Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 4 ақпан №50 Астана, Үкімет Үйі



жүктеу 0.76 Mb.
бет3/3
Дата12.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3

Мәліметтер нысаны



1. Тау-кен және мұнай-газ өндеу өндірістерін жобалау (технологиялық), қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жобалау (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалар кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:

жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, электрондық-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасы құралдарының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат ____________________________________ _____________________________________(бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын жазу, қолда бар арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын атап көрсету).

2. Тау-кен өндірістерін пайдалану, мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:

инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат _______________

___________________________________ (қолда бар инженерлік құрылыстарды, машиналарды, механизмдерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету).

3. Мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:

каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтардың, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті аппараттарының, арнайы (каротаждық) кәбілдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат __________________________

__________________________________ (қолда бар жабдықтың атауын көрсету).

4. Мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:



жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі және күні ________________________________________________________________;

шарттың нөмірі *________________________________________________;

шартқа қол қойылған күні * ______________________________________;

лицензиясы бар ұйымның атауы *__________________________________;



ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат *____________________________________________________________.

* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды.

5. Мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін:

бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат _____________________________________________________________

__________________________________________ (жабдықтың атауын көрсету).

6. Ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:



тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат ____________

_________________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету).

7. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:

техникалық құралдар кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат _________________

______________(қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету).

8. Құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою, ұңғымаларды консервациялау жөнiндегi жұмыстар үшін:

теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың; шығарындыға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат _________________________________

_________________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету).

9. Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:

механизмдердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат _____________________

________ (қолда бар механизмдерді, қондырғыларды және өзге де жабдықты көрсету);

өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана аттестатының нөмірі және берілген күні ________________________________________________________________;

аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі * ______________;

аккредиттелген зертханамен шартқа қол қойылған күн *_______________.

* 3), 4) тармақтардағы ақпарат меншікті зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №50 қаулысымен

бекітілген


«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

аккредиттеу туралы куәлікті берген (бұдан әрі – куәлік) кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

куәлікті қайта ресімдеу және телнұсқасын берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – куәлік.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден
17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) куәлікті алу үшiн:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

мынадай объектілерге меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері:

мамандандырылған өндірістік ғимараттар (сорғы-сығымдағыш бөлім, баллондардың ағызу-құю бөлімі, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру жөніндегі учаске, көлік учаскесі, автожөндеу боксы, бокс-тұрақтар, механикалық шеберханалар, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық үлгідегі қойма);

инженерлік құрылыстар (ағызу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш колонкалары, су тегеурінді сорғылармен жарақтандырылған су құйылған өртке қарсы сыйымдылықтар);

газды сақтау объектілері (жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базалары);

топтық резервуарлық қондырғылар паркі;

штат кестесі және қызметкерлердің әрқайсысы бойынша ақпаратты: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте;

мыналардың:

қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;

жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;

негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесінің;

аварияларды жою жоспарының;

қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;

аварияға қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының бекітілген көшірмелері;

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген және тіркеген қауіпсіздік декларациясының көшірмесі;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған зертханаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері немесе өнімдердің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау жөніндегі аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі;

объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;

2) куәліктің телнұсқасы үшін: еркiн нысандағы өтiнiш.

Куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады және көрсетілетін қызметті беруші тізілімге тиісті жазбаны енгізеді;

3) куәлікті қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш.

Куәлік көрсетілетін қызметті алушының атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда қайта ресімдеуге жатады.

Бұрын берілген куәлік күші жойылды деп танылады және аккредиттелген субъектілердің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көшірмесіне оның тіркелуі туралы белгілеу болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық

нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып

қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша


Нысан
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті

беруге (қайта ресімдеуге) өтініш

 

___________________________________________________________________



(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның БСН-і, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

туралы куәлігінің нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________

(газ толтыру станциясының орналасқан жері, атауы)


___________________________ аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

1. _________________________________

2. _________________________________
Ұйым басшысы (лауазымы) _______________ ________________

(қолы) (Т.А.Ә.)

М.О. 20 __ ж. « __ » ______________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №50 қаулысымен бекітілген


«Көмірсутек шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану

құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлiгі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);

2) белгiленген тәртiппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығы кепiл шартының түпнұсқасы;

3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №50 қаулысымен бекітілген
«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға келісімшарттың бет жағындағы тіркеу мөртабаны.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден


17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);

2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың түпнұсқасы;

3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілген қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.


3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №50 қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 908-құжат).

2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 989-құжат).



3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 378-құжат).

1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет