Қазақстан үшін тау шаңғысы туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар, оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне айналуы мүмкін.
Бірегей табиғи жағдайлар жайлылық пен қызмет керсетудің жоғары деңгейіне ие, заманауи ірі тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға, елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар туғызуға ықпал жасайтын болады.
Туризм инфрақұрылымның дамуына қарамастан, көптеген туристік объектілерде қызмет көрсету сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туристік сала үшін кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру уақытты талап ететінімен байланысты.
2008 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заңды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілерде білім беру қауымдастықтармен және ұйымдарымен бірлесіп, өздеріне қажетті туристік кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын енгізуге нақты мүмкіндік тудыру үшін нормативтік база жасалды. Бұған «Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы бағытталды.
Елдің туристік сала үшін кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарында Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған «WTO-TedQual» туристік білім беру сапасы жүйесін енгізу проблемалық мәселе күйінде қалып отыр.
Осы мақсатта ЮНДТҰ сарапшылары мен Білім және ғылым министрлігі сертификаттаудың аталған жүйесін Қазақстанның бір жетекші мемлекеттік жоғары оқу орнының базасында енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Өңірдің туризм орталығы болуды жоспарлап отырған Қазақстанға, қызмет көрсету секторында талап етілетін орта және жоғары буындағы білікті кәсіби мамандардың жетіспеушілігі ерекше өткір байқалатын туризм индустриясы саласында кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажет.
Туристік сала үшін мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім берудің 77 оқу орнында 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда, онда 16,6 мың адам оқиды.
Туризм және спорт министрлігі бизнес-қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің, сондай-ақ, туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жоғары, техникалық және кәсіптік орта оқу орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) «Орталық Азия елдеріндегі ұлттық біліктілік шеңберлері» жобасы шеңберінде туризм саласының жаңа біліктілік құрылымын әзірледі. Оны бекіту үшін эксперименталды сынақ өткізу керек.
Осы мақсатта Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және тікелей қатысуымен пилоттық жоба ретінде туризм саласында икемді біліктілік құрылымды енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.
Соңғы екі жыл ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен Статистика агенттігі бірлесіп, Экономикалық қызмет түрлері жіктегішіне және Салалар бойынша мамандар даярлау бағыттарының жіктегішіне Министрлік бастама жасаған туризмді кластерлік дамытуды іске асыруға байланысты өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, соның негізінде туризм статистикасы қалыптастырылатын және туризм саласының мемлекет экономикасын дамытуға қосатын үлесін бағалауға мүмкіндік беретін Туризмдегі қосымша шот енгізілді. Алайда, экономикасында туризмнің үлесі 50 %-дан астамды құрайтын елдермен қатар, статистикалық есепке алуды жетілдіруді әлі де жалғастыру талап етіледі.
2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2013 N 1139 қаулысымен.
Мақсаты - туризм индустриясын орнықты дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
1. Ішкі және келу туризмі үшін орналастыру орындарының санын арттыру;
2. Ішкі және келу туризмі үшін төсек/тәулік орнын беру жолымен қонақүйлердің толтырылуын арттыру.
Міндеттері:
бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;
туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.
Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
туристік қызмет саласындағы қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен кемінде 12 %-ға
ұлғайту туризм саласында негізгі капиталға инвестицияның өсімі 2015 жылға 2009 жылдың деңгейінен 30 %-ға өсіру.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
туристік индустрия объектілерінің құрылысы есебінен туристік қызмет көрсетулердің жыл сайын кемінде 10 %-ға өсуі;
келушілердің болу ұзақтығының 2009 жылдың деңгейінен 2010 жылы -5 %-ға, 2011 жылы - 8 %-ға, 2012 жылы - 10 %-ға, 2013 жылы - 12 %-ға, 2014 жылы - 15 %-ға өсуі;
Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көлінің жағалауындағы қонақ үй кешені және Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің құрылыстары есебінен келушілер саны 2011 жылы - 210 000, 2012 жылы - 225 000, 2013 жылы - 370 000, 2014 жылы - 390 000 демалушыны құрайды.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
2011 жылы туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттар әзірленетін болады;
туризм саласы үшін мамандар даярлау 2011 жылы - 1 000, 2012 жылы - 1 100, 2013 жылы - 1 200, 2014 жылы - 1 300 адамды құрайды.
Төртінші міндетті іске асыру қорытындылары бойынша мыналарға қол жеткізіледі:
2014 жылы экскурсовод-гидтерді даярлау және сертификаттау моделі әзірленеді, ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушылары мен қонақтары үшін кемінде 4 туристік пакет дайындалады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – Салалық бағдарламаны үйлестіруші, әзірлеуші;
Ішкі істер, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникация, Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы, Өңірлік даму министрліктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қазақстан туристік қауымдастығы.
3. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2013 N 1139 қаулысымен.
3.1 Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:
2010 - 2013 жылдар:
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойымен туристік кластерді жол бойы инфрақұрылымы объектілерін сала отырып және оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасай отырып құру.
2010 - 2014 жылдар:
Туристік орталықтар, кешендер мен орналастыру объектілерін салу (Бурабай, Жаңа Іле, Кендірлі, Алакөл);
Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау;
Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;
Туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.
2013 – 2014 жылдар:
Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
3.2 Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар
1. Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
Аталған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізінің бойымен туристік кластер құру.
Кластерді қалыптастыру Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының аумағы бойынша мынадай негізгі сипаттамаларға ие, үш санатты жол бойы инфрақұрылымы объектілерін салу арқылы жүзеге асырылатын болады:
А. Туристік орталық (мотель, ақпараттық орталығымен туристік қызмет көрсету бюросы, бағдарлар және демалыс пен ойын-сауық орындары, мейрамхана/дәмхана, дүкендер, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк машиналарын қоюға арналған тұрақ, авто жөндеу шеберханасы, шина жөндеу шеберханасы).
В. Демалыс орталықтары (туристік ақпараттық бекет, мейрамхана/дәмхана, дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк машиналарын қою арналған тұрақ, авто жөндеу шеберханасы, шина жөндеу шеберханасы).
С. Қызмет көрсету орталығы (дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк машиналарын қою арналған тұрақ, жөндеу шеберханасы).
Ұсынылып отырған санаттағы жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы үлгі жобаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
«А» санатындағы инвестициялық жобаларды дамыту ұсынылып отыр:
Ақтөбе облысында «Greenland», «Ырғыз керуен сарайы» демалыс базалары (2010 - 2015 жж.);
Қызылорда облысында «Байқоңыр» туристік орталығы және Қамбаш көліндегі туристік орталық, «Ғарыш айлағы» сауда ойын-сауық кешені, киіз үйлі қонақ үй, сондай-ақ «Қорқыт ата» туристік орталығы (2011 - 2020 жж.);
Оңтүстік Казақстан облысында «Көне Түркістан», «Көне Отырар» туристік орталықтары (2011 - 2017 жж.).
2015 жылға дейін 24 жол бойы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы қамтамасыз етіледі.
Бірақ, толыққанды іс-әрекетке әрбір 90 - 120 км сайын қашықтықта орналасатын «В» санатындағы 58 жол бойы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы қажет, оның ішінде:
Ақтөбе облысында - 12 бірлік;
Қызылорда облысында - 16 бірлік;
Алматы облысында - 10 бірлік;—
Жамбыл облысында - 10 бірлік;
Оңтүстік Қазақстан облысында - 10 бірлік.
«С» санатындағы объектілер бір-бірінен 50 км қашықтықта орналасады.
Бұл ретте, осы санаттағы объектілердің орналасуын ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп анықтайтын болады.
Барлық жоғарыда аталған жол бойы қызмет көрсету объектілері шахмат тәртібімен орналасуы тиіс.
2) Өңірлерде туристік орталықтар, кешендер мен орналастыру объектілерін салу:
Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенінің, сондай-ақ, өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген Шығыс Қазақстан облысындғы Алакөл көлінің жағалауында қонақ үй кешенінің құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Аталған индустрияландыру карталары индустриялық-инновациялық саясатты тұрақты түрде өзекті етудің құралы болып табылады.
Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу жобасын іске асыру Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізілді.
Орталықты құрудың негізгі идеясы - қазіргі заманғы туризм инфрақұрылымын кешенді дамыту және құрылысқа инвестициялар тарту, Шучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында инновациялық қызметтің артуын қамтамасыз ету.
Туристік ойын-сауық кешенін салу жылына 220 000-ға дейін демалушыларды қабылдауды қамтамасыз етеді, мұнда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады:
сауықтандыру, ойын-сауық саласында қызмет көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, қонақ үй, экскурсия, ақпараттық, көліктік қызмет көрсету, бұл ретте көліктік қызмет көрсету кезінде экологиялық таза көлік, соның ішінде кіші авиация пайдаланылатын болады;
мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және туризмнің басқа да түрлері саласында қызмет көрсету;
әр түрлі кәдесый өнімдерін дайындау және шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру.
Курорттық аймақты құру жобасы 2 кезеңге бөлінген: 1 - 2009 - 2011 жж., 2 - 2012 - 2021 жж.
Бұдан басқа, Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығын және Маңғыстау облысында «Кендірлі» халықарлық курортын, сондай-ақ қонақ үйлер желісін салу көзделіп отыр.
Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру шеңберінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында гольф клубын салу және орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру мәселесі пысықталатын болады;
белсенді демалу жағдайларын дамыту үшін Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында, сондай-ақ Алматы қаласының маңындағы тау шаңғысы курорттарын дамыту; Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту; Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағын дамыту жүйелі жоспарларында көзделген жобалар іске асырылады.
3) Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау:
Жамбыл облысында «Көксай» тау шаңғысы базасы;
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасқасу» тау шаңғысы базасы;
Алматы облысында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын дамыту, сондай-ақ арқан жолдарын салу;
Жобаларды дамыту мүмкіндіктерін және тиімділігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажет, тұжырымдама есепке алына отырып, одан әрі іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы базасын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру ҮИИДМБ-ға енгізілді және жобаның мақсаты әлемдік өндірушілердің жоғары қарқынды жылдамдығымен және орындықтарының ыңғайлылығымен ерекшеленетін арқан жолдарының жаңа жүйесі есебінен, шаңғы трассаларын 7 км-ден 100 км-ге дейін ұлғайту, жаңа заманауи мейрамханалар, коммерциялық аймақтар, тұрақтар салу есебінен тау шаңғысы курортында инфрақұрылым жасау, шаңғы тебу маусымын 2 айға ұлғайту болып табылады.
Жоба сондай-ақ 2011 жылы Алматыда қысқы Азия ойындарын өткізуге, Алматы облысында туризм мен спортты дамытуға ықпал жасайтын болады.
4) Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру:
ақпаратты тарату және экологиялық туризмді танымал ету;
қонақжай үйлер жүйесін құру және дамыту;
экотуристік қызметке тарту мақсатында экотуризм мәселелері жөнінде ақпараттық жұмысты жүргізу;
қонақжай үйлер үшін стандарттарды әзірлеу және олардың сертификаттау рәсімдерінен өтуі;
қонақжай үйлерді құру кезінде энергияның баламалы көздерін және экотурларды ұйымдастыру кезінде экологиялық таза көлік түрлерін пайдалануға жәрдемдесу;
экологиялық туризмді дамыту мәселелері жөнінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
Сонымен қатар, экологиялық туризмнің дамуы мемлекеттік ұлттық парктердің қызметімен тығыз байланысты екенін есепке ала отырып, оларды өздерінің Бас жоспарларына сәйкес тиісінше жайластыру қажет.
Аталған шаралар Қазақстанның халықаралық нарықта бәсекеге түсуге қабілетті, табиғи-климаттық әлеуетін ескеретін толыққанды туристік өнімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары.
Жоғарыда көрсетілген жобалардың, сондай-ақ жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың жол бойы органдарының келісімі бойынша белгіленген тәртіппен көлік дәлізі бойынан жер учаскелерін бөлуі, туризм индустриясының қайтадан салынатын объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау қажет. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық артықшылықтар, мемлекеттік заттай гранттар, кедендік баж салығы мен жер салығынан босату жүйесін пайдалану талап етіледі. Осылайша, инфрақұрылымдық жобаларды дамытудың негізі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту болуы тиіс.
2. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың барлық ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, елдің туристік кластерін дамыту үшін базалық жағдай жасау мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөнінде шаралар кешенін әзірлейді.
Сектораралық және ведомствоаралық кедергілерден өту үшін мүдделі мемлекеттік органдардың бизнес-құрылымдармен тығыз серіктестіктегі іс-қимылын үйлестіру бөлігінде заңнамалық және экономикалық шаралар арқылы теңгерімді мемлекеттік саясат жүргізіледі.
Жеке инвестициялар тарту процесін ынталандырудың экономикалық тетіктері ретінде инвестициялық салық жеңілдіктерін, мемлекеттік заттай гранттар жүйесін пайдалану, туристік кешендерге арналған құралдар мен жабдықтарды кедендік баж салығынан босатуды, жобаны іске асырудың алғашқы 5-10 жылдарында қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген активтеріне салымды жүзеге асыратын инвесторларға «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңынасәйкес берілген жер салығынан босату жоспарлануда. Сондай-ақ жабдықтар мен технологияны лизинг бойынша сатып алу және франчайзингтік қатынастарды кеңінен тарату тетігін кеңінен пайдаланады.
Туроператорлар инклюзив-турлар (inclusive tour) немесе пэкидж-турлар (package tour) деп аталатын турларды сату арқылы толық қызмет көрсету кешенін қамтамасыз етуі қажет. Бірақ бұл үшін ISO 9000 және ISO 14000 халықаралық қызмет көрсету стандарттарын енгізу қажет, адал бәсекені дамытуға және туристік қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыруға жағдайлар жасау қажет. Бұған қоса, туристік қызмет тарифтерін қайта қарау қажет, тұтастай алғанда, ұлттық туристік өнімді қалыптастыру жолдарын өзгерту қажет, себебі Қазақстан үшін алдын-ала жарнамаланған бағдарлама бойынша пэкидж-турларды (турпакеттерді) сату сипаты тән.
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу рәсімдерін, кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
туризмді дамыту жөнінде халықаралық шарттар жасасу;
сырттан келушілер туризмін де, ішкі туризмді де дамыту үшін инвестицияларды, салық салуды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
туристік ағынды тарту мақсатында жолаушылар тасымалы саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтау;
туристік статистика мен есептілік жүйесін жетілдіру және ұлттық шот жүйесінде туризмнің қосымша шотын одан әрі енгізу;
қазақстандық туристік өнімді ішкі де, сыртқы да нарықта қолдау және жылжыту.
Туристерге қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында:
туристік операторларды ірілету үшін заңнамалық жағдайлар жасалатын болады;
Алматы қаласында Экскурсияшылар бюросын ашу және туристік әлеуеті бар өңірлерде туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.
Туризм саласында көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген мемлекеттік стандарттарды әзірлеп, енгізу қажет және менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету қажет, бұл көрсетілетін қызметтердің санын біршама арттырады.
Аталған міндет шеңберінде көрсетілген шаралар Салалық бағдарламаның барлық қолданылу кезеңінде іске асырылатын болады және ұзақ мерзімді перспективаға (2020 жылға дейін) есептелген.
3. «Кадрлық әлеуетті дамыту».
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
14 мамандық бойынша туристік сала үшін кадрларды даярлау оларды жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіби білім 77 оқу орнында даярлау есебінен қанағаттандырылатын болады;
«WTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификаттау бойынша мемлекеттік ЖОО аудитін жүргізу;
туристік сала мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу.
4. Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
1) аталған міндетті іске асыру мақсатында Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелі жоспарын ескере отырып, Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді жобасына қажетті өзгерістерді айқындау және талдау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;
2) ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі үшін туризм саласының біліктілігі жоғары кадрларын даярлауды қамтамасыз ету үшін туризм саласының мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ аталған курстарға арналған бірыңғай оқу бағдарламасын құру жұмыстары жүргізіледі;
3) елдің оң туристік имиджін қалыптастыру және ілгерілету шеңберінде көрменің қатысушылары мен қонақтарына арналған жаңа туристік маршруттар жасау жұмыстары жүргізіледі. Көрме қонақтарының Қазақстанда болуына жайлы жағдайлар жасау мақсатында Астана және Алматы қалаларында «City Pass» қонақ карточкасын енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізіледі.
«City Pass» - қаланың негізгі ақылы көрнекті жерлеріне смарт-карталар (магнитті карталар) не үзбелі билеттері бар купондық кітапшалар түріндегі бірыңғай рұқсатнама.
4. Қажетті ресурстар
Туристік саланың еңбек ресурстарына 2010 - 2014 жылдарға арналған болжамды қажеттілігі 34 мың адамды құрайды, соның ішінде құрылыс мамандықтары бойынша 13 мыңға жуық адам, туристік сала мамандары 21 мыңға жуық адамды құрайды, ал оқу орындары - 1,2 мың адамды (гидтер, аудармашылар, агенттер, метрдотельдер, швейцарлар, қонақ үй және мейрамхана шаруашылықтарының қызметкерлері) дайындайтын болады.
Кадрлар тапшылығы Еуропа одағы ТЕМПУС бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жоба түріндегі 4-жоғары қонақ үй мектебін, туристік индустрияға қызмет көрсету бойынша менеджерлер мен мамандықтарды дайындау орталығын (мектебін) және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында халық қолөнері мен кәсіпшілік мектебін ашу есебінен, сондай-ақ Швейцария халықаралық қонақ үй менеджменті институтымен бірлесе Астана және Алматы қалаларында франчайзинг жүйесі бойынша екі кәсіпорын/колледж ашу есебінен толтырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен және шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны 2010 - 2014 жылдары іске асыруға барлығы 4 252 145 377,8 мың теңге:
республикалық бюджеттен: 2010 ж. - 750 364,0 мың теңге; 2011 ж. - 2 811 492,0 мың теңге; 2012 ж. - 269 625,0 мың теңге*; 2013 ж. - 269 625,0 мың теңге*; 2014 ж. - 268 825,0 мың теңге*;
жергілікті бюджеттен: 2010 ж. - 8 766,8 мың теңге; 2011 ж. - 361 180,0 мың теңге;
инвестициялар есебінен: 4 247 405 500,0 мың теңге талап етіледі.
Ескерту. Қажетті ресурстарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1729Қаулысымен.
1-қосымша
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1729; 23.10.2013 N 1139 қаулыларымен.
Р/с №
|
Іс-шаралар
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Болжанып отырған шығыстар (мың теңге)
|
Қаржыландыру көзі
|
Бюджеттік бағдарламаның N
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
1. Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру
|
1.1. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластерді құру
|
1
|
Жол бойындағы үлгі туристік кешен құрылысының үлгі жобасын әзірлеу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ҚжТКШІА,Қаржымині, ИЖТМ
|
2011 жылғы IV тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
|
Көліктік дәліз бойында жол бойы инфрақұрылымы объектілерін салу үшін жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін бөлуі (жол бойындағы 24 үлгі туристік кешен)
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері
|
Жыл сайын 10 шілде, 10 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
|
Туризм индустриясының қайтадан жасалатын объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасау (соның ішінде жол бойындағы 24 үлгі туристік кешен)
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері
|
Жыл сайын 20 шілде, 20 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен және шегінде
|
|
2
|
Инвестициялық жобалар бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау мүмкіндігін қарастыру: Ақтөбе облысында - «GREENLAND», «Ырғыз керуен сарайы» демалыс базаларының; Қызылорда облысында - «Байкоңыр», «Қоркыт ата», «Қамбаш» туристік орталықтарының және «Ғарыш айлағы» сауда ойын-сауық орталығының, Киіз үйлі қонақ үйдің; Жамбыл облысында «Көксай» тау шаңғысы базасының; Оңтүстік Қазақстан облысында «Көне Түркістан» және «Көне Отырар» туристік орталықтарының, «Қасқасу» тау шаңғысы базасының; сондай ақ, жол бойындағы бес үлгі туристік кешеннің құрылысы
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ (жинақтау), Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан, облыстарының әкімдіктері
|
2011 жылғы I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы шеңберінде
|
|
1.2. Туристік орталықтар, кешендер және орналастыру объектілерін салу
|
3
|
Ақмола облысының "Бурабай" АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу (2009-2021 жылдар)
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), Ақмола облысының әкімдігі
|
Жыл сайын 20 шілде, 20 қаңтар
|
|
|
|
|
450
000
000,
0
|
450
000
000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
|
"Бурабай" АЭА шекарасының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерді босалқы жерге ауыстырудың техникалық экономикалы к негіздемесі н әзірлеу
|
Жерді ауыстыру ТЭН
|
ИЖТМ, Қоршаған ортамині , АШМ, Қаржымині
|
2012 жылғы қаңтар
|
719
9,0
|
|
|
|
|
719
9,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық экономикалық негіздемесінің қажетті сараптамасын әзірлеу немесе түзету сондай-ақ өткізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
|
|
"Бурабай" АЭА шекарасының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерді босалқы жерге ауыстыру
|
Қазақстан Республикасы ң Үкіметінің қаулысы
|
АШМ, Қоршаған ортамині, ИЖТМ
|
2012 жылғы I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
4
|
Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында "Жаңа Іле" халықаралық туристік орталығын салу
|
Қазақстан Республи касы Президен тінің Әкімшілі гіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), Алматы облысының әкімдігі
|
Жыл сайын 20 шілде, 20 қаңтар
|
|
|
|
|
3 000 000 000,0
|
3 000 000 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
|
Халықаралық, туристік орталықтың және сыртқы инженерлік желілердің құрылысы ТЭН әзірлеу
|
ТЭН
|
ИЖТМ (жинақтау), Алматы облысының әкімдігі
|
2012 жылғы
II тоқсан
|
358 970,0
|
|
|
|
|
358 970,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық экономикалық негіздемесінің қажетті сараптамасын әзірлеу немесе түзету сондай-ақ өткізу"
|
|
Халықаралық туристіқ орталық құрылысының ЕЖЖ әзірлеу
|
ЕЖЖ
|
ИЖТМ (жинақ тау), Алматы облысының әкімдігі
|
2012 жылғы I тоқсан
|
|
170 000,0
|
|
|
|
170 000,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
025 "Туризм инфрақұрылымын дамыту және құру"
|
|
Туристік орталықтың сыртқы инженерлік желілерінің ЖСҚ әзірлеу
|
ЖСҚ
|
ИЖТМ (жинақ тау). Алматы облысының әкімдігі
|
2012 жылғы
I тоқсан
|
|
1
835
000,
0
|
|
|
|
1
835
000,
0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
025 "Туризм инфрақұрылымын дамыту және құру"
|
5
|
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына 176 га көлемінде туристік кешеннің инженерлік-коммуникациялық жүйесін Отырар ауданының аумағын абаттандыра отырып салу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ (жинақтау) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
2011 жылғы I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
6
|
Маңғыстау облысында "Кендірлі" халықаралық курортын салу
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), Маңғыстау облысының әкімдігі
|
Жыл сайын 20 шілде, 20 қаңтар
|
|
|
|
|
345 000 000,0
|
345 000 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
|
Халықаралық курорттың сыртқы инженерлік көліктік инфрақұрылымы объектілері құрылысының ЖСҚ әзірлеу
|
ЖСҚ
|
ИЖТМ (жинақ тау), Маңғыстау облысының әкімдігі
|
2012 жылы 1 тоқсан
|
100 000,0
|
420 500,0
|
|
|
|
520 500,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
2010 жыл -025 "Туризм инфрақұрылымын дамыту және құру" бюджеттік бағдарламасы, 2011 жыл -009 "Облыстық бюджеттерге. Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт және туризм объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері"
|
7
|
Маңғыстау облысындағы «Кендерлі» халықаралық курорты аумағында қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп объектілерін орналастыру
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
45 000,0
|
|
|
|
45 000,0
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
|
«Туристік қызметті реттеу» 013 бюджеттік бағдарламасы
|
«Кендерлі» халықаралық курорты аумағында денсаулық сақтау объектілерін орналастыру
|
|
85 000,0
|
|
|
|
85 000,0
|
|
|
«Кендерлі» халықаралық курорты аумағында өрт сөндіру объектілерін орналастыру
|
|
200 000,0
|
|
|
|
200 000,0
|
|
|
Каспий теңізіндегі «Кендерлі» шығанағында ақсеркені зерттеу, сақтау және көбейту жөніндегі орталық ашу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
АШМ, ТСМ, Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы III тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
8
|
Алакөл көлінің жағалауында қонақ үй кешенін салу (өңірлік индустрияландыру картасы)
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
1 500 000,0
|
|
|
|
1 500 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
9
|
«Бизнестің 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде 2* және 3 * турклассты қонақ үйлер желісін дамыту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
|
2* және 3* турклассты қонақ үйлерді салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іріктеу
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Тоқсан сайын барлық кезең бойынша
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
|
Өңірлік Үйлестіру штабының 2* және 3* турклассты қонақ үйлерді салу жөніндегі іріктелген инвестициялық жобаларды қарауы
|
Өңірлік үйлестіру штабының шешімі
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Тоқсан сайын барлық кезең бойынша
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
|
Өңірлік Үйлестіру штабы мақұлдаған 2* және 3* турклассты қонақ үйлердің құрылысын қаржыландыру
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ӘКК (келісім бойынша)
|
Тоқсан сайын барлық кезең бойынша
|
|
|
|
|
|
|
Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы шеңберінде
|
|
|
2* және 3* турклассты қонақ үйлердің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Тоқсан сайын барлық кезең бойынша
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
9-1.
|
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында гольф клубын салу және орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Ақмола облысының әкімдігі, Қоршағанортамині,ӨДМ, ИЖТМ, ЭБЖМ
|
2014 жылғы
I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
9-2.
|
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында, сондай-ақ Алматы қаласының маңындағы тау шаңғысы курорттарын дамыту; Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту; Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағын дамыту жүйелі жоспарларында көзделген жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2014 жылғы
IV тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
1.3. Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау
|
10
|
Жамбыл облысында «Көксай» тау шаңғысы базасын дамыту
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Жамбыл облысының әкімдігі
|
Жыл сайын 20 шілде, 20 қаңтар
|
|
2068000,0
|
|
|
|
2068000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
11
|
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің» инженерлік-коммуникациялық желілерінің ЖСҚ әзірлеу және салу
|
ЖСҚ, Атқарылған жұмыстарды қабылдау актілері
|
ТСМ (жинақтау) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
2013 жылғы I тоқсан
|
|
103 516,0
|
|
|
|
103 516,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Туризм инфрақұрылымын дамыту және құру» 025 бюджеттік бағдарламасы
|
12
|
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын кешенді дамыту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау) Алматы облысының әкімдігі
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
30 750 000,0
|
|
|
|
30 750 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
Медеуден Шымбұлаққа дейін арқан жолын салу және тау шаңғысы курортының сырғанақ тебу аймағын кеңейту
|
|
110 250 000,0
|
|
|
|
110 250 000,0
|
13
|
Шығыс Қазақстан облысында «Нұртау» тау шаңғысы демалыс базасын қайта жаңарту
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
|
Жыл сайын 10 қаңтар
|
|
116 000,0
|
|
|
|
116 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
14
|
Шығыс Қазақстан облысында «Алтай Альпісі» тау шаңғысы демалыс базасын жаңғырту
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
|
Жыл сайын 10 қаңтар
|
|
281 600 000,0
|
|
|
|
281 600 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
15
|
Алматы облысының Текелі ауданында тау шаңғысы базасын құру
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Алматы облысының әкімі
|
Жыл сайын 10 қаңтар
|
|
15 000 000,0
|
|
|
|
15 000 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
16
|
Алматы облысының Қаскелен ауданында тау шаңғысы базасын құру
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Алматы облысының әкімі
|
Жыл сайын 10 қаңтар
|
|
2 120 000,0
|
|
|
|
2 120 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
1.4 Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру
|
17
|
Экологиялық туризмді танымал ету жолымен жергілікті қоғамдастықтарды экотуризмді дамыту процесіне тартуды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТҚ(келісім бойынша)
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
18
|
Қонақжай үйлер жүйесін құру және дамыту
қонақжай үйлерді салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іріктеу
өңірлік Үйлестіру штабының конакжай үйлерді салу жөніндегі іріктелген инвестициялық жобаларды қарауы
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
ИЖТМ, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
Тоқсан сайын
|
|
|
|
|
|
|
Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы шеңберінде
|
|
19
|
Қонақжай үйлер үшін стандарттарды әзірлеу және олардың сертификаттау процедурасынан өтуі
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
ИЖТМ, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
20
|
Қонақжай үйлерді құру кезінде энергияның баламалы көздерін және экотурларды ұйымдастыру кезінде экологиялық таза көлік түрлерін пайдалануға жәрдемдесу
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
21
|
Экологиялық туризмді дамыту мәселелері жөнінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
АШМ, Қоршағанортамині
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
22
|
Экотуризмнін ақпараттық ресурстық орталығын модернизациялау мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ (жинақтау), ЭДСМ, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2010 жылғы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
23
|
Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауының жағажай аумағын жайғастыруды іске асыру жөніндегі шараларды қамтамасыз ету
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2010 жылғы 10 шілде 2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
151250
|
151250
|
151250
|
151250
|
605 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
24
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), АШМ, ҚР ПІБ (келісім бойынша)
|
Жыл сайын 10 ақпан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
2. Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру
|
25
|
Саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу процедураларын, кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
СІМ (жинақтау), IIМ, ҰҚК
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
26
|
Халықарлық туристік іс-шараларға (көрмелер, жармеңкелер, биржалар және басқалары) қатысу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
25 қаңтар, 25 шілде
|
168 444
|
180 379,0
|
180 379, 0
|
180 379, 0*
|
180 379, 0*
|
889 960
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
27
|
Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттық материалдарды өндіру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
5 864,0
|
5 864,0
|
5 864,0
|
5 864,0*
|
5 864,0*
|
29 320
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
28
|
Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттық материалдарды шетелдік БАҚ-та көрсету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), СІМ
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
92 500,0
|
71 100,0
|
71 100,0
|
71 100,0*
|
71 100,0*
|
376 900
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
29
|
БҰҰ-ның «Жібек жолы бойындағы қала» сыйақысын конкурсына қатысу жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын 25 шілде
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
30
|
Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымның Еуропаға арналған іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ (жинақтау), СІМ
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
5652,0
|
5652,0
|
|
|
|
11 304
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
31
|
Веб-сайтқа ілесіп отыру және толықтыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
376,0
|
408,0
|
408,0
|
408,0*
|
408,0*
|
2 008
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Туризм, денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы
|
32
|
Туристік әлеуеті бар өңірлерде туристік ақпараттық орталықтар құру мәселесін пысықтау
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
33
|
Өңірдің тұсаукесерлік паспортын әзірлеу және цифрлық тасымалдаушыда басып шығару
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Алматы облысының әкімдігі
|
2012 жылғы 25 қаңтар
|
1100,0
|
1180,0
|
|
|
|
2 280,0
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
|
«Туристік қызметті реттеу» 013 бюджеттік бағдарламасы
|
34
|
Елден тыс жерде туристпен болған төтенше жағдайларды есепке алуды қамтамасыз ету мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау) СІМ
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
35
|
«Менің Отаным - Қазақстан» экспедициясын өткізуді ұйымдастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстардың әкімдіктері, ИЖТМ, БҒМ, ТЖМ, ІІМ ДСМ, БАМ
|
Жыл сайын желтоқсан
|
2 240
570
2 500
300
676,8
1 250
130
|
|
|
|
|
7 666,8
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
|
«Туристік қызметті реттеу» 013 бюджеттік бағдарламасы
|
36
|
ЖОО үздік студенттерінің, мектеп үздік оқушыларының Астана қаласына туристік сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
37
|
Республика аумағында жәрмеңкелер мен көрмелерді өткізу (қатысу):
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
Алматы қаласында «Туризм және саяхат» КІТҒ Қазақстандық Халықаралық Туристік жәрмеңкесіне қатысу
|
1750
|
1750
|
1750*
|
1750*
|
1750*
|
8 750
|
«Сарқылмас саяхат» Казақстанның туристік (жылжымалы) жәрмеңкесін өткізу
|
5 350,0
|
5 366,0
|
5 366,0*
|
5 366,0*
|
5 366,0*
|
26 814
|
38
|
Алматы облысында Іле-Балқаш регатасын өткізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
2 670
|
2 670
|
2 670
|
2 670*
|
2 670*
|
13 350
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
39
|
Оқу орындарында «Туризм күні» сынып сағатын өткізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Жыл сайын желтоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
40
|
Әлеуметтік туризмді дамытуға жәрдемдесу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ (жинақтау), ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
2011 жылғы шілде
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
41
|
«Туризм. Маңғыстауға сапар» бірыңғай интернет-порталын құру
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
30 000,0
|
|
|
|
30 000,0
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
|
«Туристік қызметті реттеу» 013 бюджеттік бағдарламасы
|
42
|
Ақтау қаласының әуежайында «Ноt Lіnе» режимінде ақпараттық қызмет құру және туристік объектілердің алыс орналастыру объектілерін спутниктік байланыспен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
43
|
Алматы қаласында Экскурсияшылар бюросын ашу мүмкіндігін қарастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2012 жылғы қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
44
|
Туристік әлеуеті бар өңірлерде туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігін қарастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2012 жылғы қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
45
|
Туристік операторларды ірілету үшін заңнамалық жағдайлар жасау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ, ӘМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2012 жылғы шілде
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
46
|
Ақтау қаласында «Өнер қаласы» атты ұлттық кәдесыйларды, зергерлік бұйымдарды дайындау бойынша кәдесый фабрикасын ашу
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
30000,0
|
|
|
|
30000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
47
|
Сапа менеджменті жүйесінің стандарттарын енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ
|
2014 жылғы 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
3. Туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту
|
48
|
Туристік саланы дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізуді қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
1288,0
|
1288,0
|
1288,0*
|
1288,0*
|
1288,0*
|
6 440
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
49
|
Туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттарды әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ, БҒМ, салалық қауымдастықтар, жұмыс берушілер бірлестіктері
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
7 500
|
|
|
|
|
7 500
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
«Қазақстанның туристік имиджін жетілдіру» 011 бюджеттік бағдарламасы
|
50
|
«WTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификаттау бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудитын жүргізуді қамтамасыз ету
|
|
ИЖТМ, БҒМ, салалық қауымдастықтар, жұмыс берушілер бірлестіктері
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
800,0
|
800,0
|
800,0
|
|
2400
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
|
|
51
|
Туристік сала мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізуге жәрдемдесу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ, БҒМ, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2011-2012 жылдар
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
52
|
Еуропалық одақтың ТЕМПУС «4 жоғарғы қонақ үй мектебін құру» (ЕSНА) бағдарламасын іске асыруға қатысу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, БҒМ
|
Жыл сайын 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
|
Грантқа байланысты емес қаражат есебінен
|
|
53
|
Швейцария халықаралық қонақ үй менеджменті институтымен Астана және Алматы қалаларында франчайзинг жүйесі бойынша 2 бірлескен кәсіпорын/колледж салу жөніндегі мәселені пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ТСМ, БҒМ, Астана және Алматы қалаларының колледждері, салалық қауымдастықтар, жұмыс берушілер бірлестіктері
|
2011 жылғы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
54
|
ОҚО Түркістан қаласында туристік индустрияға қызмет көрсету жөніндегі менеджерлер, мамандарды даярлау орталығын және халық қоленері мен кәсіпшілік мектебін (барларын қайта жаңарту) салу жөнінде мәселелерін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ТСМ (жинақтау) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
2011 жылғы 1 тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
55
|
Маңғыстау туризм колледжі аумағында ұлттық кәдесыйларды, зергерлік бұйымдарды дайындау бойынша шебер қолөнершілердің «Шеберлер ауылын» ашу
|
ТСМ-ге ақпарат
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
2011 жылғы 25 қаңтар
|
|
|
|
|
|
116500,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
56
|
Алматы облысының Райымбек ауданында «Мойнақ» этнотуристік кешенін салу
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
Алматы облысының әкімдігі
|
Жыл сайын қаңтар
|
|
|
|
|
|
8 250 000,0
|
Инвестициялар есебінен
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет
|
2010 ж. - 750 364,0 мың теңге;
2011 ж. - 2 811 492,0 мың теңге;
2012 ж. - 269 625,0 мың теңге;
2013 ж. - 269 625,0 мың теңге*;
2014 ж. - 268 825,0 мың теңге*
|
|
|
|
Жергілікті бюджет
|
2010 - 8 766,8 мың теңге;
2011 - 361 180,0 мың теңге
|
|
|
|
Инвестициялар есебінен
|
4 247 405 500,0 мың теңге
|
4. Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды
және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске
асыру
|
57
|
Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелі жоспарын ескере отырып, Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді жобасын түзету бойынша ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Ақмола облысының әкімдігі, ИЖТМ, ӨДМ, Қоршағанортамині, ЭБЖМ, ДСМ, БҒМ, ПІБ (келісім бойынша)
|
2014 жылғы
I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
58
|
Туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстарының бірыңғай оқу бағдарламасын құру бойынша ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, БҒМ, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2013 жылғы
IV тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
59
|
Туризм саласының мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
|
2014 жылғы
IІ тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
60
|
ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылар мен қонақтарына арналған туристік маршруттарды әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ПІБ (келісім бойынша), ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2014 жылғы
IІ тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
61
|
Астана және Алматы қалаларында «City Pass» қонақ карточкасын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ИЖТМ, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТҚ (келісім бойынша)
|
2014 жылғы
I тоқсан
|
|
|
|
|
|
|
Талап етілмейді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |