Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысы



бет1/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#14308
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 10.07.2012 11:32:56
Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 Қаулысы

(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді



1. Қоса беріліп отырған:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды

1-1. Көрсетілген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлігінде барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қ. Тоқаев

 

 

Нұсқаулық  «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді  



ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысын қара ; ҚР Үкіметінің 2003.01.07. № 635 қаулысын қара; Осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын қара; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады

 

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының», «қызметтік хат-хабар секторына», «қызметтік хат-хабар секторында», «Қызметтік хат-хабар секторы» және «қызметтік хат-хабар секторынан» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының», «іс жүргізу және мұрағат секторына», «іс жүргізу және мұрағат секторында», «Іс жүргізу және мұрағат секторы» және «іс жүргізу және мұрағат секторынан» деген сөздермен ауыстырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 қаңтардағы

168 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережесі мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.

Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын есептеу мен тексеруден кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің (электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Осы Нұсқаулықпен:

1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.

5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың есебі, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуы үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады.

________________

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Қызметтік хат-хабарларды қабылдау тәртібі

 

7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік хат-хабармен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда



8. Кеңсеге қағаз жеткізгіште түсетін кіріс хат-хабарларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттарды - ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, электрондық құжатқа қол қойған адамның және құжаттың деректемелерін растаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) тексеру рәсімі аяқталғаннан кейін қабылдайды.

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуі тиіс.

Хат-хабарларды электрондық құжаттар форматында қабылдаған кезде осы құжаттармен барлық кейінгі рәсімдер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.

Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді



9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 11.00-ге дейін іс жүргізу және мұрағат секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.

Жекелеген нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен электр және электрондық байланыс құралдарының көмегімен хабарларды (ақпаратты) криптограммалар, жеделхаттар, телетайпограмдар, факсограмдар, телефонограммалар мен почталық файл (электрондық) хабарларын беру жүзеге асырылады. Факсограммалардың қағаздағы түпнұсқалары ұқсас хат-хабар жіберу үшін осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен адресаттарға дереу жеткізіледі.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлеріне осы Нұсқаулықтың 13-3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



11. Конверттерді ашардың алдында іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады (2-қосымша), бұл ретте актінің бір данасы іс жүргізу және мұрағат секторында қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер іс жүргізу және мұрағат секторында ашуға жатады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдауға жатады. Үкімет Басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күніне сәйкес келетін құжаттарды (басқа қалалардан поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі оң жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшаларына құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам алдын ала қол қоюы тиіс.

Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы коса беріледі).

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.

Кеңсеге жұмыс істемейтін уақытта келіп түсетін, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері тіркегенге немесе қабылдаудан бас тартқанға дейін ЭҚАБЖ-дың тиісті папкасында сақталады.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда



13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.

 

 



ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды

2-1. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтыратын іс жүргізу және мұрағат секторы тіркейді.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13-2. Келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.

Алдын ала қаралғаннан кейін келіп түскен құжаттар мен басқа да қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



13-3. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері қабылдаған хат-хабар (құжаттар) қызметтік қажеттілігіне орай Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен қатар іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге дереу берілуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 13-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 13-4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен іс жүргізу және мұрағат секторы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға «№___ -ге» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.

Келіп түскен құжаттың бұрын іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелген, бақылау секторында бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін қосарланған тіркеуді болдырмау үшін есептік деректерде бұрын іс жүргізу және мұрағат секторы берген тіркеу нөмірін жабу қажет.

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.



Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге «Аударма» деген белгімен қойылады.

13-5. Құжат туралы мәліметтер карточкаларға екі данада енгізіледі, олар Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөліміне беріледі; олардың біріншісі қол қойдырып, құжатты алған күні мен уақыты көрсетіліп, іс жүргізу және мұрағат секторында қалады және ағымдағы картотекада сақталады. Одан әрі бұл карточкада осы құжаттың қаралу барысы да белгіленіп отырады.



Карточканың екінші данасы орындаушы бөлімнің картотекасында маманда қалады, онда сондай-ақ қызметтік хат-хабардың БЭҚА дерекқорына (бұдан әрі - ДҚ) орындаушының тегін, аты-жөнін және жұмыс телефонын міндетті түрде енгізумен осы құжаттың қозғалысы көрсетіледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет