7. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын пайдалану
7.1. Жалпы талаптар
141. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын пайдалану өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік талаптарын орындаумен жүзеге асырылады.
142. Мұнай базаларын қауіпсіз пайдалануға:
техникалық құрылғыларды, материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес қолдануға рұқсат берумен;
мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асырумен: құрылыстарды орналастырумен және іргелес аумақты, техникалық құрылғыларды жайластырумен және жұмыс орындарын ұйымдастырумен;
сенімді жұмыс істейтін, салыстырылып тексерілетін және тексерілетін өлшеу және автоматтандыру құралдарын, аварияға қарсы қорғау құрылғыларын, өрт қауіпсіздігі мен электр қауіпсіздігі ақпаратын алу, өңдеу және беру құралдарын қолданумен;
тез әсер ететін герметикалық жапқыш және реттеуші арматура мен қауіпті және зиянды өндірістік факторларды оқшауландыру құралдарын қолданумен;
қызметкерлердің тиісті біліктілігімен, олардың білімін және жұмыстарды қауіпсіз орындау дағдыларын тексерумен;
қызметкерлерді қорғау құралдарын қолданумен қол жеткізіледі.
143. Автожанармай құю станцияларын пайдалану 1996 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Мемтаукентехқадағалауы бекіткен Стационарлық, контейнерлік және жылжымалы станцияларды техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында жабдықтарды, тетіктерді, құрал-жабдықтарды жарамсыз күйде немесе қауіпсіздік құрылғылары (бөгеуші, тіркеуші және сигналдық тетіктер мен аспаптар) жарамсыз болған кезде, сондай-ақ жүктемелер мен қысымдар паспорттағыдан жоғары болған кезде пайдалануға жол берілмейді.
144. Жұмысқа қосу немесе жабдықтарды, аппараттарды, құбыржол учаскелерін тоқтату кезінде жарылыс қаупі бар қоспалардың технологиялық жүйеде түзілуінің алдын алу бойынша шаралар (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау) көзделуі тиіс.
145. Жүк көтергіш машиналар мен тетіктерде, қысыммен жұмыс істейтін бу қазандарында, ыдыстарда олардың шекті жүк көтергіштігі, қысымы, температурасы және кейінгі техникалық куәландыру мерзімдері белгіленуі тиіс.
146. Лебедкаларда, крандар мен басқа да жүк көтергіш тетіктерде рұқсат етілетін жүк көтергіштікті шектеуіштер, жүк пен тетіктің өзінің өздігінен қозғалуына жол бермейтін тежегіш құрылғылар мен фиксаторлар болуы тиіс.
7.2. Резервуарлық парктер мен жекелеген резервуарларды пайдалану
147. Әрбір пайдаланылатын резервуарда:
жобаға сәйкестігі болуы, мынадай мәліметтерді қамтитын паспорты болуы: резервуардың типі, технологиялық схема бойынша резервуардың нөмірі, пенокамераның бұрандамасына дейін резервуардың нақты биіктігі, резервуардың базалық биіктігі, механикалық клапанның өткізу қабілеттілігі, гидравликалық клапанның өткізу қабілеттілігі, тыныс клапандарының типі мен саны;
отты сақтандырғыштардың типі мен саны;
резервуар паркінің технологиялық схемасына сәйкес корпуста айқын жазылған реттік нөмірі; тереңдетілген резервуардың нөмірі арнайы орнатылған кестеде көрсетілуі тиіс.
Тұнба беретін, саңылаусыздығы жоқ, сондай-ақ жабдықтарының ақаулықтары бар резервуарларды пайдалануға жол берілмейді.
148. Тыныс арматурасы жобалық қысымға реттелуі тиіс, ал оның дұрыс жұмыс істеуі пайдалану жөніндегі нұсқауларға сәйкес тексерілуі тиіс. Жылдың қысқы маусымында тыныс клапандары қыраулардан күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы тиіс.
149. Қолданыстағы резервуарларда оттың (жарылыстың) туындауын болдырмайтын шараларды қолданбай, уақытша отпен жұмыс істеуді жүргізуге жол берілмейді.
150. Резервуарлар мен арматураға мынадай мерзімдерде техникалық тексеру жүргізілуі тиіс:
тыныс клапаны - жылдың жылы уақытында айына кем дегенде екі рет және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезінде кем дегенде 10 күнде бір рет;
сақтандырғыш гидравликалық клапан - жылдың жылы уақытында айына кем дегенде екі рет және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезінде кем дегенде 10 күнде бір рет;
отты сақтандырғыш - ауаның қолайлы температурасы кезінде - айына бір рет, ал қолайсыз кезде - 10 күнде бір рет;
желдеткіш келтек құбыр - айына бір рет;
пенокамералар мен пеногенераторлар - айына бір рет;
деңгейді өлшеуге және орташа сынаманы іріктеуге арналған аспап, деңгейді шектеуіш - кем дегенде айына бір рет;
қабылдау-тарату келтек құбырлары - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;
қабылдау-тарату келтек құбырында қайта іске қосу құрылғысы - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;
ысырмалар (бітеу) - әрбір қабылдау-тапсыру кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет;
өлшеу қақпағы, жарық қақпағы - әрбір пайдалану кезінде, бірақ кем дегенде айына бір рет (жабындысыз жарық қақпақтары);
имекті кран - әрбір қабылдау-жіберу кезінде, бірақ кем дегенде айына екі рет.
151. Жабдықтар мен арматураларды тексеру нәтижелері мен жойылған бұзылушылықтар техникалық жетекші бекіткен нысан бойынша журналға енгізіледі.
Металл резервуарлар мерзімді түрде:
жылына кем дегенде екі рет - реактивті отын, авиациялық бензин, авиациялық май және оның компоненттері, тура қуылатын бензин үшін;
жылына кем дегенде бір рет - майлайтын майға қосым және қосымдағы май үшін;
екі жылда кем дегенде бір рет - қалған майлар, автомобильдік бензин, дизель отыны, парафиндер және басқа да ерекшелігі жағынан оларға ұқсас мұнай өнімдері үшін қорғалады.
152. Мұнай өнімдерінің қалдықтарынан резервуарларды тазалауды өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс арнайы құралдар мен құрылғыларды қолданумен механикаландырылған тәсілмен жүргізу керек.
7.3. Құбыржолдарды пайдалану
153. Құбыржолдар мерзімді түрде тексерілуі тиіс. Тексерулердің мерзімдерін олардың тозу жылдамдығына, пайдалану тәжірибесіне, өткен байқаулар мен тексерулердің нәтижелеріне байланысты техникалық жетекші белгілейді, бірақ мұнай өнімдерін тасымалдайтын құбыржолдар үшін кем дегенде үш жылда бір рет және қалғандары үшін кем дегенде алты жылда бір рет.
154. Құбыржолдарды тексеру кезінде сыртқы және ішкі байқауды жүргізеді.
Сыртқы байқау кезінде: бекітуді қоса алғанда, пісіру жіктері мен ернемектік қосылыстардың жай-күйін; барлық қосылыстардың саңылаусыздығын; тірек конструкциялары іргетасының және аспаларының жай-күйін; жылжымалы тіректер жұмысының дұрыстығын; ауыстырушы құрылғылардың жай-күйі мен жұмысын; дренаждық құрылғылардың, арматураның жай-күйін тексереді.
Ішкі байқау кезінде: тоттанудың, сызаттың бар-жоғын; құбыр мен құбыр бөлшектерінің, төсемелердің, ернемектердің пісіру жіктерінің, ернемектердің бетімен түйіндесетін арматураның және арматураның қабырғаларының қалыңдығының азаюын тексереді.
Құбыржолды бұзуға немесе тексеруге жататын учаскені кесу арқылы бөлшектейді.
Байқау нәтижелері актімен ресімделеді. Барлық айқындалған ақаулар жойылуы тиіс.
155. Тез тұтанатын сұйықтықтар (бензин, керосин) тасымалданатын құбыржолдарға жүргізілген тексерулер мен жөндеу туралы мәліметтер және күні жазылған паспорт жасалуы тиіс.
7.4. Сорғы станцияларын пайдалану
156. Редукторды қоса алғанда, сорты мен қозғалтқыш бір агрегат болып саналады. Әрбір сорғы агрегатының реттік нөмірі болуы тиіс. Қозғалтқышта, сорғы мен редукторда айналу бағытын көрсететін стрелкаларды, ал іске қосу құрылғысында - «Іске қосу» және «Тоқта» деген жазбаларды орнатады.
157. Әрбір сорғы агрегатында формуляр болуы тиіс, оған оның жұмысын есепке алу деректері, жүргізілетін жөндеу көлемі енгізіледі. Формулярды сорғы агрегаттарын пайдалануға жауапты қызметкер толтырады.
158. Агрегаттар арасындағы өту жолдарын материалдармен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға тыйым салынады.
159. Сорғы агрегаттарын техникалық тексеру мен жөндеуді дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес бекітілген кесте бойынша, қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге тапсырыс-рұқсатты ресімдеумен жүргізу қажет.
160. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін қотару бойынша сорғылық үй-жайда мерзімді түрде кестеге сәйкес мұнай өнімдері буларының қауіпті концентрациясының бар-жоғын анықтау үшін қоршаған ауаға талдау жүргізу қажет. Қоршаған ауаны талдау жөндеу жұмыстарының басталуы алдындағыдай жүргізіледі.
7.5. Темір жол эстакадаларын және кірме жолдарды пайдалану
161. Электрлендірілген темір жолдарға жанасатын мұнай базаларындағы темір жолдардың кірме жолдарында екі оқшаулаушы түйіспе: біріншісі - төгу шөбінің шектерінде, екіншісі - тұйық стрелкасында орнатылуы тиіс.
162. Тура жүретін локомотив өткелі үшін құю-төгу эстакадасымен теміржолды пайдалануға жол берілмейді.
163. Цистерналарды төгу-құю кезінде қызмет көрсететін персоналға жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эстакадаларды, құю тіреушіктерін алаңшалармен, өтпелі көпірлермен жабдықтау қажет.
164. Темір жол эстакадасында мөлдір мұнай өнімдеріне арналған аспалы көпіршелердің цистерналардағы тіректері үшін жасырын бұрандамалармен бірге ағаш немесе резеңке жастықтары болуы тиіс.
165. Құю-төгу құрылғыларының көтергіш тетіктері тетіктердің өздігінен айналуын болдырмайтын сақтандырғыш құрылғыларымен жарақтандырылады.
Құю тіреушіктерін бұрушы тетікпен бұру керек. Тіреушіктің үстіңгі бөлігіне бекітілген арқанды, тартымды қолдануға рұқсат етіледі. Осы мақсатқа құю-төгу құбыржолшегін немесе құбыржолды пайдалануға жол берілмейді.
166. Құю-төгу құрылғыларынан немесе жеке тұрған тіреушіктерден екі жағы бойынша (төрт өсті бір вагонның қашықтығында) олардың артынан локомотивтердің кіруіне жол берілмейді «Локомотивті тоқтату» сигналдық белгілері орнатылуы тиіс.
167. Цистерналарға авиациялық майларды, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды және авиациялық бензиндерді құю кезінде атмосфералық тұнбалар мен тозаңдардың түсуіне жол бермеу мақсатында темір жол эстакадалары қалқалармен немесе шатырлармен жабдықталуы тиіс.
168. Құю-төгу шебін жарықтандыру үшін прожекторлар, сондай-ақ жарылысқа қарсы сенімділігі жоғары стационарлық шамдар қолданылады.
7.6. Мұнай өнімдерін автоцистерналар мен ыдыстарға
босатудың техникалық құрылғыларын пайдалану
169. Мұнай өнімдерінің жекелеген маркаларын (сорттарын) босатудың типі мен көлеміне байланысты жұмыс орындары (островкалар) жеке цистерналар секілді, автопоездарды да құюмен қамтамасыз етуі тиіс.
170. Құю көлеміне байланысты құю пунктінде қолмен басқарылатын құю тіреушіктері, оператордан жергілікті немесе қашықтықтан басқарумен автоматтандырылған құю қондырғылары қолданылады.
171. Автоматтандырылған жүйелердің көмегімен автоцистерналарды құюды басқаруды арнайы оқудан өткен операторлар орындауы тиіс.
172. Автоэстакадалар, автотұрақтар, сондай-ақ автоматтандырылған құю станциялары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс, табылған мұнай өнімдерінің жылыстауы тез арада жойылуы тиіс. Ақаулы құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді.
173. Мұнай өнімдерін босату учаскелерінде құмның қоры және мұнай өнімдерін оқыс төгілулерді жоюға және ластанған жерлерді тазалауға арналған құралдар қарастырылуы тиіс.
Мұнай өнімдерін алу кезінде қатаң тәртіп пен кезектілік сақталуы қажет. Әрбір автомобильді тиеу орнын мұнай базасының операторлары көрсетеді.
7.7. Пирстарды, айлақтарды және айлақтық құрылыстарды
пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары
174. Мұнай базаларында мұнай құю кемелерін болатпен арқандау үшін кірер жерде кепілді тереңдіктерімен бірге арнайы айлақтық құрылыстар болуы тиіс.
175. Пирстер мен айлақтардағы судың қажетті тереңдігі кеменің түбіндегі тереңдіктің кепілдендірілген қорында оны түсіру мен тиеуге байланысты дифферентті ескере отырып, неғұрлым терең орналасқан кеменің шекті тұнбасына байланысты.
176. Мұнай базаларының пирстері мен айлақтарына су өткелдері барлық навигация ішінде кемелердің қауіпсіздігін және кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Кеме жүрісінің габариттерін кепілдендіруді қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар әрбір күнге кірудің нақты жай-күйімен анықталады.
177. Мұнай базаларына су өткелдері мерзімді түрде қорғалуы тиіс. Кеме жүрістерінің белгіленген габариттерін ұстап тұру, су жолдарын, жол құрылыстарын, кеме жүзу жағдайының белгілерін тәртіпте ұстау су көлігі органына жүктеледі.
7.8. Желдетуге қойылатын қауіпсіздік талаптары
178. Мұнай базаларындағы өндірістік үй-жайлар қызметкерлердің аймақта болуында қоршаған ауаның жай-күйін 12.1.005-88 МЕМСТ талаптарына сәйкес қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
179. Үй-жайларда қоршаған ауаның параметрлерін нормалау кезінде температуралардың рұқсат етілетін параметрлерінің, салыстырмалы ылғалдылықтың, 12.1.005-88 МЕМСТ сәйкес ауа қозғалысы жылдамдығының диапазонын негізге алу керек.
180. Пайдалануға іске қосуға дейін барлық желдету қондырғылары сыналуы және реттелуі тиіс; зауыттық паспорты болмаған жағдайда, оларға техникалық паспорттар (формулярлар) жасалуы тиіс.
181. Желдету қондырғыларын іске қосу сынаулары алдында:
желдету жабдығын орнатудың дұрыстығын, ауаарналарының, каналдардың, желдету камераларының, шахталардың және басқа да құрылғылардың жобаға сәйкес дайындалуы мен монтажын;
желдету жабдығының, ауа бөлулердің және басқа элементтердің бекіту сенімділігін;
кедергілік құрылғылардың орналасуын орнықтыратын тетіктердің бар-жоғын және осы құрылғыларды басқару қолайлылығын;
жобада көзделген шуға қарсы іс-шаралардың орындалуын;
регламент талаптарының орындалуын;
жобаның арнайы талаптарының орындалуын тексеру қажет.
Желдету қондырғыларын тексеру кезінде анықталған бұзылушылықтар мен кемшіліктер сынаудың басталуына қарай жойылуы тиіс.
182. Мұнай базаларында сумен жабдықтау жүйелері тиісті сапада сумен және қажетті көлемде өндірістік, тұрмыстық және 3.01.067-97 «Ауыз су» СанЕмН талаптарына сәйкес өртке қарсы қажеттілікпен қамтамасыз етуі тиіс.
8. Мұнай өнімдерін қабылдауға және босатуға
қойылатын қауіпсіздік талаптары
183. Мұнай өнімдерін қабылдау мен босатуды мұнай базалары тек арнайы төгу-құю құрылғылары арқылы жүргізуі тиіс:
Темір жол цистерналары - жекелеген тіреушіктер немесе төгу қондырғылары арқылы арнайы эстакадаларда;
теңіз және өзен кемелері - айлақтық құрылыстар арқылы немесе айлақсыз тәсілмен;
автомобиль цистерналары - құю станцияларында, автоэстакадаларда, жекелеген тіреушіктер арқылы;
бөшкелер, бидондар және басқа ыдыстар - құю және өлшеп-орау пункттері;
магистральдық мұнай өнімдері құбырлары бөлулері бойынша.
184. Құюмен және вагон-цистерналарда, теңіз және өзен кемелерінде, автомобильдік көлікте тасымалдауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізбесі, буып-түю мен таңбалау, құю мен тасымалдауға арналған көлік құралдарын дайындау 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
185. Тез тұтанатын және жанғыш мұнай өнімдерін төгу және құю саңылаусыздануы тиіс, құйылатын саңылаусыз ыдыстан буды бөлу тәсілі жобалық құжаттамамен анықталады.
186. Тұтқырлығы жоғары қыздырылған мұнай өнімдерін темір жол цистерналарына, құю кемелеріне, бункерлік жартылай вагондарға, автобитум тасымалдаушыларға, автогудронаторларға «Темір жол көлігі және жүктерді тасымалдау объектілері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 бұйрығымен көзделген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 болып тіркелген температураларда құю керек.
187. Тұтқыр және тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдерін (май, мазуттар, эмультұздар және басқалар) темір жол цистерналарына төменнен төгу аспабымен, сондай-ақ өнімді қыздыру құралдарымен жабдықталған кемелерге тиеу керек.
188. Мыналарға:
айлақтарда, темір жол және автомобильдік цистерналарының эстакадаларында найзағай кезінде және желдің жылдамдығы 15 м/с және одан артық болғанда кемелердің төгу-құю операцияларын жүргізуге;
резервуарларда, темір жол және автомобильдік цистерналарда және басқа конструкцияларда найзағай кезінде және желдің жылдамдығы 12,5 м/с және одан артық болғанда биіктікте жұмыстарды (сынамаларды іріктеу, деңгейді өлшеу және т. б.) орындауға жол берілмейді.
189. Ашық ауада барлық жұмыстар тоқтатылатын осы климаттық ауданда сыртқы ауа температурасы мен жел күшінің шекті мәндерін жұмыстардың жүргізілу орны бойынша қаланың (ауданның) әкімшілігі белгілейді.
190. Резервуарларды толтырудың (босатудың) ең жоғары өндірімділігі жобада көрсетілген шамалардан аспауы тиіс.
Понтондармен (жүзбелі шатырлармен) резервуарларды толтырудың (босатудың) өндірімділігі жобаға сәйкес понтонның көтеру (түсіру) жылдамдығы 6,0 м/сағ. аспайтындай болуы тиіс.
191. Темір жол цистерналарында, сондай-ақ төгу-құю құрылғыларында қатқан мұнай өнімдерін тек бумен, ыстық сумен, жылытылған мұнай өнімімен (айналымдық әдіс) немесе электр қыздырғышпен қыздыруға болады. Осы мақсат үшін ашық отты (алауларды, темір пешті, факелдерді, дәнекерлеу шамын) қолдануға жол берілмейді.
Қыздыру уақытында мұнай өнімі температурасының артуы кезінде оның цистернадан шығарылмауын қадағалау қажет.
192. Темір жолдарда тез тұтанатын сұйықтармен тұрған темір жол цистерналарын стационарлық, қоймалық (шығыстық) ыдыстар ретінде пайдалануға жол берілмейді.
193. Төгу-құюға келетін мұнай құю кемелері өзінің жіктемесі, конструкциясы және жабдығы бойынша 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес мұнай өнімдерін тиеуге дайын болуы тиіс.
194. Мұнай өнімдерін қабылдау (тапсыру) аяқталғаннан кейін тарату құбырындағы ысырмалар магистральдық мұнай өнімдері құбыржолдарының пломбаларымен пломбаланады.
195. Мұнай өнімдерін кезекті қотару кезінде оларды барынша аз араластыру мақсатында физикалық-химиялық қасиеттері бойынша бір-біріне жақын мұнай өнімдерін алу керек.
Магистральдық мұнай өнімдерінің құбыржолдары бойынша қотару кезінде бензиннің температурасы 300С-тан аспауы, керосин мен дизель отының температурасы 400С-тан аспауы тиіс.
196. Автоцистерналарға мұнай өнімдерін босату құюдың автоматтандырылған жүйелері, автоэстакадалар және жеке тіреушіктер арқылы жүргізіледі.
197. Мұнай өнімдерін автомобильдік цистерналарға, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге құю үшін арнайы, оның ішінде жоғарғы және төменгі құю құрылғыларымен, есептік-мөлшерлі құрылғылармен, сорғылық агрегатпен, қашықтықтан басқару пультімен, асыра құюдың алдын алуға және құю процесін саңылаусыздандыруға арналған құрылғылармен, сондай-ақ бірлік массасында (көлемінде) құйылатын мұнай өнімдерінің мөлшерін өлшеудің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған автоматтандырылған құрылғылар қолданылуы тиіс.
198. Автоцистерналарға мұнай өнімдерін құюды шашырандысыз, сұйық қабатының астынан жүргізу қажет, ол құю құбыржолшектері мен құбыржолдарын цистернаның түбіне дейін түсірумен жеткізіледі. Шеттеріндегі құбыржолшектердің соққы кезінде ұшқын түзілу мүмкіндігін болдырмайтын металдан дайындалған ұштықтары болуы және жерге қосылуы тиіс.
199. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу мақсатында құю құрылғылары тетікпен жабдықталуы немесе құю операцияларынан кейін құю құрылғыларынан мұнай өнімдерінің қалдықтарын құю мүмкіндігіне арналған ыдыспен жарақтандырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |