Ғимараттың жылыту жүйесі орталықтан сулы автоматты түрде реттеледі. Жылыту жүйесі серіктес ағымдағы жылу тасымалдағыш өтетін қос түтікше.
Жылумен қамтамасыз ету көзі жылу тасымалдағышының көрсеткіші 120-70 0С болатын орталықтан келеді.Жылыту жүйесі, вентилляция және ыстық сумен қамтамасыз етуге кететін жылудың жалпы шығыны 597270 ккал/сағ / 696,7 кВт тең.
Жылу жүйесінің төсемелері өтпейтін каналдарда сериясы 3.006.1-2/87 құрама темір бетон элементтерден жасалған. Жер асты суларының жоғары деңгейіне байланысты желімденетін битумдық оқшаулағыш қарастырылған.
Жылу компенсациясын ұзарту компенсаторлық қуыста орналасқан П-пішінді компенсатордың есебінен жасалады. Құбырлардың жылу оқшаулағышы қазіргі уақыттағы ҚНжЕ-нің сериясы негізінде жасалған. Жылу жүйесінен судың ағуы жақын жердегі канализация құдығынан жылжымалы сорғышы бар құбырлар арқылы қарастырылған. Қалдық судың температурасы 40 0С артық болмау керек.
Жылыту жүйесі қондырғысында қыздырғыш қондырғылар алынған «Мс-90» радиаторлары. Жылу тасымалдағыш жылыту жүйесінде - су, көрсеткіші 105–70 0С.
Ғимараттың жылыту жүйесі жылу жүйесіне тікелей қосылған.
Тік құбырлар, магистралды және транзитті құбырлар МЕСТ 10704-91* бойынша электросваркалы болат жұқа қабырғалы құбырдан жасалған.
Еден асты каналдар шегінің құбырлары Ст45. маркалы 150 типті синтетикалық байланыстары бар ТУ 6-11-145.80 бойынша шыныпластика орамасымен қалыңдығы 40 мм минерал мақталы цилиндрлермен оқшауланған.
Желдету
Бөлме желдетілуі табиғи және механикалық қосумен болатын айналмалы-сорғыш болып қабылданған.
Табиғи қосумен болатын желдету қосымша бөлмелердегі желдету каналдары арқылы жүзеге асады. Механикалық қосумен болатын айналмалы вентиляция сауда залдарының бөлмелерінде калориферде ауаны қыздыру арқылы жүзеге асады Кірер есіктер ауа жылу топсаларымен жарақтандырылған.
Сумен қамтамасыз ету
Сауда үйі су құбырларының жобасы ҚМжТ ҚР 3.02-01-2001. ҚМжТ 2-л. су құбырларын енгізуге сәйкес жүргізілген.
Магистралды құбыр жүйелері бірінші қабаттың еден үстінде және жоғарғы қабаттарда қабырғаларда ашық түрде жүргізілген. Диаметрлері 25, 20, 15 мм ТУ 6-19-231-95 поливинихлориттен (ПВХ) су жүйелері қабылданған. Барлық құбыр жүйелері екі реттен сырланады.
Ағын сулардың шығуы арнайы канализация жүйелеріне шығады. Канализация жүйелері тұрмыстық (Т) және өндірістік (Ө) болып бөлінеді. Канализация жүйелері полиэтилен құбырларынан МЕСТ 22689.3-89 диаметрлері 50, 100 мм бойынша қабылданған. Тұрақтар ашық қойылады және ғимараттан 0,5 м жоғары шығарылады.
Ішкі жағында өрт сөндіру үшін өрт крандары орнатылған, әрқайсысында судың көлемі 2х2,5=5,0 л құрайды. Құбыр жүйелерінің ішкі жағында өрт сөндіру үшін темір құбырлардан диаметрі 50 мм МЕСТ 10704-91 бойынша жасалынған. Өрт крандары еденнен 1,35 м биіктікте орнатылған. Өрт жеңдерінің ұзындықтары 20 м.
Ыстық сумен қамтамасыз ету орталықтан. Ыстық суды дайындау суды жылдамдықпен қыздыратын су қыздырғышта болады.
Ғимаратта талаптарға сәйкес қарастырылған:
- ішкі өртке қарсы су жолы ағыс шығыны 2,5 л/с;
- өрт күзетінің дабылы.
Сыртқы өрт сөндіру су жолы торабымен қарастырылған.
Электрмен қамтамасыз ету
Электрмен қамтамасыз ету көзі болып ВЛ-10 кв. «Астра» - ТП №359 табылады, негізгі қосу нүктесі ВЛ-10 кв. №1. Трансформаторлық станцияны қоректендіру радиальді сызба бойынша АН-50 сымы арқылы 10 кВт кернеуде өтеді. Қондырғыға ГКТП – 250/10-У1 типтегі трансформаторлық станция алынған. Төменгі вольтты тораптың сызбасы радиальды түрде алынған. Торап 3х95+1х35 кв. мм. қабылданған ААШпУ-1 кв. кабелімен жасалған.
Сыртқы жарықтандыру ДРЛ-125 бар РК006-125-001-У1 шам орналасқан, шарбақ кронштейндерінде орнатылған. Сыртқы жарықтандыру торабы диаметрі 25 мм түтікшеге салынған АПВ-3(1х4) сымы және кабелден жасалған.
Жарықтандыруды басқару көшедегі жарықтандыру панелі арқылы автоматты түрде басқарылады.
Кірер жердегі орнатылған қуаттылылық:
- жарықтандыру – 65,8 кВт;
Кірер таратқыш құрылымның типі ВРУ 1-11-10УХЛЧ; ВРУ 1-47-00УХЛЧ. Қуаты мықты қондырғы мен жарықтандырудың таратқыш қалқаншасы ПР-11.
Ғимаратта төмендегідей жарықтандыру түрлері қарастырылған: жұмыстық, авариялық, эвакуациялық және жөндеу.
Жарықтың көздері – люминесцентті лампалар және қыздырылған лампалар.
Канализация
Ғимараттың шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағымы ауладағы канализация жүйесіне түседі, одан кейін диаметрі 150 мм болатын нақты канализация жүйесіне қосылады.
Сыртқы канализация жүйесі МЕСТ 18599* бойынша пластмассалы қысымды құбырдан жасалған. Ішкі канализация жүйесі МЕСТ 22689.2-89 бойынша пластмассалы канализациялық құбырдан жасалған.
Атмосфералық суларды шатырмен бөліп беру ғимарат жанындағы болат құбырдан жасалған ашық үстіңкі лотоктар арқылы ішкі су ағымы жүйесімен жүзеге асады.
Шатырда суағымды сүзгіштер орнатылған. Шет жағында канализацияда қысқы кезеңде қалдық суларды бөліп жіберетін гидравликалық ысырмалар қарастырылған.
3 Жұмыста (жобада) қорғалатын нысанның өрт қауіптілігін талдау
3.1 Қорғалатын «Винтаж» сауда үйінің өрт қауіптілігінің қысқаша талдамасы
«Винтаж» сауда үйі қабаттарында дүкендерде көбіне күнделікті киетін киім бөлімі және тамақтану бөлімдері орналасқан.
Сауда үйі өрт қауіптілігі ондағы үлкен мөлшердегі жанғыштық қабілеті бар тауарлармен, әр түрлі тұтану көздерінің болуымен және өрттің таралу жолымен түсіндіріледі.
Сауда орындарында қатты жанғыш материалдар мен заттар (бұйым, маталар, қағаз) және газдар мен сұйықтар жануы мүмкін. Тауарларды сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы өрт шығудың жиі кездесетін себебі болып табылады.
Сауда үйде жану өнімдері және жалын көлдеңенінен таралуы мүмкін, тігінен есік, терезе, технологиялық ойықтар арқылы, баспалдақ бөлімі арқылы, желдету және басқа инженерлік комуникациялар арқылы. Сауда өндірісіндегі заттар мен материалдардың ылғалдылығы 8-12% құрайды, бұл материалдардың тез тұтануын және жалынның олармен тез таралуын күшейтеді. Түтін негізінен тігінен қарқынды дамиды, бұл дегеніміз жоғарғы қабаттардың жылдам түтінденетінің түсіндіреді.
Жеңіл тұтанатын және өрт қауіпті тауарлары бар (аэрозолді орамадағы парфюмериялар, синтетикалық материалдан және пластмасссадан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) сирек кездесетін бөлімдер мен секциялар ғимараттың төменгі қабатында эвакуациялық жолдар мен жерлерге жақын орналасқан бұл дегеніміз адамдарды құтқару және эвакуациялауға қиындық туғызады.
Сауда үйінің өрт кезінде адам мерт болуы мүмкін, ол көп мөлшерде ғимаратқа адамдардың келуімен, бөлме құрылымдарының күрделілігі мен қозғалу бағыттарына байланысты, адамдарды көшіруді ұйымдастырудың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
3.2 «Винтаж» сауда үйінің заттар мен материалдарына қатысты, өрт қауіптілігі және физико-химиялық әсеріне сипаттама
Сауда үйіне қатысты негізгі материалдарына әртүрлі маталар, картонды қағаздар, тері және жүн бұйымдары, құрамында әртүрлі мөлшерде спирті бар сұйықтар, ағаш жатады. Анықтама көрсеткіші бойынша олардың физико-химиялық көрсеткіштері:
Қағаз – жеңіл тұтанатын жанғыш материал, тұтану және өздігінен тұтану температурасы 2300С, жанып біту жылдамдығы 8*10-3кг/(м2*с) – үлпілдек орталығында және 5,5 * 10-3 стеллаждағы кітап орталығында. Жай сақталған күйде өздігінен қызу жылуы 1000С дейін көтерілуге қабілетті. Азот қышқылы және басқа да күшті тотықтырғыштар әсер еткенде химиялық өздігінен жанады.
Сөндіру құралдары: тозаңдатылған су, құрамында суландырғышы бар және ауа механикалық көбігі бар тозаңдатылған су.
Түкті матаның «жартылайбархат» түрі – құрамы негізінен целлюлоза сополимері фосфортотықты тұзы поли-2-метил-5-винилпиридиннен тұратын талшық. Матадағы фосфордың құрамы 3,5-3,7%, азот 1,95-1,97%.
Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, жанғыштық тобы Г2, тұтанғыштығы В2.
Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.
Суконды матаның жартылай жүнді «Реверанс» түрі – құрамы: 40% жүн, 60% - ацетохлорин.
Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, жанғыштық тобы Г3.
Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.
Жүн – жанғыш материал, жану жылуы 20502 кДж/кг, тұтану температурасы 200 0С, өздігінен тұтану температурасы 570 0С.
Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.
Қарағайлы ағаш – тығыздығы 414-510 кг/м3, жылу өткізгіштігі 0,37 Вт/(м*К), жану жылуы – (18731-20853) кДж/кг.
Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, тұтану температурасы 2500С, өздігінен тұтану температурасы 390 0С, ұнтақталған күйде тұтанып жылуға бейім, өздігінен тұтануда бықсу температурасы 280 0С, аэроұнтақтың жалынының таралуының төменгі концентрациялық шегі 34 г/м3, аэроұнтақтың максималды жарылу қысымы 520 кПа, қысымның өсуінің максималды жылдамдығы 5,5 МПа/с, түтін түзу коэффициенті 717 м2/кг, 400 0С-да жану өнімдерінің уыттылығы 35,5±2,7 г/м3.
Сөндіру құралдары: тозаңдатылған су, құрамында суландырғышы бар және ауа механикалық көбігі бар тозаңдатылған су.
Сауда залдары мен эвакуация жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол берілмейді. Оларды күн сайын жиналуына байланысты алып тастап отыру қажет. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға болмайды.
Терезелік ойықтары жоқ немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берілмейді.
Сіріңке, одеколон, иіс су, аэрозольді орамаларды және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды соларға лайықталған арнайы орындарда сақтауды жүзеге асыру қажет.
Сауда кәсіпорындарында:
1) сауда залдарында сатып алушылар бар кезде отқа байланысты жұмыстарды жүргізуге;
2) сауда кәсіпорындарын басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезінде ТТС, ЖС және ЖГ (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерітінділерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольді орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды сатуға;
3) өрт қаупі бар тауарларды сататын секциялар мен бөлімдерді шығу есігінен, сатылы торларды және басқа да эвакуация жолдарынан 4 м жақын орналастыруға;
4) эвакуация жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі, газет, кітап дүңгіршектерін орналастыруға;
5) сауда залдарында ауа шарларын толтыру немесе басқа да себептермен ЖГ баллондарын орнатуға;
6) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуация жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;
7) 15000 мыңнан артық аэрозольді орамаларды сақтауға жол берілмейді.
Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да іс-шараларды өткізу кезінде басшылар олардың қауіпсіздігін (келушілердің келуін шектеу, қосымша кезекшілерді тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.
Ашық алаңдар мен ғимараттарда (құрылыстарда) белгілі тәртіппен ұйымдастырылған зат сататын сауда орындары төмендегі өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс:
1) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан ені кемінде 2 м еркін өткел өтетіндей есеппен орналасуы қажет;
2) сауда қатарларының арасында әр 30 м сайын ені кемінде 1,4 м көлденең өткелдер болуы тиіс;
3) сатылы торларда, холлда және дәліздерде сауда жүргізуге жол берілмейді;
4) ғимараттарда (құрылыстарда) базардың орналасуы олардың өрт қаупін күшейтуге және ғимарат (құрылыс) үшін белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға жол берілмейді.
Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынуы қажет.
Жұмыс уақытында тауарларды түсіру мен арту тұтынушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысы жоқ жолдар бойынша жүзеге асырылады.
Шыны ыдыстарға бөлініп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және ТТС, ЖС сауда жасауға, сондай-ақ "От қаупі бар", "Отқа жақын шашыратпа" деген ескерту жазулары жоқ зат таңбасынсыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол берілмейді.
Өрт қаупі бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.
Керосин (ТТС, тұтану температурасы < 610С), пешке жағатын отын және басқа да ТТС мен ЖС сақтау және сату жанбайтын материалдардан орнатылған жеке тұрған ғимараттарда ғана рұқсат етіледі. Бұл ғимараттардағы еден деңгейі жанасқан жоспарлы деңгейден төмен, яғни апат кезінде сұйықтық ақпайтындай есепте болуы тиіс. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берілмейді.
Сауда залдары керосин (ТТС, тұтану температурасы < 610С), пешке жағатын отын және басқа да ТТС мен ЖС сыйымдылықтары орналасқан қоймалардан өртке қарсы қалқалармен бөлінуі қажет. Сыйымдылық (резервуарлар, бөшкелер) көлемі 5 м3 көп болмауы керек.
Резервуарлардан үлестіру бактарына ЖС құятын құбыр желісі жылжымайтындай етіп жабылуы және үлестіру бактары мен сыйымдылықтарында бұрама болуы қажет. Үлестіру бактарының сыйымдылығы 100 литрден аспауы керек. Құбырлар желісі мен сыйымдылықтардың кемінде екі жерінде жерге қосылғышы болуы қажет. Электрлік кедергі өлшемімен жерге бекіту беріктігі жылына бір рет тексерілуі керек.
ЖЖМ (ТТС, тұтану температурасы < 610 0С), пеш жағатын отындар мен басқа да ТТС және ЖС сататын сөрелерді ұрған кезде ұшқын шығармайтын металл затпен қаптау керек.
Сауда орындарында керосинді орама (жаңқа, сабан, қағаз) материалдарын сақтауға жол берілмейді.
ЖЖМ және басқа да ЖС ыдыстары тек арнайы қоршалған алаңдарда сақталуы тиіс.
4 Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау
4.1 Автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы
Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауды қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында локалдық тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды буын болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.
Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру – бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы еңгізілу санының үздіксіз өсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |