйлестіру кеңесін жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасында қылмыспен күресін және заңнамадағы құқықтық тәртіптерін қамтамасыз ету бойынша 2014 жылдың 17 наурызынан ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ»ММ ӨСЗ бастығы қызметкерлері 2014 жылдың 02 нен 06 маусым кезеңі аралығында және 2014 жылдың 21 нен 27 маусым кезеңінің аралығында Алтай Өңірі бойынша «Өрт сынақ зертханасы» Федералды өртке қарсы қызметінің Сот-сараптамалық мекемесі» Федералды мемлекеттік Бюджеттік мекемесінде сынақтан өтті.
2014 жылғы ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының 114 т. орындауда, шекараның арғы бетіндегі ТЖ жою және алдын ала ескерту мәселелерінің әрекеттестігін дамыту мақсатында, ҚР ТЖМ өкілдерімен көршілес қарым-қатынасын нығайту аясында және Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінен ШҚО ТЖД қызметкерлері, ресми делегациясының құрамында Шығыс Қазақстан облысынан 2014 жылдың 30 тамызынан 2014 жылдың қыркүйегі аралығында ҚХР Синцзян- Ұйғыр Автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қ. барып қайтты.
2014 жылдың 23 қыркүйегінен 26 қыркүйекке дейінгі кезеңде тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін насихаттауды және қоғаммен бірлесіп әрекет етуді жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен үш жақты семинар шеңберінде (Қазақстан-Ресей-Белоруссия) ҚР ІІМ ТЖК делегациясы Минск, Могоилев, Гомель, Бобруйск қалаларына, сондай-ақ Минской, Могилевской және Гомелськой областарының қала типтес кенттеріне барып қайтты. Семинарға қатысушылар БР ТЖМ оқу мекемелерінің жұмыс тобымен, өрт сөндіру бөлімдерімен, қауіпсіздік орталықтарымен, үгіт және насихаттарымен, сондай-ақ кең ауқымды мәдени экскурциялық іс-шаралармен танысуға мүмкіндік туды. Жұмыс барысында республиканың тарихи орындары мен белорусь тұрғындарының мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Сапар барысында тақырыптық бейнефильмдер, қызықты ақпараттар ұсынылды. Үш күн бойы семинар жұмысын Беларусь Республикасының ТЖ Министрі Владимир Ващенко басқарды.
Министрліктің оңды имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс
ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмыстар ұдайы жергілікті және Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарынан жарыққа шығарылды.
Барлығы өткен мерзімде 2706 сөз сөйлеу (2013 ж. – 2509), соның ішінде: радиодан – 1408 материал (2013 ж - 1297) , телеарнадан – 358 (2013 ж. – 316) бейнематериал, баспасөзден 940 мақала (2013 г - 896).
Халықты ескерту және ақпараттандыру, сонымен қатар болған төтенше жағдай туралы сенімді ақпараттарды жеткізу мақсатында Баспасөз қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстыру арқылы брифингтер, баспасөз-конференциялары өткізіледі.
ҚР ІІМ ТЖК, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер, сонымен қатар қалалық және аудандық әкімдіктердің «ТЖ» айдарларына күн сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде қаладағы, аудандағы, бөлімшелер өткізген шаралар туралы материалдар жолданады. ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына 1622 материал жолданды.
Департамент қызметкерлері «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен ТВ» телеарналарында ТЖ алдын алу көкейкесті мәселелері бойынша 14 тікелей эфирге қатысты.
ҚР ТЖМ «Пожарный и Спасатель» журналына жариялауға жүйелі түрде материалдар дайындалады. Жылдың басынан бері «Пожарный и Спасатель» журналына 48 мақала жолданып, оның 30-ы жарық көрді.
2005 жылдан ШҚО ТЖ департаментінде ведомстволық веб-сайты www.vkogps жұмыс істейді. 2014 жылдың 13 маусымынан Семей қаласы ТЖБ «Өрт сөндірушімен» бірлесіп ведомстволық «Спасатель Семея» атты газетін шығады.
Өскемен, Семей қалаларында «Радио Микс» радиоарнасында аптасына екі рет «ТЖ назар аударыңыз» айдары шығады.
2014 жылы ТЖ министрлігінің және облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қазақстан-Өскемен» арнасында, сонымен қатар облыстық кабельді жүйесінде (КТВ-6, 31 арна Семей, Алва ТВ, Зырянвск ТВ телеарналарында) маусымды ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтерді үнемі көрсету ұйымдастырылды. Бүгінгі күні «Назар аударыңыз, су тасқыны», «Жылыту пеші кезіндегі ӨҚЕ», «Судағы қауіпсіздік», «Назар аударыңыз, табиғи өрттер» атты материалдар көрсетілді. Сонымен қатар кабельді жүйеде «Құтқару телефоны 112», «АҚ дабылы», «Құтқарушы мамандығы», «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі», «Безопасность на предприятиях», «Сыбайлас жемқорлықа жол жоқ», «қараусыз қалған балалар», «Орта және шағын бизнес объектілеріндегі ӨҚ» атты бейнероликтер көрсетіледі.
1 қыркүйектен 1 қазанға дейін өткізіліп жатқан өрт қауіпсіздік айлығы шеңберінде қалалық және аудандық ХҚКО теледисплейдерінде өрттер мен ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтен көрсетіліп жатыр.
ҚР ТЖМ және облыстық әкімдіктің қолдауымен ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша халыққа арналып 100000 дана «Апатқа қарсы бірлесіп» атты жаднамалар, 3000 дана «ТЖ кезінде хабардар ету» плакаттары, 6000 дана «Бақылау функцияларын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар», «Өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер» плакаты 3000 дана, тұрғын секторына арналған ұсыныс-түбіртектері- 2 түрі 200 000 дана.
Интернет қорын кең ауқымда пайдалану үшін ҚР ТЖМ бөлімшелері қызметін жариялауда әлеуметтік желілірде жұмыс атқарылады. Twitter мен YouTube аккаунттарында тіркелген. Twitter-ге 510 жазылды және YouTube-қа 98 жазылды, сондай-ақ Mail Ru-агентке 128 журналист тіркелді.
Балалармен жұмыс атқаруға үлкен назар аударылады. Жыл сайын ШҚО білім беру басқармасымен бірлесіп интерактивті сабақ өткізу жоспары бекітіледі. 2014 жылдың басынан 22 сабақ ұйымдастырылды. Бір мезгілде орташа облыстың 35 мектебінен 3700 бала қамтылды.
Жыл сайын «Жас құтқарушылар мектебі» тыңдаушылары базасында АҚ және ТЖ тақырыбы бойынша тәжірибелік және теориялық дайындықтан өтеді. «Жас құтқарушылар мектебі» жас құтқарушылары Сочиде өткен халықаралық слетте 2 орынды иеленді. Жарысқа әлемнің 16 елінен 15 команда қатысты.
Өскемен және Семей қалаларындағы Өрт-техникалық орталықтар арқылы балалармен белсенді жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда орталықтарда 2600 адамнан аса адам қамтылған 115 экскурсия өткізілді.
2014 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай ШҚО ТЖД спорт кешенінде спрот конкурсы өтті. Балалар мен олардың ата-аналары – ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері «Мама, папа, мен – құтқарушы отбасы!» атты отбасылық шараға белсене қатысты.
ШҚО ТЖД қызметкерлері өрт сөндіруші мамандығына рух пен патриотизмді ата-аналарының үлгілері арқылы өскелең ұрпаққа сіңіруге талпынды. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды танымал ету, денсаулықты нығайту, жалпы ұжымның творчестволық белсенділігі мен жұмыс қабілеттілігін арттыру Президенттің халыққа Жолдауының негізгі қағидаларына бағытталған дұрыс жұмыс деп санауға болады.
2014 жылғы 13 желтоқсанда ШҚО Достық үйінде «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбына КТК фестивалі өтті. Оған 11 команда қатысты. КТК үздік командасы «ТЖ» өтпелі кубогын алды. Әр команда грамоталар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Жоспарлау және есептілік жүйесін жетілдіру
ҚР ТЖМ 2014 жылға арналған Операциялық жоспарының негізінде облыста 2014 жылға арналған Департаменттің жұмыс жоспары жасалып, ТЖ министрі бекітті. ШҚО ТЖД жұмыс жоспары негізінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жоспарлары әзірленді.
Бөлімшелердің жұмыс жоспарларын орындау мониторинг жүйесі ұйымдастырылған. Шараларды орындамау мерзіміне жол берілген жоқ.
2014 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚҚТ 9289 қызметтік құжат тіркелген, заңды тұлғалардың өтініштері – 2398, жеке тұлғалардан – 261 өтініш, ҚПҮ белгісі бар құжаттар – 185. 6537 шығыс құжаты тіркелді, «ҚПҮ» белгісі бар 193 құжат орындалды. Құжаттың орындалуын бақылау күнделікті жүзеге асырылады. Есеп беру кезеңіне құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жоқ.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Айқын» жобасы бойынша жұмыс жүргізіле бастады (бірегей нөмір). ШҚО бойынша ҚР БП ҚС ж АЕКБ апта сайын 18 таңбалы бірегей нөмірлермен берілген талон бойынша есеп ұсынылады. 2014 жылғы 25 қыркүйекке дейін жеке және заңды тұлғаларға 1216 талон берілді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде «Айқын» жобасы бойынша жұмысты бастау жоспарланған. 2014 жылдың желтоқсан айының соңында ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің барлығына бірегей нөмірі бар кітапша-талон сатып алу жоспарланған.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кәртішкелерін ай сайынғы түсіру және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» 1-ОЛ нысанындағы тоқсан сайынғы статистикалық есеп ШҚО ТЖД бойынша ЭҚАБЖ арқылы қалыптастырылады, ал ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоғарыда аталған есепті «Тұлғалардың өтініштерін есепке алу» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырып, ШҚО ТЖД-ға ұсынады. ҚР БП ШҚО бойынша ҚС ж АЕКБ-ға жинақтық түсіру және есеп ай сайын бірінші жұмыс күнінде, 1-ОЛ нысанды статистикалық есеп тоқсан сайын бекітілген мерзімде ұсынылады.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық мұрағатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №58 бұйрығына сәйкес ШҚО ТЖД 2014 жылғы арналған істер номенклатурасы сақтау мерзімі 10 жылға дейін, қағаз көшірмесіз, электрондық түрде ведомствоаралық құжат айналымына жататын құжаттар есебімен сақтау мерзімі көрсетілген Министрлік қызметінде пайда болатын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі Тізбе) қатаң сәйкестікте жаңадан құрылды. Істер номенклатурасы 2014 жылғы 2 сәуірдегі ШҚО ТЖД ОСК № 2 жоспардан тыс отырысында қарастырылып, келісілді, «ШҚО мәдениет, мұрағаттар мен құжаттар басқармасы» ММ «Мемлекеттік мұрағат» ҚМУ мұрағаттар мен құжаттар бөлімімен келісілді, ШҚО ТЖД бастығының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 91 «2014 жылға арналған істер номенклатурасын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарының 2014 жылғы 14 тамыздағы № 1-19-5-91/2496-И нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД сақтау мерзімі тұрақты құжаттары шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатына тапсыруға дайындалған, 2012 жылға дейінгі жеке құрам бойынша істер дайындалып, тапсырылды.
2014 жылдың басынан бері ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағаты құрылымдық бөлімшелерге жұмысқа арналған 164 іс жіберді, 465 сұранымдар бойынша үзінді және құжаттардың көшірмелерін әзірледі.
ШҚО ІІД бастығының м.а. 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1-19-70/3908-И нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД 2015 жылға арналған істер номенклатурасы жасалып, ШҚО ТЖД ОСК келісілді. Қазіргі таңда ол ШҚО ІІД арнайы мемлекеттік мұрағатқа келісілуге жолданған.
Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану және пайдалану
2014 жыл ішінде құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейіне бақылау жүзеге асырылды, бұл мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстың басты бағытының бірі болып табылады, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне кеңестер берілді. Мемлекеттік тілде орындалған 1565 парақтағы құжаттарға редакциялық - лингвистикалық сараптама жүргізілді. Құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен және қызметкерлерімен тікелей орындарда іс жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша құрылымдық бөлімшелерде түсіндіру жұмысы жүргізілді. ШҚО ТЖД ҚҚ ж МТДБ мемлекеттік тілге жауапты маман жеке бөлмемен, компьютермен жабдықталған (ШҚО ТЖД барлық компьютерлерінде қазақ шрифті бар, мемлекеттік тілдегі мәтіннің орфографиясын тексеру бағдарламалары жоқ, екі компьютерде «Сөзкөмек 40 BIMASH» лицензиялық сөздігі, «Kazdikt» электрондық сөздігі орнатылған).
2014 жылдың 7 наурызында ШҚО ТЖД «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жүзеге асыруды бақылау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі ТЖК) жұмыс жоспары бекітілді. 2014 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлерін оқытуға - 350 мың теңге бөлінді. Бөлімшелердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік тілді оқытуға жататын қызметкерлердің саны анықталды. Қызметкерлердің білімдерін анықтау және оларды деңгейлері бойынша топтарға бөлу бойынша оқыту ұйымдарымен алдын ала жұмыстар жүргізілді. 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 9, № 10, № 11 келісімшарттар негізінде мемлекеттік тілге оқыту басталды, облыс бойынша барлығы 20 адам оқуда.
Наурыз айында «Тайқазан» ұлттық тағамдар байқауы өткізіліп, материалдар ШҚО ТЖД сайтына орналастырылды.
2014 жылғы маусымның 1-нен 7-і аралығында ШҚО ТЖД қызметкерлері Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығы жанында КАЗТЕСТ тапсыруға дайындық курстарынан өтті.
ҚР ТЖК 2014 жылғы 6 қарашадағы № 39-14/3894-и хатына сәйкес «Үздік тіл сарапшысы» сайысы қайта ұйымдастырылуға байланысты алынып тасталды. Павлодар қаласының ТЖД базасында өткен «Полиглот» республикалық байқауына ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ ҚҚ ж МТДҚ аға сарапшысы Әсемгүл Абылқанқызы Типеева қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.
2014 жылғы 28 шілдеден 2 тамыз аралығында ШҚО ТЖД ҚҚ ж МТДБ бас маманы Аманғалиқызы Жадыра ҚР ТЖМ МТДБ-да тағылымдамадан өтті.
Қорытынды
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел жоюға бағытталған атқарушы органдармен бірлескен іс-шаралар кешені халық үшін ТЖ теріс салдарын төмендету бойынша стратегиялық жетістіктерге ықпал етті. Облыстағы күрделі қалыптасқан жедел жағдайға қарамастан ірі және резонансты ТЖ орын алған жоқ, жылумен қамтамасыз ету объектілері апатсыз жағдайда қолданылды, су тасқыны мерзімінде елді мекендерді ірі су басу жағдайлары тіркелген жоқ, ТЖ мен оқиғалар салдарынан адамдардың қаза болуы мен материалдық шығындардың жалпы азаюы орын алды.
Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу жергілікті билік органдарымен тығыз өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, ТЖ алдын алу мен жою бойынша мақсатты түрдегі кешендік жұмыстар мүмкіндік туғызды.
Қорытынды шығару және атқарылған жұмыстарды ескере отырып, ТЖ маусымдылығын ескере келе, басым сипатта орындауға арналған кемшіліктер табылды.
1. Қауіп-қатер деңгейі жоғары объектілерге тексеру жүргізу барысында өрт қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелерінде әкімшілік ықпал етудің толық шараларын қолдану.
2. Тұрмыстағы және кәсіпкерлік объектілерінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жергілікті атқару органда мен қоғамдық бірлестіктерді ақпараттандыру құралдары бойынша, БАҚ арқылы, ІІД бірлескен рейд жүргізумен, халықпен жиын өткізумен, бизнес өкілдерімен дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізу арқылы үгіт жұмыстарын белсендіру.
3. Табиғи құбылыстарға жүйелі түрде мониторинг, сондай-ақ қыс мерзіміндегі ТЖ алдын алу бойынша және су тасқыны мерзіміне дайындық бойынша жергелікті атқарушы органдармен өткізілетін шараларға мониторинг жүргізу.
4. Халықты жедел ақпараттандыру сұлбасын және бірінші кезекте алыстағы елді мекендердегі, көшіру шараларын ұйымдастыруды жетілдіру.
5. Апаттар, төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел қолдану үшін техникалар мен құрал-жабдықтардың үнему даярлықта болуын қамтамасыз ету.
ШҚО ТЖД
Достарыңызбен бөлісу: |