Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1406 қаулысы



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі476.67 Kb.
#10779
1   2   3

12. Құқықтар мен міндеттерді беру
30. АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақ аумағында өзіне тиесілі мүлкі мен бизнесіне өз қалауы бойынша иелік етеді.

31. Осы Шарт бойынша АЭА қатысушысының құқықтары мен міндеттері Басқарушы компанияның жазбаша түрде келісімімен, мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде кепілге берілуі мүмкін, бұл ретте кепіл арқылы құқық беру осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрін жүзеге асыру үшін қаржы қаражаттарын тарту мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл ретте Басқарушы компания 10 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органды ол туралы жазбаша хабардар етеді.

Осы тармақта көрсетілген құқықтар мен міндеттер АЭА Қатысушысының мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық тәртібімен көзделген АЭА қатысушысының құқығы үшінші тұлғаға берілмейді.

32. АЭА Қатысушыларына еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын басқа заңды тұлғаларға еркін берген кезде кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында белгіленген тәртіппен және Шарттарда аяқталуы тиіс.

33. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекет АЭА Қатысушысының иелігінен шығарылған активтерін нарықтың бағасы бойынша мемлекет меншігіне сатып алудың басым құқығына ие болады.



13. Форс-мажор
34. Тараптар міндеттерін толық немесе жартылай орындамағаны үшін егер форс-мажор жағдайларында (дүлей күш) атап айтқанда: су тасқыны және басқа да апаттар, өрт, жер сілкінісі, жарылыс, жойқын табиғи апаттар, басқа да табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, індет, карантин, төтенше жағдайларды енгізу, коменданттық сағат, сондай-ақ өзге де қарсы жақтың еркінен тыс, бірақ осы Шарт бойынша міндеттерді орындау барысына тікелей әсер еткен немесе Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда, жауапкершіліктен босатылады.

Мемлекеттік органдармен Тараптардың еркінен тыс, бірақ осы Шарттың міндеттерін орындауға тікелей әсер еткен немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерін толық орындауды мүмкін болдырмайтын тыйым салу сипатындағы нормативтік актілер шығарылса немесе заңнамаларға өзгерістер енгізілсе, ол сот шешімімен форс-мажор ретінде танылуы мүмкін.

35. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы Шартқа сәйкес қандай да болсын міндеттерді орындау осындай жағдайлардың туындауына орай мүмкін болмағандықтан, Тараптар форс-мажор жағдайлар басталған немесе аяқталған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші тарапты жазбаша нысанда (осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындаудың мүмкін еместігін немесе алдын ала болжанбаған өзге салдарлардың туындауын) негіздеп және дәлелдеп хабардар етуі тиіс.

36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты форс-мажордың, осындай хабарламау немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті міндеттерімен тікелей пайда болған жағдай, осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде кез келген жағдайына сүйену құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайларының басталғандығы туралы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлама құжатпен немесе тиісті органның және немесе мекеменің куәлігімен расталуы қажет, форс-мажор жағдайы жалпыға танымал және жаппай сипат алған, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай жағдайларда растауға құзыретті.

37. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайы орын алған, сондай-ақ бұл жағдайлардан туындаған салдарлар әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі. Осы Шарт бойынша тараптар міндеттерді толықтай немесе жартылай орындай алмаса, форс-мажор жағдайы бір күнтізбелік жыл көлемінен асып кетсе, Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

38. Форс-мажор жағдайының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды рәсімдеуді талап етпейді.



14. Арнайы экономикалық аймақ Тараптарының жауапкершілігі
39. Осы Шарт талаптарын орындамауы немесе тиісті орындамауы үшін Тараптар Қазақстан Республикасындағы заңнамасында және осы Шартты көзделген жауапкершілікке тартылады.

40. Қатысушы қызметті жүзеге асыру кезінде техникалық регламентпен және жобалық құжаттамамен белгіленген талаптарды бұзуға жол бергені үшін толықтай жауапты болады.

41. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қатысушы осы Шарт бойынша пайда болған қызметті жүзеге асыру кезінде және салдарында туындағана мемлекетке келтірілген зиян немесе залалға байланысты барлық қатерлер үшін жауапты болады.

42. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақ туралы заңнамасын бұзатын АЭА Қатысушысы жасаған мәмілелер кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті қолдануға әкеледі және заңсыз болып табылады.

43. Шартта көрсетілген қызметтің басым түрлерінің өндірісі барысында азаматтардың өміріне және денсаулығына тигізілген зиян Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтелуі тиіс.

44. Осы Шартта белгіленген талаптар мен міндеттерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда, АЭА Қатысушысы екінші Тарапқа әр бұзушылық үшін 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

45. Кедендік органдар мен салық қызметі органдары осы Шартты жасасқаны туралы хабардар ету бойынша міндетін орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, Басқарушы компания екінші Тарапқа 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.
15. Осы Шартты өзгерту, толықтыру, күшін тоқтату

және бұзу талаптары
46. Осы Шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімімен кез келген уақытта енгізіледі және қосымша келісім түрінде жазбаша ресімделеді, ол осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімін жүргізуге байланысты Шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы Басқарушы компания өкілетті органды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

47. Қызметті жүзеге асыру туралы осы Шарттың қолданысы:

1) арнайы экономикалық аймақ таратылғанда;

2) қолданыс мерзімі аяқталғанда, егер Тараптармен оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбегенде;

3) қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда;

4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.

48. Осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда жол беріледі.

49. Басқарушы компания бір жақты тәртіппен АЭА Қатысушысымен осы Шарттың әрекет етуін мынадай:

1) АЭА Қатысушысы осы Шарт талаптарының бұзушылықтары осы Шартты бұзу туралы Басқарушы коспания хабарлама алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде 3 (үш) реттен астам жоймаған;

2) АЭА Қатысушысы осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерін Басқарушы компанияның рұқсатынсыз басқа тұлғаға берген жағдайда бұзылады.

50. АЭА Қатысушысының осы Шарт талаптарын бұзушылықтарды оларды Басқарушы компанияның хабарламасында белгіленген мерзімде толықтай жойған жағдайда осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын бір жақты тәртіппен тоқтатуға негіз болып табылмайды.

51. Басқарушы компания Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарт бұзылатын күні бұрынғы АЭА Қатысушысынан тұрғызылған ғимарат пен құрылыстарды оларды басқа мақсаттарда немесе арнайы экономикалық аймақтың басқа қатысушыларының пайдалануы мүмкін болған жағдайда осы жеке сатып алу-cату шарты негізінде теңгерімдік құны бойынша сатып алады.

Мұндай пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, бұрынғы АЭА Қатысушысы барлық құрылыстарды бұзуды және екінші тарапқа қайтарылатын жер учаскелерін тиісті қалпына келтіруді жүзеге асырады.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскелерін жалға алушы және құрылыс объектілерін тұрғызушы АЭА Қатысушысымен осы Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақ аумағынан үш айлық мерзімде өз есебінен өзіне тиесілі жабдықтар мен механизмдерді бөлшектеу мен алып кетуді қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті және техникалық үдерістерді үздіксіз қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтар бұрынғы АЭА Қатысушысының уақытша иелік ету және пайдалану, Басқарушы компанияға көрсетілген мүлікке құқық алған жаңа АЭА Қатысушысына мүлікті бергенге дейін беріледі. Бұрынғы АЭА Қатысушысы болмаған немесе Басқарушы компанияға мүлігін беруден бас тартқан жағдайда, Басқарушы компаниясы осы мүлікке қатысты сенімгер уәкіл ретінде әрекет етеді.




16. Дауларды шешу тәртібі
52. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

53. Келіссөздер арқылы үш ай ішінде дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар оны Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.



54. Тараптар Шартта белгіленген міндеттерді орындаудан туындаған даулар мен келіспеушіліктерді толық шешпегенге дейін босатылмайды.

17. Құқық қолдану
55. Тараптармен оның ішіне басқа тұлғалармен жасалған осы Шартқа және басқа келісімерге (шарттарға), Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы осы Шарттың іске асырылуына қолданылады.

18. Шарттың тілі
56. Шарт мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысына барлық даналары бірдей, 2 данадан жасалады.

57. Шарт Тараптарының келісімі бойынша Шарт мәтіні басқа да тілге аударылуы мүмкін.

58. Шартқа мазмұн мен түсініктемені анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда __________________

(тілді көрсету)

тілдегі нұсқасының басым күші болады.
19. Қорытынды ережелер
59. Осы Шарттың іске асырылуына байланысты талап етілетін хабарламалар мен құжаттар тек оларды алу фактісі бойынша ғана осы Шарт бойынша әр Тарапқа тиісті түрде жеткізілген және ұсынылған болып саналады.

60. Хабарламалар мен құжаттар Тараптарға тікелей немесе почта, тапсырыстық әуе поштасы, факс арқылы жіберіледі.

61. Осы Шарт бойынша почталық мекенжайы өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа 7 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.

62. Шарттқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша ережелері мен Шарттың өзінде қандай да бір ауытқушылық туындаған жағдайда Шарт негіз құраушы мәнге ие.

63. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім осы Шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.

64. «Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы» тарапыман бірнеше заңды тұлғалар қатысқан кезде олардың әрқайсысы Басқарушы компаниямен осы Шарттың қол қоюшысы болып табылады, ал олардың арасында жасалған арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт осы Шарттың ажырамас қосымшасы болып табылады.

65. Бұрын құрылған арнайы экономикалық аймақтың Арнайы экономикалық аймақ Қатысушыларымен шарт жасасқан кезде Тараптармен бұрын белгіленген міндеттерді орындауды аяқтау қажеттілігіне байланысты ережелер көзделуі мүмкін.

66. Осы Шартқа 20 ___ жылғы ________ (күн), _______ (ай) Қазақстан Республикасының ___________ қаласында, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.

67. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Басқарушы компания Қатысушы

АҚ_________________ ___________________

Құқықтық мекенжайы___ ___________________

СТН________________ ___________________

ЖСН ________________ ___________________

БСН ________________ ___________________

ҚР Қаржымині Қазынашылық комитетінде

________________ ___________________


МО ________ _______

Қолы ___________________ ___________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Елорданың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт

Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Басқару органы» деп аталатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушысы болып табылатын астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемесі________________________________________________________

(жарғы, ереже, 20_ ж. «_»_____№ ____ сенімхат)

негізінде әрекет ететін _____________________________________________,

(шартқа қол қоятын адамның лауазымы т. а. ә.)

тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деп аталатын, ________________________________________

(заңды тұлғаның атауы )

екінші тараптан Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты:



1. Шарттың мәні

1. Осы Шарттың мәні ________________________________________

(АЭА атауы)

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (бұдан әрі – АЭА Қатысушысы) арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) аумағында _________________ қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

(бұдан әрі - қызмет)

2. Осы Шартта көзделген арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімді шығаруды немесе жұмыстар мен қызметтерді өндіруді бастағанға дейін АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен _____________мерзімінен кешіктірмей объектіні жобалауды жүргізуге, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға және 20___ жылғы ____________қарай арнайы экономикалық аймақ аумағындағы объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

3. АЭА қатысушысы осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрлерін Басқару органына ұсынылатын және Қазақстан Республикасы заңнамаларын, жобалық құжаттар және осы Шарт талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес (техникалық-экономикалық негіздемелерімен) жүзеге асырады.
2. Негізгі ұғымдар
4. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес мәні болады:

1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі;

3) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;

5) қызметтің басым түрлері – арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;

6) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;

7) еркін кедендік аймақ – тауарлар арнайы экономикалық аймақ аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және Кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім;

8) арнайы экономикалық аймаққа қатысушының қызметі – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында жұмыстарды орындау (өнім дайындау (алу);

9) «бір терезе» қағидаты – өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;

10) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

11) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне және бекітілген бас жоспарға сәйкес жылу мен электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, байланыс қызметтері және басқа да өндіріс объектілерінің құрамына кіретін жылжымайтын объектілері;

12) арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.

3. Шарттың мерзімі
5. Осы Шарт ________ мерзімге жасалды.

6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істей алатын мерзімнен аcпайды.

7. Егер бастапқыда Тараптар белгілеген мерзім Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актілерінде айқындалған арнайы экономикалық аймақтың қолдану мерзімінен аспаса, осы Шарттың қолдану мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

8. Осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш Басқару органына келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қарастырылады.

9. Осы Шарт оны Тараптар жасасқан күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арналған арнайы құқықтық режим АЭА Қатысушысы туралы мәліметі арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен бастап қолданылады.

10. Қажетті рұқсат беру құжаттарын АЭА Қатысушысының уақтылы алмауы осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.



4. Шарттың мақсаты
11. Осы Шарт арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысына АЭА аймағында өндірісті құру мен дамытуға және қызметтер көрсетуге инвестициялар салу кезінде мемлекет ұсынған, Заңдарда анықталған салықтық жеңілдіктер және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну шарттарында Басқарушы орган мен АЭА Қатысушысы арасындағы шарттық өзара қатынастардың заңды шеңберлерін белгілейді.

5. Тараптардың жалпы құқығы мен міндеттері
12. Басқару органы:

1) Қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындаудың мониторингін жүзеге асыруға;

2) Мониторингті жүзеге асыру шеңберінде осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер жөнінде Шартта көзделген, алайда, тоқсанына бір реттен жиі емес мерзімде жазбаша сұраулар негізінде АЭА қатысушысынан қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;

3) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамау, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруға байланысты жолсыздықтар анықталған жағдайда АЭА қатысушысына Басқарушы компанияның мекен-жайына тиісті түсіндірмені ұсыну үшін, сондай-ақ, жолсыздықтардың жою мерзімін көрсете отырып, осындай жолсыздықтарды жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар.

13. АЭА Қатысушысы:

1) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген құқықтық қорғау кепілдігін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;

2) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда және осы Шартта көзделген тәртіппен басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;

3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлегеннен кейін АЭА аумағында қызметті жүзеге асырудан түскен кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;

4) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;

5) өз сипаты бойынша қызметтің басым түрлерімен сәйкес келмейтін өз өндірісі үшін қосалқы қызмет түрлерін анықтауға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;

6) уақытша қайтарымды жерді пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі аумағына өз қаражаты есебінен өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыруға;

7) АЭА аумағында электр, жылу энергиясын, газ, су, кәріз, байланыс және телекоммуникация құралдарын, басқа да коммуналдық қызметтерді, қоғамдық көлікті және АЭА аумағында көрсетілетін өзге де қызметтерді пайдалануға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.



14. Басқару органы:

1) АЭА аумағында қолданылатын арнайы экономикалық аймақ Қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындау мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыруға;

2) осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындауға;

3) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуге;

4) АЭА аумағында орналасқан салық органдарының сұрауы негізінде арнайы экономикалық аймақтың құрылу мақсатына сәйкес келетін қызметтерді жүзеге асыру барысында енгізілген тауарлардың нақты тұтынылуының растамасын беруге;

5) АЭА Қатысушысына уәкілетті орган белгіленген, АЭА қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік үлгілерін беруге міндетті.



15. АЭА Қатысушысы мыналарға міндетті:

1) өз қызметін арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес жүзеге асыру;

2) осы арнайы экономикалық аймақ үшін басым деп танылған қызмет түрін жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатына, айналымнан алынбаған өзге де мүліктерге техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде иелік ету;

3) өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті Басқарушы органға ұсыну;

4) Басқару органының қосымша сұрауы бойынша өз қызметі туралы қажетті ақпаратты ұсыну;

5) арнайы экономикалық аймақ аумағында осы Шарттың 1-бөлімінде көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру;

6) _________ ай, (жыл) ішінде __________ теңге көлеміндегі инвестицияны бизнес-жоспарға және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асыру;

7) қабылданған міндеттерді орындамағаны және (немесе) қызмет мониторингінің нәтижесі бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, Басқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде жолсыздықтарды жою;

8) қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт негізінде арнайы экономикалық аймақ аумағынан тыс жердегі өзінің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтату.

Бұл міндет ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА Қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруды талап ету бөлігінде 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтің мынадай түрлері бойынша міндетті Шарт болып табылмайды:

бағдарламалық қамтамасыз етуді, дерекқор базасымен ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, тәжірибелік өндіруді және өндіруді, сондай-ақ дата-орталықтар қызметтері мен онлайн-қызметтерін;

ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыру;

9) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес уақытша қайтарымды жерді пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесінің аумағында өз қаражаты есебінен немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы өздеріне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыру;

10) егер экологиялық техникалық сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарға, материалдар мен дайын өнімге артықшылық беру;

11) егер бұл қызметтер бағасы, тиімділігі және сапасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде қызметтер мен жұмыстарды орындауда қазақстандық ұйымдарға басымдық беру;

12) осы Шартта көзделген қызметті жүргізу кезінде авария туындаған жағдайда бұл туралы Басқару органына шұғыл түрде хабарлау және қызметкерлер мен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қосымша шараларды қолдануды қамтамасыз ету, өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған зардаптарды жою жұмыстарын тараптармен келісілген мерзімде орындау;

13) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті және (немесе) жұмысты жүзеге асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда бұл туралы Басқару органына шұғыл түрде хабардар ету және жұмысты дереу тоқтату;

14) осы Шарттың үшінші тұлғалары алдында АЭА Қатысушының ақшалай және өзге де міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында кепілдікке беруге жол бермеу;

15) АЭА Қатысушысының жарғылық капиталы үлесін сатып алынған (алып қойылған) жағдайда жаңа жеке меншік иесі Басқарушы органға жоспарланған мәміле туралы ол жасалғанға дейін кемінде екі айдан кешіктірмей хабарлау;

16) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді сапалы және тиісті үлгіде орындау.



6. Салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер
16. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер салынады.

7. Кедендік реттеу
17. Қатысушы кедендік төлемдер мен баж салығын төлеу бойынша міндеттемелерді оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес орындайды.

18. Шартта АЭА қатысушысы еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындайды. Аталған тауарлар тізбесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8. Сақтандыру
19. АЭА қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырады, оның ішінде:

1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;

2) арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде келесідей:

- қоршаған ортаға және (немесе) қоршаған ортаның жағдайын оның нашарлап кеткенге дейінгі жағдайына дейін қалпына келтіру;

- қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына;

- қоршаған ортаның апаттық ластануы нәтижесінде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы және басқа да заңдық негізде оларға тиесілі үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалды өтеуге байланысты міндетті экологиялық сақтандыру;

3) мынадай:

- еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан;

- асыраушысынан айырылған жағдайда;

- жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру;

4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

5) тасымалдаушының тиісті қызмет түрін жүргізген кезде жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

6) қызметтері авария нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру тигізу қауіптілігімен байланысты болатын объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.

20. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымдарын өз қалауына қарай таңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет