Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


Диспетчерлік пункттердің жұмысын ұйымдастыру



бет4/13
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#130598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. Диспетчерлік пункттердің жұмысын ұйымдастыру

 

126. Автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлік пунктінің үй-жайы операциялық (кассалық) залдан оқшаулануы, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттеріне қызметтік шығатын жері болуы тиіс.

127. Диспетчердің жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустардың келуі мен жөнелтілуін бақылай алатындай орналасады және арнайы басқару пультімен, ақпараттық көрсеткіштермен және дауыстап айту байланысының қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың (автостанция) әкімшілігімен ішкі технологиялық байланыспен, билет кассаларымен және анықтама бюросымен, диспетчерлік қызметтің орталық пунктімен жабдықталады.

128. Диспетчердің жұмыс орны, сонымен қатар қызмет көрсетілетін маршрут желісіндегі басқа диспетчерлік қызметтермен телефон немесе өзге де электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жабдықталады.

 

 

4-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі



 

1. Жалпы ережелер

 

129. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауын көрсетілген маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурста (бұдан әрі - Конкурс) жеңген тасымалдаушылар, тасымалдаушылар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында жасалған жолаушылар мен багажды автомобильмен тиісті тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негізінде жүзеге асырады.

130. Конкурсқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелік ететін, осы Қағиданың талаптарына сәйкес осы тасымалдау түрін ұйымдастыратын және «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысына сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

131. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Конкурсқа жеке маршрут та, бірнеше маршрут та бір лотпен шығарылуы мүмкін. Лотты қалыптастыру кезінде маршруттардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа едәуір рентабельділермен қатар рентабельділігі төмендеу, бірақ әлеуметтік маңызы бар маршруттар кіреді.

132. Конкурстың ұйымдастырушылары:



1) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалық қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары болып табылады;

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамасы бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген қозғалыс кестесін береді:

бастапқы және соңғы жүру пункті бойынша маршруттың нөмірі және атауы;

паритеттік қызмет көрсету тәртібін көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету кезеңі.

маршруттағы аралық пунктердің атаулары мен санын және тікелей және кері бағыттағы қозғалыс жылдамдығын орташа пайдалануын көрсете отырып, маршрут бойынша қозғалыс кестесі;

жолаушылар орындықтарына арналған орындар бойынша паспорттық сыйымдылығын көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету үшін қажетті автобус класстарын, сондай-ақ жылжымалы резервтік құрамды есепке алғанда қажетті автобустар санын;

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауға конкурс бекітілген жүру кестесін алғаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.

133. Нақты маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығына арналған Конкурстың жеңімпазы болып жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы маршрутта (маршруттарда) тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, тасымалдаудың ең жақсы шарттарын ұсынған және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тиісті бағалау шкаласы бойынша есептелген ең жоғарғы балл алған қатысушы танылады.

134. Егер екі және одан да көп қатысушы бірдей барынша жиынтық балл алса, онда отандық өндірісті автобустары және шағын автобустары бар, ең төменгі жол жүру тарифін ұсынған тасымалдаушыға жоғары баға беріледі, осыған сәйкес тасымалдау жүргізілетін болады.

135. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынғаннан төмендеу тарифтерді белгілеуі мүмкін.



Жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдаудың шығындарын жаппаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы тиісті бюджет қаражатының есебінен өтейді.

136. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүруге арналған белгіленген тарифтер өзгерген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар көрсетілген өзгерістер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейін он күннен кешіктірмей хабарлайды.

137. Конкурс, оны жариялаған күннен басталып және Конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнмен аяқталып, кемінде 30 және ең көбі 45 күнді қамтуы тиіс.

 

 

2. Конкурстық комиссия



 

138. Конкурстық ұсыныстарды, олардың бағаларын қарау және Конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшін жергілікті атқарушы орган конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

Комиссияның құрамы қала (аудан, облыс) әкімінің өкімінде белгіленеді.

139. Комиссияға:



1) жергілікті атқарушы органдардың;

2) көліктік бақылаудың аумақтық органдарының;

3) жол полициясының аумақтық органдарының;

4) жолаушы автокөлік тасымалдаушылары қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

140. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығы жоқ Комиссия жұмысын ұйымдастыру функциясы жүктелетін Комиссия хатшысы көзделуі керек.

141. Комиссия мүшелерінің саны тақ сан және кемінде бес адамды құрайды.

 

 

3. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы



 

142. Конкурсты өткізу алдында жергілікті атқарушы орган Комиссиямен келісілген лоттарды құрайды және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дайындайды.

Бұл ретте құрылған лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды, мәжіліс хаттамасында шешімді бекітумен, Комиссия жүзеге асырады.

143. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы:

1) конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршруттарының негізгі сипаттамаларын, оларға сондай-ақ маршруттардың схемалары мен қозғалыстар кестелері осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес қоса беріледі;

2) автокөлік құралдарын пайдалану мерзімдері мен сыртқы ресімделуі бойынша оларға қойылатын қосымша талаптар;

3) Комиссия мүшелері санына осы Қағидаға 6-қосымшасына сәйкес конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды (бұдан әрі - Конкурстық ұсыныстар) толтыру үшін нысандар;



4) жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартының жобасы;

5) осы Қағидаға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушы туралы ақпарат бланкісін;

6) бағалау шкаласын;

7) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа маршруттардың бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лотқа жеке конверттер болуы тиіс) қамтиды

 

 

4. Конкурстық ұсыныстардың мазмұны



 

144. Конкурстық ұсыныстар Комиссия Конкурстың қорытындылары бойынша қатысушыларды бағалауды жүргізетін мынадай өлшемдердің жинағын қамтиды:

1) ұсынылатын жылжымалы құрамның, соның ішінде отандық өндірісті (автобустардың, шағын автобустардың маркасы мен саны, меншіктің түрі, пайдалану мерзімі, паспорттық сыйымдылығы);

2) жолаушылар тасымалы саласындағы тасымалдаушының оң жұмыс тәжірибесінің (алдыңғы 6 ай мерзіміндегі 80 % артық тасымалдауды орындау жиілігі туралы жергілікті атқарушы органдардың қорытындысы);

3) жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;

4) автобустарды, шағын автобустарды маршрут бойынша қозғалыс кезінде оларда ақаулық пайда болған жағдайда ауыстыру бойынша ұсынылатын шаралар жүйесі;

5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша қосымша ұсыныстар.

145. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір маршруттан артық, осы маршрут кіретін лот бойынша Конкурс аяқталғанға дейін қайталап көрсетуге рұқсат берілмейді.



Қатысушылар осы маршрут кіретін лот бойынша Конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір маршруттан артық көрсеткен фактілері анықталған жағдайда кешіректеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептелінеді.

146. Қатысушы Конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенімді ақпаратты ұсынуы тиіс.



 

 

5. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу



 

147. Осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган Конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, Конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, Конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

148. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Комиссия конкурс алдындағы Конкурс өткізу мәселелері бойынша конференция өткізеді.

149. Комиссия төрағасы Конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің растығын сол жерге шығып тексеруді ұйымдастыру үшін (бұдан әрі – Тексеру) Комиссия құрамына кірмейтін жергілікті атқарушы органдардың, көліктік бақылау органдардың және жол полицияларының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.



Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақытында қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады.

150. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттаманың жиынтығына өтінім береді және олардың құнын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, конкурс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес болуы тиіс, бірақ Конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күнге бекітілген ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен аспауы тиіс.

151. Осы Қағиданың 143-тармағының 1), 4), және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін он жұмыс күн ерте аяқталады.

152. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін тиісті лот бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берілген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:



1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкісін;

2) өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

3) жолаушылар мен багажды жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесін (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа);

4) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

5) техникалық құжаттардың және әрбір бірлік үшін алдыңғы тоқсанға мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелерін (жергілікті атқарушы органдардан көрсетілген автокөлік құралдарының басқа жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында тіркелмегені туралы анықтаманы);

6) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);

7) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;

8) «Автокөлік құралдарының техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген шарттарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жөнділік қалпында ұстау бойынша қажетті кешенді жұмысты өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар көшірмелерін, соның ішінде өнеркәсіптік-техникалық базаға құқықтық орнататын және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық қарауды жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық қызметкермен шарттың көшірмесі;

9) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пунктері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пунктері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;

10) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;

11) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрімен расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.

Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және өшірулерсіз ресімделеді.

Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының мөрімен бекітіледі.

153. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды да, қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) беріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.



Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды Комиссия қарамайды.

154. Өтінімдерді қабылдау осы Қағиданың 152-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.

155. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия немесе Комиссия хатшысы Тексеру кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны Тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

156. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және тіркеу нөмірінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өнірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

Тексеру нәтижелері бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісіне белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағиданың 1-тарауының 3-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) қоса тіркейді.

Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшін конкурстық ұсыныстарда берілген мәліметтердің дәйектілігі туралы пікірлер қалыптастыру мақсатында объектілер және тексеру түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге рұқсат етіледі.

Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтінім мен құжаттар бар тиісті конвертке жабылады.

157. Конкурс өткізілетін күні Комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттары бар конверттерді кезекпен ашады да, конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.

Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды қояды.

Конкурстық комиссия қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттарын қарау кезінде конкурста қатысу үшін өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратады.

158. Конкурстық ұсыныстарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) санаты, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Қағиданың талаптарын және маршруттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылар белгілеген қосымша талаптарды орындау конкурстық ұсынымдарда көрсетілмеген жағдайда Комиссия өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қараудан бас тартады.

159. Тасымалдаушыға өтінішті қараудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) ұсынылған құжаттардың толық емес және белгілінген талаптарға сәйкес еместігі;

2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігі;

3) осы Қағиданың талаптарына жылжымалы құрамының сәйкес еместігі;

4) жылжымалы құрамды техникалық жарымды жай-күйде ұстау бойынша қажетті кешенді жұмысты өткізуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруге мүмкіндігі болмаса;

5) осы Қағиданың 178-тармағында көрсетілген шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.

160. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттары бар барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейін Комиссия хатшысы конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды баллдарын тиісті қатысушылар бойынша қосады да, жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамаға тіркеледі.

161. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижелері бойынша Комиссия мүшелері барынша жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішінде Анықтамасын қарайды.



Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағиданың 1-тарауының 3-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп танылады.

Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды шығарған жағдайда, Комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын қарауға көшеді.

162. Егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады.



Егер қандай да болмасын лот бойынша бір де бір қатысушы тіркелмесе, Конкурс өтпеген деп танылады және Конкурсты ұйымдастырушы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертеді немесе басқа лот жасайды және келесі Конкурсқа шығарады.

Егер паритеттік жақтан қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына өтініштер түспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган екінші паритеттік тасымалдаушыға барлық маршрутқа қызмет көрсету құқығын ұсынады.

163. Өткізілген Конкурстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды да, Комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің айрықша пікірін жазбаша жазады және оны хаттамаға қоса береді.



Комиссияның шешімі, егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп танылады.

164. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерін барлық қатысушыларға жазбаша жібереді.

165. Конкурс нәтижелері сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

166. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда, қайта Конкурс алдыңғы Конкурстың нәтижелерін жою туралы сот шешімі қабылданғаннан немесе оны өтпеген деп танығаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.



Бұл ретте алдыңғы Конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет