Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1308 Қаулысы



бет2/3
Дата20.07.2016
өлшемі0.75 Mb.
#212367
1   2   3


      Инновациялық-қабілетті бизнестің сындарлы көлеміне қол жеткізу индустриялық дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Салыстыру үшін Қазақстанмен экономика құрылымы мен өзге де факторлар бойынша ұқсас елдер Канада мен Австралияда компаниялардың жалпы санынан инновациялық-белсенді бизнестің үлесі тиісінше 65% және 50% құрайды, Канадада бұл ретте олардың ішінде шамамен 12,2% әлемдік деңгейдегі бір жаңалықты жасайтын болатын.
      Экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі жаһандық экономикалық бәсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Әр түрлі бағалар бойынша дамыған елдердің 70-тен 100%-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.
      Экономистердің бағалауы бойынша ҒЗТКӘ-ге арналған шығындардың 0,1% өсуі ЖІӨ-ні ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1,2% ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Әлемдік тәжірибеде жеке секторда ҒЗТКӘ-ны ынталандырудың екі негізгі әдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру және салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау.
      Өнеркәсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:
      жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;
      жиі ұлғаймалы коэффициентті қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерінде табыс салығына жеңілдік;
      әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;
      салық салынбайтын және ҒЗТКӘ-ны жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақсаттағы қорларды құру;
      зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген ставкалар;
      төмендетілген ставкалар бойынша табысқа салық салу (шағын кәсіпорындар үшін);
      ҒЗТКӘ-ны жүзеге асыратын кәсіпорындарға салық кредиттері мен каникулдары.
      Бұдан басқа шетелде зерттеулердің перспективалық бағыттары үшін ұзақ мерзімді кредиттер беру жолымен ТҚЖ-ы үкіметтік кепілдігімен ынталандыру тәжірибесі кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкіметтік құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тіптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады, ал ТҚЖ саласы стратегиялық ұлттық мақсаттарды жүзеге асырудың тиімді тетіктері ретінде қарастырылады.
      Әлемнің көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың өңірлік құраушысын пайдалану үрдісі үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерімен түсіндіріледі.
      Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгілерді қорғау саласындағы зияткерлік меншік объектілерін патенттеу жүйесі әлемдік практикада инновациялық белсенділікті жоғарылатудың құралдарының бірі болып табылады.
      Канада, Швейцария, Қытай, Германия, Франция, Ресей және басқа да сияқты экономикалық дамыған елдерде индустриялық саладағы зияткерлік меншік объектілерін тиісті өнеркәсіптік ведомстволар патенттейді.
      Қазіргі уақытта, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы өңірлік халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерінің Еуразиялық кеңістіктегі тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік) тауарлық белгілерді қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, өйткені тауарлық белгілердің аумақтық сипаттағы қорғауы бар.
      Осыған байланысты, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы Еуразиялық ұйымды құру қажет. Қазақстан Республикасы болжамды ұйымның орналасу орны болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу қ., Ресей осындай Еуразиялық патенттік ұйымның (патенттерді қорғау саласында) орналасқан орны болып табылады.

      6. Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау


      Ескерту. 3-бөлім 6-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315қаулысымен.

      Қазіргі уақытта, әлемдік қоғамдастық үшінші индустриялық революцияға қадам басты, оның сипаттамаларының бірі сұранысты топтау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жеке тәсілді қолдану болып табылады, бұл жұмыс күшіне, өндірісті орналастыру мен ұйымдастыруға қойылатын талаптарға маңызды әсер етуге тиіс.


      Осыған байланысты, Қазақстан индустриялық саясатты экономиканың басым салаларында бәсекелес артықшылықтарды мақсатты түрде пайдалануға бағыттауы қажет.
      Айталық, ғылыми-техникалық даму басымдылықтарын айқындау мақсатында 2010 – 2011 жылдар кезеңінде Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдіснамалық сүйемелдеуімен 2020 жылға дейінгі кезеңге бірінші ғылыми-технологиялық болжам жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылды.
      Ғылым мен технологиялар дамуының ішкі және жаһандық трендтерін егжей-тегжейлі талдау, сондай-ақ Қазақстанның басқа елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі деңгейін позициялау нәтижелері негізінде сараптамалық топтар Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының пайымын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдады. Ғылыми-технологиялық дамудың пайымы мен мақсатына қол жеткізу үшін елге қажетті түйінді ғылыми-технологиялық бағыттар мен технологиялар айқындалды.
      Осылайша, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан үшін 2020 жылға дейінгі кезеңге басым болатын салалар қатарына – агроөнеркәсіптік, тау кен-металлургия кешендері, энергетикалық сектор, мұнай және газ секторы, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия және мұнай химиясы кірді.
      Қолда бар ресурстарды республиканың стратегиялық басымдығына шоғырландыру мақсатында айқындалған салалардың шеңберінде Қазақстанның одан әрі дамуына серпін беретін және елді жаңа технологиялық деңгейге шығаратын 75 сындарлы технологиялар айқындалған.
      Сындарлы технологияларды дамыту үшін мемлекет пен бизнестің үлестік қатысуы негізінде технологиялық құзыретті жоғарылату тетігіне айналуға тиіс нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді.

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеті, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      1. Бағдарламаның мақсаты

      Бағдарламаның мақсаты - салалар мен өңірлердің инновациялық-технологиялық дамытуды тиімді басқару, жоғары технологиялық ШОБ-ты дамыту үшін жағдайлар жасау және елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін арттыру есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені құру.


      2. Нысаналы индикаторлар:
      Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315қаулысымен.

р/с


Нысаналы индикаторлар

Өлш. бір.

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1.

Халықаралық деңгейде танылған патенттердің санын 2015 жылға қарай 30-ға дейін ұлғайту

Бір.




5

5

10

10

2.

Енгізілген жаңа технологиялардың және жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын 2015 жылға қарай 200-ге дейін және тиісінше 160-қа ұлғайту

Бір.




20
20

50
30

60
50

70
60

3.

2015 жылға дейінгі кезеңінде инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту:

Бір.
 
















Салалық орталықтар - 2










1

1

Конструкторлық бюролар - 3




1

1

1




Технопарктер - 4




1

1

1

1

Коммерцияландыру орталықтары - 70







9

15

21

25

4.

Елдегі кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің үлесі 2015 жылға дейін 10 %-ға артады

%

4,2

4,8

6,8

8,8

10

5.

Ірі шетелдік компаниялармен бірігіп жоғары технологиялық өндірістер

Бір.

-

-

1

-

1

6.

Инновациялық инфрақұрылым арқылы іске асырылған жобалардың саны

Бір.
















Коммерцияландыру орталықтары

-

7

15

28

40

Технопарктер

30

40

50

60

70

Конструкторлық бюро:
- сертификатталған өнім саны

5

10

15

20

20

- сатып алынған конструкторлық құжаттама саны

6

8

8

10

12

- әзірленген конструкторлық құжаттама саны

-

4

6

10

15

7.

- ІЖӨ-нен % ғылымға және инновацияларға арналған мемлекеттік шығыстар

%

0,28

0,4

0,6

0,8

1,0

8.

ІЖӨ-нің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін ұлғайту*

%

0,51

0,6

0,7

0,85

1,0

9.

Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға арналған шығындар

Млн. теңге

31034

45000

60000

75000

98000

10.

2015 жылға қарай елдің жалпы халқының 100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық персоналдың санын ұлғайту

%

-

База

1,0

2,0

5,0

11.

Технологиялық инновацияларды әзірлеуге және енгізуге арналған шығындардың тиімділігін бағалау (технологиялық инновацияларға арналған шығындардың көлеміне инновациялық өнім көлемінің арақатынасы)




2,7

3,9

5,13

6,48

8,6

12.

2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге iшкi шығындардың жалпы iшкi өнiмдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту

%

0,15

0,10

0,2

0,5

1

      * Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жоғары технологиялық және орта технологиялық өнімдердің тізімінің бекіткеннен кейін қайта қарастырылады.

      3. Бағдарламаның міндеті:


      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315қаулысымен.

      Өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесі

      Осы бағдарламаның маңызды басымдылықтары өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін құру болып табылады, оның негізгі бағыттары 2010 - 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - ҮИИД бағдарлама) экономика салаларының бөлігінде макро деңгейінде айқындалған.
      Осы Бағдарламамен, ҮИИД бағдарламасының кіші бағдарламасы (іс-шарасы) ретінде ғылыми-техникалық әлеуетін алға қойылған міндеттерді шешу мен ғылыми әзірлемелерді коммерциялау бөлігінде экономика салаларын технологиялық жаңғырту үшін елдің кәсіпкерлік құрылымының кең ауқымын тарту, инновацияларды және жаңа технологияларды енгізу мақсаты қойылады. Бұл ретте, технологиялар трансферті деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің технологияларды енгізу үдерісі түсініледі, оларды пайдалану құқығы құқық иегерлерінен заңды жолмен алынған.
      Технологиялар трансферті жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
      технологиялық қажеттіліктерді және технологиялық әзірлемелерді анықтау;
      технологиялар трансфертінің Қазақстандық желісін дамыту;
      технологиялық нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізу;
      Технологиялар трансферті жүйесінің пайдаланушыларын консультациялық және сараптық қолдау.

      Жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру



      Мынадай міндеттерді іске асыру жолымен жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру маңызды фактор болуы тиіс:
      1) заңнама ортасының жаңа технологияларды сатып алуына ынталандыруды жасау;
      2) жаңа жоғары технологиялық өнімді жасау (сатып алу) үшін мемлекеттің жәрдемдесуі;
      3) басқару және технологиялық сауаттылықты көтеру.
      Қойылған міндеттер мынадай жолмен шешілетін болады.
      1. Сұранысты ынталандыру үшін жаңа технологияларға сұранысты жоғарылатуды қамтамасыз ететін заңнамадағы заңнамалық бастамашылықтар пакетін әзірлеу қажет болады. Негізгі шаралар салықтық, кедендік, техникалық, экспорттық және өзге де реттеу арқылы кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыратын ҒЗТКӘ-ға және өзге де шараларға инвестициялаудың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
      2. Өңірлер мен ұлттық компаниялардың технологиялық даму бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ, тиісті бөлімдерді барлық мемлекеттік органдардың салалық бағдарламалары мен стратегиялық даму жоспарларына енгізу жолымен жаңа жоғары технологиялық өнімді жасауға жәрдем көрсету. Технологиялық дамудың бағдарламалары үшін ақпараттық негізді, оның ішінде, Экономика саласындағы зерттеулер шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды кестесі де құрайды.
      Технологиялық даму бағдарламасына қойылатын жалпы талаптарды индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бағдарламада технологиялық деңгейді және салалар мен өңірлердің еңбек өнімділігін арттыруға, ШОБ желісін — жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді өндірушілерді дамытуға, елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар қарастырылуы тиіс.
      Ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ, ғылымның, білімнің және өндірістің ықпалдасуы мәселелері ғылымды 2015 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы шеңберінде кешенді түрде шешілетін болады.
      Инновациялық-технологиялық дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат кеңесімен қарастырылады және бекітіледі.
      Технологиялық жаңғыртуға ауқымды жәрдемдесуге бағытталатын меншік нысанына қарамастан экономиканың басымды салаларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда технологиялық аудит жүргізу «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде маңызды шараға айналады. Аудит нәтижелері кәсіпорынның технологиялық деңгейін объективті бағалауға және өндірістің пайдаланбаған резервтерді экономикалық айналымға тарту, технологиялық жаңғырту жоспарларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар мен жабдықтарды таңдау, басқару процестерін оңтайландыру, сондай-ақ, өнімді сату өсімі және қорландыру көзін әртараптандыру кезінде жәрдемдеседі.
      Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган сондай-ақ, ұлттық компаниялар және ірі отандық және шетелдік инвесторлармен Қазақстан Республикасында өндіруге болатын өнімнің номенклатурасы мен оған қойылатын талаптарды анықтайтын технологиялық келісімшарттарды жасайды. Келісімшартта Қазақстан Республикасында өндірілген өнімнің бекітілген номенклатурасын ұзақ мерзімге сатып алу бойынша міндеттерді кіреді. Жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру мақсатында отандық өндірушілерден инновациялық өнімдерді әзірлеу мен өндіруге арналған мемлекеттік тапсырыс қарастырылады.
      3. Инновациялық қызмет саласындағы субъектілердің басқарушылық және технологиялық сауаттылықтың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.
      Атап айтқанда, инновацияларды дамытуға ықпал ететін құзыреттілік деңгейі арттыру мен ортаны қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Жаңа технологияларды енгізуге ынтаны арттыруды, оған қоса меншік нысандарына қарамастан экономиканың басым салаларында өндірістік құрылымдардың ауқымды спектрі үшін инновациялық белсенділіктің тартымдылығын қамтамасыз ету.
      Бұл ретте, инновацияларды оқыту және практикада қолдану бойынша арнайы салалық білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ инновациялық процестерді ауқымды ақпараттық-насихаттық қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау үлкен маңызға ие болуы керек.
      Бұдан өзге, инновациялық гранттарды беру жөніндегі жаңа тәсілдер шеңберінде кәсіпорындардың басқару технологияларын енгізуге арналған шығындарын ішінара өтеу мүмкіндігі көзделетін болады.

      Жаңа технологияларға ұсынысты қалыптастыру



      Жаңа технологияларға тұрақты ауқымды ұсынысты қалыптастыру технологиялық сараптама мен аудит жүргізу жолымен, сондай-ақ технологияларды енгізу мен таратудың қаржылық ынталандыру шараларымен тұрақты мониторинг пен өнеркәсіп салаларының технологиялық қажеттіліктерін анықтай отырып, жүйелі түрде байланысты болуы тиіс.
      Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
      технологиялық сараптаманы жүргізу нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
      технологиялық аудиттің нәтижелері негізінде жаңа технологияларда (сұраныс) өнеркәсіп қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру;
      жаңа технологиялар мен әзірлемелер (ұсыныстар) туралы ақпаратқа қол жетімділігін, оның ішінде технологиялар трансферті жүйесінің дамуы арқылы да қамтамасыз ету;
      конструкторлық бюроны, инновацияларды (білім) тарату орталықтарын, коммерциялау орталықтарын және т.б. құруды қоса алғанда, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
      инновациялық гранттарды, оның ішінде, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оның тиімділігін (өнімділігін) арттыруға бағытталған бизнестің қолданбалы зерттеулерге шығындарды ішінара өтеу бағдарламасын іске асыруға инновациялық гранттарды ұсыну.
      1. Технологиялық сараптама құны он мың есептік көрсеткіштен асатын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алуға үміткер (инновациялық және ғылыми гранттарды қоспағанда) немесе мемлекеттік бағыныстағы ұйымдардың қаражаты есебінен инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік сараптаманың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
      Технологиялық сараптама ережелері, объектілері, өлшемдері мен тәртібі және басқа да байланысты нормативтік құқықтық актілерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі салалық ведомстволармен бірлесіп әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      Технологиялық сараптаманың құрылатын нормативтік-құқықтық базасы атап айтқанда, ұсынылған технологиялық жобаларды қаржыландыру негіздемесін, болашақта ескірген немесе перспективалы емес технологиялар трансфертін болдырмау, сондай-ақ мәлімделген іс-шараларды қаржыландырудың қайталануын болдырмауды қамтамасыз етуі қажет.
      Технологиялық сараптаманы жүргізуді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың қолдауымен индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын болады.
      2. Жаңа технологиялар жөніндегі ұсынысты қалыптастыру ақпараттық ресурстармен толығымен қамтамасыз етуі қажет. Осыған байланысты, жаңа технологиялардағы өнеркәсіп қажеттілігінің тізбесін қалыптастыру өзекті болып табылады. Аталған тізбеге өндірістік кәсіпорындардың технологиялық аудит нәтижелері, сондай-ақ, технологиялық міндеттерді шешуге арналған олардың өтінімдері енгізілетін болады.
      Тізбе индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, инновациялық даму институтының ақпараттық ресурстарында орналастырылады, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды өндірушілер мен тұтынушыларының ауқымды ақпарат алмасуын қамтамасыз етуге, технологиялардың өркениетті нарығын дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет