Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №845 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»



бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#124015
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 10. Зәкірде тұру

 

58. Кемелер, құрамдар және салдар орналасу және тұру тәртібін сақтай отырып, арнайы бөлінген рейдтерде зәкірге тұрады.

59. Рейдтер үшін орындар, кемелердің, құрамдардың және салдардың оларда орналасу және тұру тәртібі навигациялық карталарда көрсетіледі.

60. Кемелерге, құрамдарға және салдарға жүру жолында, сондай-ақ арнайы рейдтер жоқ пункттерде зәкірге тұру қажет болған кезде, кеме жолының жиегіне жақын, ал бұл мүмкін және қауіпсіз жерде - басқа кемелердің қозғалысына және маневр жасауына кедергі жасамау үшін жиектен әрі зәкір тұрағының орнын таңдайды.

61. Кемелерден, салдардан, дебаркадерлерден, жер снарядтарынан, қалқымалы көпірлерден және басқа да жүзбелі құралдардан берілген зәкірлер өтетін кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

62. Кемелер мен салдарға мыналар рұқсат етілмейді:

1) зәкірлерді, лоттарды, шынжыр-сүйреткілерді беруге немесе су асты кабельдерін төсеу және кеме үшін авария қаупінің пайда болу жағдайларын қоспағанда, жергілікті жерде (ақпараттық белгілермен) немесе картада белгіленген өтпелер, сутартқылар аймақтарында тоқтауға;

2) қайраңдарда, иіндерде, енсіздіктерде және тақау ағысы бар жағалауда, көпірлердің, су құрылыстарының жанында, дебаркадерлер ауданында, жолаушылар және жүк айлақтарына, өткелдерге кіреберістерде, навигациялық белгілерге жақын, сондай-ақ жолдың тұру салдарынан басқа кемелердің жүзбелі және жағалаулық навигациялық белгілері бойынша қозғалыс, маневр жасау немесе бағдарлау қиындауы мүмкін учаскелерінде зәкірде тұруға.

 

 

3. Көріну мүмкіндігі шектеулі кезде кемелердің жүзуі



 

 

§ 1. Жалпы шарттар

 

63. Осы тараудың нормалары 1 километрден кем көзбен шолып көру мүмкіндігі кезінде навигациялық жабдықтардың латералды жүйесіне ие су жолдарындағы шағын көлемді және желкенді кемелерді қоспағанда, барлық кемелер мен құрамдарға қолданылады.

64. 1 километрден кем шектеулі көру мүмкіндігі кезінде қозғалыс 600 C төмен тұтану температурасына ие мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар кемелерді қоспағанда, дұрыс жұмыс істейтін радиолокатормен, компаспен және ультроқысқатолқынды (бұдан әрі - УҚТ) радиостанциямен жабдықталған кемелерге ғана рұқсат етіледі.

65. Осы Қағиданың 64-тармақғына сәйкес жабдықталған жүрдек кемелерге ең жақын қауіпсіз тұрақ орнына дейін ғана суығыстырым жағдайындағы қозғалысқа рұқсат етіледі.

66. Кемеде көзбен шолу және есту бақылауымен қатар үздіксіз білікті радиолокациялық бақылау жүргізіледі, бұл ретте кемені басқару постында рульдік басқарып отыратын адамнан басқа, командалық құрамның кеме жүргізу мамандығына ие кем дегенде екі адамы (олардың біреуі капитан) болады.

67. Радиобайланыстың УҚТ бойынша келіссөздер жүргізген кезде әңгіме дәл онымен өзара іс-қимылдарды келісу қажет кемемен жүргізіліп отырғанын дәл анықтау қажет (өзара арақашықтықтарды, пеленгтерді бірмезгілде өлшеудің айқын бағдарларына қатысты орналасқан жерін көрсету жолымен).

 

 

§ 2. Кемелердің қозғалысы



 

68. 1 километрден кем, шектеулі көру мүмкіндігі жағдайларында мыналарға рұқсат етіледі:

1) кеме жолының ені 100 метрден кем болған кезде - жеке кемелерге қозғалыс тек жоғары қарай;

2) кеме жолының ені 100 метр және одан артығырақ, бірақ 200 метрден кем болған кезде - жеке кемелерге екіжақты қозғалыс, ал итерілетін құрамдарға қозғалыс тек жоғары қарай;

3) кеме жолының ені 200 метр және одан артығырақ болған кезде кемелер мен құрамдарға - екіжақты қозғалыс (бұл жағдайларда сал құрамаларына қозғалыс көлдер мен су қоймалары бойынша ғана рұқсат етіледі).

69. Арналарда кеме жолының еніне қарамастан жеке кемелердің және итерілетін құрамдардың екіжақты қозғалысы траверз бойынша екі жағалауды да және бағыт бойынша кеменің (құрамның) кем дегенде екі ұзындығын көзбен шолып көру мүмкіндігі кезінде ғана рұқсат етіледі.

70. Кемелердің және итерілетін құрамдардың көпірлердің астынан өтуіне кеме қатынасы аралықтарының осы аралықтарды кемінде 0,5 км қашықтықта сенімді тануына және оларға жақындаған кезде сеніммен бағдарлай алуына (көзбен шолып немесе техникалық құралдардың көмегімен) мүмкіндік беретін, навигациялық жабдықтау құралдары болуы жағдайында ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте кеме қатынасы аралықтарының ені мыналарды құрайды:

1) жеке кемелер және біржіпті итерілетін құрамдар үшін - кеменің (құрамның) 5 еселенген енінен кем емес;

2) басқа итерілетін құрамдар үшін - құрамның 3 еселенген енінен кем емес.

71. Салды өзен бойынша тіркеп сүйрейтін кеме көріну мүмкіндігі 1 километрден кеміген кезде қозғалысын ең жақын тоқтайтын жерге дейін ғана жалғастырады.

72. Кемелер мен құрамдар бір бағытта қозғалған кезде, 1 километрден кемірек, шектеулі көру мүмкіндігі жағдайларында, егер олар бірін-бірі басып озуға ниеттенбесе, өзара қауіпсіз арақашықтықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайды, ол берілген жылдамдық үшін кемінде 5 еселенген тежеуіш жолын құрайды.

73. Қозғалысын тоқтатқан немесе жүзуге рұқсат етілмеген кемелер мүмкіндігінше қозғалысын жалғастыратын басқа кемелердің бағдар жасауы және өтуі үшін қиындықтар тудырмайтын жерлерде тұра тұрады.

74. Кемелер жүргенде және тұрғанда осы Қағиданың 6-тарауы 4-параграфтың талаптарына сәйкес дыбыс сигналдарын береді. Айырылысу, өткізу және басып озу үдерісінде кемелер өзара келісім бойынша мезгіл-мезгіл жарық-импульстік (жарық) бұлғаулерін тиісті борттан жасайды, ал көзбен шолып көрінерліктей жақындаған кезде осы Қағиданың 155-тармағында көрсетілген дыбыс сигналдарын береді.

75. Көріну мүмкіндігі шектеулі кезде мыналарға рұқсат етілмейді:



1) егер көзбен шолып көру мүмкіндігі кеменің (құрамның) үш ұзындығынан кемірек құрайтын болса, ені 200 метрден кемірек кемеге (итерілетін құрамға) кеме жолында айырылысу және басып озу;

2) егер көзбен шолып көру мүмкіндігі кеменің екі ұзындығынан кемірек құраса, айлақтарға, шлюздердің кіреберіс палдарына, кемелерге арқандап байлау.

76. Нақты жағдайларды негізге ала отырып, жүзудің жергілікті Қағидасында белгіленген шектеулі көру мүмкіндігі кезінде оларда кемелер қозғалысына рұқсат етілмейтін учаскелерді белгілейді.



 

 

§ 3. Қарап шығуға болмайтын және қиын учаскелер бойынша өту



 

77. Егер қарсы келе жатқан кемені көзбен шолып алдын ала анықтау мүмкін болмаса, кеме қарап шығуға болмайтын немесе реттелмейтін қиын учаскеге жақындаған кезде жүрісін азайтады және бір ұзақ дыбыс береді. Түнде бұл сигнал жоғары бағытталған прожектордың сәулесімен қайталанады.

78. Кеме ұзақтығы үлкен мұндай учаске бойынша қозғалған кезде әрбір 2-3 минут сайын екі ұзақ дыбыс береді.

79. Басқа кемелер учаскенің бос еместігіне көз жеткізе отырып, қауіпсіз айырылысуды (өткізуді) қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды, ал егер учаскеде біржақты қозғалыс болса - аялдамалар мен күтулер қарсы келе жатқан кемені өткізу үшін қауіпсіз жерде.

80. Қозғалыс біржақты учаскеге бір мезгілде жақындаған кезде жоғары қарай келе жатқан кеме қауіпсіз жерге тоқтайды және төмен қарай келе жатқан кемені өткізеді.



 

 

§ 4. Кемелердің айырылысуы (өткізуі)



 

81. 1 километрден кемірек, шектеулі көру мүмкіндігі кезінде кемелер күні бұрын радиобайланыстың УҚТ бойынша айырылысудың (өткізудің) неғұрлым қолайлы орны туралы келіседі және оны тек сол жақ борттарымен төмендегіше жүзеге асырады:

1) жоғары қарай келе жатқан кеме келісілген жерге жақындаған кезде мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай оңға ауытқиды, тоқтайды немесе жылдамдығын ең азына дейін кемітеді және қарсы келе жатқан кемені (құрамды) сол жақ борты бойынша өткізуді жүзеге асырады;

2) төмен қарай келе жатқан кеме келісілген жерге жақындаған кезде алдын ала жүрісін ең азына дейін кемітеді, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай оңға ауытқиды және қарсы келе жатқан кеме артта қалғанға дейін осылай жылжи береді;

3) жоғары қарай келе жатқан кеме сал құрамымен айырылысуды сал сүйрейтін кеме көрсеткен борт бойынша жүзеге асырады.

 

 

§ 5. Кемелерді басып озу



 

82. 1 километрден кемірек, шектеулі көру мүмкіндігі кезінде:

1) Осы Қағиданың 75-тармақтың 1) тармақшасының талаптарын ескере отырып, кеме жолының ені 100 м және одан артығырақ болған кезде жеке кемеге басқа кемелер мен құрамдарды басып озуға;



2) кеме жолының ені 200 м және одан артығырақ болған кезде итерілетін (тіркеп сүйрелетін) құрамға салдық және басқа құрамдарды қуып жетіп озуға;

3) кемелер мен құрамдарды қуып жетілетіндердің сол жақ борты жағынан ғана басып озуға;

4) сал құрамдарын - сал сүйрейтін кеменің көрсетуі бойынша басып озуға рұқсат етіледі.

83. Басқа кемені қуып жететін кемеге 1 километрден кемірек көру мүмкіндігі кезінде радиобайланыстың УҚТ бойынша басып озу орнын және өзара сақтық шараларын келісу қажет.

84. Қуып жетілетін кеме 1 километрден кемірек көру мүмкіндігі кезінде қуып жетуге жол беріп, жылдамдығын ең төменіне дейін азайтады, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай оңға ауытқиды және басып озу аяқталғанға дейін осылай жылжи береді.

85. Басып озушы кеме 1 километрден кемірек көру мүмкіндігі кезінде одан қауіпсіз қашықтықты ұстай отырып, оны ақыр аяғына дейін өтіп және артта қалғанға дейін қуып жетілетін кемені сақтықпен айналып өту жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.



 

 

4. Ультрақысқа толқынды радиобайланысты бақылау және пайдалану



 

86. УҚТ радиостанциялармен жабдықталған барлық кемелер оларды бұл үшін өзара іс-қимылдарды күні бұрын келісуді талап ететін жағдайларда пайдаланады. УҚТ радиостанциялар қозғалу, маневр жасау және зәкірде тұрған кездерінде тиісті арнада болады.

Кемелердің шетелдік сулардағы жұмысы кезінде радиобайланыс кеме пайдаланылатын жердегі елдің радиобайланысты қолдану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

87. Осы Қағида дыбыс немесе жарық сигналдарымен алмасуды талап еткен жағдайларда радиобайланыстың УҚТ бойынша кемелердің өзара іс-қимылдарын келісуі осы сигналдарды бергенге дейін жүргізіледі, бұл ретте радиобайланысын УҚТ-ға шақыруды бірінші сигнал берген кеме жібереді.

88. Кемелер радиобайланыстың УҚТ бойынша өздерінің іс-қимылдарын келіскенде, бұл жағдайлар үшін осы Қағидада көзделген дыбыс сигналдары берілмеуі мүмкін.

89. Кеме көрінбейтін немесе реттелмейтін қиын учаскелерге жақындаған және олар бойынша қозғалған кезде, көру мүмкіндігі нашарлаған және шектеулі көру жағдайларында жүзген кезде мезгіл-мезгіл радиобайланыстың УҚТ бойынша өзінің тұрған жері және іс-әрекеттері туралы басқа кемелерді хабардар етіп отырады. Бұл ретте ол сондай-ақ осы жағдайлар үшін көзделген дыбыс және жарық сигналдарын береді.

90. Қауіпті жүгі бар кеме радиобайланыстың УҚТ бойынша басқа кемелермен өзара іс-қимылдарын келіскен кезде оларды осындай жүктің бар екендігі туралы хабардар етеді.

91. Радиобайланыстың УҚТ бойынша өзі жіберген шақыруға жауап алмаған кеме басқа кемеде УҚТ радиостанция жоқ деп есептейді және осы жағдайды ескере отырып іс-әрекет жасайды.



 

 

5. Кемелер мен салдардың оттары мен белгілерін қолдану



 

 

§ 1. Жалпы шарттар

 

92. Осы Қағиданың 3-қосымшасына (бұдан әрі - 3-қосымша) сәйкес оттарға жататын осы Қағиданың талаптары күннің батуынан шығуына дейін (түнде), сондай-ақ шектеулі көру мүмкіндігі жағдайларында сақталады. Бұл ретте осы Қағидада ұйғарылғандар үшін қате қабылдануы, олардың көру мүмкіндігін нашарлатуы немесе бақылау үшін кедергі болуы мүмкін басқа жарықтар қойылмайды.

93. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгілерге жататын осы қағида Күннің шығуынан батуына дейін (күндіз) сақталады.

94. Жөндеуде немесе кеме жолынан тыс орналасқан жөндеу кәсіпорындарының немесе тұндырғыш пункттерінің акваторияларында суық тұнбада тұрған кемелер, егер олар қозғалыстағы басқа кемелер үшін кедергі тудырмаса, ұйғарылған оттар мен белгілерін алып жүрмеулеріне болады.

95. Шағын көлемді және желкенді кемелер оттары мен белгілерін Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес алып жүреді.

96. Осы Қағидада ұйғарылған оттар 1-қосымшада көрсетілгендерден кем емес қашықтықтарда көрінуі тиіс.



Осы тарауда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) топтық от - кеменің диаметральды жазықтықтығында орналасқан, үздіксіз жарықпен көкжиектің 2250 доғасын жарықтандыратын және кеменің тура алдыңғы жағы бағытынан бастап әрбір борт траверзінің артында 22,50-қа дейін жарық түсіретіндей етіп орнатылған ақ от;

2) борттық оттар - оң бортта жасыл от және сол бортта қызыл;

3) артқы оттар - кеменің артқы бөлігінде орналасқан, үздіксіз жарықпен көкжиектің 1350 доғасын жарықтандыратын және кеменің тура артқы жағы бағытынан бастап әрбір борт жағына қарай 67,50-қа дейін жарық түсіретіндей етіп орнатылған ақ от;

4) тіркеп сүйреу оты - кеменің диаметральды жазықтығында орналасқан, кеменің тура артқы жағы бағытынан бастап әрбір борт жағына қарай 67,50-қа дейін, 1350 доғаны жарықтандыратын сары от;

5) айналма от - көкжиектің 360 доғасын 0 үздіксіз жарықтандырып тұратын;

6) жарқылды от - тұрақты уақыт аралықтары арқылы жарқыл беретін от;

7) жарықты-импульсті (жарықты) бұлғау - кеме траверзінен бастап алдыңғы жағына қарай жарық түсіру доғасы 112,50 (диаметральды жазықтыққа 22,50-қа асып түсуімен) және кеменің траверзінен бастап артқы жағына қарай 112,50 (диаметральды жазықтыққа 22,50 асып түсуімен) ақ жалтылды от. Тиісті борттық сигналдармен түсі бойынша бірдей жарықты-импульсті (жарықты) бұлғаулар қолданылуы мүмкін. Жарықты-импульсті бұлғау түнде де, сол сияқты күндіз де қолданылады. Ол болмаған кезде бұлғау күндіз бұлғаушы жалаумен, түнде - жарықтық бұлғаумен беріледі.

 

 

§ 2. Жүру барысындағы механикалық қозғалтқышты жеке кемелер



 

97. Жүру барысындағы механикалық қозғалтқышты жеке кеме мыналарды:

1) топтық отты; ұзындығы 50 м және одан артығырақ кеме екінші топтық отты алып жүреді; бұл ретте олардың біреуі алдында және екіншісінен төменірек орналасады;

2) борттық оттарды;

3) табаны төменде үшбұрыш түрінде орналасқан үш артқы оттар; ені 5 м және одан кемірек кемеде - диаметральды жазықтықта бір артқы отты алып жүреді.

98. Өткелде немесе порт айдынында (қалаішілік желілерде) жұмыс істейтін, механикалық қозғалтқышты жолаушы суығыстырым кемесі, сондай-ақ жүрістегі өздігінен жүретін паром, Қағиданың 97-тармағымен жеке кеме үшін ұйғарылған оттардан басқа, сары жалтылды айналма от алып жүреді.

99. Мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар жүрістегі өздігінен жүретін кеме Осы Қағиданың 105-тармағымен жеке кемеге ұйғарылған оттардан басқа, айырылысу және басып озу кезінде қызыл айналма от көрсетеді.

100. Жүрістегі кеме қатынасын қадағалау кемесі осы Қағиданың 97-тармағымен жеке кемеге ұйғарылған оттардан басқа, көк жалтылды айналма от алып жүреді.



 

 

§ 3. Итерумен айналысатын және итерілетін кемелер



 

101. Итерумен айналысатын, механикалық қозғалтқышты кеме:

1) табаны төменде үшбұрыш түрінде орналасқан үш топтық от, олардың жоғарғысы диаметральды жазықтықта орналасады;

2) борттық оттар;

3) табаны төменде үшбұрыш түрінде орналасқан үш артқы от және олардың үстінде тіркеп сүйреу от, ал кеменің ені 5 м және одан кемірек - тек бір тіркеп сүйреу отын алып жүреді.

102. Мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар, кемелерді итерумен айналысатын, механикалық қозғалтқышты кеме осы Қағиданың 101-тармағымен оған ұйғарылған оттардан басқа, айырылысу және басып озу кезінде қызыл айналма от көрсетеді.

103. Итерілетін кемелер:

1) жеке - алдыңғы жақта бір топтық от;

2) құрамда - әрбір алда келе жатқан кеменің алдыңғы бөлігінде бір-бір топтық оттан алып жүреді.

 

 

§ 4. Арқанмен және борт астына тіркеп сүйреумен айналысатын кемелер



 

104. Арқанмен тіркеп сүйреумен айналысатын, механикалық қозғалтқышты кеме:

1) тігінен орналасқан, екі топтық от;

2) борттық оттар;

3) кемеге диаметральды жазықтықта орналасқан бір артқы от және оның үстінде тіркеп сүйреу отын;

4) салды немесе аралас құрамды (сал және кемелер) тіркеп сүйреген кезде - осы тармақтың 2, 3) тармақшаларымен ұйғарылған оттар және тігінен орналасқан үш топтық от алып жүреді.

105. Мұнай жүктері, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттар бар кемелерді тіркеп сүйрейтін, механикалық қозғалтқышты кеме осы Қағиданың 104-тармағымен оған ұйғарылған оттардан басқа, айырылысу және басып озу кезінде қызыл айналма от көрсетеді.

106. Оны өткізуге көмектесетін, салдың немесе аралас құрамның кемесі осы жұмыстың орындалу тәсіліне қарамастан, тігінен орналасқан үш топтық отты және кемеге диаметральды жазықтықта орналасқан бір артқы отты алып жүреді.

107. Кильватерге біріктілген, бірнеше кемелерді арқанмен тіркеп сүйреген кезде бас тіркеп сүйреуші осы Қағиданың 104-тармағымен ұйғарылған оттарды, ал қалған тіркеп сүйреушілер - борттағыларды қоспағанда, осындай оттар алып жүреді.

108. Борттары байланып қойылған кемелер және арқанмен тіркеп сүйреуші құрам немесе сал ішкі борттық оттарды қоспағанда, осы Қағиданың 104-тармағымен ұйғарылған оттарды алып жүреді.

109. Өздігінен жүрмейтін кемені борт астына тіркеп сүйреу кезінде тіркеп сүйреуші кеме жүрістегі механикалық қозғалтқышты жеке кеме сияқты осы Қағиданың 104-тармағымен ұйғарылған дәл осындай оттарды алып жүреді.

110. Кеме арқанмен итеруші құрамды тіркеп сүйреген кезде тіркеп сүйреуші сияқты осы Қағиданың 104-тармағымен ұйғарылған дәл осындай оттарды, ал итеруші кеме - бір топтық от, тіркеп сүйреуші от және одан төмен көлденең орналасқан екі артқы от алып жүреді.

Итерушінің ені 5 м және одан кем болған кезде ол бір тіркеп сүйреу отын алып жүреді.

111. Өз машиналарын пайдаланатын, жеке кемеге немесе итерілетін құрамға маневр жасауда немесе қиын учаскелерден өтуде арқанмен тіркеп сүйреу арқылы көмек көрсеткен кезде көмек көрсететін кеме тіркеп сүйреуші сияқты осы Қағиданың 105-тармағына сәйкес дәл осындай оттар алып жүреді.

Оған көмек көрсетілетін жеке кеме осы Қағиданың 97-тармағымен ұйғарылған, ал итеруші кеме - осы Қағиданың 110-тармағына сәйкес оттарды алып жүреді.

112. Басқа кеменің немесе құрамның бортына байланып қойылған өздігінен жүретін кеме жүрісте (өзінің қозғалтқышын пайдаланатын немесе пайдаланбайтын) бір топты от және кемеге диаметральді жақықтықта орналасқан бір артқы от алып жүреді, бұл ретте негізгі кеме (құрам) өзінің оттарын ауыстырмайды. Мұнай бункерлеуші, сондай-ақ тазартушы кеме отын беру немесе лас суларды қабылдаған кезде қосымша қызыл айналма от алып жүреді.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет