Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы №217 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі234.5 Kb.
#173802
1   2   3   4
9. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын

кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары

 

32. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын, сондай-ақ орамдарды кәдеге жарату және (немесе) жою егер өтінім беруші өзгедей белгілемесе, тұрмыстық қалдық ретінде жүзеге асырылады.

33. Егер синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын кәдеге жарату және (немесе) жою тұрмыстық қалдық ретінде жүзеге асырылмаса, онда бұл өндірушінің синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына және тұтынушылық орамында техникалық құжаттамада көрсетіледі.

34. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде экологиялық талаптар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы талаптары сақталуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбекті қорғау қауіпсіздігі бойынша шаралар қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 

10. Ақпаратқа қойылатын қауіпсіздік талаптар



 

35. Тұтынушыға арналған ақпарат ілеспе құжаттамада және/немесе тұтынушылық таңбалануында және/немесе қауіпсіздік паспортында болады.

36. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының тұтынушылық таңбалануына қойылатын талаптар:



Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының тұтынушылық таңбалануы нақты, түсінікті, жеңіл байқалатын және жуылмайтын, химиялық заттардың, климаттық факторлардың әсеріне тұрақты әріптермен жазылуы, өнімді пайдаланудың барлық мерзімі ішінде сақталуы және мына ақпараттан тұруы керек:

1) саудалық атауын қоса алғанда, өнімнің құрамы туралы деректер және нақты өнімді нарықтағы айналымдағы өзге өнімнен нақты айыруға мүмкіндік беретін басқа деректер;

2) шұғыл жүгінулер үшін байланысу деректерін - атауы, не сауда атауы, не сауда белгісі, өнімді нарыққа орналастыруға жауапты болатын тараптың толық мекен-жайы мен телефон нөмірін қоса алғанда өнімге өтінім беруші (егер өтінім беруші дайындаушы болып табылмаса) туралы мәліметтер;

3) өнімнің арналуы;

4) қауіп сипаттамасы (қажет жағдайда - дабыл белгілері немесе пиктограммалар);

5) қауіптіліктің алдын алу жөнінде шаралар;

6) өнім топтамасының сәйкестендіру деректері;

7) орау кезінде тұтынушы орауында өнімнің атаулы құрамының таза грамм, килограмм (г, кг) салмағы немесе текше сантиметрлерде, текше дециметрдегі (смЗ, дмЗ) көлемі;

8) тұтынушы орауында өнімнің дайындалған күнін немесе осы күн көрсетілген орынды көрсетіп «дейін (ай, жыл) жарамды (пайдаланылсын), не «жарамдылық мерзімі (ай, жыл) сөздерімен көрсетілетін жарамдылық мерзімі;

9) оларды сақтау өнімнің жарамдылық мерзімі бойына сақталуын қамтамасыз ететін шарттар (қажет жағдайда). Егер, жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін арналуын түзеткен жағдайда өнім пайдаланыла алатын болса, онда қолданылу тәсілдері туралы мәліметтер көрсетіле отырып тиісті ақпарат беріледі.

37. Осы техникалық регламенттің 1-қосымшасының 1) тармағында көрсетілген синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары құрамындағы ингредиенттер туралы ақпарат мынадай түрде жазылуы керек:



1) 5%-дан кем;

2) 5 % немесе одан астам, бірақ 15%-дан кем;

3) 15% немесе одан астам, бірақ 30 %-дан кем;

4) 30 % және одан астам.

38. Тұтынушыға арналған ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі. Өтінім берушінің атауы, синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының аты және шетелдік өтінім берушінің орналасқан орны латын графикасының негізін пайдаланып белгіленуі мүмкін.

39. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының сәйкестендіру белгісі тұтынушы таңбалануында көрсетілген оның арналуы болып табылады.

40. Кір жуу және/немесе жуынуға арналған құрал ретінде сатылуға түсетін синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын тұтынушылық таңбалау кір жуу және/немесе жуынудың қолданылатын тәсіліне қарай құралдың ұсынылатын саны және/немесе мөлшері туралы ақпараттан тұруы тиіс.

41. Тұтынушылық таңбалау мынадай сақтық шаралары мен ескерту жазуларын қамтуы тиіс:

1) «Тіке күн сәулесінен және...0С-тан жоғары қызудан сақтау керек» (шарттар нақты құралға арналған нормативтік немесе техникалық құжатта көрсетілуі тиіс);

2) «Бұзбау және балаларға бермеу керек» (пиктограммамен сәйкестікте);

3) аэрозоль шашырандысы бойынша жалын таралуы 0,05 метр (м) ұзындығына және «кері жалынға» ие аэрозольдік өнім үшін «От қауіпті! Ашық от және ыстық заттар жанында шашпау керек» деген ескерту жазуы болуы тиіс;

4) «Шашырату кезінде басын төмен аудармау керек!» (пропеллент ретінде құрамында көмірқышқыл газы немесе қысылған ауасы бар құралдар үшін);

5) «Құрамында белсенді хлор бар».

Қажет жағдайда тұтынушылық таңбалау өнімді қолдануды шектеу туралы ескертпеден (аллергендерге, тозаң, тітіркендіргіш заттарға және т.б. асқан сезімталдыққа ие тұлғалар үшін), сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (қорғау көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) қолдану қажеттілігі туралы нұсқаулық болуы тиіс.

42. Өнеркәсіптік секторда пайдалануға арналған және халыққа сатуға түспейтін синтетикалық жуғыш құралдары мен тұрмыстық химия тауарлары үшін, егер ұқсас ақпарат осы құралды дайындауға арналған құжаттарда, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарда немесе өзге тәсілмен көрсетілген болса, осы техникалық регламенттің 36, 39, 40-тармақтарының талаптары қолданылмайды.

43. Көліктік таңбалау өнімді сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату кезінде өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және қажет кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес сақтық шараларын және (немесе) қауіптілік белгілерін қамтамасыз етуі және мыналардан тұруы тиіс:

1) негізгі өнім мен пропелленттің жалпы жану жылуының мегаджоульдегі килограммға мәні (МДж/кг);

2) аэрозоль шашырандысы бойынша жалынның таралу ұзындығы, метр (м) және «кері жалын» болуы туралы ақпарат;

3) «От қауіпті!» жазуы (жанбайтын негізгі өнім мен пропеллентті өнімнен басқа).

 

 

11. Орамға қойылатын талаптар



 

44. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлардың орамы дірілдің, соғылудың немесе температураның, қысым немесе ылғалдылықтың өзгеруі салдарынан ішіндегілердің түрін өзгертпеуді, кемуді немесе төгілуді болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.

45. Орам дайындалған материал мен жабу құрылғысы оның ішіндегі өнімнің әсеріне төзгіш болмауы, сондай-ақ сыртқы факторлардың немесе жаңа қауіпті қасиеттердің өз бетінше қалыптасуының әсерінен өзгермеуі тиіс.

46. Ішкі ыдыс тасымалдаудың қарапайым жағдайларында оның ішіндегілердің сыртқы ыдысқа жарылуы, тесілуі немесе жылыстамауы болмайтындай етіп сыртқы ыдысқа салынады. Ішкі ыдыстан сыртқы ыдысқа ішіндегі өнімнің ағып кетуіне жол берілмейді.

47. Сұйықтықтар тасымалдаудың қарапайым жағдайларында туындауы мүмкін ішкі қысымға шыдамды ішкі ыдысқа ғана құйылуы тиіс.

48. Тұтынушы орам синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының тұтынушылар үшін қауіпсіздігін және жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

49. Көліктік орам өнімді сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс; оның таңбалануы осы техникалық регламенттің 43-тармақтың талаптарына сәйкес келуі тиіс.



 

 

12. Сәйкестік болжамы



 

50. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары осы техникалық регламент талаптарына сәйкес деп есептеледі.

51. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары олардың осы техникалық регламентке сәйкес болған кезінде өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша дайындалуы мүмкін.



 

 

13. Сәйкестікті бағалау және растау



 

52. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары осы техникалық регламенттің талаптарына және осы өнім қолданылу саласына жататын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін бағалау мынадай:

1) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін химиялық заттарды тіркеу;

2) сәйкестікті міндетті растау (міндетті сертификаттау және сәйкестікті мәлімдеу);

3) мемлекеттік бақылау жолымен жүзеге асырылады.

53. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының осы және олардың қолданылу саласына синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары кіретін өзге де техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау өтінім берушінің таңдауы бойынша міндетті сәйкестікті растау немесе сәйкестікті декларациялау нысандарында жүзеге асырылады.

54. Сәйкестікті растау немесе сәйкестікті декларациялау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

55. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының сертификаты және сәйкестігі туралы декларациясының әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес анықталады.



 

 

14. Үйлестіру стандарттарының тізбесі



 

56. Үйлестіру стандарттарының тізбесі:

1) МемСТ 2407-83 «Көмір-сүректі карбюризатор. Техникалық жағдайлар»;

2) МемСТ 4453-74 «Сүректік ұнтақ тәрізді сәулелендіретін белсенді көмір. Техникалық жағдайлар»;

3) МемСТ 5454-76 «А азотолы. Техникалық жағдайлар»;

4) МемСТ 6217-74 «Сүректік уатылған белсенді көмір. Техникалық жағдайлар»;

5) МемСТ ИСО 6388-2002 «Беттік-белсенді заттар. Тұрақсыздық сипаттамасын айқындау»;

6) МемСТ 6755-88 «ХП-И химиялық әкті жұтқыш. Техникалық жағдайлар»;

7) МемСТ 8703-74 «Рекуперациялық белсенді көмір. Техникалық жағдайлар»;

8) МемСТ 8980-75 «Тоқыма көмекші заттар. Стеарокс-6. Техникалық жағдайлар»;

9) МемСТ 12596-67 «Белсенді көмірлер. Күлдің массалық үлесін айқындау әдісі»;

10) МемСТ 12597-67 «Сорбенттер. Судың белсенді көмірдегі және олардың негізіндегі катализаторлардағы массалық үлесін айқындау әдісі»;

11) МемСТ 14845-79 «Майлы еріген қышқылдар. Техникалық жағдайлар»;

12) МемСТ 16187-70 «Сорбенттер. Фракциялық құрамды айқындау әдісі»;

13) МемСТ 16188-70 «Сорбенттер. Уату кезіндегі төзімділікті айқындау әдісі»;

14) МемСТ 16189-70 «Сорбенттер. Бақауларды қысқарту және орташалау әдісі»;

15) МемСТ 16188-70 «Сорбенттер. Салу тығыздығын айқындау әдісі»;

16) МемСТ 17218-71 «Белсенді көмірлер. Бензол бойынша қорғау іс-қимылының уақытын айқындау әдісі»;

17) МемСТ 17219-71 «Белсенді көмірлер. Судағы пораның жиынтықты көлемін айқындау әдісі»;

18) МемСТ 18261-72 «Белсенді көмірлер. Хлорлы этил бойынша қорғау іс-қимылының уақытын айқындау әдісі»;

19) МемСТ 22567.1-77 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Көбік қалыптастырғыш қабілетін айқындау әдісі»;

20) МемСТ 22567.2-77 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Түйіршікті құрамын айқындау әдісі»;

21) МемСТ 22567.3-77 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Тұрақтылықты айқындау әдісі»;

22) МемСТ 22567.4-77 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Белгілі бір көлемнің массасын өлшеу әдісі»;

23) МемСТ 22567.5-93 «Синтетикалық жуғыш құралдар және беттік-белсенді заттар. Сутекті иондардың шоғырлануын айқындау әдісі»;

24) МемСТ 22567.6-87 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Беттік-белсенді заттардың массалық үлесін айқындау әдісі»;

25) МемСТ 22567.7-87 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Фосфор қышқылды тұздардың массалық үлесін айқындау әдісі»;

26) МемСТ 22567.8-77 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Натрий силикатын айқындау әдісі»;

27) МемСТ 22567.9-87 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Карбонаттың немесе бикарбонат натрийдің массалық үлесін айқындау әдісі»;

28) МемСТ 22567.10-93 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Белсенді оттегінің массалық үлесін айқындау әдісі»;

29) МемСТ 22567.12-82 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Төгілгіштігін айқындау әдісі»;

30) МемСТ 22567.13-82 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Түсін айқындау әдісі»;

31) МемСТ 22567.14-93 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Беттік-белсенді заттар және сабын. Судың массалық үлесін айқындау әдісі»;

32) МемСТ 22567.15-95 «Синтетикалық жуғыш құралдар. Жуғыш қабілетін айқындау әдісі»;

33) МемСТ 22989-78 «Белсенді көмірлерді өндіру үшін байланыстырушы. Техникалық жағдайлар»;

34) МемСТ 23361-78 «Көбік жуғыш құралдары. Техникалық жағдайлар»;

35) МемСТ 23998-80 «Белсенді көмір АГ-2. Техникалық жағдайлар»;

36) МемСТ 24455-80 «Еденді күтуге арналған құралдар. Эмульсиялық мастиканың суға төзімділігін айқындау әдісі»;

37) МемСТ 24456-80 «Еденді күтуге арналған құралдар. Эмульсиялық мастиканың термо төзімділігін айқындау әдісі»;

38) МемСТ 25162-82 «Еденді күтуге арналған құралдар. Эмульсиялық мастиканың су бүрку қабілетін айқындау әдісі»;

39) МемСТ 25163-82 «Беттік-белсенді заттар (ЖБЗ). Иогенді емес ЖБЗ-ның еркін полиэтиленгликолды және активті заттарын айқындау әдісі»;

40) МемСТ 25644-96 «Ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттар. Жалпы техникалық талаптар»;

41) МемСТ 27076-86 «Оптикалық ағартқыштар. Судағы ерігіштігін айқындау әдісі»;

42) МемСТ 27404-87 «Оптикалық ағартқыштар. Массада өңделген қағаздағы шоғырлануын, реңкін және барынша ағартқыштық әсерін айқындау әдісі»;

43) МемСТ 28478-90 «Беттік-белсенді заттар. Органикалық емес сульфаттың құрамын айқындау. Титриметрикалық әдісі»;

44) МемСТ 28954-91 «Беттік-белсенді заттар және жуу құралдары. Қолмен немесе механикалық жолмен тікелей қос фазалы әдіспен анионды белсенді заттардың құрамын айқындау»;

45) МемСТ 29190-91 «Беттік-белсенді заттар. Пастаның тығыздығына қатысты айқындау әдісі»;

46) МемСТ 29232-91 «Анионды және ионногенді емес беттік-белсенді заттар. Мицелло қалыптасудың сындарлы шоғырлануын айқындау. Пластиналардың, скобаның немесе сақинаның көмегімен беткі кернеуін айқындау»;

47) МемСТ 29263-91 «Беттік-белсенді заттар. Кальций қаттылығы берілген суды дайындау әдісі»;

48) МемСТ 29264-91 «Беттік-белсенді заттар. Қатты судағы тұрақтылықты айқындау»;

49) МемСТ 30024-93 «Беттік-белсенді заттар және синтетикалық жуғыш заттар. Сынаманы бөлу әдісі»;

50) МемСТ 30268-95 «Белсенді импрегнирленген көмірлер. Техникалық жағдайлар»;

51) МемСТ 30278-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Микробтық жұқтыруға тұрақтылықты айқындау әдісі»;

52) МемСТ 30279-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Staphylococcus aureus анықтау әдісі»;

53) МемСТ 30280-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Микробты ластану. Ашытқының құрамын есепке алу және Candida albicans анықтау әдісі»;

54) МемСТ 30281-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Микробтық ластану. Pseudomonas aeruginasa анықтау әдісі»;

55) МемСТ 30282-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Микробтық ластану. Escherichaia coli анықтау әдісі»;

56) МемСТ 30283-95 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Шоғырландыратын қосындылардың тиімділігін айқындау әдісі»;

57) МемСТ 30468-97 «Су сабындар мен көбікті жуғыш заттары. Микроорганизмдермен жалпы ластануды айқындау әдісі»;

58) МемСТ 1921287-87 «Дифтордихлорметан (хладон 12). Техникалық жағдайлар»;

59) МемСТ 28084-89 «Салқындататын өте қатырмайтын сұйықтықтар. Жалпы техникалық жағдайлар»;

60) МемСТ 29265-91 «Органикалық хладагенттер (хладондар). Цифрлық белгілеулер»;

61) МемСТ 10916-74 «132-12 Д кремний органикалық электр оқшаулағыш сұйықтық. Техникалық жағдайлар»;

62) МемСТ 10957-74 «132-24 және 132-25 кремний органикалық маркалардың сұйықтығы. Техникалық жағдайлар»;

63) МемСТ 13004-77 «Полиэтилсилоксанды сұйықтық. Техникалық жағдайлар»;

64) МемСТ 18613-88 «132-10 және 132-10 Д гидравликалық маркалар сұйықтығы. Техникалық жағдайлар»;

65) МемСТ 20841.1-75 «Кремний органикалық өнімдер. Сыртқы түрі мен механикалық қоспаларды айқындау әдісі»;

66) МемСТ 20841.2-75 «Кремний органикалық өнімдер. Кремнийдің массалық үлесін айқындау әдісі»;

67) МемСТ 20841.3-75 «Кремний органикалық өнімдер. Ұйып қалу температурасын айқындау әдісі»;

68) МемСТ 20841.4-75 «Кремний органикалық өнімдер. Ортаның реакциясын айқындау әдісі»;

69) МемСТ 20841.5-75 «Кремний органикалық өнімдер. Алкоксильді топтардың массалық үлесін айқындау әдісі»;

70) МемСТ 20841.7-75 «Кремний органикалық өнімдер. Алкилхлорсиландардың құрамын айқындаудың газохроматографиялық әдісі»;

71) МемСТ 20841.8-79 «Кремний органикалық өнімдер. Арил- алкилхлорсиландардың құрамын айқындаудың газохроматографиялық әдісі»;

72) МемСТ 25149-82 «№ 7 сұйықтық. Техникалық жағдайлар»;

73) МемСТ 26371-84 «Этилсиликат-40. Техникалық жағдайлар»;

74) МемСТ 14618.2-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Карбонильді қосылыстарды айқындау әдісі»;

75) МемСТ 14618.3-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Тотықтарды айқындау әдісі»;

76) МемСТ 14618.4-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Қанықпаған қосылыстарды айқындау әдісі»;

77) МемСТ 14618.5-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Газды хроматографикалық талдау әдісі»;

78) МемСТ 14618.6-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Суды айқындау әдісі»;

79) МемСТ 14618.9-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Айналу бұрышын және полярлану жазықтығының айналуының үлес шамасын айқындау әдісі»;

80) МемСТ 14618.10-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Тығыздығы мен сынғыштық көрсеткішін айқындау әдісі»;

81) МемСТ 14618.11-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Ұшатын заттар мен қоспалардың еріткіштігін айқындау әдісі»;

82) МемСТ 14618.12-78 «Эфир майлары, хош иісті заттар мен оларды синтездеудің жартылай өнімдері. Температуралық бөліктердің, ажыратудың, балқу және тұну температурасын айқындау әдісі»;

83) МемСТ 790-89 «Қатты шаруашылық сабыны және иіс сабын. Өлшемдерді қабылдау ережесі мен орындау әдістері»;

84) МемСТ 4225-76 «Парфюмерлік сабын. Техникалық жағдайлар»;

85) МемСТ 26878-86 «Шаш күтуге арналған және ваннаға арналған су сабындар. Хлоридтердің құрамын айқындау әдістері»;

86) МемСТ 28303-89 «Парфюмерлік-косметикалық бұйымдар. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау»;

87) МемСТ 28546-2002 «Қатты жуыну сабыны. Жалпы техникалық жағдайлар»;

88) МемСТ 29189-91 «Косметикалық крем. Жалпы техникалық жағдайлар»;

89) МемСТ 30266-95 «Қатты шаруашылық сабыны. Жалпы техникалық жағдайлар»;

90) МемСТ 3864-75 «22 %-дық мастика. Техникалық жағдайлар»;

91) МемСТ 6867-77 «НБ ылғалдандырғыш. Техникалық жағдайлар»;

92) МемСТ 7927-75 «Бутилді және этилді калий ксантогенаттары. Техникалық жағдайлар»;

93) МемСТ 10730-82 «Тоқыма көмеуші заттары. ОС-20 препараты. Техникалық жағдайлар»;

94) МемСТ 10896-78 «Иониттар. Зерттеуге дайындық»;

95) МемСТ 10900-84 «Иониттар. Түйіршікті метрикалық құрамды айқындау тәсілдері»;

96) МемСТ 19113-84 «Қарағай шайыры. Техникалық жағдайлар»;

97) МемСТ 21533-76 «Орман химиялық өнімдері. Газохроматографиялық талдау әдісі»;

98) МемСТ 25659-83 «Ақ түсті люминесцентті лампалар үшін люминофор. Техникалық жағдайлар»;

99) МемСТ 28670-90 «Орман химиялық өнімдері. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау»;

100) МемСТ 29289-92 «Орман химиялық өнімдері. Қабылдау ережесі, сынаманы іріктеу»;

101) ҚР Ст МемСТ Р 50097-2007 «Беттік-белсенді заттар. Фаза аралық созылуды айқындау. Тамшылар көлемінің әдісі»;

102) ҚР МемСТ Р 51021-2007 «Тұрмыстық химия тауарлары. Ыдыстан шайылғыштығын айқындау әдісі»;

103) ҚР СТ МемСТ Р 50551-2007 «Тұрмыстық химия тауарлары. Белсенді хлорды айқындау әдісі»;

104) ҚР МемСТ Р 51019-2007 «Тұрмыстық химия тауарлары. Сілтілік компоненттерді айқындау әдісі»;

105) ҚР СТ ИСО 685-2007 «Сабынды талдау. Сілтілік және майлы заттардың жалпы құрамын айқындау»;

106) ҚР СТ ИСО 4323-2007 «Сабын. Хлоридтердің құрамын айқындау. Потенцияметрикалық әдіс»;

107) ҚР СТ ИСО 4324-2007 «Беттік-белсенді заттар. Ұнтақтар мен түйіршіктер. Табиғи еңістің бұрыштарын өлшеу»;

108) ҚР СТ ИСО 8022-2007 «Беттік-белсенді заттар. Тиеу кезіндегі шаю қабілетін айқындау».

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет