Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы

Дата23.02.2016
өлшемі108 Kb.
#8702
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1311 қаулысы

"Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618)

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 543-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн 2 айды құрайды;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.»;
      Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшiн алым ставкалары:
      1) авиация персоналын даярлау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 547 айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) авиация персоналын қайта даярлау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 510 айлық есептiк көрсеткiштi;
      3) авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 474 айлық есептiк көрсеткiштi;
      4) авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 583 айлық есептiк көрсеткiштi;
      5) авиация персоналын даярлау, авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 583 айлық есептiк көрсеткiштi;
      6) авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 547 айлық есептiк көрсеткiштi;
      7) авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстау – алымды төлеу күнiне қолданылатын 619 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшiн мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық оқу орталығының сертификатын беру туралы өтiнiштi ұсынады:
      1) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      2) персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi;
      3) сапа жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi;
      4) ұшу қауiпсiздiгi жүйесiн басқару жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi (қажет болған кезде);
      5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесi;
      6) кәсiптiк даярлау және бар бiлiктiлiгi туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;
      7) оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар тiзбесi мен олар туралы қысқаша мәлiметтер;
      8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар тiзбесi мен олар туралы қысқаша мәлiметтер;
      9) авиациялық оқу орталығының оқу процесiн қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерiмен, кәсiпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттарының көшiрлемерi (олар бар болса және қажет болғанда);
      10) авиациялық оқу орталығын аяқтағаны туралы куәлiктердiң және сертификаттардың үлгiлерi;
      11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
      12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшiн алымның төленгенiн растайтын құжат.
      Құжаттардың барлық көшiрмелерi мөрмен және өтiнiш берушiнiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының қолымен куәландырылады.»;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.
      көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      көрсетiлген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы Қағиданың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағының 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi және жиырма сегiзiншi абзацтарын және 3-тармағын, 5-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң      
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен   
бекiтiлген      

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсiптiк деңгейiн ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрi – Жарғы) – оның негiзiнде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын құжат;
      4) кәсiптiк даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсiптiк деңгейiн ұстау;
      5) кәсiптiк деңгейдi ұстау – мақсаты белгiленген үлгiдегi құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттiлiктерiне негiзделген кәсiптiк бiлiмдердi, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесi;
      6) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсiптiк бiлiм, машық пен дағды (соның iшiнде бiлiктiлiк бағаларын) алуға және белгiленген үлгiдегi құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесi;
      7) өтiнiм – сертификатты алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi;
      8) өтiнiш берушi – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жүгiнген заңды тұлға;
      9) сертификаттау талаптары – «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуiрдегi № 441 қаулысымен бекiтiлген авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейi мен сапасын белгiлеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
      10) теориялық даярлық – бiлiм алушы өту кезiнде арнайы теориялық бiлiм алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетiлдiретiн кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi;
      11) тренажерда даярлау – бiлiм алушы өту кезiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен елiктету құрылғыларының көмегiмен практикалық машық пен дағдыларын игеретiн, ұстайтын және жетiлдiретiн авиация персоналының кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi;
      12) үлгi бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиация оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметiнiң ерекшелiктерiн ашып көрсететiн оқу бағдарламаларын дербес белгiлеу мүмкiндiгiн сақтай отырып, кәсiптiк даярлыққа бiрыңғай тәсiлдi қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
      13) ұшуға даярлық – бiлiм алушы өту кезiнде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретiн және жетiлдiретiн ұшу құрамының кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi.
      3. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      4. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi екi айдан аспайды.

2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау
және сертификат беру тәртiбi

      5. Өтiнiш берушi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi уәкiлеттi органға жолдайды. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      2) персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаулықтың көшiрмесi;
      3) сапа жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi;
      4) ұшу қауiпсiздiгi жүйесiн басқару жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi (қажет болған кезде);
      5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесi;
      6) кәсiптiк даярлау және бар бiлiктiлiктерi туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;
      7) оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар тiзбесi мен олар туралы қысқаша мәлiметтер;
      8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар тiзбесi мен олар туралы қысқаша мәлiметтер;
      9) авиациялық оқу орталығының оқу процесiн қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерiмен, кәсiпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттарының көшiрмелерi (бар болса);
      10) авиациялық оқу орталығын аяқтау туралы куәлiктердiң және сертификаттардың үлгiлерi;
      11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
      12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау туралы алымның төленгенiн растайтын құжат.
      Құжаттардың барлық көшiрмелерi мөрмен және өтiнiш берушiнiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының қолымен куәландырылады.
      6. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды, соның iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тексередi.
      7. Ұсынылған құжаттардың толық еместiгiнiң немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмау фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiм қарау мерзiмiнiң iшiнде өтiнiш берушiге қайтару себебiн көрсете отырып, қайтарылуға жатады.
      8. Құжаттаманың осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган сертификаттық зерттеу жүргiзу үшiн екi жұмыс күнi iшiнде комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрады.
      Комиссия құрамына құзыретiне кәсiптiк даярлық, куәлiктердi (сертификаттарды) және бiлiктiлiк рұқсатын беру, сондай-ақ тиiстi сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтiнiмдерiн қарау мәселелерi жататын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қызметкерлерi енгiзiледi.
      9. Сертификаттық зерттеу жүргiзу басталғанға дейiн кемiнде 5 жұмыс күнi қалғанда уәкiлеттi орган басталу күнi, сертификаттау рәсiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ оларға сәйкес сертификаттық зерттеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және халықаралық ұйымдар құжаттарының тiзбесi туралы ақпаратты қамтитын еркiн нысандағы ресми хабарламаны авиациялық оқу орталығына жолдайды.
      10. Авиациялық оқу орталығының сертификаттық зерттеуi осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес және сертификаттық зерттеу жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк авиациялық инспекторлар үшiн уәкiлеттi орган әзiрлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезiнде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдiстемелердiң, бағдарламалардың, процестердiң, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретiндегi авиациялық оқу орталығының сапа жүйесi тексерiледi.
      12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейiн уәкiлеттi орган он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актiсiн (бұдан әрi – акт) жасайды, ол туралы өтiнiм берушiге хабарлайды.
      13. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екi данада жасалады.
      14. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және оның бiр данасы өтiнiш берушiге жiберiледi.
      Сертификаттық зерттеу процесi кезiнде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтiнiш берушi актiнi алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға түзету iс-қимылдарының жоспарын бекiту үшiн ұсынады.
      15. Уәкiлеттi органның сертификаттық зерттеудi жүргiзген комиссиясы өтiнiш берушiден түзету iс-қимылдарының бекiтiлген жоспары бойынша сәйкессiздiктi жою туралы хабарламаны алғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бақылау сертификаттық зерттеудi жүргiзедi және сәйкессiздiктi жою туралы еркiн нысандағы актiнi жасайды.
      16. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрi – сертификат) ресiмдейдi және бередi.
      17. Сертификатты беруден бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге бас тартудың себебiн көрсете отырып, дәлелдi жауап берiледi.
      18. Сертификаттың қолдану саласына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлiмделген өзгерiстер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiм бередi. Бұл ретте сертификаттауды жүргiзу тәртiбi өзгермейдi.
      19. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтiн өзге де жағдайларда өтiнiм берушi уәкiлеттi органға қажеттi құжаттармен еркiн нысанда өтiнiш бередi. Бұл ретте сертификаттау жүргiзу талап етiлмейдi, ал жаңа сертификат он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      20. Сертификаттың қолданылу саласының мерзiмiн ұзарту үшiн авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын уәкiлеттi органға өтiнiм бередi. Бұл жағдайда уәкiлеттi орган сертификаттық зерттеу жүргiзедi, оның нәтижесi бойынша осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттың қолдану саласын ұзарту мүмкiндiгi туралы сертификаттық зерттеу туралы актi жасалады.
      Сертификаттың қолданылу саласын ұзарту мүмкiндiгi туралы сертификаттық зерттеу туралы актiсi негiзiнде уәкiлеттi орган екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Сертификаттың қосымшасын ресiмдеудi және оны берудi жүргiзедi.
      21. Мемлекеттiк авиация инспекторы осы Қағида талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық ұйғарым берiледi.
      Инспекторлық ұйғарымды белгiленген мерзiмде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылады.
      22. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда немесе авиациялық оқу орталығының жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданысын тоқтата тұру мерзiмiн көрсете отырып, сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы дереу хабарлама жолдайды.
      23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебiн жойған растаушы құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi орган қажеттi тексерудi жүргiзгеннен кейiн қалпына келтiрiледi.
      24. Егер сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерiн авиациялық оқу орталығы белгiленген мерзiмде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он күн iшiнде сертификатты керi қайтарып алады.
      25. Керi қайтарып алынған сертификат уәкiлеттi органға сертификат керi қайтарылып алынған сәттен бастап күнтiзбелiк екi күн iшiнде қайтаруға тиiс.
      26. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа тұлғаға беруге болмайды.
      27. Екi жылдан астам мерзiм тағайындалатын сертификаттың қолданылу саласын қоспағанда, Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзiмсiз болып табылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысына    
2-қосымша        

«Азаматтық авиацияның авиациялық

оқу орталығы сертификатын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           

Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргiзуге
өтiнiм

      1. ____________________________________________________________

__________ (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы) ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)

      кәсiптiк даярлықтың мынадай түрлерi мен бағыттары бойынша

авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргiзудi сұрайды:

р/с

Кәсiптiк даярлық түрлерi

Бағыттары
(мамандық, мамандану, курстың атауы)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау

2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау

3.

Авиациялық персоналдың кәсiптiк деңгейiн ұстау

      2. Ұйым туралы деректер:
      1) Меншiк нысаны ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк ___________________________
_____________________________________________________________________
                     (нөмiрi, кiм және қашан берген)
      3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа деректемелерi ________

      4) Телефон/факс, эл. пошта ____________________________________

      3. Қоса берiлетiн құжаттар: ___________________________________

      20__ ж. «___» ____________________

      __________________________________
      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
                  (қолы)                                     /Т.А.Ә./
                                                М.О.

Азаматтық авиацияның    

авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
1-қосымша         

ЕЛТАҢБА

Уәкiлеттi органның атауы
Уәкiлеттi органның мекенжайы

Авиациялық оқу орталығының
№ ________
сертификаты

      20__ ж. «___» _________ берiлген.

      Осы сертификат
_____________________________________________________________________
_________________ (АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлiмi) ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгiленген
талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетiлген қолданылу
саласына қатысты ХААҰ стандарттарына және ұсынылған тәжiрибесiне
сәйкес келетiнiн куәландырады.
      Сертификат авиациялық оқу орталығын 20__ ж. «___» _____________
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкiлеттi органның атауы) ____________________

      № ____________ сертификаттық зерттеу актiсi негiзiнде берiлген.

      Инспекциялық бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкiлеттi органның атауы) ____________________
жүзеге асырады.

      20__ ж. «___» ____________

      __________________________
      Уәкiлеттi органның басшысы
               (қолы)                                         /Т.А.Ә/
                                           М.О.

Азаматтық авиацияның    

авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
2-қосымша         

Авиациялық оқу орталығына
сертификаттау жүргiзуге өтiнiм

      1. ____________________________________________________________

______________ (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы) ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә)
кәсiптiк даярлықтың мынадай түрлерi мен бағыттары бойынша авиациялық
оқу орталығының сертификаттауын жүргiзудi сұрайды:

Р/с

Кәсiптiк даярлау түрлерi

Бағыттары
(мамандық, мамандану, курстың атауы)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау

2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау

3.

Авиациялық персоналдың кәсiптiк деңгейiн ұстау

      2. Ұйым туралы деректер:
      1) Меншiк нысаны ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк ___________________________
_____________________________________________________________________
                    (нөмiрi, кiм және қашан берген)
      3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа деректемелерi ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4) Телефон/факс, эл. пошта ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қоса берiлетiн құжаттар: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      20__ ж. «___» ____________________

      __________________________________
      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
                    (қолы)                                   /Т.А.Ә./
                                                М.О.

Азаматтық авиацияның    

авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
3-қосымша         

Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу
бағдарламасы

      АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлiмше: __________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Өткiзiлу күнi, негiздеме: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексерушiлердiң Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны: _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Р/с

Бағдарлама бойынша ұстанымдардың нөмiрлерi және тексерiлетiн элементтер

Сәйкестiктi бағалау
(+ -)

Сәйкессiздiк ұстанымының нөмiрi

1

2

3

4

1

Жарғының түпнұсқасы (құрылтай шарты)

2

Кәсiпорын мөрiмен куәландырылған заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы

3

АОО қызметiн регламенттейтiн құжаттардың Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi.
1) Даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау;
2) Сапа жөнiндегi нұсқау;
3) Ұшу қауiпсiздiгi жүйесiн басқару жөнiндегi нұсқау (қажет болғанда), немесе егер АОО ҰҚБЖ кәсiпорынның ҰҚБЖ-де ашып көрсетiлсе, кәсiпорын мөрiмен куәландырған көшiрмесi;
4) Оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгiленген мiндеттерге, функцияларға және қызмет нысанасына сәйкестiгi;
5) Электрондық түрлерiн қоса алғанда, кiтапхана қорының оқу-әдiстемелiк әдебиетiнiң сәйкестiгi.
6) Оқу жоспары пәндерiнiң тiзбесiмен қосымша түлектерге берiлетiн құжаттардың үлгiлерi.

4

Персонал.
1) АОО персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;
2) Штаттық кестеге сәйкес жинақталу;
3) Персоналдың iс жүзiндегi мiндеттерiнiң және функцияларының атқарып отырған лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi;
4) Персоналдың кәсiптiк деңгейiн ұстау жүйесi мен мерзiмдерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгi.

5

Оқу-әдiстемелiк жұмыс.
1) Түрлерi мен бағыттары бойынша бекiтiлген кәсiптiк даярлау бағдарламалары
2) Пәндер бойынша әдiстемелiк материалдар (анықтамалық, әдiстемелiк құралдар, таратылатын материал, оқу фильмдерi);
3) Бiлiм алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы бұйрықтар;
4) Оқу жоспарының пәндерi бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттерi (тестiлерi);
5) Дәрiстер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектiлiгi және жаңалығы, олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ХААҰ ұсынымдары мен талаптарына сәйкестiгi;
6) Оқу-әдiстемелiк кеңес отырыстарының хаттамалары (егер ондай бар болса);

6

Мамандарды даярлау сапасы
Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгiзiлген жүйесiнiң болуы;
1) Сапаны бақылау жүйесiнде жауапты маманның болуы;
2) Белгiленген аудит рәсiмiнiң болуы;
3) Керi байланыс жүйесi;
4) Түзету шараларының жүйесi.

7

Ұшу қауiпсiздiгiн басқару (қажеттiлiгiне қарай).
Персоналды даярлау және рәсiмдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауiпсiздiгiн басқарудың енгiзiлген жүйесiнiң болуы.

8

Материалдық-техникалық база.
1) Оқу және қосалқы үй-жайларының (меншiк немесе жалға алынған) болуы.
2) Оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау мiндеттерiне сәйкестiгi.
3) Жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, тренажерлiк және ұшу техникасына келiсiмшарттардың болуы.
4) Техникалық оқу құралдарының болуы.
5) Қазiргi заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы.
6) Қауiпсiздiк техникасы қағидаларын сақтау.
7) Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық және қоршаған ортаны қорғау нормаларын тиiстi СЭС және ТЖ қызметтерiнiң қорытындылары негiзiнде орындау.

9

Қаржылық-экономикалық жағдай.
1) Қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау бойынша оң қорытындының болуы.
2) Салықтар мен мiндеттi аударымдар бойынша берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың болуы.

      Ескертпе:
      (*) осы оқу орны үшiн мiндеттi емес;
      (-1) авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергi келтiретiн сәйкессiздiктер;
      (-2) келiсiлген мерзiмде жою немесе шектеулер енгiзу шартымен авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергi келтiрмейтiн сәйкессiздiктер;
      Қосымша: Сәйкессiздiктер тiзбесi ____ парақта.
      Тексерушiлер: (Т.А.Ә., қолы): _________________________________
      _______________________________________________________________
      «Таныстым»
      _______________________________________________________________
      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
                  (қолы)                                     /Т.А.Ә./
                                                М.О.

Авиациялық оқу орталығының

20 жылғы «  »         
№    сертификатына  
қосымша        

Авиациялық оқу орталығы cертификатының
қолданылу саласы

_____________________________________________________________________

             (АОО ұйымның, құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (заңды және нақты мекенжайы)
_____________________________________________________________________

Р/с

Кәсiптiк даярлық түрлерi

Бағыттары
(мамандық, мамандану, курстың атауы)

Шектеу (кезең)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау

2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау

3.

Авиациялық персоналдың кәсiптiк деңгейiн ұстау

      __________________________
      Уәкiлеттi органның басшысы
               (қолы)                                        /Т.А.Ә./
                                            М.О.

Азаматтық авиацияның    

авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
4-қосымша         

Сертификаттық зерттеу актiсi

_____________________________________________________________________

                      (уәкiлеттi органның атауы)

20__ жылғы «___» ____________ № _________ бұйрығына сәйкес

құрамындағы комиссия:

Комиссия төрағасы: __________________________________________________

                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
                   __________________________________________________
                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргiздi.
           (ұйымның атауы)

                         Қорытынды мәтiнi:

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: _________________________     ____________________

                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
Комиссия мүшелерi: _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
                   _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
Актiмен таныстым:
Ұйым басшысы:      _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)

Азаматтық авиацияның    

авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
5-қосымша         

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын
ұзарту мүмкiндiгi туралы сертификаттық зерттеу
актiсi

_____________________________________________________________________

                     (уәкiлеттi органның атауы)

20__ жылғы «___» ________________ № ________ бұйрығына сәйкес

мемлекеттiк авиация инспекторы:
_____________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
                           (ұйым атауы)

сертификаттық зерттеу жүргiздi.

                         Қорытынды мәтiнi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мемлекеттiк авиация инспекторы:

_____________________________________    ____________________________
              (Т.А.Ә.)                             (қолы)

Актiмен таныстым:

Ұйым басшысы: _______________________    ____________________________
                     (Т.А.Ә)                       (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет