Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1308 Қаулысы



бет3/3
Дата20.07.2016
өлшемі0.75 Mb.
#212367
1   2   3
      3. Перспективада ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдерді енгізуге, инновациялық жобалар мен қолданбалы зерттеулерді коммерциялауға жәрдемдесе отырып, байланыстырылады.
      Бұл ретте, ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
      Отандық ғылыми ұйымдарды жоғары деңгейге шығару мақсатында олардың жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады, олар нарыққа бәсекеге қабілетті және талап етілетін әзірлемелерді, технологияларды, қызметтерді шығара алады.
      Бұл үдерісте ЖОО әлеуетін тарту ерекше рөлге ие болады. Жетекші жоғары оқу орындары базасында өз даму бағдарламалары бойынша жүзеге асыратын зерттеу университеттері құрылатын болады.
      Инженерлік пәндерге ерекше назар аудара отырып, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми деңгейін тұрақты арттыру үшін жағдай жасалатын болады.
      Технологиялық шешімдер туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылымды дамытуды алу. Аталған қызмет инновациялар, технологиялар мен білім трансферттері бойынша қызмет көрсетуге, қазақстандық және батыс әріптестермен бизнес-кооперцияларды белгілеуге, жаңа технологияларды, патенттер мен конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды және т.б. сатып алуға байланысты болады.
      Кәсіпорындардың жаңа талап ететін өнімдерді жетелдетіп игеруі мамандандырылған конструкторлық бюро (КБ) желілерін құруға ықпал ететін болады. Бірінші кезеңде аталған ұйымдар сұраныс нарығын және машина жасау өнімдерінің ұсыныстарын талдау, ірі тұтынушылардың тапсырыстарына ықпалдасу, осы тапсырыстарды қазақстандық машина жасау кәсіпорындарында орналастыру және оларға бұйымдардың жаңа номенклатурасын игеруге қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету мәселелерімен айналысатын болады.
      Бұл ретте, қаржылық көмек бірінші кезекте, жетіспейтін жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда, конструкторлық құжаттамалар мен өзге де зияткерлік меншіктерді, сертификаттауды сатып алу мен пысықтауға және қазақстандық және басқа да тауар нарығына шығуға байланысты өзге де шығындарға, өндірістік желілердің техникалық дайындығына бағытталатын болады. Қаржылық көмек игерілетін номенклатуралар шығындарының барабарлығы, шығындарды ішінара өтеу және бөлінетін қаржының қайтарылу принциптеріне берілетін болады.
      Кейіннен, КБ өндірілетін өнімдердің сипаттамасын жақсартуда (өзіндік құнын төмендету, сапасын арттыру, тұтынушылық ерекшеліктерін жақсарту және т.б.) кәсіпорындарға жәрдемдесуге шоғырланады. Аталған екі кезеңді ойдағыдай өткеннен кейін КБ қағидаттық жаңа өнімді әзірлеуде машина жасаушы кәсіпорындарды қолдау орталығы болады.
      2014 жылдың соңына дейін жоғарыда көрсетілген қағидаттарға жұмыс істейтін мынадай 5 салалық бюроны құру болжануда: мұнай-газ жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тау-кен металлургия жабдықтары, аспап жасау және көліктік машина жасау.
      Жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлескен зерттеу және инжинирингтік орталықтар құрылатын болады. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында салалық металлургия орталығы құрылады, ал 2011 - 2013 жылдары мұнай-газ саласы мен агроөнеркәсіптік кешенде салалық орталықтар құрылатын болады.
      Бұдан өзге, аталған саладағы уәкілетті мемлекеттік орган жүйесінде Инновациялық жобаларды коммерциялаудың әдістемелік орталығын құру жоспарлануда. Ол технологияларды коммерциялау процестеріне қажетті нормативтік-құқықтық базаны, инновациялық қызмет субъектілеріне кеңес беру және оқыту бойынша жүйелік жұмыстарды, технологияларды коммерциялау тетіктеріне қатысты ауқымды мәселелері бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, коммерцияландырудың өңірлік және жеке офистерін қолдаудың бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
      Елдің маңызды өңірлерінде және технологиялық дамытудың басым салаларында технологияларды коммерциялаудың коммерциялық орталықтарын құруға жәрдем көрсетілетін болады. Жиынтығында бұл инновациялық қызметті үйлестіру мен жандандыруды, технологиялар трансферті кезінде шағын инновациялық компаниялар мен ірі кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Коммерцияландыру орталықтары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне әртүрлі қызметтерді (консультациялық, ақпараттық, маркетингтік, құқықтық, патенттік, білім және басқалары) көрсету жолымен инновациялық тізбектің барлық сатылары бойынша инновациялық өнімнің жылжу үдерісін нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
      Дүниежүзілік Банктің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Коммерцияландыру офисі құрылатын болады.
      Нақты зерттеулер мысалында ол әуелден талап етілетін нәтижеге және зерттеулердің коммерциялық маңыздылығына бағытталған қазақстандық ғылымды шетелдік мамандардың тәжірибесін пайдалана отырып, қалай ұйымдастыруға болатыны белгіленген.

      Технологияларды енгізуге және таратуға жәрдемдесу



      Технологияларды енгізуді және таратуды қаржылық ынталандыру жүйесін құру. Қаржылық ынталандыру инновацияларға өнеркәсіптік сұранысты жасаудың басты тәсілі болып табылады. Технологиялық жаңғыртуды жүргізетін немесе инновациялық зерттеулерді жүргізетін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржылық қолдау жабдықтарды сатып алуға арналған салықтық жеңілдіктерді беру жолымен көрсетілетін болады.
      Инновациялық гранттар беру бағдарламасы шеңберінде технологиялар мен жаңа өндіріс желілерін жобалау және іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсетілетін болады.
      Инновациялық гранттар жүйесі мақұлдау рәсімінен және «Өнімділік-2020» бағдарламасына енгізуден өткен кәсіпорындардан түскен өтінімдерді бағалаудың артықшылықтық режимін көздейтін болады.
      Жобалық және венчурлік қаржыландыру. Инновациялық дамуды жобалық және венчурлік қаржыландырудың тиімділігін арттыру үшін 2010 жылдан бастап экономикалық қызметі түрлерінің жалпы (ЭҚТЖ) сыныптауышына сәйкес, инновациялық даму үшін басым болып табылатын, жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнім түрлерінің тізбесі мерзім сайын жаңартылып, бекітілетін болады. Осылайша, инновациялық салаларға инвестициялар мемлекеттік бюджеттен және  бюджеттен тыс көздерден бөлінетін қаражатты шоғырландыруға қол жеткізіледі.
      Венчурлік капиталдың өңірлік және салалық бөлікте қолжетімділігін арттыру үшін өңірлік және салалық венчурлік қорлар құрылатын болады. Қаржыландырудың салалық басымдықтары мен өңірлік қаржыландыру құрылымын басқарушы компания әзірлейді және салалық және өңірлік венчурлік қорлардың құрылтайшылары бекітеді. Жеке және институционалдық инвесторлармен бірге технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор салалық және өңірлік венчурлік қорлардың құрылтайшылары болып табылады.
      Инновациялық жобаларды жобалық қаржыландыру кәсіпорындардың жарғылық капиталында бақылаусыз қатысу жағдайында жүзеге асырылатын болады. Инновациялық жобаларды қаржыландырудың жоғары тәуекелді сипатын ескере отырып, жоғары тәуекелді жобаларға салымдардан инвестициялардың қайтарылуы міндетті, бірақ қызметтің кепілді нәтижесі емес болып табылады.
      Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың жарғылық капиталына қатысумен жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инженерлік мамандықтарға шектеусіз жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға құқылы.
      Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында өндірістік қуаттарын Қазақстан Республикасында орналастыру шартымен әлемнің жетекші компанияларымен технологиялық альянстар құрылатын болады.
      Кәсіпорындардың жаңа технологияларды қабылдау дайындығын арттыру жүйесін құру. Технологиялық артта қалуды жедел қысқартуды ұстап тұратын негізгі фактор өнеркәсіптік кәсіпорындардың басқару құзыретінің және жұмыс персоналының жалпы біліктілік деңгейлерінің төмендігі болып табылады. Сондықтан, кәсіпорындардың жаңа технологияларға бейімділігін арттыру мемлекеттік араласуын қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығындарды өтеуге арналған гранттар болады.
      Халықаралық көрмелерге, оқыту семинарларына, форумдар мен конференцияларға қатысу жаңа әлемдік инновациялық технологиялармен және әзірлемелермен таныстыру арқылы трансферт және технологияларды коммерцияландыру саласында қазақстандық мамандарды кезең-кезеңімен даярлауға мүмкіндік береді.

      Трансұлттық компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру

      Трансұлттық корпорациялардың қатысуымен жоғары технологиялық секторларда ірі салалық кәсіпорындарының пайда болуы өнеркәсіптік құрылымының жақсаруын қамтамасыз етеді және бүкіл экономикаға оң әсер етеді, шағын және орта бизнеске тауар жеткізуші тауашаларын иемденуге мүмкіндік береді.
      Инновациялық салалар трансұлттық корпорацияларды тарта отырып, ірі сала құраушы жобаларға инвестициялар бөлу арқылы құрылады. Бұл үшін жоғары технологиялық салаларда көшбасы әлеуетті әріптестер - трансұлттық компаниялармен (ТҰК) - жүйелі жұмыс реттеледі. Инновациялық даму институттары аталған схемада Ұйымдастырушы (әлеуетті әріптестерді айқындау және келіссөздер жүргізу), сондай-ақ, сала құраушы жобаларда тең инвесторлар, сондай-ақ зәкірлі компанияларға қызмет көрсететін ШОБ кәсіпорындары рөлінде шығады.
      Тартымды жағдайлар ретінде шетелдік компанияларға инфрақұрылыммен және салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз ету ұсынылады. Шетелдік әріптестер, өз кезегінде, елімізге инвестициялармен қатар технологиялар мен басқарушылық шешімдері әкелуге міндеттенеді. Елімізге трансұлттық компанияларды тартудың негізгі құралы аумағында құрылатын зәкірлі компаниялар орналасуы мүмкін арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) болады.
      2015 жылға дейін Қазақстанның жоғары технологиялық және орта технологиялық секторларында кем дегенде 2 сала құраушы бірлескен кәсіпорындар құрылады.
      Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшін тауарлар жеткізу мен қызметтер көрсетуге бағдарланған ШОБ-тың кемінде 15 кәсіпорны құрылады.

      Технологиялық болжау

      Технологиялық болжауды жүргізу Бағдарламаны өткізу және іске асыру кезінде ұзақ мерзімді құрал болады. Бұл, бір жағынан, өз құзыретінің дамуын қамтамасыз етуге, ал екінші жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясын нақты айқындауға мүмкіндік береді.
      Технологиялық болжау жүйесін енгізу мыналарға:
      технологиялық дамудың басым салаларын айқындауға;
      сындарлы технологиялар бойынша болжамды инновацияларды және технологиялық шешімдерді бағалауға;
      нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған.

      Қолданбалы ғылымның нарықтың қажеттілігіне бағдарлануы



      Бағдарлама мақсаттардың бірі ретінде қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін, әзірлемелері мен экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне инновацияларды бағдарлауды қояды. Өнеркәсіп өтінімдері бойынша ғылыми-технологиялық бағдарламаларының шеңберіндегі зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру мен шығындарды ішінара өтеу, сондай-ақ, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді және инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) тарту маңызды элемент болады.
      Мақсатқа жету мынадай міндеттерді іске асыруға негізделеді:
      1) технологиялық зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуге мемлекеттің шығындарды өтеуі;
      2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
      3) ғылыми-зерттеу институттарындағы, университеттеріндегі технологиялар трансферті;
      4) жетекші әлемдік ғылыми мектептермен бірге ынтымақтастықты қарқынды дамыту;
      5) біліктілікті жоғарылатуды қоса алғанда, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.
      1. Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы (ТКЖ) негізгі екпін ғылымды, өндіріс пен білімді интеграциялауға; СҒТЖ басымдықтары және ғылыми-техникалық дамудың басқа да басымды бағыттары бойынша, оның ішінде, елдің Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ғылыми-зерттеу қолданбалы бағдарламаларын қалыптастыруға; жеке бизнес тапсырысы бойынша ғылыми ұйымдар орындайтын зерттеу жұмыстарын мемлекеттің шығындарды ішінара өтеуіне; қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инжиниринг саласындағы ШОБ-ты мақсатты дамытуға бағытталады.
      Осы мақсатта елдегі ғылымды қаржыландыру деңгейін 2014 жылға қарай ЖІӨ-нің 1 %-ына дейін және 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 2 %-ына дейін арттыру жоспарлануда, ал мемлекеттің шығындарының үлесі 2014 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,5 %-ын және 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 1 %-ын құрайды.
      Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жүргізудің басым бағыттарындағы технологиялық зерттеулерді ішінара өтеу кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға және инновациялық құрылымдар желілерін қалыптастыруға бағытталған.
      Өнеркәсіп салаларындағы және «келешек экономикасы» бағыттарындағы технологиялық даму бағдарламаларын іске асыруды қалыптастыруды және үйлестіруді СҒТЖ көрсеткіштеріне сәйкес инновациялық қызметті әзірлеу, мемлекеттік саясатын іске асыру және үйлестіру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.
      Мемлекеттік бюджет қаражатынан қолданбалы зерттеулер мен ТКЖ-ні қаржыландыру заңнамада белгіленген, оның ішінде гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру нысандарында жүзеге асырылады.
      Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті орган қалыптастыратын болады, оларды іске асыруды ғылым саласындағы уәкілетті орган үйлестіретін болады.
      2. Ғылыми инфрақұрылымды кеңейту және дамыту зерттеулердің басым салаларында технологиялық және инновациялық құрамдауыштардың мүмкіндіктерін кеңейтумен байланысты. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
      Бизнеспен бірлесіп, жетекші университеттердің жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары (бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтары) ашылатын болады. Практика мұндай жобаларды университеттердің жанынан іске асырған неғұрлым тиімді екенін көрсетіп отыр. Бұл өнеркәсіптің тапсырысы бойынша қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге профессорлық-оқытушылық құрамды, докторлар мен студенттерді тартуға және тәжірибеде ғылымның, білім мен өндірістің ықпалдасу принципін іске асыруға мүмкіндік береді.
      3. Халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты қарқындандыру жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен бірге бірлескен зерттеулерді қаржыландыруға мемлекеттік көрсетуімен байланысты болады. Бұл ынтымақтастықтың басым бағыты іргелі және қолданбалы ғылымдар салалардағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын өткізу жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен бірге халықаралық ғылыми орталықтар құру болады. Қарым-қатынас және отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарату үшін маңызды элемент шетелдік ғалымдарды тарта отырып, ғылыми симпозиумдар, конференциялар, семинарлар өткізу болады.
      4. Экономиканың басым секторларының кадрларын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру саласындағы реформа нақты сектор қажеттіліктеріне, технологиялардың қазіргі заманғы деңгейіне бағдарланумен байланысты болады. Білім сапасы мен оқыту бағдарламаларының әлемдік стандарттары енгізілетін, сондай-ақ, бастапқы білім беруден бастап кадрларды даярлаудың бүкіл жүйесі қайта жасалатын, бірінші кезекті, техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға бағыт алынатын болады. Бұдан өзге, жоғары білім саласында инженерлік мамандықтарға арналған бюджеттік квоталар ұлғайтылатын болады.
      Шетелдердің тәжірибесі бойынша ЖОО ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорындардың студенттерге жетекшілік ету жолымен, өз өндірісінде даярланған маманды одан әрі пайдалану мақсатымен кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту және жоғары технологиялық жабдықтарда оқыту мүмкіндігін ұсыну көзделетін болады.
      Ірі шетелдік және өнеркәсіптік компаниялардың зерттеу және өндірістік бөлімшелерінде инженерлердің тағылымдамасы бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу қажет.
      Жаһандану мен ықпалдасудың әлемдік үдерістерін ескере отырып, отандық өнеркәсіптің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін бұл мәселені маңызды талап ретінде қарастыра отырып, жастарды және жұмыс істейтін инженерлік қызметкерлерді оқыту жөніндегі жүйелік жұмысты ұйымдастыру қажет.
      Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін қазіргі заманғы жабдықпен зертханаларды жарақтандыру бөлігінде ЖОО мен ҒЗИ-ды материалдық қамтамасыз ету мәселесі жүйелі негізде шешілетін болады.
      Аталған бағыттарды іске асыру үшін ғалымдар мен инженерлерді үшін әлеуметтік пакетті ұсыну мәселесін қамтитын (тұрғын үй, жалақыға үстемеақы және басқалары) таланттарды дамытудың нысаналы бағдарламасы әзірленетін болады.
      Бұл ретте, инженерге құрмет идеологиясын дамыту, оның кәсібін беделді ету қажет. Бағдарлама отандық инженерлік карларға ғана емес, сонымен қатар, шетелден жоғары білім деңгейі бар инженерлік-техникалық қызметкерлерді тарту үшін қолайлы жағдай жасау тиіс шараларды көздеуі тиіс.
      Бұдан өзге, ЖОО және ҒЗИ зерттеушілерін, сондай-ақ, кәсіби инженерлерді шетелде тағылымдамадан өткізу және оқыту көзделуі тиіс.
      Бұл мәселелер егжей-тегжейлі ғылым саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін ғылымды дамытудың салалық бағдарламасында көрсетілетін және іске асырылатын болады.
      Ғылымды дамыту инновациялар үшін негіз болып табылатын назарға ала отырып, бизнестің қажеттіліктеріне қайта жүктеу жолымен оны дамытуға жаңа ғылыми жүйелік тәсіл жүзеге асырылатын болады.

      Инновациялық кластерлерді қалыптастыру

      Ірі университеттер, ғылыми орталықтар, кәсіпорындар, отандық және шетелдік инвесторлардың, инновациялық өндіріс немесе технологиялар трансфертімен айналысатын басқа да құрылымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін инновациялық ортаны қалыптастыру мақсатында инновациялық кластерлер құрылатын болады.
      Инновациялық кластерлерді дамыту білімнің, ғылымның, қаржы мен бизнестің синергиясын қамтамасыз етеді.
      Инновациялық кластерлерді қалыптастыру үшін мынадай талаптардың болуы қажет:
      1. ЖОО-ның, ғылыми ұйымдардың, ірі компаниялардың зерттеу бөлімшелерінің, инвестициялық қордың және инновациялық ШОБ-тың болуы;
      2. Еркін қолжетімділік және кластер қатысушылары арасында ақпаратпен алмасу бойынша талаптар;
      3. Қолайлы кәсіпкерлік орта;
      4. Тиісті инженерлік-техникалық инфрақұрылым (коммуникациялар, жолдар, тұрмыстық жағдайлар);
      5. Ғылыми, инженерлік және адам қарым-қатынасының сыртқы шетел ортасымен еркін режимі;
      6. Таланттарды тарту үшін жағдай жасау.
      Бұл ретте, зерттеу, оқыту, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынамалау және жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізу технопарктер, бизнес-инкубаторлар, оның ішінде гранттар мен әртүрлі қорлар есебінен шағын инновациялық компаниялар құру арқылы жүргізілетін болады.
      Пилоттық ретінде ұлттық деңгейде мынадай жобалар іске асырылуда - Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қаласы) және «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі және Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный кентінде Ғылыми білім беру кешенін (агроөнеркәсіптік кешен) құру бойынша ұсыныстар енгізілген.
      Өңірлік деңгейде бұндай жобалар іске асуы мүмкін.
      Өңірлік деңгейде негізін жетекші жоғары орындар немесе технопарктер құрайтын жоғары технологиялар аймағы құрылатын болады. Мысал ретінде «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі болып табылады.
      Бұл ретте, 2011 жылы инфрақұрылымды салу, шетелдік басқарушы компанияны тарту, ІТ-университетті құру шеңберінде көзделетін «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі инновациялық хаб ретінде қарастырылады. Бұл мақсатта 2010 жылы «АТП» АЭА дамыту тұжырымдамасы бекітіледі және ТЭН әзірленеді, сондай-ақ, инфрақұрылым құрылысының аяқталуына қаражат бөлінді.
      Бағдарламаның аталған бағытын іске асыру нәтижесінде білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті жандандыру, сондай-ақ, инновациялық қызметті ғылыми-технологиялық сүйемелдеуге қол жеткізілетін болады, ғылымның, білім мен өндірістің ықпалдасуы пайда болады.

      Инновациялық жобалар мен компанияларды ынталандыру шаралары



      Инновациялық гранттар нақты бағыттар бойынша әзірленетін гранттық бағдарламалар шеңберінде берілетін болады. Гранттық бағдарлама инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерді іріктеудің өлшемдерін, жылдар бойынша бағдарламаға арналған бөлінетін қаражаттың көлемін, сондай-ақ, жобаны қаржыландырудың барынша көп көлемі мен үлесін, өтеуге жататын шығыстардың рұқсат етілетін түрлерінің тізбесін, нәтижеліліктің басты көрсеткіштерін белгілейді.
      Инновациялық гранттарды берудің негізгі бағыттары мыналар болады:
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тиімділігін арттыру;
      ТКЖ жүргізу;
      Гранттық бағдарламаларды әкімшіліктендіру жөніндегі функция технологиялық саясат жөніндегі ұлттық операторға жүктеледі.
      Инновациялық грантты беру туралы шешімді кем дегенде 2/3 тәуелсіз, оның ішінде шетелдік сарапшылардан, ғылымның, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын технологиялық салалық кеңес қабылдайды.
      Инновациялық гранттарды беру тәртібін Үкімет бекітетін болады.
      Технологиялық бизнес-инкубаторлау. Технопарктер, сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әкімшіліктендіретін тиісті тұрақты жұмыс істейтін бюджеттік бағдарлама қолдаудың аталған түрін жүзеге асыру үшін жүйелік негіз болып табылады.
      Әр технопаркте қазіргі заманғы физикалық инфрақұрылым жасалатын және технопарктің қызмет кешенін пайдаланатын инноваторлар, инновациялық компаниялар мен басқа да тұлғалар келуі үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін болады.
      Технопарктердің қызметі (алаңдар, консультациялық, заң, бухгалтерлік қызметтер, телефон байланысын, интернетті, мамандандырылған жабдықты пайдалану) аталған бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жеңілдікті немесе тегін көрсетілетін болады.
      Жобаны инкубациялаудың ең көп мерзімі - 24 ай. Аталған мерзім ішінде жоба сатып алынатын бизнес деңгейіне шығуға немесе келешегі жоқ ретінде қолдау тоқтауы тиіс. Технопарк инкубациялаған сәтті және келешегі жоқ жобалардың арақатынасы оның жұмыс істеуінің тиімділігін бағалаудың негізі болады.
      Жобаларды іріктеу тәртібі, олардың мониторингі, инкубациялау бойынша қызмет ұсыну, сондай-ақ жұмыс істеу тиімділігін бағалау тәртібі мен технопарктердің қызметін регламенттейтін өзге де құжаттарды инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекітетін болады.
      Инновациялық жобаларды тікелей жобалық және венчурлік қаржыландыру.
      2010 - 2014 жылдарға арналған венчурлік инвестициялар дамуының бағыттары өңірлік және салалық венчурлік қорларды құру болып табылады. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор венчурлік нарыққа қатысушыларға қаржылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсететін, сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру, олардың арасындағы ақпараттық, сараптық және өзге де өзара іс-қимылды орнату жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын болады.
      Кәсіпкерлер инвестициялық қолдау объектілері болып табылады, артықшылық шағын инновациялық бизнес жобаларға беріледі. Өңірлерде инновациялық жобаларды қаржыландыруды олардың түсуі бойынша венчурлік қорлар жүзеге асыратын болады.
      Тікелей жобалық қаржыландыру мынадай схема бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталған жобаларға қатысуға арналған фокус біртіндеп ауысатын болады: жаңа өндірістік жабдықты сатып алуды көздейтін кәсіпорындарды қайта құрылымдау жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор жеңілдетілген схема бойынша жаңғырту іс-шараларын іске асыру үшін жеткілікті сомада кәсіпорынның жарғылық капиталында қатысу мүмкіндігін қарастырады. Оларды енгізуді аяқтағаннан кейін меншік иесі төлеммен оператордың үлесін, оның ішінде, белгілі бір маржамен кері сатып алуды жүзеге асырады.
      Венчурлік және жобалық қаржыландыруды іске асыру үшін қажетті қаражат белгіленген рәсімдерге сәйкес жыл сайынғы негізде айқындалады.
      Аталған бағыттың тиімділігін арттыру үшін заңнама тәртібімен венчурлік қорлар мен өндірістік компанияларда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың қатысу үлесін сатып алуды жеңілдету жөніндегі шаралар қарастырылатын болады.
      Бұдан өзге, технологиялық даму жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық оператормен бірге «бизнес-періштелер» деп аталатын венчурлік капиталистерді Қазақстанда дамыту үшін жағдай жасауға кіріседі.

      Инновациялық ортаны дамыту

      Бағдарламаны іске асырудың маңызды бағыты қолайлы инновациялық ортаны дамыту үшін жағдай жасау және шараларды іске асыру болып табылады. Ол шешім қабылдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды және инновациялық саясатты, елдің инновациялық жүйелерінің барлық деңгейлерінің тиімді өзара іс-қимыл механизмдерін іске асыруды үйлестіруді қамтиды. Жүйе ұлттық, салалық, өңірлік деңгейлерде инновациялық даму саясатының тиімділігін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) барлық деңгейлерін үйлестіруді қамтамасыз етуге тиіс.
      Бағдарлама шеңберіндегі алдағы жұмыстың маңызды аспектісі қоғамда инновациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ол, атап айтқанда инновациялық қызметті насихаттауды, инновациялық ұлттық ділді қалыптастыруды, қоғам, инноваторлар, бизнес пен мемлекет арасындағы кері байланыс жасауды қамтиды.

      Мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру және Ұлттық инновациялық жүйесін дамытуды үйлестіру



      Технологиялық дамуды басқару жүйесі. Ұлттық деңгейдегі инновациялық жүйенің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету үшін шешім қабылдау мен инновациялық саясатты іске асыруды үйлестірудің иерархиялық жүйесі құрылады.
      Елде индустриялық саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен уәкілетті органның жанынан тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган құрылады.
      Технологиялық және инновациялық қызметті басқаруды:
      Технологиялық саясат жөніндегі кеңес;
      Технологиялық салалық кеңестер;
      Мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және инновациялық қызметті үйлестіру саласындағы уәкілетті орган;
      Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор;
      Салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      Жүйенің жоғарғы үйлестіруші буыны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес болады. Кеңес және оның дербес құрамы туралы ереже заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
      Технологиялық даму жөніндегі комиссия мемлекеттік органдар басшыларының, ұлттық компаниялардың, ірі бизнес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің, Нобель сыйлығы лауреаттарының деңгейіндегі шетелдік сарапшылардың арасынан құрылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Бұл ретте, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сондай-ақ, сарапшылар құрамның кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
      Технологиялық саясат кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
      индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы, оның ішінде салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды бекіту және өзекті сипат беру, сондай-ақ, әзірлеуге ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тізбесі жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын анықтау;
      гранттық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттарын;
      жоғары технологиялы және орташа технологиялы өнімдердің тізбесін қалыптастыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - ИЖТМ) мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және елдегі инновациялық қызметті үйлестіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс органы болады.
      ИЖТМ жыл сайын елдің технологиялық дамуының негізгі нәтижелері туралы Мемлекет басшысына баяндама ұсынатын болады.
      Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор ретінде инновациялық саясатты іске асыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық даму процестерін үйлестіру және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасындағы уәкілетті органның жалғыз операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ-ы құрылатын болады.
      Технологиялық салалық кеңестер қызметінің мақсаты «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңымен регламенттеледі және мыналар бойынша:
      мемлекеттік бюджет есебінен салалық қолданбалы технологиялық бағдарламаларды өткізудің басым бағыттарын анықтау;
      гранттық бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру және бекіту;
      гранттық бағдарламалар шеңберінде олардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру лимиттерін бөле отырып, жобаларды қаржыландыру;
      гранттық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ, оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстардың мониторингі және тиімділігін талдау;
      тиісті салаларда іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму саясатын жақсарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру бойынша ұсыныстар беруден тұрады.
      Агенттік функциясына мыналар кіретін болады: Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің, технологиялық салалық кеңестердің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инновациялық жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар, инновациялық даму үдерістеріне ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу; технологиялық болжау және жоспарлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Салалық кеңестерге қарауға ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тақырыптарын үйлестіру, сондай-ақ, жобаларды орындауға арналған конкурстарды өткізу, қаржыландыруды ұйымдастырушылық-операциялық сүйемелдеу және өткізілетін жобалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу, инновациялық жобалар бойынша ақпараттық дерекқорды жасау және коммерцияландыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру; инновациялық инфрақұрылымды басқару, халықаралық ұйымдармен оларды ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстар мәніне тартуға ынтымақтастық.
      ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды әзірлеу және іске асыру, олардың мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру көлемін анықтауды қоса алғанда, технологиялық бағдарламаларды келісу арқылы салалық министрліктердің, ұлттық компаниялардың және даму институттарының технологиялық даму жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыратын болады.
      Технологиялық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыруды Технологиялық даму жөніндегі агенттік арқылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүргізетін болады.
      Ғылыми зерттеулерді басқару жүйесі. Білім және ғылым министрлігі ғылым және ғылыми-техникалық қызмет мәселесін үйлестіреді: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру, ғылыми-техникалық өнімді жасау және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру сатысына дейін жеткізу, қолданбалы зерттеулер нәтижелерін растау үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерді құру жөніндегі ҒЗТКЖ жүргізу.
      Бұл ретте, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағыттары бойынша айқындайды. ЖҒТК құзыретіне Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын және басымды ғылыми бағыттар бойынша технологиялық салалық кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып, қолданбалы ғылыми зерттеулердің салалық бағдарламаларын қарау кіреді.
      Технологиялық даму мен ғылыми қызметті басқарудың ұсынылатын сұлбалары осы салалардың айқын аражігін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен ғылыми зерттеулерді басқару жүйесіне жалпы ғылыми мәні бар іргелі және қолданбалы бағдарламалар жататын болады, сонымен қатар технологиялық дамуды басқару жүйесінің құзыретіне ортақ қаржыландыру жағдайында отандық өнеркәсіптің алдында тұрған технологиялық сипаттағы көкейкесті проблемаларды шешетін ғылыми зерттеулер мен ТКӘ нәтижелерін коммерцияландыру мен көбейту кіретін болады.

      Инновациялық процестерді талдамалық сүйемелдеу

      Ұлттық инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру үшін осы Бағдарлама шеңберінде инновациялық даму процестерін ақпараттық-талдамалық қолдау жүйесін құру және жұмыстар блогын жүргізу жоспарланып отыр, оның барысында мынадай міндеттер шешілетін болады:
      елдегі инновациялық қызметтің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу;
      инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың әдістемесін әзірлеу және жүргізу;
      қазақстандық статистикалық көрсеткіштерді әлемдік стандарттарға бейімдеу;
      Қазақстанның инновациялық дамуының рейтингіне мониторинг жүргізу;
      тұрақты негізде технологиялық форсайттың ұлттық жүйесін құру және одан әрі қолдау жөніндегі жұмысты жүргізу;
      инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
      Осы жұмыстар блогын іске асыру нәтижесінде инновациялық даму үдерісін талдамалық сүйемелдеу жүйесі құрылатын болады.

      Ғылымды және инновацияларды насихаттау

      Ақпараттандырудың тұрақты жұмыс істейтін жүйесін құру және халықты инновациялық даму үдерістеріне тарту іске асырылатын бағдарламаның тиімділігін арттырудың басты ресурстарының бірі болып табылады.
      Осы мақсатта жыл сайынғы инновациялық конгресс, инновациялық идеялар конкурстары, рационализаторлық идеялар конкурстары, инновацияларға арналған журнал басып шығару, журналистік сыйлықтар, ғылыми-танымдық түсірілімдер жоспарланған. Аталған іс-шаралар инновациялық процеске қатысушылар арасында тәжірибе, ақпарат алмасуға және ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндіктер жасайды, сондай-ақ, отандық және шетелдік жұртшылықты инновациялық даму үдерістеріне назарын аударады.
      ҰИЖ-де кері байланыстың болуы Мемлекетке қоғамның мүддесі мен мұқтаждықтарын ескеруге және инновация саласында неғұрлым тиімді мемлекеттік саясат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      Қоғам мен мемлекеттің кері байланысын қамтамасыз ету үшін құралдардың бірі ұлттық инновациялық портал болып табылады. Инновациялық портал техникалық көзқарас тұрғысынан ҰИЖ барлық негізгі қатысушыларын белсенді өзара іс-қимылға тартуға және «бір терезе» принципі бойынша сапалы платформаны қамтамасыз етуге жарамды инновация саласындағы ең осы заманғы ұлттық Интернет-ресурс болып табылады. Онда идеяны генерациялаудан, бизнес-инкубаторлар мен технопарктерде ҒЗТКЖ жүзеге асырудан бастап және кейін әзірлемені өндіріске енгізумен аяқтап инновацияны коммерцияландырудың барлық кезеңінде инноваторларға көмектесетін барлық қызметтер іске асырылатын болады.
      Қоғам мен мемлекеттің кері байланысын қамтамасыз етудің басқа өте маңызды құралы әлеуметтік сауалнамалар, инновациялық саясатты ұғыну мен қабылдау үшін халық пен бизнесті сауалнамалау болып табылады.

      Заңнама базасын және инновацияларды дамытуды салықтық ынталандыру тетіктерін жетілдіру

      Бұл бағдарламаның сәтті іске асырылуы «Индустриялық саясат туралы» заңда технологиялық дамудың басымдықтарын анықтайтын, технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру, технологиялық болжауды жүзеге асыру, экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық аудитін жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің рөлін, сондай-ақ жергілікті атқару органдарының рөлін үйлестіруші орган ретінде Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті бекітуді талап етеді.
      Бұдан өзге, заң елдегі инновациялық қызметті үйлестіру, технологияларды коммерцияландыру, технологиялар трансферті, базалық қаржыландыру, конструкторлық бюро қызметі, өнеркәсіптің жаңа технологияларға қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру, техникалық сараптамалар жүргізу, сондай-ақ инновациялық гранттар берудің жаңа тәсілдері үшін, оның ішінде шығыстарды ішінара өтеу жағдайында құқықтық негізді қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы күшін жоюға қойылатын болады.
      Қазақстан Республикасында зерттеулер мен әзірлемелерді тікелей жүргізуге арналған жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардан түсімдердің кем дегенде 1% міндетті аударымдар енгізілетін болады. Бұл мәселе тиісті салалық министрліктермен пысықталуда.
      Қаржылық және мемлекеттің өзге де қатысуының көмегімен алынған ғылыми қызмет нәтижелерінің құнынан кірісті тікелей әзірлеушілердің алуына арналған құқық берілетін болады.
      Салық кодексімен өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бойынша, оның ішінде, 100% жедел амортизацияға жататын меншікті әзірлемелер нәтижесінде алынған салық жеңілдіктерін беру көзделген.
      Қажеттілік туындаған жағдайда инновацияларды дамытуды ынталандыруға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қайта қарау көзделуде.
      Салық кодексімен ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға (ҒЗҒТЖ) арналған шығындарды КПН бойынша 100% көлемінде шегерім жасау көзделген. ҒЗҒТЖ-ға салымдарды ынталандыру үшін ҒЗҒТЖ-ға арналған тиісті шығындардан 50 %-ға салық салынатын табысты азайтуға құқық қосымша берілетін болады.
      Сондай-ақ, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ТКЖ) салымдарды ынталандыру туралы мәселе пысықталуда.
      Бұдан өзге, 5 жыл мерзімге кейбір салықтардан (корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы және әлеуеттік салық) босату түрінде жоғары технологиялық өнімді шығаратын компаниялар үшін қосымша ынталандыру шаралары бойынша мәселе пысықталатын болады.
      Экологиялық стандарттар мен техникалық регламенттер әкімшілік ынталандыру және өндірістік активтерді жаңғыртуға қысым бойынша құралдарды көкейтесті ету бөлігінде күшейтілетін болады.

      Өңірлік инновациялық жүйелерді құру

      Толық өңірлік инновациялық жүйе құру (ӨИЖ) белгілі бір өңірді оның ерекшелігін ескере отырып дамытуда шоғырлану, жергілікті кәсіпорындардың проблемаларын шешуге кешенді түрде баруға, кәсіпкерлермен, ғалымдармен және өнертапқыштармен неғұрлым тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жалпы алғанда бүкіл ел бойынша инновациялық қызметті арттыруға едәуір әсер береді.
      ҰИЖ құрамына өңірлік венчурлік қорлар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары кіреді, олардың функцияларына инновациялық жобаларды қаржыландыруды және басқаларын қоса алғанда, өңірлік инновациялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асырылуын бақылау; өңірлерде инновациялық инфрақұрылымдар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары) қалыптастыру; инновациялық сала үшін кадрларды қайта даярлау; ғылымды қажет ететін инновациялық өндірістерді ұйымдастыру және дамыту үшін инвестициялар тарту; ресурс үнемдейтін және экологиялық жағынан таза технологияларды енгізу, өңірде жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және қайта құру кіреді.
      ҰИЖ Қызметін үйлестіруді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) жанынан құру ұсынылатын өңірлік инновация кеңселері жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, әдістемелік басшылық пен барлық ҰИЖ жұмыстарын үйлестіру ИЖТМ мен ТДҰА арқылы жүргізілетін болады.

      4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      1. Жаңа технологияларға сұранысты, инновацияларға ұсынысты қалыптастыру және инновацияларды енгізу және тарату жолымен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін дамыту.
      2015 жылға қарай саны 150 жобадан кем емес болатын өз қызметін жаңа ғана бастайтын жоғары технологиялық компаниялардың ғылыми-технологиялық зерттеулері мен бизнес инкубациялау нәтижелерін коммерцияландыру модельдері сараланатын болады; технологиялар трансфертінің ұлттық желілерінің негіздері жасалатын болады; шамамен 50-дей алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар тартылатын болады; инновациялық технологияларға сатып алынған құрылыстық-технологиялық құжаттамалардың, лицензиялардың және патенттердің саны 100-ден кем емес болады. Инновациялық гранттарды берудің, оның ішінде, жұмыс істеп тұрған өндірістердің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған инновациялық гранттарды беру жүйесі іске қосылатын; кем дегенде саны 100 жоғары технологиялық өнімді жеткізушілер - ШОБ инновациялық кәсіпорындарының желісі қалыптастырылатын және кем дегенде 50 инновациялық жоба қаржыландырылатын болады. Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшін тауарларды жеткізуге және қызметтер көрсетуге бағытталған кем дегенде 15 ШОБ кәсіпорны құрылатын болады.
      2. Технологиялық болжау және жоспарлау, бизнестің қажеттіліктеріне арналған қолданбалы ғылымды бағдарлау және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы меншікті құзыреттерді жасау.
      2015 жылға қарай ғылыми-технологиялық болжаудың ұлттық жүйесі құрылатын, Салааралық ғылыми-технологиялық жоспар, Инновацияларды дамытудың салалық бағдарламалары әзірленетін; кем дегенде 10 ірі ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарын, 30 инновациялық компанияны, 4 бизнес-инкубаторды қамтитын кем дегенде 2 ұлттық инновациялық кластер құрылатын; заңнамаға ҒЗТКӘ-ға инвестициялау үшін ынталандыру жасау үшін өзгерістер енгізілетін; отандық инноваторлармен және инновацияларды тұтынушылармен жүйелік жұмыс принципі енгізілетін болады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
      3. ҰИЖ элементтерін үйлестіруді арттыру, инновациялық белсенділікті насихаттау және заңнама базасын жетілдіру жолымен инновациялық ортаны дамыту.
      2015 жылға қарай инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейту; салалық және өңірлік деңгейлерді қамтитын инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру; Технологиялық саясат жөніндегі кеңес, технологиялық салалық және ғылыми кеңестер арқылы шешімдерді сараптық қабылдау жүйесін құру; технологиялық даму жөніндегі бірыңғай ұлттық операторды құру; инновациялық даму үдерістерін ақпараттық және үгіт-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру; шетелдік жоғары технологиялық инвесторлармен және өнертапқыштармен жүйелік жұмыстың принциптерін енгізу жолымен шешімдерді тиісті қабылдау және инновациялық қызметті үйлестіру жүйесі құрылатын болады.

      5. Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл:

      Бағдарламаны іске асыру үшін мынадай мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуі қажет:
      Қазақстан Республикасы Индустрия мен жаңа технологиялар министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері;
      «Ұлттық инновациялық қор» АҚ;
      «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ;
      «Ғылым қоры» АҚ;
      «ҚазАгроИнновация» АҚ;
      «Қазақстандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ;
      «Парасат» ҰҒТХ» АҚ;
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 681 қаулысымен.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2010 - 2012 жж.) ғылыми және технологиялық даму жүйесін құру, нормативтік-құқықтық базаны көкейкестілендіру, сондай-ақ, инновациялық дамуды қолдаудың жаңа гранттық және өзге де бағдарламаларын әзірлеу (талдамалық қамтамасыз ету, технологиялық инкубациялау, салалық конструкторлық бюро желілерін және коммерцияландыру офистерін құру, үгіт-насихат іс-шаралары және т.б.) болжанып отыр.
      Осы кезеңде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуден басқа өңірлер мен ұлттық компанияларды инновациялық-технологиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, жобалық және венчурлік қаржыландыруда жаңа тәсілдерді енгізу, техникалық регламенттер жүйесі арқылы инновацияларды ынталандыру болжанып отыр.
      Аталған кезеңнің негізгі мақсаты - бірінші кезекте, өнеркәсіпті үдемелі жаңғырту үдерістерімен байланысты инновацияларға арналған сұранысты қанағаттандыруға бағытталған инновацияларды дамытуды мемлекеттік қолдаудың кешенді тетігін жасау және байқап көру.
      Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінің негізгі мақсаты (2012 - 2014 жылдар) - бірінші кезеңде әзірленген ғылыми-технологиялық үдерістерді қолдау құралдарын қолдану, өз тиімділігін көрсеткен пилоттық жобалардан олардың ауқымдылығына көшу. Бұдан өзге, 2014 жылдан кейін шешуді талап ететін тиісті міндеттерге сай инновацияларды мемлекеттік қолдаудың кешенді тетігі әзірленетін болады. Шамамен алғанда, екінші бес жылдық жоспар Қазақстанда әзірленетін инновациялардың сапасын ынталандыруға бағытталатын болады.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің және инвестициялардың қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте, республикалық бюджеттің шығыстары тиісті кезеңге арналған бюджетті нақтылау кезінде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын болады.

7. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 681 қаулысымен.

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі (жылдар)

Болжанатын шығындар
(мың теңге, жылдар)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның № (бар болса)

2010

2011

2012

2013

2014

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Технологиялар трансферті арқылы өнеркәсіпті жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесі

1.

Инновацияларды дамыту үшін салықтық преференциялар беру мәселелері бойынша Салық салу жөніндегі консультациялық кеңеске ұсыныстар енгізу

Консультациялық кеңес шешімі

ИЖТМ, Қаржымині, БҒМ, МГМ, ЭДСМ, АШМ, «ҰИҚ»АҚ

2011 жылғы I жарты-жылдық

























2.

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде инновациялық гранттар беру

Есеп

ИЖТМ

2010 - 2014 жылдар

1 725 000,0

7 500 000, 0

3 478

4 300 000,0

4 300 000,0

21 303 000,0

РБ

233-026

3.

026 бюджеттік бағдарлама шеңберінде жаңа сызба бойынша Инновациялық гранттар беру қағидасын әзірлеу және бекіту

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жыл











Талап етілмейді





4.

Инновациялық жобаларды қаржыландыру

Заңды тұлғаны (жобалық компанияны) тіркеу

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2010 - 2014 жылдар

1 300 000,0
















РБ

233-066

5.

Өңірлердің, салалардың және ұлттық компаниялардың инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, басқа да уәкілетті салалық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

2011 жыл
















Талап етілмейді







6.

Технопарктерді, салалық конструкторлық бюроларды, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарын басқару және үйлестіру бойынша қызметтер

ҚР Үкіметіне есеп

ИЖТМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша)

2010 - 2014 жылдар

159 000,0

374004

116137

168416

168416

986273

РБ

233-012

7.

Техникалық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібін әзірлеу

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жыл
















Талап етілмейді

РБ




8.

Инвестициялық жобаларды техникалық сараптамадан өткізу мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ

2012 жыл



















РБ




9.

Технологияларды коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру бойынша қызметтер

«ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесiнiң шешiмi

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

61 000,0

88 800,0

145 782

157 103

157 103

609 788

РБ

233-012

10.

2010 - 2012 жылдары 2 конструкторлық бюро көру және дамыту

Заңды тұлғаны тіркеу

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ИТТО» АҚ (келісім бойынша)

2010 - 2012 жылдар

600 000,0

869 000,0

869 000,0







2 338 000,0

РБ

233-066

11.

Шетелдік компаниялармен бірлесіп екі салалық инжирингтік орталық құру және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ

2011 жыл



















РБ




12.

Жетекші шетелдік технологиялық Көшбасшылармен екі бірлескен жоғары технологиялық өндірісті құру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ

2011 жыл



















РБ




13.

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу

ИЖТМ-ге есеп

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2010 - 2014 жылдар

165 000,0

165 000,0













РБ

233-085

II. Технологиялық болжау және қолданбалы ғылым мен инжинирингті дамыту басымдықтары

14.

Технологиялық болжамдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер

Жол карталары бойынша басым салалар мен технологиялар тiзбесi

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 жылдар

100 000,0

234 519,0

91040

105172

105172

635903

РБ

233-012

15.

Орта мерзімді перспективаға Қазақстан Республикасының салааралық ғылыми-технологиялық жоспарын әзірлеу және бекіту

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, БҒМ, Қоршаған ортамині, Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, ККМ

2010 - 2012 жылдар
















Талап етілмейді







16.

Білім беру гранттарының жалпы санында өнеркәсіптің басым салалары бойынша Рh. D магистрлары мен докторларын даярлауға арналған гранттар үлесін ұлғайту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 - 2014 жылдар



















РБ




17.

Назарбаев Университеті инновациялық кластерін құру және дамыту, оның ішінде Халықаралық пәнаралық құралдар мектебін құру;
- Энергетикалық зерттеулер орталығын (ЭЗО) құру;
- Тіршілік туралы ғылымдар орталығы және т.б. құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ИЖТМ, Назарбаев Университеті

2011 - 2014 жылдар

1 755 588,
















РБ




18.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ инновациялық кластерін құру бойынша ұсыныстарды енгізу

Бюджеттік өтінім

БҒМ, ИЖТМ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ (келісім бойынша)

2011 жыл



















РБ




19.

«Алатау» АТП АЭА одан әрі дамыту мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ, «Алатау» АТП АЭА

2011 жыл

























20.

*Ақмола облысының Шортанды ауданын Научный кентінде ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіптік кешен) құру1

ҚР Үкіметіне ақпарат

АШМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БҒМ, Әділет министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «ҚазАгроИнновация» АҚ

2010 - 2014 жылдар

134 451,0

675 000,0

3 391 250,0

6 547 500,0

6 547 500,0

17 295 701,0

РБ

212-105 және 048

21.

Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша мемлекеттік тетіктерді іске асыру бойынша қызметтер

ҚР Үкіметіне есеп

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 жылдар

180 000,0

306 181,0

339 626

368 491

368 491

1562789

РБ

233-012

22.

4 өңірлік (венчурлік) қор құру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), тиісті облыстардың әкімдіктері

2011 жыл



















РБ

233-066

23.

4 салалық венчурлік қор құру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ, АШМ, БҒМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ИТТО» АҚ (келісім бойынша), «Қазагроинновация» АҚ (келісім бойынша)

2011 жыл



















РБ

233-066

24.

СҚО өңірлік технопарктің екінші кезегін құру және жарақтандыру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ

2012 жыл



















РБ

233-066

25.

Астана қаласындағы өңірлік технопарктің екінші кезегін құру және жарақтандыру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИЖТМ

2012 жыл






















233-066

26.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жоғары технологиялық және орта технологиялық болып табылатын өнім түрлерінің тізбесін қалыптастыру

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жыл




-










Талап етілмейді







27.

Шетелдік әріптестермен бірге «Болашақ» бағдарламасы бойынша университеттерде, ҒЗИ-да жұмыс істейтін жас мамандар, ғалымдар, ірі өнеркәсіптік компаниялардыңR&Dбөлімшелерінде және институттарда жұмыс істейтін ғалымдар үшін арнайы тағылымдама бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

2011 - 2014 жылдар



















РБ




28.

Тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізу бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама жасақтау жөніндегі мәселені пысықтау

Бюджеттік өтінім

БҒМ, ИЖТМ

2011 - 2014 жылдар



















РБ




29.

«Бастау» студенттік бизнес-инкубаторын одан әрі дамыту жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ШҚМТУ

2011 жыл



















ШҚГТУ бюджеттік емес қаражаты




30.

«ІРГЕТАС» инженерлік бейінінің зертханасын одан дамыту жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ШҚМТУ

2011 - 2013 жылдар



















РБ




31.

Тәжірибелік-өндірістік аймақ құру жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ШҚМТУ

2011 - 2012 жылдар
















Белгіленген тәртіппен бекітілген ҚЭН-ге сәйкес қаржыландыру көлемі

РБ




III. Инновациялық орта қалыптастыру

32.

Инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер, оның ішінде өнертапқыштық қызметті және инновациялық белсенділікті ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа мен электрондық өнімді шығару және тарату

Есептер, орындалған жұмыстар актісі

ИТЖМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 жылдар

186 570,0

307091

130954

144117

144117

912849

РБ

233-017

33.

Салалық технологиялық кеңестердің және Технологиялық саясат бойынша кеңестің қызметін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

Бюджеттік өтінім

ИТЖМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылдар



















РБ




34.

ҚР технологиялық дамыту бойынша ұлттық операторды құру

Президент Жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы

ҚР ПӘ, ИТЖМ, Әділетмині, ЭДСМ, Қаржымині

2011 жыл
















Талап етілмейді
 







35.

Инновациялардың өңірлік кеңселерін құру ережесін әзірлеу және бекіту

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Әкімдіктер, ЭДСМ, Қаржымині

2011 жыл
















Талап етілмейді 







36.

ӘКК жанынан инновациялардың өңірлік кеңселерін құру

Әкімдік қаулысы

Әкімдіктер, ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), даму институттары

2011 - 2014 жылдар



















ЖБ




37.

Өндірістік активтерді жаңартуға және ескірген технологияларды пайдалануды шектеуге бағытталған техникалық регламенттер әзірлеу және енгізу

Бекітілген техникалық регламенттер және экологиялық стандарттар

ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 - 2012 жылдар
















Әзірлемелердің нормаларына сәйкес

РБ




38.

Қазақстандағы технопарктердің даму тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту

ИЖТМ бұйрығы, тұжырымдама

ИЖТМ

2011 жыл
















Талап етілмейді







39.

Инновацияны дамытуды ынталандыру және ескірген технологияларды енгізуге тыйым салу бөлігінде «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер

ИЖТМ, Әділетмині

2012 жыл
















Талап етілмейді







1) қаржыландыру көлемі тиісті кезеңдерге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ТЭН әзірлеу нәтижелері бойынша түзетуге жатады

* - республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылардың жыл сайынғы көлемі



аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ШҚМТУ - Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
«ҰИҚ» АҚ - «Ұлттық инновациялық қоры» акционерлік қоғамы
«ИТТО» АҚ - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы
«Алатау» АТП АЭА - «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағы
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
РБ - республикалық бюджет
ЖБ - жергілікті бюджет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет