Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №984 Қаулысы



Дата04.03.2016
өлшемі90.08 Kb.
#38867
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.12.2014 09:53:21
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-бөлімін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2013 жылғы 18 қыркүйектегі

984 қаулысымен



бекітілген

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) арасындағы құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін белгілейді.

2. Салымшылар (алушылар) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - БЖЗҚ) зейнетақы жарналарын Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиiс.

3. Зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.

4. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару, БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Заңы белгілейді.

 

 

2. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен


қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі

 

5. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

6. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бекітеді, ол БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.



Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ-ның және салымшылардың (алушылардың) Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін, БЖЗҚ-ның және зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушыларының) жауапкершілігін, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшылардың (алушылардың) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

7. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою жолымен жүзеге асырылады және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Уәкілетті ұйымнан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы БЖЗҚ электронды хабарламаны алған күнінен бастап салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

 

 

3-бөлім 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі

 

9. БЖЗҚ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

10. БЖЗҚ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бекітеді, ол БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.



Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ-ның және салымшылардың (алушылардың) Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін, БЖЗҚ-ның және зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушыларының) жауапкершілігін, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшылардың (алушылардың) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

11. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою жолымен жүзеге асырылады және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

12. Уәкілетті ұйымнан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы БЖЗҚ электронды хабарламаны алған күннен бастап салымшы (алушы) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

 

 

4. Салымшыны (алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы


хабардар ету тәртібі

 

13. БЖЗҚ салымшы (алушы) сұрау салған кез келген күнгі зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылған күнінен бастап береді.

14. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруді салымшыға (алушыға) ақы алусыз жүзеге асырады.

15. БЖЗҚ салымшыға (алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының

жай-күйі туралы ақпаратта мыналар:

1) нақты түскен күнін көрсете отырып, БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап түскен зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың сомасы;

2) әрбір ай үшін есептелген инвестициялық табыс (шығын) сомасы және БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап сұралатын күнгі жай-күйі бойынша жалпы сомасы;

3) БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен инвестициялық табыстан және зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының мөлшері;

4) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап ұсталған жеке табыс салығының күні мен сомасын көрсете отырып, зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

16. БЖЗҚ салымшыны (алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшы (алушы) таңдаған тәсілге сәйкес хабардар етеді:



1) электрондық - салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e-mail) хабарлама жіберу;

2) салымшы (алушы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде;

3) берілген пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, интернет қызметтері арқылы салымшы (алушы) өзі өтініш жасаған кезде;

4) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы.

17. Төлем карточкасы арқылы хабардар етуді қоспағанда, БЖЗҚ-ның салымшыны (алушыны) осы Қағидалар бекітілгенге дейін жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етуі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға берілген электрондық форматтарда көрсетілген тәсілмен жүзеге асырылады.



Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі жөніндегі мәліметтер болмаған не егер беру төлем карточкасы арқылы хабардар етуді көздейтін тәсілмен айқындалған жағдайда, өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну салымшы (алушы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.

18. БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш не салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабардар ету тәсілін өзгерткен немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар етудің қосымша тәсілін белгілеген жағдайларда жеке келісім шеңберінде айқындалады.

19. БЖЗҚ мынадай:

1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған;

2) салымшы (алушы) БЖЗҚ-ны «адресат көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде белгіленген тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар етпеген жағдайларда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етілмейді.

 

 

5. Қорытынды ережелер



 

20. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

21. Осы Қағидалар, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ осы Қағидалардың жаңартылған редакциясы БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында және БЖЗҚ-ның филиалдарында көзге көрінетін жерге орналастырылады.

22. Салымшылар (алушылар) Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар осы Қағидаларға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.



Осы Қағидалар бекітілген күнге дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан салымшылар (алушылар) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылған күнінен бастап оларға қосылған болып есептеледі.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы



қорының зейнетақы қағидаларына

1- қосымша

 

 



 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы



қорының зейнетақы қағидаларына

2- қосымша

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет