Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысы


қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара



бет2/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#14308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қызметтік хат-хабарын қарау және олардың өтуі

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



14. Қағаз құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторында алдын ала қаралғаннан және тіркелгеннен кейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің келісімі бойынша құзыреті бойынша басшылық пен бөлімдердің қабылдау бөлмелеріне тапсырылады, онда күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды алғаны үшін қол қоятын және олардың өтуі мен тиісінше сақталуы үшін дербес жауап беретін қызметкерлер қабылдайды.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:

1) өтініш жасаушылардың немесе өзге де мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;

2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтінішімен әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;

3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;

4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;

5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Премьер-Министрдің Кеңсесін хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;

6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті;

7) жабылған конверттердегі құжаттарды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келген, сондай-ақ соттар жіберген хат-хабарды қоспағанда);

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің талаптарын және осы Нұсқаулықты бұзып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін.

15. Құпия хат-хабар тек Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторында (бұдан әрі - құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы) ғана өңделеді.

16. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік пайда болған жағдайларда, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне, ал қажет болған жағдайда Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына мәлімделеді.

17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкіметтің Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, агенттіктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.

Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

18. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) тіркей отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді



19. Үкіметке келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:

1) Премьер-Министрдің қарауына:

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;

Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Жоғарғы Сот Төрағасының, Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;

Бас прокуратураның хаттары;

мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының хаттары;

Конституциялық Кеңестің өтініштері;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары;

Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;

шығуға дейін 3 күн бұрын ақшалай қаражат бөле отырып, министрліктердің, ведомстволардың, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да орталық мекемелер басшыларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің іссапарға шығуға рұқсат алуға байланысты өтініштері;

Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттер бөлісуге сәйкес өзге де хат-хабар беріледі;

2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына:

тікелей оларға жолданған хат-хабар (құжаттар), сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;

3) Кеңсе Басшысына:

Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ Үкімет мәжілістерінің хаттамалары;

Үкіметтің мәжілістерін, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;

СІМ-нің халықаралық шарттарды жасасу және іске асыру, мемлекеттер, үкіметтер басшыларының, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік фирмалардың басшыларын қабылдау, Премьер-Министрдің таяу және алыс шетелдерге сапарлары мәселелері жөніндегі материалдары;

Премьер-Министр бекіткен Ақпараттық материалдарды Премьер-Министрге ұсыну кестесіне сәйкес ақпараттық-анықтамалық материалдар;

кадр мәселелері жөніндегі құжаттар және тікелей соның атына жіберілген хат-хабар;

Премьер-Министрдің Кеңсесінде қарау талап ететін Президент актілерінің жобалары, заң жобалары және Үкіметке өзге де өтініштер;

Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі;

4) Кеңсе Басшысының орынбасарына (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін):

Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері;

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



20. Хат-хабарды (құжаттарды) тіркегеннен кейін іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері БЭҚАЖ дерекқорында сақталған есептік деректері бар карточканың екі данасын қағазға басып шығарады (1-қосымша) және бөлуге сәйкес іс жүргізу және мұрағат секторының арнайы стеллажының мекенжай жәшігіне қояды.

ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21. Іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері хат-хабарды (құжаттарды) Премьер-Министр Хатшылығының қабылдау бөлмесіне береді және оларды іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарылатын тіркеу карточкасында алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдырып, оларды қабылдау бөлмесінің қызметкеріне тапсырады.

Хатшылық құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне береді.

Іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша іс жүргізу және мұрағат секторында, үкіметтік шешімдерді шығару секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс;

хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

Кеңсе басшылығы қарағаннан кейін Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне жеткізеді (береді).

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



22. Премьер-Министрдің қарауына жолданатын құжаттар Премьер-Министрдің Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне беріледі.

Хатшылық тікелей Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген хат-хабарды (құжаттарды) қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге беруі тиіс.

23. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (арнайы қаптамаларда), Премьер-Министрдің хаттары мен тапсырмаларын (таза қаптамаларда) Хатшылықтың қызметкері қабылдап алады және қажетті келісулер мен құжаттардың болуын тексереді, одан кейін Премьер-Министрге баяндау үшін және кейіннен қол қою үшін береді.

24. Қалған хат-хабарды Хатшылықтың қабылдау бөлмесінің қызметкері қабылдап алады, оны алғандығы үшін қол қояды, одан кейін барлық келіп түскен құжаттар алдын ала зерделеу, қарарлар жобаларын дайындау және оларды Премьер-Министрге баяндау және кейіннен қол қоюға ұсыну үшін Хатшылықтың қызметкеріне беріледі.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



25. Хатшылыққа мазмұны бойынша Премьер-Министрдің шешім қабылдауын қажет етпейтін құжаттар келіп түскен жағдайда, Кеңсе Басшысымен не оның міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша олар іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы Премьер-Министр орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне немесе Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

Кеңсе Басшысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге оның қабылдау бөлмесіне беріледі.

Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.

Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының таяу және алыс шетелдерге сапарларына байланысты құжаттардың (материалдардың) төлнұсқалары Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне жіберіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



26. Кіріс құжаттар мен ол бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



27. Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына жолданатын құжаттарды тиісінше Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері береді, олар іс жүргізу және мұрағат секторында алған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды алғаны үшін қол қояды.

Премьер-Министрдің орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерінде іс жүргізуді қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері жүргізеді, олар құжаттардың өтуі мен олардың тиісінше сақталуы үшін дербес жауапты болады.

28. Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының қарарлардың жобаларын дербес немесе Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындауды жүзеге асыратын көмекшілері (кеңесшілері) келіп түскен құжаттарды дереу хабарлайды. Құжатты қабылдау бөлмелерінде алдын ала зерделеу және баяндау мерзімі 2 сағаттан аспайды.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29. Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындайды.

Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.

30. Премьер-Министрдің орынбасарларына берілген құжаттар қараусыз қайтарылған жағдайларда Премьер-Министр орынбасарларының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері қайтарылған құжаттарға құжатты қайтару себебінің өздері қол қойған жазбаша негіздемесін қоса тіркейді.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

31. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының кіріс құжаттары (тапсырма, нұсқау) бойынша қарарлары белгіленген үлгідегі бланкілерге (фишкаларға) басылады немесе оларға сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып жасалады және қажет болған жағдайда олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.

Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



32. Қарарда:

орындаушылар (ұйымдардың атауы атау септігінде, лауазымды тұлғалардың тегі мен аты-жөні барыс септігінде);

құжатты қолданудың анық және толық мазмұны немесе орындаудың тәртібі мен сипаты;

орындау мерзімі (қажет болған жағдайда);

басшының толық жазылған жеке қолы (атының бірінші әрпі мен тегі);

күні (күні, айы, жылы);

құжаттың нөмірі;

төменгі жақта, сызықтың астынан қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс.

Қарарларды ресімдеудің үлгісі - 5-қосымша.

Егер тапсырма Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі;

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



33. Қаралған құжаттарды Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін тіркеу-бақылау карточкасымен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына береді. Егер қарарда бақылауға қою туралы тапсырма болса немесе орындау мерзімі көрсетілсе, оның ішінде «жедел» белгісі немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» деген белгілер болса, онда қарардың төлнұсқасын іс жүргізу және мұрағат секторы бақылауға қою үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына (бұдан әрі - бақылау секторы), ал одан кейін Кеңсенің қаралған құжаттар құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды электрондық құжат айналымы жүйесін және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында кейіннен оларды іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруі тиіс.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



34. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қабылдау бөлмелерінде іс қағаздарын Үкімет пен Кеңсе Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері немесе арнайы бөлінген қызметкерлер (бұдан әрі - қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) жүргізеді, олар құжаттарды уақтылы қабылдауға және өз бөлімшелерінің басшылары мен орындаушыларына уақтылы жеткізілуіне, құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының бірінші даналарында жазбалар енгізудің толықтығы мен дұрыстығына, орындаушылардың тегі мен құжаттарға қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізілуіне, құжаттар мен оларға қарарлардың уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне), құжаттарды тиісінше жедел сақтауға дербес жауапты болады.

ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет