9. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысы
66.
|
тармақ 1
5) тармақша
|
5) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi – Орталық) – өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
|
5) «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
|
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру
|
67.
|
1-тармақтың
5-1) тармақшасы
|
жоқ
|
5-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
|
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты
|
68.
|
тармақ 1
6) тармақша
|
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
|
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жүргiзетiн заңды тұлға;
|
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау функцияларының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) берілуіне байланысты.
|
69.
|
1-тармақтың
7-1) тармақшасы
|
жоқ
|
7-1) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
|
Толықтыру
|
70.
|
5-тармақ
|
5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.
|
5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31), 34), 41) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 32), 46), 47) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.
| 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы ___ _____ № Заңының
1-бабы 2-тармағының 30), 31) тармақша-ларына сәйкес келтіру
|
71.
|
7-тармақ
|
7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталық арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса беріп, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.
Төлеушiлердiң банкке әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
|
7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса беріп, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.
Төлеушiлердiң банктерге мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банк) әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
|
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
72.
|
9 - тармақ
|
9. Орталық әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында жүзеге асырады.
|
9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.
|
«Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
73.
|
10-тармақ
|
10. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
|
10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
|
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
74.
|
12- тармақ
|
12. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомаларын Орталықтың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.
|
12.Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорациясының шотына осы сомалар төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.
|
Редакциялық түзету
|
75.
|
13-тармақ
|
13. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдар сомалары үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.
Орталық:
1) ЖСН-і жоқ;
2) ЖСН-де тегі, аты және әкесінің аты сәйкес келмеген жағдайда;
3) Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын;
4) әлеуметтік аударымдар сомасы бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген, сондай-ақ деректемелерінде қателер бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүргізеді.
|
13. Мемлекеттік корпорациясының шотына түскен әлеуметтік аударымдар сомалары үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.
Мемлекеттік корпорация:
1) ЖСН-і жоқ және (немесе)деректемелерінде қателер жіберілген;
2) Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;
3) әлеуметтік аударымдар сомасы бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүргізеді.
|
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
76.
|
14- тармақтың
бірінші және төртінші бөліктері
|
14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.
…..
Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.
|
14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.
.....
Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады
|
Нақтылайтын норма
|
77.
|
16- тармақтың
бірінші және екінші бөліктері
|
16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кірістер органының өкімі бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті..
…..
|
16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кірістер органының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
|
Нақтылайтын норма
|
78.
|
20-тармақ
|
20. Орталық өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.
|
20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.
|
«Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
79.
|
22-тармақ
|
22. Қордың шотына:
1) төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген;
2) MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiмдік бөлiгiндегi міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдар сомаларында қателер жiберiлген:
алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген;
Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
міндетті әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған;
3) МТ-102 төлем тапсырмасы форматындағы, оның тізімдік бөлігіндегі төлем кезеңінде қате жіберілген;
4) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
5) жеке тұлғалар артық (қате) аударған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары қайтаруға жатады.
|
Алынып тасталсын
|
Редакциялық түзету
|
80.
|
23-тармақтың бірінші бөлігі
|
23. Қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.
…..
|
23. Олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.
|
Нақтылайтын норма
|
81.
|
24- тармақ
|
24. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың_құрылымдық_(аудандық/қалалық)_бөлiмшесiне'>Орталықтың құрылымдық (аудандық/қалалық) бөлiмшесiне бередi;
олар үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;
Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса беріп, Қорға жiберіледi;
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн ақшаны Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап Орталықтың банктік шотына жеті банктік күн iшiнде аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;
Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;
төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады;
Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;
Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етедi;
Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмпұлды, сондай-ақ Қордан аударылған қайтарымдарды салыстырып тексеру жүргiзіледi.
|
24. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға бередi;
олар үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;
Мемлекеттік корпорация үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса беріп, Қорға жiберіледi;
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн ақшаны Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына жеті банктік күн iшiнде аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Мемлекеттік корпорацияға жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Мемлекеттік корпорацияға жiбередi;
Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;
төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады;
Мемлекеттік корпорация олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;
Мемлекеттік корпорация артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етедi;
Мемлекеттік корпорация пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмпұлды, сондай-ақ Қордан аударылған әлеуметтік аударымдар және өсiмпұл бойынша қайтарымдарды салыстырып тексеру жүргiзіледi.
|
Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға байланысты.
|
82.
|
27 - тармақ
|
27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептер ұсынады.
|
27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептер ұсынады.
|
Редакциялық түзету
|
83.
|
28- тармақ
|
28. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл тiзiлiмдерiн ұсынады.
|
28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл тiзiлiмдерiн ұсынады.
|
Редакциялық түзету
|
84.
|
5-тарау
|
Жоқ
|
5. Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және оны ұсыну тәртібі
30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің Мемлекеттік корпорациясынан әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.
31. Төлеуші әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты алу үшін осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді толтырады және оны Мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшелері арқылы Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
32. Мемлекеттік корпорация төлеуші өтініш берген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшелері арқылы төлеушіге жібереді.
|
ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес.
|
85.
|
Қағидаларға
1-қосымша
|
Әлеуметтiк аударымдарды
есептеу және аудару ережесіне
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры» акционерлік
қоғамының басшысы
____________________________
|