Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"


Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#128362
1   2   3   4

6. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және
тоқтата тұру
1-параграф. Жалпы ережелер
      161. ІҚО (Ж) мына жағдайларда аяқталған болып есептеледі:
      1) іздестіру-құтқару операцияларына байланысты ӘК немесе адамдардың енді апатқа ұшырау жағдайында еместігі туралы ақпарат келіп түскенде;
      2) іздестіріліп жатқан ӘК немесе адамдар табылған және тірі қалғандары құтқарылғанда;
      3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына сәйкес апат кезеңінде ӘК, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы шешім қабылданғанда.
      Іздестіру-құтқару ӘК, ЖІҚК және ПДҚТ ІҚО (Ж) жүргізгеннен кейін бастапқы орналасқан жерге қайтып келгенде ІҚО (Ж) толық аяқталды деп есептеледі.
      162. ІҚО (Ж) апатқа ұшыраған ӘК болуы мүмкін (ықтимал) орналасқан жері туралы жаңа деректер қабылданған жағдайда қайта басталады.
2-параграф. Іздестіру-құтқару жұмыстарының аяқталуына байланысты
іс-қимылдар
      163. ІҚО (Ж) аяқталуы туралы Үйлестіру орталығы дереу ІҚО (Ж)-ға қатыстырылған барлық органдарды, орталықтарды, қызметтерді немесе құралдарды хабардар етеді. Бастапқы хабарлама телефон (радио) арқылы, ал қорытынды хабарлама ІҚО (Ж) аяқталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
3-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)
нәтижелері туралы есептілік және оны сақтауды ұйымдастыру
      164. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, жүргізілген ІҚО (Ж) нәтижелері туралы есепті бір ай мерзімде ресімдейді және оның көшірмелерін авиация саласындағы және мемлекеттік авиацияның уәкілетті органдарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
      Есептілік форматы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      165. Есептілікті сақтауды ІҚО (Ж) аяқталған күннен бастап бес жылдың ішінде Үйлестіру орталығы жүзеге асырады. Үйлестіру орталығы әрбір есептілікке сәйкестендіру нөмірін береді.
4-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)
шығыстарын өтеу тәртібі
      166. Әуе кемелері ІҚО (Ж)-ға қатысқан азаматтық авиация ұйымдарына іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда берілгеннен бастап ІҚО (Ж)-ны аяқтауға немесе тоқтата тұруға және тартылған ӘК-ні бастапқы орналасқан жеріне қайтаруға (орналастыруға дейінгі) кезеңде туындаған іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
      167. Азаматтық авиация ұйымы ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бюджет есебінен шығындарды өтеу үшін ІҚО (Ж) аяқталғанын немесе тоқтатылғанын хабарлаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға дәйектемелер мен есептері бар мынадай материалдарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған және ұйымның басшысы мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған келтірілген шығындарды өтеу туралы өтінішті (қаржы қаражатын бөлу үшін заңдық және банктік деректемелерді көрсете отырып (банктің атауы, оның БСК, банк ЖСК, ағымдағы және жинақ шотының нөмірін қоса алғанда);
      2) ұйым басшысы, ұйымның бас бухгалтері мен ІҚО (Ж) тартылған әуе кемесінің командирі растаған ұшу бағыттарын және ұшу уақытын көрсете отырып, ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде орындалған ұшу туралы мәліметтерді қамтитын ұшудың жұмыс жоспарларының көшірмелері;
      3) олардың бастапқы орналасқан жеріне қайта оралуын қоса алғанда, ІҚО (Ж) жүзеге асыру кезінде ұшудың нақты орындалуын растайтын аэронавигация ұйымынан алынған анықтама;
      4) осы ұшулардың жұмыс жоспарының негізінде авиаотын және басқа да жанар-жағармай материалдарының нақты шығысының мөлшері, сондай-ақ төлемге қойылған есеппен расталған оның құны туралы мәліметтер;
      5) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен субсидияланған бағыттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу жөніндегі нұсқаулықтың негізінде жүргізілген ӘК ұшу сағатының өзіндік құнының есептемесі.
      168. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды өтеу туралы өтінішті тіркеу азаматтық авиация ұйымының өтінішті қабылдағаны туралы растау бере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.
      169. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдарды тіркеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды тексереді және:
      1) дәйексіз немесе толық емес ақпарат анықталған жағдайда азаматтық авиация ұйымы ұсынған материалдарды қайтару себебін көрсете отырып қайтаруды;
      2) азаматтық авиация ұйымын хабардар ете отырып, шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте одан әрі іс-қимылдарды жүзеге асырады.
      170. Осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдар қайтарылған жағдайда, Азаматтық авиация ұйымы оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою шартымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға көрсетілген материалдарды қайта ұсынады. Оларды қайта қарастыру тәртібі осы Қағидалардың 167–169-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      171. Ұсынылған материалдардағы бұрын анықталған кемшіліктерді қайта жоймаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезіндегі шығыстарды өтеу үшін қарауға себебі көрсетілген бас тартуды өтініш берушіге жібереді.
      172. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар өтелгеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында күні, төлем мөлшері және төлем құжатының нөмірі көрсетілген тиісті жазба жүргізіледі.
      173. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды мемлекеттік бюджет есебінен өтеуге үміткер азаматтық авиация ұйымы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арасындағы оның құнын өтеу себебі бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.
      174. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.
5-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) талқылау
      175. ІҚО (Ж)-ны аяқталғаннан кейін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдар осындай операцияға қатыстырылған персоналдың, апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен тұлғалардың қатысуымен ІҚО (Ж)-ны талқылау ұйымдастырылады.
      ІҚО (Ж) талқылау ІҚО (Ж) әдістерінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру мақсатында жүзеге асырылады.
      ІҚО (Ж) жүргізудің тиімсіздігі салдарынан адамдардың кінәлілігін белгілеу талқылау нысанасы болып табылмайды.
      176. Талқылаудың қорытындылары бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдар ұшуды іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді, таратады және олардың орындалуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
1-қосымша            
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз ету схемасы

Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
2-қосымша            
Іздестіру мен құтқару ауданында (облысында) іздестіру-құтқару
операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру мен жүргізудің үлгілік
жоспары
Негізгі бөлім
      1. Оларға сәйкес жоспар жасалатын құжаттар.
      2. Облыс аумағында іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру және өткізу.
      3. Іздестіру-құтқару күштері және ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету құралдары кезекшілерінің жауапкершілік аудандары.
      4. ІҚО (Ж) жүргізу үшін бөлінген күштер мен құралдар.
      5. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының облыс аумағында шоғырлану орындары.
      6. Облыс аумағындағы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін хабардар ету тәртібі.
      7. Түрлі ведомстволар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
      8. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде байланыс ұйымдастыру.
      9. Емдеу-эвакуациялау іс-шараларының жоспары.
      Қосымша
      1. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін және олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру схемасы.
      2. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының жауапкершілік ауданының картасы.
      3. ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі хабардар ету және жедел байланыс схемасы.
      4. Облыс аумағындағы климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайлар.
      5. Облыс аумағында ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі жедел штабтың құрамы.
      6. Телефон анықтамалығы.
      Жоспар ІҚО (Ж)-ға тартылған мемлекеттік органдар мен тұлғалар қабылдаған іс-қимылдардың бөлшегін:
      1) іздестіру мен құтқару ауданында ІҚО (Ж) жүргізу тәсілдерін;
      2) қолда бар байланыс жүйелері мен құралдарын пайдалануды;
      3) басқа іздестіру және құтқару үйлестіру орталықтарымен бірлесіп қабылданған іс-қимылдарды;
      4) бағыт бойынша ұшып келе жатқан ӘК мен теңіздегі суүсті кемелерін авариялық хабардар ету әдістерін;
      5) ІҚО (Ж) жүргізу тапсырылған адамдардың міндеттері мен құқықтарын;
      6) метеорологиялық немесе басқа жағдайлардан туындаған құралдарды қайта орналастыру ықтималдығын;
      7) метеомәліметтер мен болжамдарды, NOTAM хабарламасын қабылдау әдістерін;
      8) суға қонуға мәжбүр болған ӘК-ні суүсті кемелері орналасқан аудаға бағыттау әдістерін;
      9) іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге бағыттау әдістерін;
      10) заңсыз қол сұғу объектісі екендігі белгілі болған немесе болжанған ӘК-ге қатысты көмек көрсету үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен басқа мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылда қабылдануға жататын бірлескен шараларды;
      11) ІҚО (Ж) кезінде қолданылған ӘК мен суүсті кемелерін, сондай-ақ жерүсті көлік құралдарына мүмкін болатын шекте қызмет көрсету және отын құю жөніндегі шараларды қамтиды.
Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
3-қосымша            
Іздестіру-құтқару әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен
жасақтау
      1. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесі:





Мүліктер мен керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Ұйықтау қапшығы

жиынтық

2

2.

Палатка

жиынтық

1

3.

Құрғақ азық (бір тәулікке)

жиынтық

1

4.

Қаптамадағы алюминийден жасалған су құйылған фляга

дана

2

5.

Қоректендіру блогы бар авариялық радиостанция

жиынтық

2

6.

Сигналдық патрондар

дана

10

7.

Уранин

орам

4

8.

Пышақ

дана

2

9.

Батареясы бар электр шамы

жиынтық

2

10.

Құтқару кеудешесі (белдігі)

дана

2

11.

Дәрі қобдишасы

жиынтық

1

12.

Санитарлық зембілдер

дана

1

13.

10-20 л суы бар термос

дана

1

14.

Балта

дана

2

15.

Сүймен

дана

1

16.

Ағаш кесетін қол арасы

дана

1

17.

Үшкір күрек

дана

1

18.

Сіріңке

дана

1

19.

Дүрбі

дана

1

20.

СУ-Р (тікұшақтар үшін)

жиынтық

2

21.

Құрғақ жанармай (таблетка тәрізді)

таблетка

20

      2. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесінің 1-20-тармақтарында көрсетілген құтқару мүлкі мен керек-жарағы арнайы жұмсақ қаптарға немесе контейнерлерге салынады. Мүлік (жүзу құралдарынан басқа) су өтпейтін қаптарға салынады.


      3. Құтқару кеудешелері (белдіктері) байламдардан алынады және олар үшін көзделіп қолдануға дайындалған ораммен тиеледі.
      4. Қаптардың (контейнерлердің) сыртқы бетіне жиынтықтың ішіндегіні белгілейтін ені 50 мм түрлі-түсті сақиналы жолақ түріндегі таңба бекітіледі:
      ҚЫЗЫЛ – дәрі-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;
      КӨК - су және азық-түлік;
      САРЫ - киім-кешек, ұйықтау қапшықтары, палатка;
      ҚАРА - радиостанциялар, сигналдық құралдар, ыдыс-аяқ;
Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
4-қосымша            
Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын ЖІҚК техникалық
құралдармен жарақтандыру
      1. Жарақтандыру табелі:





Мүлік және керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Радиостанциялары бар жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашиналар

дана

1

2.

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралына орнатылған және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған басқарудың жылжымалы командалық пункті

дана

1

3.

Тікұшақ үшін қону алаңын белгілеуге арналған ақ және қызыл түсті жалаушалар (әрбір түсте 8 данадан)

дана

16

4.

Қондыру шашкалары (түтінді)

дана

10

5.

Компас

дана

2

6.

Батареялар жиынтығы бар электр шамы

жиынтық

6

7.

Көзбен шолып іздестіру палеткасы бар 1:200000 масштабтағы жергілікті жердің топографиялық карталары

жиынтық

2

8.

Дүрбі

дана

2

9.

Қолғаптар (брезент)

жұп

6

10.

Металл кесуге арналған бензинді ара

дана

1

11.

Балта

дана

4

12.

Сүймен

дана

2

13.

Үшкір күрек

дана

4

14.

Бақан

дана

1

15.

Слесарь құралдары: шойбалға, кескіш, балға, қол ара

жиынтық

1

16.

Өрт сөндіргіш

дана

2

17.

Батареялар жиынтығы бар мегафон

жиынтық

2

18.

Фотоаппарат

дана

2

19.

Санитарлық зембілдер

дана

2

20.

Медикаменттер

жиынтық

2

21.

Пышақтар (ЖІҚК-нің әрбір мүшесіне)

дана

1

22.

Бензоплитка (Примус)

дана

1

23.

4 орындық палатка

дана

2

24.

Ішетін суы бар 12-20 литрлік термос

дана

1

25.

Саптыаяқ, қасықтар (ЖІҚК-нің әрбір мүшесіне)

дана

1-еуден

26

Азық-түлік (әрбір адамға, тәулікке)

жиынтық

1

      2. Техникалық құралдардың тізбесі іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және міндетті орындаудың ерекшеліктеріне байланысты нақтыланады және толықтырылады.


Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
5-қосымша            
Парашюттік-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық
құралдармен жарақтандыру
      1. Жарақтандыру табелі:





Мүлік және керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Маусым бойынша ҚПДТ әрбір мүшесіне ұшу киім-кешегі

жиынтық

1

2.

ҚПДТ-ның әрбір мүшесіне арналған парашюттік жүйе (даярлық деңгейі бойынша)

дана

1

3.

ҚПДТ-ның әрбір мүшесіне запас парашюттік жүйесі

дана

1

4.

Сақтандыру аспабы (әрқайсысына)

дана

1

5.

Парашюттік биіктік өлшегіш (әрқайсысына)

дана

1

6.

Секундомер (әрқайсысына)

дана

1

7.

Парашютшінің қорғаныш шлемі (әрқайсысына)

дана

1

8.

Арқан пышағы (арқан кескіш) (әрқайсысына)

дана

1

9.

Құтқару кеудешесі (белдігі) (әрқайсысына)

дана

1

10.

Компас

дана

1

11.

Батареялар жиынтығы бар электр қалта шамы

жиынтық

1

12.

Қаптамадағы ішетін су құйылған фляга

жиынтық

1

13.

Су өтпейтін байламдағы желге төзімді сіріңкелер

қорап

1

14.

Пышақ-ара

дана

1

15.

Бес саусақты техникалық қолғаптар

жұп

1

16.

1 тәулікке арналған тамақ өнімдері (бұқтырылған ет, құрғақ нан, қоюлатылған сүт, шай, жарма) (әрқайсысына)

жиынтық

1

17.

Р-855УМ (Р-855А1) радиостанциясы

дана

1

18.

Оплеткасы бар 2 мл 5 % йод спирттік ертінді ампуласы (пеналда)

дана

2

19.

Көлемі 5 м х 5 см лейкопластырь

дана

1

20.

Көлемі 7 м х 14 см тазартылған медициналық дәке бинті

дана

2

21.

2 орындық палатка

дана

1

22.

Р-855УМ радиостанциясына арналған пеленгациялық антенна

дана

1

      2. Техникалық құралдардың тізбесі іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және міндетті орындаудың ерекшеліктеріне байланысты нақтыланады және толықтырылады.


      3. Көрсетілген техникалық құралдар ыдыстарға қатталады және парашютпен немесе парашютсіз лақтыра отырып, іздестіру-құтқару әуе кемелерімен оқиға орнына жеткізуіне дайындалады.
Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру   
жөніндегі қағидаларға      
6-қосымша            

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет