Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Қарапайым жəне күрделі қабілеттер



Pdf көрінісі
бет30/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129
Қарапайым жəне күрделі қабілеттер
Қабілеттер
Қарапайым
Күрделі
Жалпы
Барлық адамдарға тəн қабі-
леттердің психикалық бейне-
сінің негізгі формалары: түйсік, 
қабылдау, есте сақтау, эмоцияға 
берілу, ойлау.
Жалпы адамдардың əр түрлі 
іс-əрекетіне сай қабілеттілік 
деңгейі; ойын, оқу,еңбек, 
қарым-қатынас.
Арнайы 
Барлық адамдарға тəн емес 
ерекшеліктер; əуенді есту, нақты 
көз мөлшер, қайсарлық, мағынасы 
бойынша есте сақтау.
Барлық адамдарға тəн емес 
қасиеттер; кəсіби, специфи-
калық, ерекше.
Жеке адамның қандай да бір іс-əрекетте жетістікке жету 
деңгейін қабілеттілік өлшемі деп білеміз. Мысалы, аз күш жұмсау, 
шапшаңдық. Егер адамдардың іс-əрекеттегі жетістіктері бірдей болса, 
олардың іс-əрекетте жету тəсілдері ескеріледі. Қолайлы тəсілдермен 
жетістіктерге жете аламыз. Қабілеттілік білімді игеру, дағдымен 


110
икемділікті қалыптастыру жетістіктермен сипатталады. Жеке адамға 
арнайы жəне жалпы қабілеттіліктер тесттері қолданылады (интел-
лект тесті). Арнайы қабілеттіліктердің тесті белгілі іс-əрекет түріне 
байланысты кəсіби таңдау жəне бағдар саласындағы міндеттерді ше-
шуге бағытталған. 
Психология ғылымында арнайы қабілеттердің екі топтамасы болады.
1) психикалық функциялар түрі бойынша (моторлы, сенсорлы).
2) іс-əрекет түрлеріне байланысты (техникалық жəне кəсіптік, 
яғни белгілі мамандыққа сəйкес артисттік, көркемдік жəне т.б.).
 Жетістіктер тесті. Қабілеттілік тесті қандайда бір іс-əрекеттің 
орындалу барысын болжау үшін қолданылса, жетістіктер тесті 
индивидтің нақ осы шақтағы жетістігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жетістіктер тестінің екі тобы бар: кең қамтылған жетістіктер мен 
нақты оқу материалымен байланысты жетістіктер тесті.
Кең қамтылған жетістіктер тесті оқудың негізгі мақсаттары 
бойынша дағдыларды бағалауға бағытталған (мысалы, ғылыми 
принциптерді түсінуге бағытталған тесттер).
Нақты пəндер бойынша жетістікке жету тесті (математика мен 
оқудағы жетістіктер) оқу бағдарламасы элементтерін иемденуді бағалауға 
бағытталған. Мұндай тесттер бірнеше функцияларды атқарады.
– білімді тексеру тəсілі ретінде жүреді;
– оқудың жетіспеушіліктерін анықтайды;
–оқудың кейінгі бағытын анықтайды;
– оқушының мотивациясын қамтамасыз етеді;
– оқуды индивид қажеттіліктеріне бейімдеуге көмектеседі;
– оқушының жинақталған білімі бойынша мағлұмат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет