Түбіртек
Ақша жіберуші __________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты, СТН
________________________________________________________________________________
Төлемді алушы __________________________________________________________________
мамандандырылған кәсіпорынның атауы, СТН
Делдал банк _____________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы
Р/ с №
|
Төлемнің атауы
|
Сомасы
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде ҚҚС
|
|
|
|
|
|
|
Қол үшін және мөрдің орны
___________________________________ _____________________________________
ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ақша жіберуші __________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты, СТН
________________________________________________________________________________
Төлемді алушы __________________________________________________________________
мамандандырылған кәсіпорынның атауы, СТН
Делдал банк _____________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы
Р/ с №
|
Төлемнің атауы
|
Сомасы
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде ҚҚС
|
|
|
|
|
|
|
Қол үшін және мөрдің орны
___________________________________ _____________________________________
ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы «19» мамырдағы
№545 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы «17» ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу
және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген тиісті мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетілуі мүмкін.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 37-баптары, 43-бабының 9-тармағы, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 26-бабы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының 72-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы стандарт уәкілетті органның және Орталықтың арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стенділерде, интернет-ресурста орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акт беру немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 7 жұмыс күні, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде 4 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, уәкілетті органға немесе Орталыққа осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес мөлшерде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындағаны үшін қызмет ақысын төлегені туралы құжатты (түбіртекті) береді.
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсіпорынның кассасында жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын береді. Құжаттың (түбіртектің) нысаны осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет:
уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты жұмыс күні, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден сағат 20-00-ге дейін көрсетіледі, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 19-00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның немесе Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады.
Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні беру немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актінің телнұсқасын беру үшін уәкілетті органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) мемлекет уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын берген кезде:
уәкілетті органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті беруге өтініш;
жергілікті атқарушы органның уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;
уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;
жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;
салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады;
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
уәкілетті органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті беруге өтініш;
жергілікті атқарушы органның уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;
салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады;
3) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:
уәкілетті органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің телнұсқасын беруге өтініш;
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады.
12. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органның анықтама бюросында болады.
Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады не Орталықтың консультантында болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орналасқан жері бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкеріне тапсырылады.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердің» мақсаты және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ құжатты қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
14. Уәкілетті орган және/немесе Орталық тұтынушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
15. Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні беру тұтынушының жеке өзіне не сенімхатты, қолхатты және тұтынушының не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, сенім білдірілген тұлғаға жүзеге асырылады.
16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызмет мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;
3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру тоқтата тұру үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Тұтынушыға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін тұтынушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
6) белгіленген мерзімде тұтынушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсету үшін тұтынушы уәкілетті орган белгілеген жауапты қызметкерге жүгіне алады. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жауапты болып табылады. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайы және телефондары осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.
22. Уәкілетті органның, сондай-ақ Орталықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылықтар болған кезде шағым уәкілетті орган немесе Орталық басшысының атына беріледі. Мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органның және Орталықтың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.
Уәкілетті орган бастығының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі олардың жұмыс кестесіне сәйкес анықталады.
23. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе қолма-қол қабылданады.
25. Қабылданған шағым кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері күнтізбелік 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеуді талап етпеген жағдайда күнтізбелік 15 күн.
Шағымды қарау нәтижелері жазбаша түрде баяндалады, оларды тұтынушының жеке өзі ала алады не шағымда көрсетілген мекенжай бойынша пошта немесе электронды пошта арқылы жіберіледі.
26. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатына өткізеді.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді,
қысқа мерзімді) жер пайдалану
(жалдау) құқығына актілерді
ресімдеу және беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі
уәкілетті органдардың тізбесі
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астана-ның), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің атауы
|
Орналасқан жері,
мекенжайы
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адам
|
Байланыс
телефоны
|
Элек-трондық мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Ақмола облысы
|
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 Б
|
Басқарма бастығы
|
8-716-2 25-00-96
|
uzo_akm@mail.ru
|
«Ақкөл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақкөл ауданы,
Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81
|
Бөлім бастығы
|
8 -716-38 2-25-48
|
zem_akkol@ mail.ru
|
«Аршалы ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47
|
Бөлім бастығы
|
8-716-44 2-13-56
|
zem archaly@ mail.ru
|
«Астрахан ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50
|
Бөлім бастығы
|
8-716-41 2-38-65
|
astrshan_zem@ mail.ru
|
«Атбасар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі,9
|
Бөлім бастығы
|
8-716-43 2-13-45, 2-43-71
|
atbasar_ozo@ mail.ru
|
«Бұланды ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19
|
Бөлім бастығы
|
8-716-46 2-38-15
|
zem-bul@ mail.ru
|
«Егіндікөл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6
|
Бөлім бастығы
|
8-716-42 2-15-10
|
otdelzemotnegin@ mail.ru
|
«Еңбекшілдер ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 109
|
Бөлім бастығы
|
8-716-39 2-14-73 2-22-83
|
uzoenbek@ mail.ru
|
«Ерейментау ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 136
|
Бөлім бастығы
|
8-716-33 2-12-74
|
eremenzem@ mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«Есіл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д.Қонаев көшесі, 13
|
Достарыңызбен бөлісу: |