Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы №217 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі234.5 Kb.
#173802
1   2   3   4

 

Ескертпе.

* - тыныс алу арқылы улану мүмкіндігінің коэффициенті (ТУМК) - 200С ауада зиянды заттың ең жоғарғы шоғырының тышқандар үшін орташа шоғырына қатынасы.

 

«Синтетикалық жуғыш құралдар



мен тұрмыстық химия

тауарларының қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

3-қосымша 

 

Қауіпсіздік паспортының тиісті бөлімдеріне сәйкес

енгізілетін ақпарат құрамына, мазмұны мен нысанына

қойылатын ең аз талаптар

 

р/б



Қауіпсіздік паспортының

бөлімдеріне қосылатын

ақпарат

Ақпараттың мазмұнына және нысанына қойылатын талаптар

1

2

3

1

Химиялық өнім атауы (аты)

және ұйым (тұлға) -

өндіруші немесе жеткізуші

туралы мәліметтер

Нормативтік құжатта

көрсетілгенге тиісті химиялық

өнімдер атауы (аты).

Химиялық өнімдерді қолдану

бойынша ұсынымдар мен

шектеулер.

Химиялық өнімді өндіруге,

әкелуге және айналымға

шығаруға жауапты ұйымның

(адамның тегі) толық ресми

атауы, мекен-жайы және

телефоны.

Шұғыл байланыс телефоны.

2

Қауіпті әсер түрлері және

олардың туындау жағдайла-

ры

Қазақстан Республикасы

аумағындағы қолданыста заңға

сәйкес химиялық өнім

қауіптілігін жіктеу туралы

мәліметтер.

3



Құрамы (негізгі қауіпті компоненттер)


Өзімен жеке химиялық затты

ұсынатын химиялық өнім үшін:

- ІUРАС бойынша химиялық

атауы, химиялық формула;

- қарапайым атауы, синонимдер

және т.б.

САS нөмірі.

- осы өнім құрамында бар және

оның қауіптілігіне әсер

ететін араласқан және

тұрақтандырушы қоспалар.

Өзімен заттар қоспасын

ұсынатын химиялық өнім үшін

алушыға және өзге де мүдделі

адамдарға оны қолдануға

байланысты тәуекелді

анықтауға мүмкіндік беретін

өнім құрамы (компонеттер

бойынша) туралы ақпарат

ұсынылуы тиіс.

Адам денсаулығы немесе

қоршаған орта үшін қауіп

тудыратын барлық компонеттер

үшін: компонент атауы мен

өзге де сәйкестендіру

белгілері; шоғыры немесе

шоғырлар ауқымы; қауіпті

сипаттаудан тұратын ақпарат

ұсынылуы тиіс.

Ескертпе:

Егер нақты химиялық

заттардың бар болуы туралы

мәліметтер құпия болып

табылатын болса, онда арнайы

нормативтік және заңнамалық

актілердің талаптарын

басшылыққа алу керек. Осы

заттардың химиялық

қасиеттері тұтынушылардың

қауіпсіздігіне кепілдік

беретін шамада ұсынылуы

керек.

4

Зардап шегушіге алғашқы

көмек көрсету жөніндегі

шаралар

Зардап шегушіге медициналық

көмек бірден көрсетілуі керек

жағдайларды міндетті түрде

көрсетіп зардап шегушілерге

алғашқы көмек көрсету бойынша

қажетті шараларды сипаттау.

Бұл ретте, нақты саладағы

(токсиколог, дерматолог және

т.б.) маман-дәрігердің көмегі

қажет немесе лазымдығын

міндетті түрде көрсету керек.

Химиялық өнімнің тікелей

және бірнеше уақыт аралығы

өткеннен кейін әсерден пайда

болатын әсер белгілері

туралы деректер.

Қайғылы оқиға жағдайында

оқиға болған жерде тікелей

не істеу керектігін көрсету

қажет. Баяу әрекет ететін

қандай да бір залалды күтуге

бола ма.

Зардап шегушілерге алғашқы

көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы ақпарат зиянды

әсер ету (тыныс алу органдары, көздер, тері, ағза

ішіне түсуі және т.б.) түрлері (бағыттары) бойынша

топталуы қажет.

5

Өрт-жарылыс қауіпсіздікті

қамтамасыз ету құралдары

және шаралар

Химиялық өнімнің өрт жарылыс

қауіптілігінің жалпы

сипаттамасы.

Өрт жарылыс қаупінің

көрсеткіштері.

Жану және жылудан бұзылатын

өнімдерімен туындайтын қауіп.

Өрт сқндіруде ұсынылатын

құралдар.

Өрт сөндіруде тиым салынған

құралдар.

Өрт сөндіру кезіндегі жеке

қорғау құралдары. Сөндіру

ерекшелігі.

6



Төтенше жағдайларды алдын

алу және жою жөніндегі

шаралар


Тұтану және тозаң көздерін

белгілеу, тыныс алу

органдарын қорғау (оның

ішінде желдету есебінен),

көз бен теріге әсер етуді

алдын алу сияқты жеке және

ұжымдық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету шаралары.

Қоршаған ортаны қорғауды

қамтамасыз ететін сақтық

шаралары (оқшаулау қажеттігі

мен түрі, сарқынды су

құбырларынан ең кіші

алшақтауы, жерасты және

беткі суларды, топырақты

қорғау шаралары, жақын

орналасқан аудандар

тұрғындарына хабарлау

қажеттілігі және т.б.).

Бейтараптау мен тазарту

әдістері, оның ішінде

сіңіргіш материалдарды (құм,

ағаш үгіндісі, арнайы және

әмбебап байланыстырушы

заттар және т.с.с.) қолдану,

шоғырлануды төмендету үшін

суды және өзге құралдарды

пайдалану әдісі. Қажет

жағдайда қай құралдарды және

қай жағдайларда осы мақсаттар

үшін пайдаланбау керектігі

көрсетілуі қажет.

7

Химиялық өнімдермен жұмыс

істеу және оны сақтау

ережелері

Жұмыс істеу кезінде алдын ала

сақтандыру шаралары.

Химиялық өнімді қауіпсіз

сақтау шарттары мен

мерзімдері, оның ішінде:

өткізбейтін қабырғалар

(қалқаншалар) мен желдеткіштің бар болуын қоса

қоймалар немесе сиымдылықтар

құрастырылымының

ерекшеліктері;

сақтау кезіндегі сәйкеспейтін

материалдар тізілімі;

температура мен ылғалдылықтың

рұқсат етілетін ауқымдары,

жарық берілуі, орта бойынша

талаптарды сақтау, мысалы

инертті газ ортасында сақтау

талаптары;

арнайы электр жабдықтардың

немесе статистикалық электрді

болдырмау үшін шаралар

қажеттілігі;

нақты сақтау мжағдайларында

химиялық өнімнің шекті

сандары;

орау үшін ұсынылатын материал

(контейнер) түрі;

сақтау шараларына қойылатын

қосымша арнайы талаптар.

8

Еңбекті қорғау жөніндегі

талаптар мен қызметкер-

лердің (пайдаланушының)

қауіпсіздігін қамтамасыз

ету жөніндегі шаралар

Міндетті бақылауға жататын

параметрлер, олардың

қызметкерлер үшін биологиялық

қауіпсіз олардың шекті рұқсат

етілетін мәндері (олар

белгіленген стандарттар мен

өзге де нормативтік-

техникалық құжаттарға

сілтеме жасау)

Қауіпсіздіктің инженерлік

шаралар жүйесі туралы ақпарат.

Қызметкерлерді жеке қорғау

құралдары туралы ақпарат.

9

Физикалық және химиялық қасиеттер

Түсін көрсететін (қатты,

сұйық, газ тектес)физикалық

күйі.

Иісі (иіс шегі)

Балқу/қату температурасы.

Қайнаудың басты температурасы

және қайнаудың температуралық

ауқымы.

Жану температурасы.

Жану жарылудың жоғарғы/

төменгі шегі.

Бу қысымы.

Бу тығыздығы.

Химиялық өнімнің салыстырмалы

тығыздығы.

Ерігіштік.

Тарату коэффициенті:

н-октанол/су.

Өздігінен жану температурасы.

Ыдырату температурасы.

10

Тұрақтылық және химиялық белсенділік

Химиялық тұрақтылық.

Қауіпті реакциялар

мүмкіндігі.

Болдырмауға тырысу күйі

(мысалы, статистикалық

разряд, соққы немесе діріл).

Үйлеспейтін материалдар.

Ыдыраудың қауіпті өнімдері.

11

Уландырғыштық

Адамның химиялық өніммен

байланысында уланушылық

әсері, қысқа, бірақ

жан-жақты сипаттама енгізеді:

әсер етудің ықтимал жолдары

туралы ақпарат (тыныс алу,

жұту, тері және көзге тиюі);

Әсер ету белгілері;

Химиялық өніммен тікелей

байланысты әсерлер адам

денсаулығы үшін қауіпі

туралы мәліметтер, сондай-ақ

сол әсерлердің зардаптары

және ағзаға әсер салдарының

қауіпті шалғай зардаптары

туралы мәліметтер;

Қатты уландырғыштық

көрсеткіштері; ең кіші

уландырғыштық әсерлердің

дозалары (шоғыры) және өзге

де химиялық өнімнің адам

ағзасына әсерін сипаттайтын

сандық сипаттар.

12

Қоршаған ортаға әсері

Қоршаған ортаға (ауа, су,

топырақ) мүмкін әсерлерді

бағалау.

Қоршаған ортада тұрақтылығы

мен ауысуы туралы деректер.

Көші-қон туралы (топырақтағы)

деректер.

Қолайсыз әсерлердің өзге түрлері.

13

Жою оның ішінде

қалдықтарды -

залалсыздандыру, кәдеге

жарату және көму

Химиялық өнімдердің қажет емес қалдықтарын қауіпсіз өңдеу жөніндегі ұсынымдар. Химиялық өнімнің өзін және ластанған орамаларды залалсыздандыру немесе көму әдістері (жағу, полигонда көму, қайта пайдалану және т.б.).

14



Алып өту (тасымалдау) кезіндегі ақпарат


Алып ету кезіндегі жүк атауы.

Алып өту кезінде қауіпті

жіктеу.

БҰҰ нөмірі.

Орама тобы (егер қолданылса).

Химиялық өнім теңіз

ластаушыларының қатарына

жататындығы туралы

мәліметтер.

Қауіпсіз орнын ауыстыру және

тасымалдау бойынша ұсынымдар.

15

Халықаралық және ұлттық заңнама

Заң туралы мәліметтер.

Адам және қоршаған ортаны

қорғау жөнінде талаптарды

регламенттейтін құжаттар

туралы мәліметтер

(сертификаттар).

Халықаралық сақтандыру

таңбалары туралы мәліметтер.

16

Қосымша ақпарат

Қауіпсіздік паспортының

әзірленген/қайта қаралған

күні туралы ақпарат.

Пайдаланылатын құжаттар мен

әдебиеттер тізілімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет