Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы жобасына Салыстырмалы кесте



бет2/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#169861
1   2   3   4   5   6   7

2. «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысы

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары


4.

2-тармақтың бірінші бөлігі

2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да
соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер
(бұдан әрі - агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Орталық) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) жүгінеді.

2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да
соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер
(бұдан әрі - агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде « Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) жүгінеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру

5.

4-тармақтың бірінші бөлігі

4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Орталық бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін бере отырып, қалыптастырады.

4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін бере отырып, қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру

6.

5-тармақ

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Орталықтың банктік шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру

7.

6-тармақ

6. Орталық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.

6. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру

8.

7-тармақ

7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің судьяларға қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің судьяларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы №342 Заңына сәйкес келтіру

3. «Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысы

9.

тақырыбы

Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы

Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы

ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңыңың
7-бабы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет