6
ходиагностиканы психология ғылымының практикалық өрісі мен
теориялық негізінің шыңы ретінде қарастырады.
Сонымен, жеке адамның қасиеттерін тəжірибе барысында зерт-
теу ережелеріне негізделген психодиагностикалық қызмет психолог
əрекетіндегі кəсіби нормалардың жиынтығы жəне соның барысында
анықталған адами қасиеттердің сапалы да, шынайы өлшемі болып
табылады. Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға
деген реакциясы, дағдысы, икемділігі, мотивациясы анықталады.
Жоғары дəрежелі психолог кеңесші болу үшін психодиаг-
ностиканың тəжірибелік жəне теориялық
саласын жеткілікті білу
шарт. Бұл деңгейде психолог практикалық психодиагностиканы
түзету-дамыту, кеңес беру барысында жəне қолданбалы психология,
педагогика салаларында кеңінен қолданады.
Адамдардың психологиялық қасиеттерін бағалау жүйесінің та-
рихы мен оларды қолдану сонау ерте заманнан басталған. Оның
дəлелі ретінде біздің заманымызға дейінгі 111 мыңжылдықта көне
Вавилонда мектеп түлектеріне зерттеу жүргізілген деген мəліметтер
бар. Көне Египетте абыз мəдениетіне қатаң тестілеуден өткен адам-
дар ғана үйретілген. Пифагор өз мектебінде түрлі тапсырмаларды
дұрыс орындаған адамдарды таңдап алған. Ерте Қытайда б.з. дейінгі
2 мың жыл бұрын үкімет аппаратына шенеуніктер сайлауда олардың
ерекше мотивациялық,
эмоциялық ерік тұрақтылығын, физикалық
қабілеттілігін, ар-намысы мен мəдениеттілік сияқты қасиеттерін ар-
найы зерттеу қалыптасқан. Орта ғасырда Вьетнамда азаматтық жəне
əскер шенеуніктерін сайлау барысында олардың жеке қасиеттеріне
баса көңіл аударылған. Қиыр шығыс елдерінің медициналық білім
беру жүйесінде де психодиагностикалық əдістер қолданылған,
яғни адамның ойлау қабілетінің психологиялық ерекшелігі мен
оның
белгілі бір физиологиялық, əлеуметтік, биологиялық ауысу
өзгерістері психологиялық тұрғыда зерттелген. Мысалы, баланың
есте сақтау қабілетінің төмендігі, оған əсер
ететін факторлар мен
заңдылықтарды анықтау жəне т. б. Сонымен бірге, психодиагностика
психологияның барлық саласы, соның ішінде, еңбек психологиясы,
инженерлік психология, медициналық психология, патопсихология
салаларында кеңінен қолданылады. Нақты айтқанда, тəжірибиелік
психология мен психодиагностика мамандардың негізгі қызметінде
əлеуметтік зерттеу əдістері ретінде қарастырылады. Бұл қалыптасқан
дəстүр ретінде, яғни əлеуметтік қызмет саласында белсенді
əлеуметтік психологиялық зерттеу түрінде қолданады. Əлеуметтік
7
психологиялық зерттеулерде психодиагностика кейбір өлшемдердің
сандық жəне сапалық көрсеткіштерін беретінмəлімет ретінде кең
пайдаланылады. Бұл мəлімет психодиагностиканы теориялық жəне
қолданбалы психологиялық ғылым саласы ретінде айқындай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: